Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет142/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200
Asyl-analar

 
 
УММУ СУЛӘЙМ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Мен өзімді жаннатта көрдім. Онда тұрған кезімде бір 
сыбдырды естіп: «Бұл не?» – деп сұраған едім: «Бұл – 
Ғумайса», – делінді»
Умму Суләйм мәдиналық Мәлик ибн Надрдың некесіндегі 
Ғумайса деген атпен танымал әйел еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
Мәдинаға қоныс аударып келгенде, Мәлик ибн Надр Шам 
жерінде болатын. Умму Суләйм күйеуі жоқта Пайғамбар (с.а.с.) 
алдында куәлік сөздерін айтып, Исламды қабылдайды. Сапардан 
оралған Мәлик әйелінің жаңа бір дін қабылдағанын естіп, келе 
салысымен Умму Суләймға жекіп, ашуланып: «Сен дініңді 
өзгерттің бе?» – деп сұрайды. Умму Суләйм:
«Жоқ, дінімді өзгерткен жоқпын. Керісінше, Исламды 
қабылдап, Аллаһтан өзге құдай жоқтығына және Мұхаммед 
Оның елшісі екеніне куәлік бердім», – дейді. Мәлик сөзден 
тосылып сазарып тұрып қалады. 
Күндер өтіп жатады. Умму Суләйм күйеуін Исламды 
қабылдауға қанша үгіттеп, жүрегін жібіткісі келгенмен, мұнысы 
ешқандай нәтиже бермейді. Күйеуінен титтей де бір нәтиже 
нышаны байқалмаған соң, ол енді кішкентай ұлы Әнәс ибн 
Мәликті Исламға баули бастайды. Умму Суләйм кіп-кішкентай 
ұлына:
«Әнәс! «Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айтшы», – дейтін. 
Әнәс айтатын.
Сосын:
«Әнәс! Енді «Мұхаммед – Оның елшісі» дегенді қайталашы»
– деп бүлдіршініне таухид сөздерін қайталататын. Умму 
Суләймнің мұнысына ызаланған баланың әкесі Мәлик ибн Надр:


184
 
 
«Баланың дінін бұзба!» – деп айқайлайтын. Оның қоқан-
лоқысына: «Мен оның дінін бұзып жатқан жоқпын. Шын 
мәнінде, бұл дін – ақиқат», – дейтін Ғумайса. 
Мәлик осы бетімен Исламнан бас тартқан күйде өледі. 
Күйеуінің қазасынан кейін жесір қалған Умму Суләймді белгілі 
сахабалардың бірі Әбу Талха (Аллаһ оған разы болсын) 
айттырып келеді. Бұл Әбу Талханың әлі иманға келмеген кезі еді. 
Сөз салып келген Әбу Талхаға Умму Суләйм:
«Уа, Әбу Талха! Сен – ақылды, парасатты кісісің. Айтшы, 
қалайша ағашқа сиынасың?» – дейді. Әбу Талханың тайпасы 
ағаштан жасалған пұт-мүсінге табынатын. Умму Суләйм сөзін әрі 
қарай жалғап:
«Бәну нажжардың құлдары қолмен ойып жасайтын сол пұт 
құдайларыңа от тисе, өзге тұрмақ, өзін қорғауға шамасы келмей 
өртеніп кетеді емес пе? Расын айтсам, менің де сенде көңілім 
бар, бірақ саған иман келтірсең ғана тұрмысқа шығамын және 
сенен күйеуге шыққаным үшін ешқандай мәһр (қалың) талап 
етпеймін», – дейді. Әбу Талха мен Ғумайсаның арасында бұл 
әңгіме бір емес, бірнеше рет талқыланып, ақырында, осы келіссөз 
нәтижесінде, Әбу Талха Ислам жайында көп ой жүгіртіп, оның 
ақиқатын түсінеді. Иман келтіріп, Умму Суләймді некесіне 
алады. Осылайша бұл әйел Исламға оның ұлыларынан болған бір 
азаматты қосады. Ал Умму Суләймнің мәһрі Исламдағы ең 
құрметті мәһр саналады. Өйткені оның мәһрі ақиқат пен 
жалғанның аражігін ажыратушы, пендені тозақтан тосып, 
жаннатқа жеткізуші, онымен бүкіл пайғамбар атаулы жіберілген 
таухид сөздері еді. 
Куәлік сөздерімен құрылған бұл отбасын Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) аса қадірлейтін. Шаңырақтарына жиі келіп, Умму 
Суләйммен сұхбат құратын. Умму Суләйм де Аллаһ елшісін 
(с.а.с.) өте қастерлеп, ылғи да оның берекетінен пайдаланып 
қалуға тырысатын. Пайғамбарға (с.а.с.) шаңырағында екі ракағат 
намаз оқыту үшін оны үйіне жиі шақыратын. Бірде 


185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет