Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет139/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200
Asyl-analar

 
 
Меккеге келіп, еріксіз бас сауғалайды. Бұл кезде Әсмәнің көзі 
тірі, жасы жүзде еді. Жасы жүзге жетсе де, оның бір тісі түспеген 
және ақылы мен өткірлігінен айнымаған-ды. Тек қарттыққа 
жанарын беріп, көзі көрмей қалған-ды. 
Абдуллаһтың 
соңына 
түскен 
умәуилер 
мемлекетінің 
айтақтаулы иті Хажжаж қаланы қоршауға алғанда, Ибн Зубәйрдің 
біраз әскері тайқып шығып, оның жанында біршама адам ғана 
қалады. Тығырыққа тірелген ұлы ақылдасу үшін анасы Әсмәнің 
алдына барады. Әсмә одан: 
Сен ақиқат үшін күрестің бе, жоқ, жалғандық үшін бе? – 
деп сұрайды. 
Абдуллаһ: 
– Ақиқат үшін, – деп жауап береді. 
Сонда Әсмә: 
– Егер ақиқат үшін күрессең, онда ақиқатта тайқымай тұр
– деп бұйырады. 
Абдуллаһ: 
– Қасымда ешкім қалмады, – дейді. 
– Сонда да ақиқаттан тайқыма, – деп нығыздайды анасы. 
Сонда ұлы: 
– Менің де естігім келгені осы еді. Бұл нәрседен мені тек сенің 
разылығың ғана қайтарып тұрған, – дейді. 
Содан соң Әсмә ұлын құшағына алады. Абдуллаһ үстіне сауыт 
киіп алған еді. Әсмә оған: 
– Мынау шәһидтікті қалайтын адамның киімі ме?! – деп тіл 
қатады. Сосын Абдуллаһ сауытын шешіп, басқыншыларға қарсы 
ерекше шайқас жүргізеді. Алайда, өкінішке қарай, бұл шайқаста 
Абдуллаһ ибн Зубәйр шәһид болады. Залым Хажжаж оның өлі 
денесін дар ағашқа керіп, Меккенің кіре беріс қақпасына ілгізіп 
қояды. Күн өткен сайын оның денесі ыстыққа шыдамай, бұзыла 
бастайды. Осы кезде ғана Әсмә дар ағашында керіліп, өлсе де 
ақиқаттан тайқымай тұрған ұлының қасына келіп, оған дұға 


178
 
 
қылады. Хажжаж оны сырттай бақылап тұрған. Қарт ана оның ту 
сыртынан бақылап тұрғанын сезіп, оған:
«Туылған кезде оны Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары 
бастарына көтере тәкбір айтып қуанған еді. Аллаһтың атымен 
ант етемін! Ол туылған кезде тәкбір айтқандар ол өлген кезде 
тәкбір айтқандардан әлдеқайда артық. Бұл шабандоздың енді 
жерге түсетін уақыты болған шығар!» – деп дауыстайды. 
Анасының ұлын «шабандоз» деуінің мәні Абдуллаһ ибн 
Зубәйр ес білгенінен бастап, жетпіс үш жасына дейін бар 
ғұмырын ат үстінде, шайқаста өткізген-ді. Енді, міне, өлгеннен 
кейін де аяғы жер бетінде емес. 
Ауыр да зілді сөздерді естіген Хажжаж оны дар ағашынан 
алып жерлеуге келісім береді. 
Қарт ана Әсмә ақиқат үшін өзінің жүз жыл өмірін арнап, ұлы 
Абдуллаһтың қазасынан кейін жиырма күн өтер-өтпесте дүние 
салады. Аллаһ оған разы болсын! 


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет