Асылтаева эльнура бейсенбековна қазақстан қоғамының демократизациялануы контекстіндегі азаматтық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері



бет8/11
Дата30.05.2016
өлшемі1.56 Mb.
#103266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Екінші талқылаудан кейін ғана қабылданған «Ел бірлігі доктринасында» «қазақстандық ұлт» терминін пайдаланбауы күн тәртібіне қойылған еді. «Ел бірлігі доктринасының» соңғы нұсқасында «Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттілігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады.» делінген [176].


Қорытындылай келе қазақстандық бірегейліктің өзекті мәселелер қатарында тұрғандығы байқалады. Сонымен қатар қазақстандық бірегейліктің құрамдас компоненттерін анықтау мақсатында көптеген ірі зерттеу мен талқылауды қажет ететіндігі көрінеде. «Қазақстандық ұлт», «қазақстандық бірегейлік» ұғымдары әр түрлі тұрғыда талұыланады.

Контент-талдаудың қорытындысы бойынша орыс тілді және қазақ тіліндегі баспалардағы мақалалар екі түрлі құндылықтарды дәріптейтіні байқалады. Орыс тілді басылымдарда азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда түрлі этнос өкілдеріне еркіндік пен бстандық беру, мәдениеті, тілі дамуына жағдай жасау мәселелері жатуы керек деп тұжырымдаса, қазақ тілді мақалаларда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы төл этностың орны мен рөлі туралы көптеген пікірлер білдіріледі.

Сонымен бірге ұлт қалыптастырудағы мәселелер әр түрлі көзқарастар қырынан қарастырылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттегі ортақ қазақстандық бірегейліктің қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан қазақстан қоғамының ортақ азаматтық бірегейлігінің индикаторларын анықтап, құрамдас компоненттерге ерекше мән беру қажет. Барша қазақ және орыс тілді азаматтар, түрлі мәдениет пен этнос, конфессия өкілдерін жұмылдыратын құндылықтарды жетілдіру қажеттігі байқалады.


3. Қазақстандағы азаматтық бірегейлік қалыптасуының жағдайы мен болашағы
3.1 Қазақстан қоғамының бірегейлік иерархиясындағы азаматтық бірегейліктің орны

Азаматтық бірегейлік елдің әлеуметтік және саяси тұрақтылығының кепілі ретінде қоғамда алар орны өте зор. Ол халықты тек біріктіріп қана қоймай, мемлекет дамуына өз септігін тигізеді. Сондықтан Қазақстан азаматтарының санасында азаматтық бірегейліктің жоғары тұруы өз кезегінде жағымды тұстарымен сипатталады. Әр мемлекет өтпелі кезеңде өзінің азаматтық бірегейлігінің құрылымын өзі анықтайды. Бұл бір қырынан азаматтық бірегейліктің саяси жүйені қолдаудың механизмі ретінде қабылданады. Өйткені азаматтық бірегейлік азаматтардың бір мемлекетке тек қана субъективті пассивті тиістілігін ғана білдіріп қоймай, оның ұлттық демократиялық болып дамуына елеулі үлесін қосады.

Әрине, ғылымда демократиялық жолды таңдаған мемлекеттер демократиялық принциптерді басшылыққа ала отырып, оның ішінде еркіндік, таңдау бостандығы сияқты категорияларды ұстануы өз кезегінде азаматтарға белгілі бір бірегейлік түрін күштеп дамыту немесе мойындату мәселелері сынға алынады. Дегенмен де қандай да болмасын өзін шынайы демократиялық мемлекет ретінде жария еткен мемлекеттерде сол азаматтық бірегейліктің нығаюы, беріктігі байқалады. Бұл жердегі мәселе бір мемлекеттің азаматы болудың астарында бірнеше анықтамалардың болуын меңзейді. Мысалға, Қазақстан Республикасының азаматы болу мемлекеттің заңдарын сақтау, борыштарды орындау, нормативтік, құқықтық базаны білу, қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді араласу, мемлекеттік тілді жетік меңгеру сияқты әрекеттермен анықталады. Бұл демократияның орнығуына, азаматтардың мүдделерінің мемлекет мүдделерімен ортақтасуына септігін тигізеді. Сондықтан азаматтық бірегейлік деңгейіне үнемі мониторинг жүргізіліп отырылуы тиіс.

Сонымен қатар азаматтық бірегейліктің деңгейі елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайға да тығыз байланысты болып келеді. Өйткені, экономикалық және әлеуметтік жағдайға қанағат тұтпаған азаматтардың төмен азаматтық бірегейлігі байқалып, көші-қон көңіл-күйі орын алады. Жалпы жоғары азаматтық бірегейлік мемлекетке, билікке деген сенімнің жоғарылауымен арта түседі.

Азаматтық бірегейліктің Қазақстан үшін өзекті болып қазіргі кезеңдегі қазақстан қоғамын біріктіретін идеяны қалыптастыру, дамыту мен нығайту қажеттілігімен түсіндіріледі. Оның үстіне қоғамды ары қарай демократияландыру халық мүддесінің мемлекеттің даму мүддесімен тұспа-тұс келу, мемлекеттік саясатты қолдайтын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігімен де айқындалады.

Ал этностардың азаматтылығына саяси, экономикалық және мәдени мәселелерді шешу барысында үдемелі коммуникация арқылы қол жеткізуге болады [178].

Сондықтан бір ұлттың қалыптасуы туралы сөз қозғағанда ол ұлттың тек қана субъективті санасына назар аудармай, шынайы өмірде мәселелерді ортақтаса отырып шешу қабілетіне де мән берген жөн. Ал азаматтардың саяси шешімге араласуы мемлекеттік билікке деген сенім арқасында жүзеге асатынын естен шығармаған жөн.


Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық бірегейлік деңгейі, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке, билікке деген сенімін анықтау мақсатында 2013 мамыр-маусым айларында әлеуметтік сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама 1600 респондентті қамтып, квотты іріктеу талабы бойынша өтті. Квотты іріктеу еліміздің аймақтары, ауыл/қала, халықтың жасы, жынысы, ұлты бойынша анықталды.

Азаматтардың субъективті бірігейлік иерархиясын анықтау мақсатында ғылымда әмбебап қолданылатын «Мен кіммін?» деген сауал қойылды. Респонденттер ашық жолдарға ойларына бірінші келген жауапты жазу ұсынылды. Осылайша, жауаптардың рейтингісі келесідегідей болды.




Жалпы адамзаттық біргейлік

22,2

Кәсіби бірегейлік

20,2

Отбасылық бірегейлік

15,2

Азаматтық бірегейлік

15

Ұлттық бірегейлік

11,4

Діни бірегейлік

8,8

Жыныстық бірегейлік

7,2

Сурет 4 – Қазақстан халқының бірегейлік иерархиясы (%)


Сауалнаманың нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтары «Мен ...» деген сауалға бірінші кезекте «мен адаммын» деген жауап беріп, өздерін жалпы адамзаттық бірегейлікпен байланыстырады екен (22,2%). Бірегейлік иерархиясында екінші орынға кәсібилік бірегейлік орналасты (20,2%). Бұл орайда респонденттер өздерін иемденетін әлеуметтік категориялар, топтар, лауазымдар арқылы анықтады. Отбасылық бірегейлік (15,2%) бірегейлік иерархиясында бастапқы үштіктің қатарына қосылды. Респонденттер өздерін туыстық, бауырластық тиістілікпен байланыстырды.

Біздің зерттеуіміздің объектісіне айналған азаматтық бірегейлік тек төртінші орынды иемденді (15%). Аталған жағдай азаматтық бірегейліктің азаматтардың санасында аса маңызды орындардың қатарына табылмайтынын көрсетеді. Дегенмен, назар аудартатын жағдай, азаматтық бірегейлік зерттеуіміздің бірегейлік иерархиясында ұлттық бірегейлік (11,4%), діни бірегейлік (8,8%) және жыныстық бірегейліктің (7,2%) көрсеткіштерінен жоғары тұр. Ол азаматтық бірегейліктің қазіргі таңда кішігірім бірегейліктерден басым екендігін көрсетеді.

Аталған сауал азаматтардың субъективті, ішкі сезімін, тиістілігін көрсетеді. Осылайша жалпы адамзаттық бірегейліктің бірінші болуы психология тұрғысынан құпталады. Сонымен қатар ол бір қырынан гуманистік қасиеттердің және ұжымдық тиістіліктің, сана-сезімнің бар болуын білдіреді. Ал екінші орындағы азаматтардың әлеуметтік мәртебесі елдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелері өзекті болуын білдіреді. Сонымен қатар, шығыс халықтарына тән қасиет отбасылық бірегейлік қоғамдағы туыстық, бауырластықтың тереңдеп, индивидуалдық сана-сезімнің орнына ұжымдық сананың басым болуын көрсетеді. Ал ұжымдық бірегейліктің келесі бір түрі ретінде азаматтық бірегейлік қоғамдағы патриоттық, елдің болашағы, өркендеуіне деген алаңдаушылықтың негізінде артты деуге толық негіз бар.

Өйткені, әлеуметтік сауалнамамыздың азаматтарға қойылған «Қандай жағдайда өзіңізді мемлекеттің азаматы ретінде сезінесіз?» деген келесі сұраққа респонденттердің 45,1% болатын оқиғаларға байланыссыз әрқашан сезініп жүремін десе, халықтың 22,1% «елдің жеңістері мен жетістіктерін естіген кезде» деп жауап берді.




Елдің жеңістері мен жетістіктерін естіген кезде

22,1

Әрқашан сезінемін

45,1

Жаңалықтар көріп, мемлекет үшін уайымдаған кезді

16,4

Төл құжаттың болуы

3,6

Шет елге шыққан жағдайда

9,7

Сезінбеймін

3,1

Сурет 5 - «Қандай жағдайда өзіңізді мемлекеттің азаматы ретінде сезінесіз?» (%)


Респонденттердің мемлекеттің азаматы ретінде өзін сезінуі шет елге шыққан жағдайда жүзеге асса (9,7%), халықтың 3,1% мемлекеттің азаматын растайтын төл құжаттың болуы ғана жеткілікті екен. Ал азаматтардың 3,1% өздерін мұлдем мемлекеттің азаматы ретінде сезінбеймін деп жауап берген.

Соңғы кездегі халықаралық деңгейдегі өтіп жатқан спорттық жарыстар, олимпиадалар, сондай-ақ түрлі байқаулар елді жұмылдырушы фактор ретінде рөл ойнаған. Осындай іс-шаралар бұрын өтіп жатқанымен отандастар айтарлықтай ұлкен жеңістерге қол жеткізбеген болатын. Ал қазіргі кезеңде қысқы Ақия олимпиадасы, Лондонда өткен спорт олимпиадаларында біздің жерлестердің жеңіспен оралуы Қазақстан Республтикасының барша азаматтары үшін мақтаныш сезімін ұялатып, елді ортақ мүддеге итермелейді. Сонымен қатар, республиканың соңғы онжылдықтарында экономикалық жағынан өсуі, халықтаң әл-ауқатының артуы да елеулі үлес қосты деуге болады.





 

Елдің жеңістері мен жетістіктерін естіген кезде

Әрқашан сезінемін

Жаңалықтар көріп, мемлекет үшін уайымдаған кезді

Төл құжаттың болуы

Шет елге шыққан жағдайда

Сезінбеймін

Қазақ

20,1%

51,0%

15,4%

3,4%

6,7%

3,4%

Орыс

34,6%

19,2%

23,1%

3,8%

19,2%




Басқа ұлт өкілі

20%

35%

15%

5%

20%

5%

Сурет 6 - «Қандай жағдайда өзіңізді мемлекеттің азаматы ретінде сезінесіз?» (ұлт бойынша)


Ұлт өлшемі бойынша қазақ ұлтының 51%-ы және басқа ұлттардың 35%-ы «әрқашан сезінемін» деген жауапты таңдап өздерінің отансүйгіштік қасиеттерімен көзге түссе, орыс ұлтының өкілдері (34,6%) өздерін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елдің жеңістері мен жетістіктерін естіген кезде ғана сезінеді екен. Ал басқа ұлт өкілінің 5%-ы өздерін ешқашан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінбейтіндігін айтты. Бұл өз кезегінде патриоттық сезімнің деңгейін көрсетеді. Қазақ ұлты басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда өздерінің әрқашан патриоттық сезімі болатындығын айтады. Бұл патриоттық сезім туа бітісімен қалыптасады деуге болады. Өйткені, мемлекет үшін уайымдау, болашағына үлес қосу үшін мемлекет тарапынан ешқандай да әрекет жасалмаған жағдайда да көрініс табатынын көрсетті. Сол себепті мемлекетке ұлтқа деген патриоттық сезім басқа ұлт өкілдеріне де үлгі ретінде қалыптастыру қажет. Өйткені тек төл этнос өкілдері ғана өз мемлекетінің болашағына шынайы қамқор бола алады.

Дегенмен де, Қазақстан халқының 75,9%-ы өздерін шынайы Қазақстан Республикасының азаматы ретінде есептейді. Респонденттердің 16,9% ғана өздерін елдің азаматы ретінде сезінсе, 5,1% сұраққа жауап беруден бас тартып, 2,1% елдің азаматы ретінде сезінбейтінін жеткізді.


Кесте 8 – «Сіз өзіңізді мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде сезінесіз бе?» (%)


Иә, мен мемлекеттің азаматымын

75,9

Кейде есептеймін

16,9

Жоқ

2,1

Жауап беруге қиналамын

5,1

Бұл реттегі азаматтылықты сезіну тек объективті тұрғыдан сипатталуы мүмкін. Мысалға сол мемлекетте туылып, тұрғандықтан азаматымын дегендей. Бірақ та мемлекет үшін азаматтылықтың субъективті, эмоциялы болғаны құпталады.

Респонденттердің жас көрсеткіші бойынша «Сіз өзіңізді мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде сезінесіз бе» деген сауалға толыққанды ҚР азаматы ретінде жастардың (77,9%) сезінетіндігі анықталды. Бұл әрине жастардың бойындағы болшаққа деген сенімділік пен күш-қуат пен отансүйгіштіктің шыңға жеткен дәрежесі ретінде қарастыруға болады. Өйткені, кез-келген мемлекетте болсын кез-келген уақытта жастар өздерінің амбициялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Осы уақытқа дейінгі елдегі, көрші мемлекеттегі қоғамдық, саяси мәселелерге жастардың белсенді араласатындығы дәлел болып табылады. Әрине, кейде жастардың белсенділігін, сөзге ілесушіліктерін кейбір саяси күштер өздерінің пайдасына жарытып жататындығын естен шығармаған жөн.

Дегенмен де жастардың бойында қазір Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттің болашағына деген алаңдаушылық байқалады.

Азаматтық бірегейліктің төмен дәрежесі 30 бен 39 жас аралығындағы азаматтардың бойында анықталған (65%). Бұл аталған жас көрсеткішіндегі азаматтардың өмірдегі күйбелең тіршіліктің артында қалып, жеке бастың мүдделерінің басымдыққа ие болатын кезбен түсіндіріледі.

Респонденттердің білім дәрежесіне шаққанда мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде сезім білімнің жоғарыла бастаған сайын артатындығын көрсетеді. Осылайша, ең жоғарғы көрсеткіш жоғары білімді азаматтардың 80%-ында байқалады. Бұл азаматтардың жоғары оқу орындарында алатын білімдерінің маңыздылығы мен құқықтық сананың артуының нәтижесі ретінде қарастырылады.

Ал аяқталмаған орта білімі бар азаматтардың 40%-ы ғана өздерін толыққанды азамат ретінде сезінеді.

Азаматтардың азаматтық бірегейліктерінің көрсеткіші халықтың елден басқа шет елге көшіп кету ниеттерінде көрініс табады.

Өйткені елге деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиет шет елге көшіп кету ниетінде анық байқалады. Сондықтан респонденттерге «Басқа елге көшіп кетуді қалайсыз ба?» деген сауал қойылды.
Кесте 9 – «Басқа елге көшіп кетуді қалайсыз ба?», (%)


Жоқ, осы елде қалғым келеді

43

Басқа елге кеткім келеде, бірақ уақытша ғана

42,1

Бір жола көшіп кеткім келеді

9,7

Жауап беруге қиналамын

5,1

Респондеттердің 43%-ы өздерінің болашағын Қазақстан Республикасымен тығыз байланыстыратынын көрсетті. Ал 42,1% уақытша, белгілі бір уақытқа ғана оқу немесе жұмыс сапармен кеткісі келетіндіктерін білдірді. Халықтың 9,7% мемлекеттен шет елге біржола көшіп кетуді қалайтындықтарын айтты. Ал 5,1% респондент мүлде жауап беруден бас тартты.

Жас көрсеткіші бойынша аталған сұраққа «жоқ, осы елде қалғым келеді» деген жауапты көбіне 40 жастан асқан респонденттер жауап берді. Бұл бірінші кезекте, аталған жас аралығында материалдық, тұрмыстық жағдайдың тұрақталуымен түсіндіріледі.

Уақытша ғана шет елге кетуді қалайтындардың арасында 40 пен 49 арасындағы және 18 бен 29 аралығындағы жастардың табылатындары байқалады. Кейінгілері қазіргі таңда әртүрлі мемлекетаралық білім гранттарының, шет ел жоғары оқу орындарында білім алудың мүмкіндіктерінің бар болуымен түсіндіріледі.

Ал 50 мен 59 жас аралығындағы және 30 бен 39 жас аралығындағы респонденттер мүлдем Қазақстан Республикасынан көшіп кетуді қалайтындарын білдірді. Сонымен қатар, аталған респонденттердің категорияларындағы білім деңгейі аяқталмаған орта болып табылады. Ал уақытша кетуді қалайтындардың білімі - аяқталмаған орта. Білімі жоғары респонденттер өдерінің елден мүлдем кеткісі келмейтінін байқатты.


Кесте 10 – «Басқа елге көшіп кетуді қалайсыз ба?» (респонденттердің ұлты бойынша, %)


 

Жоқ, осы елде қалғым келеді

Басқа елге кеткім келеде, бірақ уақытша ғана

Бір жола көшіп кеткім келеді

Жауап беруге қиналамын

Қазақ

48

47,3

2,7

2

Орыс

31,2

19,2

30,4

19,2

Басқа ұлт

20

37

33

10

Төл қазақ ұлты сауалнаманың нәтижесінде Қазақстан Республикасынан белгілі бір мақсаттармен аз уақыт аралығына ғана кетуді қалайтын болса (47,3%), қазақ халықының жартысына жуығы (48%) «жоқ, осы елде қалғым келеді» деген жауапты таңдаған болатын.

Елден біржола көшіп кетуді қалайтындардың алдыңғы легінде басқа ұлт өкілдері тұр (33%). Сонымен қатар орыс ұлтының 30,4%-ы өз болашақтарын Қазақстанмен байланыстырмайтындығын көрсетті.

Айта кететін жағдай, сауалнама шеңберінде сұрақтар респонденттің қарым-қатынас жасау тіліне байланысты талданған болатын. Сауалнама нәтижесінде өз этносының тілінде сөйлейтін азаматтар Қазақстаннан біржола көшіп кетуді қалайтындықтарын білдірген болатын. Бұл бір қырынан көп жағдайда өз этносының тілінде сөйлеу нәтижесінде пайда болған лингвистикалық барьердің әсері ретінде қабылдасақ, екінші тұрғыдан қазіргі кезеңдегі қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде кең таралуының нәтижесі ретінде айтуға болады.


Кесте 11 – «Басқа елге көшіп кетуді қалайсыз ба?» (респонденттердің қарым-қатынас жасау тіліне байланысты, %)


 

Жоқ, осы елде қалғым келеді

Басқа елге кеткім келеде, бірақ уақытша ғана

Бір жола көшіп кеткім келеді

Жауап беруге қиналамын

Қазақ тілі

54,1

41,8

3

1,1

Орыс тілі

30

42,1

17,1

10,8

Өз этносымның тілі

4,5

18

77,2

0,3

Екі тілде (Орыс және қазақ тілдерінде) бірдей

40

53,3

6,7

0

Қазіргі қоғамда атап айтсақ, 2009 жылдан бері көптеген жарияланымдарда дау көтеріп жүрген ««қазақстандық» терминін қалай қабылдайсыз?» деген сауал қойылды. Бұл орайда халықтың пікірі еккі жаққа бағытталғандығын көруге болады. Өйткені респонденттердің жартыға жуығы «қазақстандық» терминін жағымды қабылдаса, 33,8% халық негативті тұрғыдан қарастырады екен.

Сауалнама жүргізу барысында респонденттердің көпшілігі жоғарыда көтерілген мәселеден бейхабар екендігін көрсетті. Көпшілігі «қазақстандық» ұғымының астарында ешнәрсе жоқ, халықты біріктіретін ұғым ретінде қабылдаса болады деген пікір білдіріп жатты. Бұл сонымен қатар халықтың «қазақстандық», «қазақстандық ұлт» төңірегінде жағымды ойдың көрінісін білдіреді. Өйткені, Қазақстан азаматтарын қазақстандықтар деп атағаннан басқа анықтаманың болуы да мүмкін болмайтынын көрсетеді. Яғни, қазіргі таңда қазақстандықтар бүкіл елдің азаматтарының ортақ анықтамасы ретінде қабылданады. Бұл орайда азаматтарды «қазақтар» деп атаудың әлі ерте деп есептейміз. Өйткені, қазақтар деп бүкіл қоғамды анықтау үшін ішкі қазақ этностық интеграциясының нәтижесі ретінде бірегей қазақ ұлтының бірегейлігі нық қалыптасуы қажет. Сонымен қатар, елді біріктіруде қазақ этностық құндылықтар мен мәдениет, тілдің мәртебесі жоғары болып, ұлтты қалыптастырып, жұмылдыратындай қабілеті болуы қажет. Ал ол тек қазақ этносының біріккен күшті қауымдастық болып қалыптасқаннан кейін мүмкін болады.

Сурет 7 – «Қазақ интеллигенциясында көптеген наразылық тудырған «қазақстандық» терминін қалай қабылдайсыз?», (%)

Әр этностың идеясы ұлттық деңгейге көтеріліп, ұлттык- мемлекеттік идеяның мақсаттарымен ұштасып жату керек. Қазақстандагы төл этностың идеясы өзін сақтап қалып, өз атамекенінде басым этносқа айналып, дамып, еліміздегі тұрақтылыкты нығайтып, толерантты қоғамда жаксы өмір сүріп, еңбек етіп, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін мәдениеті мен ғылымын, әдебиеті мен өнерін, рухани мұрасын дамытуға мүмкіндіктер алу болып отыр. Бұл идеялар төл этностың идеясына айналу ушін төл этностың әр өкілі осыны қолдап, бұл менің этносымның идеясы болуға тұрарлық деу қажет. Керек болған жағдайда ол өз идеяларын қорғай алуы да керек [113, 10б.]. Сондықтан төл этностың салт-дәстүр, мәдениет, тілімен қатар тарихтың да ұлтты біріктіруде рөлі зор.

Бүкіл әлемде елді біріктіру мен жұмылдыруда тарихтың орны ерекше екені баршаға мәлім. Ұлттық тарихи сана азаматтық бірегейліктің сонымен қатар азаматтарға қазіргі кезеңде маңыздылығын анықтау мақсатында «Қазақстанның қандай тарихи оқиғалары қазақстан қоғамы үшін маңызды?» сауалы қойылған болатын.

Сауалнама нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін бірінші кезекте Қазақстан Республикасының құрылуы маңызды болса (31,8%), екінші орында респонденттердің 27,2%-ы Қазақ хандығының құрылуы беделді тарихи оқиға болып табылады деп есептейді. Бұл өз кезегінде ұлттық сананың нығаюының көрінісі ретінде қарастырылады.


Кесте 12 – «Сіздің ойыңызша, Қазақстан қоғамы үшін Қазақстан тарихында қандай тарихи оқиғалар маңызды болып табылады?» (%)


Моңғол басқыншылармен күрес

7,2

Қазақ хандығының құрылуы

27,2

Ұлт-азаттық қозғалыстар

6,7

Ресей құрамына кіру

5,6

Қазақ КСР құрылуы

4,6

Қазақстан Республикасының құрылуы

31,8

Халықаралық ұйымдарға қатысу

8,7

Жауап беруге қиналамын

8,2

Ұлт өлшеміне келетін болсақ, қазақ ұлтына Қазақстан Республикасының құрылуынан да қазақ хандығының құрылуы маңызды тарихи оқиға болып табылатыны байқалады. Бұл қазақтардың өздерін байырғы ұлттық хандықпен тығыз байланыстыратынын көрсетді. Сондықтан қазақ ұлтты біріктіру жолында қазақ хандарын, батырларын, билерін негізге ала отырып, ұлттық идеяны құру елді біріктіруде үлкен рөл ойнауы мүмкін болып есептеледі. Сонымен қатар, біздің ойымызша, Қазақстан тарихын дәл Тәуелсіздік күнінен емес, қазақ хандығының құрылуынан бастауы елдің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық бірегейлікті дамытуда үлес қосады.

Орыс ұлты үшін бірінші кезекте Қазақстан Республикасының құрылуы емес, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы үлкен маңызды тарихи оқиға болып табылатыны байқалады. Бұл орыс ұлт өкілдерінің әлі де болса санасында Одақ мемлекеттердің азаматы болу бірегейлігінің басым екендігін көрсетеді.


 

Моңғол жаулаушылармен күрес

Қазақ хандығының құрылуы

Ұлт-азаттық қозғалыстар

Ресей құрамына кіру

Қазақ КСР құрылуы

Қазақстан Республикасының құрылуы

Халықаралық ұйымдарға қатысу

Жауап беруге қиналамын

қазақ

6,7%

34,2%

8,7%

3,4%

3,4%

32,2%

4,7%

6,7%

орыс

11,5%

3,8%




11,5%

7,7%

23,1%

26,9%

15,4%

басқа ұлт өкілі

1,3%

5,0%

0,4%

15,4%

11,0%

37,3%

14,7%

14,9%

Сурет 8 – Сіздің ойыңызша, Қазақстан қоғамы үшін Қазақстан тарихында қандай тарихи оқиғалар маңызды болып табылады? (ұлт бойынша)


Азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда мемлекеттік тілдің рөлі зор. Ал оның қазіргі кезеңде елді жұмылдыру функциясын атқара алуы мемлекеттік тілдің халық арасындағы маңыздылығына тікелей байланысты болып келеді. Зерттеу қорытындысы бойынша қазақ ұлты үшін мемлекеттік тілдің маңызы өте зор болып есептеледі. Бұл мемлекеттік тілді қазақ егеменділігінің құралы ретінде айқындауды білдіреді. Өйткені, кез-келген қоғамның бірігуі тілдік интеграция арқылы жүзеге асады. Қазақ тілінің маңыздылығы қазақ этносының маңыздылығымен барабар. Өйткені, тіл этностық айқындаудың құралы. Сондықтан азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, оның ішінде қазақ бірегейлігін қалыптастыру мақсатында тілдік ортақтықты, мемлекетті қазақ тілінің кеңістігіне аудару қажет. Бұл мемлекет тарапынан көптеген әрекеттерді талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілінің таралуына, меңгерілуіне байланысты көптеген шаралар атқарылып жатыр. Дегенмен де бұлардың барлығы біздің ойымызша жеткіліксіз. Ал қазақ ұлтының қазақ тіліне деген қажеттілігі айқын. Яғни, қазақ этносы жағынан қазақ тілін дамытуда барынша қолдау көрсетілетіні байқалады.

Ал орыс және басқа ұлт өкілдері үшін мемлекеттік тілді білу қазақ ұлтының жауабымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып табылады. Олар мемлекеттік тілді тек кейбір жағдайларда ғана маңызды деп есептейді. Сонымен қатар елеулі басқа ұлт азаматтар тобы үшін мемлекеттік тіл ешқандай маңызға ие еместігін жеткізді.


Кесте 13 – «Мемлекеттік тілді білу қаншалықты маңызды?»


 

Ерекше маңызға ие

Тек кейбір жағдайларда ғана маңызды

Жоқ, маңызды емес

Жауап беруге қиналамын

Қазақ

87,9%

8,1%

1,3%

2,7%

Орыс

30,8%

26,9%

23,1%

19,2%

Басқа ұлт өкілі

20,0%

40,0%

30,0%

10,0%

Азаматтық бірегейліктің мазмұнын азаматтардың өзін мемлекеттің болашағымен тығыз байланыстыру ғана ашады. Сол себепті азаматтық бірегейлік деңгейін анықтау мақсатында халықтың өз Отанына деген қамқорлығын анықтау қажет. Сондықтан респонденттерге «Болашаққа деген жоспарыңыз қандай?» деген сауал қойылды.

Сауалнама нәтижесінде тұрғындардың 62,6% - ы өз болашақтарын қоғамға қызмет ету, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне үлес қосумен байланыстырады. Ал респонденттердің 35,4% жеке тұрмыс жағдайын жақсартуға тырысып бағатынын айтты. Көші-қон ниетін тек 1,5% азаматтар білдірді.

Сурет 8 –«Болашаққа деген жоспарыңыз қандай?» (%)
Сауалнама қорытындылары бойынша азаматтық тәрбиені бірінші кезекте азаматтар отабасынан алатындары анықталды. Қазіргі кезеңде отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріліп, отбасы институты күшейтілуі қажет екендігін дәлелденді.

Сонымен қатар азаматтардың әлеуметтенуіне білім беру мекемелері зор үлесін қосатындығы байқалады. Үшінші орында азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда бұқара ақпарат құралдарының тұруы да өз кезегінде әсер етуші фактор ретінде қабылдау мүмкіндігіне ие болатынын көрсетеді.


Кесте 14 – «Сіздің азаматтылығыңыз бен көзқарастарыңызға қандай факторлар әсер етті?»


Отбасы

37,8%

Мектеп, институт

24,1%

Бұқара ақпарат құралдары (телеарналар, радио, баспа, интернет)

16%

Жолдастар, замандастар, таныстар

11,2%

Саяси партиялар, жастар ұйымдары, түрлі үйірмелер

5%

Жауап беруге қиналамын

5,9%

Қазіргі таңда барша әлемде осы жоғарыда айтылған мәселені жүзеге асыру үшін түрлі мемлекет, азаматтық қоғам институттарының ұйыса отырып, іс-әрекет етуі шарт болып отыр. Қазіргі демократиялану тенденциясы төңірегінде бір қырынан азаматтық бірегейлікті дамыту өз бетінше жіберумен сипатталмай, керісінше, азаматтық бірегейліктің мемлекет тарапынан демеп, қолдау көрсету қажеттігін білдіреді. Азаматтылықтың қалыптасуына отбасының әсері жоғары екендігін айта келе, Қазақстанда отбасы институтына үлкен мән берілуі қажет деп есептейміз. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарғысы бойынша қазан айында «Отбасы күнін» атап өту аталған мәселе жолында үлкен тиімділік әкелуі сөзсіз. Дегенмен де отбасы тәрбиесінде азаматтылық құндылықтарды барынша дамыту мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажеттілігін білідіреді.

Азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда, яғни азаматтарды әлеуметтендіруде білім беру ұйымдарының орны мен рөлін қозғай отырып, олардың толыққанды азамат қалыптастыруда назар аудару қажет. Бұл орайда біздің ойымызша, кеңестік жүйені үлгі ретінде алуға болады. Яғни, мемлекетке деген тиістілікті жас кезінен, мектеп қабырғаларынан бастап бойға дарыту.

Азаматтық бірегейліктің патриоттық компоненті өз мемлекетіне «Отан Ана» ретінде отансүйгіштік сияқты қасиетінің болуы елдің даму болашағына үлкен серпіліс беретіні анық. Осы орайда Қазақстан халқының басым көпшілігі өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімінің жоғары болуымен сипатталады. Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 89,7% Қазақстан үшін мақтаныш сезімде болатынын білдіреді.

Ал сол мақтаныш сезімді респонденттердің ширек жартысы «мемлекеттің дамуы мен өркендеуі» атты жауапты таңдады. Сонымен қатар қазіргі қазақстан қоғамы үшін мемлекеттің әлемдік аренадағы рөлі үлкен маңызға ие болатыны байқалады. Бұл Қазақстанның соңғы онжылдықта әлемдік кеңістікте өзін халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі болып қалыптасуы, сондай-ақ көптеген ірі халықаралық ұйымдарда төрағалық етуі, халықаралық тұрақтылықты орнатудағы бастамалары қоғам санасында жағымды пікір қалыптасқандығын көрсетеді. Аталған элементтер мемлекет тарапынан және де бұқара ақпарат құралдары арқылы кең насихатталуы да өз үлесін тигізді деп айтуға болады.
Кесте 15 – «Келесілердің қайсысы мемлекетке деген Сізде мақтаныш сезімді оятады?», (%)


Мемлекеттің әлемдік аренадағы рөлі

20,5

Рухани құндылықтар

17,4

Спорт жетістіктері

12,8

Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі

25,6

Экономикалық дамуы

4,1

Саяси тұрақтылық

9,2

Ешнәрсе

5,6

Тарих (ата-бабамыздың жетістіктері)

1,5

Барлығы

3,1

Сонымен қатар респонденттердің 17,4% қоғамда мақтаныш сезімді рухани құндылықтар оятады деп есептейді. Бұл бір қырынан қазіргі таңда елдің этносаясаттағы басты жетістігі этносаралық келісім мен толеранттылықтың жоғары деңгейімен түсіндірілсе, екінші қырынан қазақ қоғамының қонақжайлылығымен, өзіндік этностық санадағы басты рухани құныдықтарының жоғары болуымен анықталады. Өйткені, ұлт бойынша рухани құндылықтарды көбінесе қазақ ұлт өкілдері белгілеген болатын.

Халық санасында мемлекеттік биліке деген сенім мен үміт азаматтық бірегейліктің нығаюына үлкен септігін тигізеді. Сондықта да әлеуметтік зерттеу барысында сауалнамаға «Қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясаты қаншалықты Сіздің ойыңыздан шығады?» секілді сұрақты енгіздік. Алынған нәтижелерге сәйкес, елде қазіргі таңда жүргізіліп жатқан биліктің саясатына, жұмысына халықтың ришалығы байқалады. Респонденттердің жартысынан көбі үшін биліктің саясаты ойынан шығаты, дегенмен де айтарлықтай жетіспеушіліктер барына назар аудартады. Билік жұмысымен азаматтардың қанағаттануы қазіргі таңда Қазақстанның әр қырынан даму жетістіктері өз әсерін көрсетеді. Өйткені, өткен жылдармен салыстырғанда қазақстандықтардың әл-ауқытаның жақсарғандығы, ішкі өнімнің көрсеткішінің артуы орын алған. Сол себепті азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік билікті қолдайтындығын білдіреді.
Кесте 16 – «Қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясаты қаншалықты Сіздің ойыңыздан шығады?», (%)


Толығымен қанағаттындырады

19,0

Қанағаттандырады, бірақ толық емес

54,9

Қанағаттандырмайды

26,2

Ал респонденттердің 26,2% үшін қазіргі билік тарапынан жүрігіліп жатқан іске көңілдері толмайтындығын байқатты. Жалпы халықтың билік саясатына көңілі толмауы немесе қанағаттанбауына мемлекет саясатындағы соңғы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық реформалар мен өзгерістер әсерін тигізді деп айтуға болады. Яғни, азаматтар өздерінің наразылықтарын әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайлармен білдіруі мүмкін. Бұл соңғы кезеңдегі тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, зейнетақы жасының ұлғаюы, жәрдемақы төлемдірінң қысқарылуы және т.с.с. өз септігін тигізбей қоймады.

Сондықтан азаматтық бірегейліктің компоненті ретінде билікке деген сенімді арттыру мақсатында халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайларын жақсартуды басты міндет ретінде танып, халықтың мүддесін жоғару қою тиіс деп ойлаймыз.

Сонымен қатар мемлекеттік билік құрылымдарының халықтың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз ету жолында барлық әрекеттердің жүргізіліп жатқандығы өз нәтижелерін берді. Себебі, респонденттердің жартысына көбі билік қауіпсіздік пен құқықты қамтамасыз етіп отыр деп тұжырымдаған.


Кесте 17 – «Сіздің ойыңызша, билік Сіздің қауіпсіздігіңіз бен құқығыңызды қамтамасыз ете алады ма?», (%)


Ия

24,6

Мүмкін

34,9

Білмеймін

23,1

Жоқ

17,4

Әлеуметтік зерттеу қорытындысы көрсеткендей, азаматтық бірегейлік деңгейі төмен емес. Жалпы халықтың азаматтылық дәрежесі жоғары. Дегенмен де патритоттықты ұлтқа шаққанда төл этносының бойында жоғары екендігін көреміз. Сондай-ақ төл этностың этностық, ұлттық санасының жоғарылуы, жандануы байқалады. Оны мемлекеттік тілге, тарихқа қатысты, азаматтардың болашағын айқындау сұрақтарында байқаса болады.

Осылайша Қазақстан қоғамының азаматтық бірегейлігін қалыптастыру жаңа кезеңге өту қажеттігін көрсетеді. Бұл кезеңде барша қазақстан халқын, оның ішінде мемлекет құраушы қазақ этносының бірігуі мәселесі шешемін табуы қажет. Өйткені, қазіргі таңда азаматтық бірегейлік тек қана басқа ұлт өкілдері емес қазақ халқының бойында дамытуды талап етеді. Ұлттық саясатты жетілдірмейінше, қазақ ұлтының санасында өз этносының жағдайымен қанағаттанбау елде этносаралық қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Ал бұл орайда азаматтық бірегейлікті қалыптастыру үдерісі кезінде этностық көп түрлілік пен қазақ бірегейлігіне үлкен назар аудару қажет. Азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, келесі кезеңге өткізуде қазақ халқының мәдениеті, тілі, тарихын ескерген жөн. Ұлтшылдықты сыни көзқараспен қарауға алшақ болуымыз шарт. Өйткені кез-келген ұлтшылдық ұлттың (саяси мағынада) қалыптасып, сақталуына негіз болады. Мәселені тек демократиялық жолмен шешіп, елде этносаралық қақтығыстардың алдын алу қажет.
3.2 Азаматтық бірегейліктің қалыптасуындағы қазақ бірегейлігінің орны

Қазіргі таңда Қазақстан халқының санасында «қазақстандық» ұлтүстілік бірегейлік қалыптасып келеді. Кеңестік бірегейліктен кейінгі адам санасына жақын аталған бірегейлік тез арада қалыптастып үлгерді деп айтуға болады. Дегенмен де қазргі саяси шындық қазақстандық бірегейлігінің өзгеруі, мазмұнының баюы қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан Республикасында ұлт біреу – ол қазақ ұлты, ал қалғандары этностар болып табылады. Сондықтан Қазақстанды көпұлтты емес, полиэтносты деп атаған дұрыс деген тұжырымды алғаш рет философия ғылымдарының докторы, профессор Л.Байдельдинов ұсынған болатын.

Ғалымның пікірінше, қазақ ұлтының ұлт болып қалыптасуы үшін бірінші кезекте, қазақ ұлтының барлық қырынан бәсекеге қабілетті болуы қажет деген пікірді ұстанады. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ ұлтының елді жұмылдыру жолында өзінің бәсекеге қабілетті және толыққанды бір қауымдастық ретінде біріктіру мәселесі өзекті болып отыр.

Қазіргі таңда әдебиеттерде Қазақстанның тарихи қалыптасқан полиэтносты құрылымында төл этностың этнократиялық талпынысы тұрақсызданудың факторы ретінде қабылданады, ал оның катализаторы ретінде этностық азшылық топтардың сепаратистік пиғылдары табылады. Қазіргі кезеңде төл этнос та, диаспоралар да Конституция бойынша саяси субъектілер болып табылмайды. Төл этносқа саяси субъектілік тек бірінші алғаш Конституцияда «Қазақстан – бұл өзін-өзі анықтаған қазақ ұлтының мемлекеті» деген анықтамада көрініс тапқан. Ал қазір жағдай басқаша. Саяси субъектілік құқығы белгілі бір этносқа берілмеген деген пікірлер кездеседі [180].

Мемлекеттің тұрақты дамуы, елдегі саяси тұрақтылықты орнату жолында этносаралық келісімді қамтамасыз етудің жолы дұрыс таңдалған болатын. 20 жылдың ішінде қазақстан халқын толерантты, бейбітшіл халық ретінде әлеммен мойындауына қол жеткіздік. Бұл үлкен жетістіктерінің бірі болып бағаланады. Әрине, мұнда барша халық тарапынан үлкен кұш жұмсалып, ортақ еңбектің арқасында жеттік деуге болады. Этносаралық келісім мен бейбітшілікті орнатуда қазақ халқының да үлесі аз болмады. Ежелден қонақжайлылығымен, кең пейілділігімен ерекшеленетін қазақ халқы Ресейдің отарлау саясатының құрбаны болған азаматтарды кең құшақпен қарсы алды. Қазақ халқына артылған жүк әлі де аяқталған емес. Осы орайда елдің ұйытқысы болуда қазақ ұлтына үлкен жауапкершілік артылуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан ммлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру –  барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт» деп көрсеткен. [1]. Бұл бір қырынан, қазақ ұлтшылдығының алдын алу әрекеті ретінде қарастырылса, екінші қырынан, қазақ ұлтының өз жерінің иесі ретінде мәртебе берілгендігін көрсетеді.

Дегенмен де этносаралық келесім мәселелері бірегейлік, ұлттық идея арқылы орнауы мүмкін емес. Ол бірнеше жылдар бойы халықтың санасында қалыптасып, дамуы қажет. Сонымен қатар қазіргі кезеңде елдің демократиялық даму жолында елді жұмылдыратын бірден-бір ұтымды жол ретінде азаматтық бірегейлікті қалыптастыру табылады.

Ал азаматтық бірегейліктің негізінде адамның тумысынан қоғамға мүше болу қажеттілігі жүзеге асады. Ол қажеттілік қазіргі таңда отан, мемлекет, ел іспеттес құбылыстармен тығыз байланыста болады. Аталмыш құбылыстардың қоғамға қажетті құндылықтар мен мақсаттарды айқындауы уақыт өте, заман өзгере берген сайын ауысып, күрделене береді. Елу жыл бұрынғы құндылықтар қоғам санасында өз қажеттілігін жояды. Оның орнына заман талабына сай жаңа құндылықтардың келуі заңдылық ретінде қарастырылады. Осы орайда қоғамға қажетті заман талабына сай, қоғамның тыныштығы, қауіпсіздігін сақтау мақсатында мемлекет өз алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді айқындауы шарт.

Ғылымның мәдениеттану саласы терең зерттегендей қоғамның санасындағы құндылықты бағдар мен жаңа сананың орнауына бірнеше жылдар қажет болады. Ал құндылықтардың дер кезінде анықталмауы, жүзеге аспауы қоғам мен мемлекеттің арасындағы мүдделік қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады. Сондықтан қазіргі кезеңде этностық құндылықтар аса назар аударылып келеді.

«Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлемнің 50 мемлекеттері қатарына кіру стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция нәтижесінде қазақстандықтардың азаматтық және этностық өзіндік санасы, оның ішінде қазақ өзіндік санасы қоғам алдында тұрған көптеген шығармашылық мәселелерді шешуде стратегиялық ресурс болып табылуы мүмкін деп көрсетіледі [60].

Сондықтан қазақстандық бірегейлігінің мазмұнын тереңдету қажеттілігі орын алуда. Өйткені, қазіргі таңда «қазақ» пен «қазақстандық» бірегейлік арасында біршама алшақтықтар байқалып келеді. Шет елге білім сайысына барған жас орыс ұлтының өкілі өзіне «қазақ» деп қайырылса, «мен қазақ емеспін, қазақстандықпын» деп өзінің қазақ ұлтына емес жалпы адамзаттық, Қазақстан қоғамына тиістілігін көрсету орын алып келеді. Ал қазақ жастарының арасында көбінесе «қазақ» ұғымын патриоттық ұғыммен тең қабылдауы жиілеп келеді. Бұл орайда аса назар аудруды талап ететін жәйт, қазақ патриоттығының мемлекеттік патриоттығымен анықталуы.

Сонымен қатар шет елге барған Қазақстан азаматтарды көп жағдайда «kаzаkh» деп атап ұлттық бірегейліктің көрінісі байқалады. Бір қызығы Америка Құрама штаттарына көшіп барған Қазақстан азаматтарын үлкен Уикипедия ақпарат беру сайтында «Kаzаkh Аmericаns» деген анықтама береді. Бұл бір қырынан азаматтың шығу тегіне мән берілсе, екінші қырынан «үлкен қайнаушы қазан» саясатын ұстанып келген АҚШ өзінің азаматы ретінде ортақ бірегейлікке бағындырғанын көрсетеді.

Ал ішкі мемлекеттегі жағдай мүлдем басқаша. Қазіргі таңда түрлі этнос өкілдері өздерін «қазақстандықпыз» деп атаса, қазақ ұлтының өкілдері өздерін «қазақпыз» деп анықтайды. Яғни, бұл орайда үлкен мәселе «қазақ» бірегейлігінің астарында тек қана этностық құндылықтар орын алған. Бұл өз кезегінде қоғамның ішінде азаматтардың бөлшектенуіне әкеліп соғады. Осы орайда қазақ ұлты санының күннен-күнге өсіп келе жатқандығын, сонымен қатар қоғамішілік мәдени, әлеуметтік айырмашылықтардың ұлғая бастағынын ескере отырып, қазақ ұлтының азаматтық бірегейлікті қалыпастыруда үлесіне мән беру қажет.

Соңғы кезеңдегі қазақ ұлтының өзіндік этностық санасының жанданып, дамып келе жатқаны байқалады. Сондықтан, қазақ ұлтының санының күннен-күнге өсіп келе жатқанын ескере отырып, азаматтық бірегейлікті қазақ бірегейлгінің негізінде қалыптастыру мәселесі орынды деп есептейміз.

Ал қазақ ұлтының қазіргі таңда бірнеше бірегейлікке бөлінгендігін ескеретін болсақ, осы тұста азаматтық бірегейлікті қалыптастыру арқылы да ортақ мүддеге мойынсұнып, бір шаңырақтың астында бірігуіне қол жеткізуге болады. Сонымен қатар «бірлік көптүрлілікте» идеясы өзінің қажеттілігін жойып бара жатқан сияқты. Мұны әлемдік тәжірибе де дәлелдеп келеді. Осы уақытқа дейінгі мультимәдениеттілік батыс ғылымында кері әсері жағынан көп сипатталуды. Әлемдік саясатта мультимәдениеттілік идеясын Германияда А.Меркель, Ұлыбританияда Д.Кэмерон, Францияда Н.Саркози қатаң сыңға алды. Бұл көптүрлілікте бірлікте сақтау мүмкін еместігін білдіреді. Әрине, аталған мемлекеттерде мультимәдениеттіліктің анық көріністері әрбір аумақта мемлекетішілік топтардың мекен ететін мәдени анклавтарында байқалады. Дегенмен де Қазақстанның кейбір аумақтарында, кішігірім ауылдарында сол батыс мемлекеттеріне ұқсас аудандардың бар екеніне көз жеткізуге болады. Осы тұста Қазақстан халқын біріктіру жолында бір мәдениеттің қажеттілігі орын алып отыр.

Сондықтан қазіргі кезеңде біздің қоғам басынан кешіріп отырған жүйелі дағдарыстың жағдайында халықтың түрлі полиэтносты құрамы әлеуметтік консолидация үдерісін тежейтін мүмкін болатын қауіп ретінде бағаланады. Ол кейбір жағдайларда этномәдени көрсеткіштер бойынша ішкі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыратын фактор болып табылуы мүмкін [181, 18б.].

Өйткені, кейбір ғалымдардың пайымдауынша, Қазақстанда этносаралық қатығыстар орын алды. Ондағы ұлтаралық қақтығыстардың акцияларына келесілерді жатқызуға болады: Жаңаөзендегі этностық қақтығыстар, Талдықорған облысы Қазансу ауылындағы, Алматы облысы Ұзынағаш қаласындағы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы ұлтаралық қақтығыстар [182]. Дегенмен де олардың барлығы қақтығыстардың себептері тұрғысынан басқа елдерде өтіп жатқан қақтығыстардан ерекшеленеді. Қазақстандағы этносаралық қатығыстардың басты себептері ретінде мәдени ерекшеліктер, этнократиялық пиғылдар емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар болып есептеледі. Сондықтан да ғалымдар елдегі қақтығыстарды тұрмыстық жанжалдар деп есептейді. Ал қазақ этносының ұлттық санасының жанданып бара жатқан жағдайда этносаралық қатығыстардың ылдын-алу үшін ұлттық идеологияны бекітіп, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруды қолға алу қажет.

Осы орайда қазақ халқының құндылықтары негізінде азаматтық бірегейліктің басты компоненттерін анықтау қажеттілігі орын алады.

Қазақстан мысалындағы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бір мемлекет құраушы этностың негізінде қолға алу көптеген кедергілерге ұшырайды.

Бірінші кезекте, ұлтты біріктіруші фактор ретінде барлық мемлекеттерде ұтымды қолданылып келген тілдік ортақтық Қазақстан халқы, оның ішінде қазақ ұлты өкілдерінің арасында толық меңгеруде қиыншылықтарға толы болып отыр.

Ал азаматтық бірегейлікті тек қана қоғамның либералды құндылықтарының негізінде қалыптастыру уақыт өте келе және заң алдында теңдік басымдығын ұстанып келген жағдайда ұлттық диаспоралардың органикалық дамуы мен қалыптасуы орын алып, мемлекетте ірі этносаралық жанжалдар мен қатерлер орын алуы мүмкін. Сондықтан елдің этностық көптүрлілік қасиетін сақтау отырып, қазақтардың консолидациясын ұлттық саясаттың басты бағыты ретінде қарастыру және бүкіл этностық топтарды біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі идеясы төңірегінде топтастыру қажет [183].

Ал бұл кезекте қазақ бірегейлігінде де кездесетін мәселелер аз емес. Қазақ бірегейлігі күрделі, көп деңгейлі құрылымды қамтиды. Сонымен қатар қазақ бірегейлігінде көптеген кішігірім локальды қазақ бірегейліктерінен тұрады. Олар әлеуметтік теңсіздік, діндарлықтың деңгейімен, тұрғылықты мекені бойынша (ауыл/қала), қазақ тілін меңгеру деңгейімен («таза қазақ», «шала қазақ», т.с.с.), «асфальтті қазақтар», яғни қалада өскен қазақ азаматтары негізінде бірнеше топтарға бөлінеді. Сонымен қатар қазақтардың тағы бір жеке тобын шет елден қайтқан оралмандар құрайды. Ішкі этностық бірегейлікке тағы елеулі әсер ететін фактор қазақтардың жүзге, руға бөлінуі. Мұның барлығын қазақтардың ішінде жүретін ішкі этностық шекаралар ретінде қабылдаса болады. Қазақтар арасында бірегейлену үдерісінде тағы бір кездесетін мәселе этносаралық некеден туылатын балалар [184, 26б.]. Сондықтан қазіргі кезеңдегі мемлекет алдында тұрған басты мақсат қазақ этносішілік интеграцияны ұлттық мемлекеттік негізі ретінде тану, қазақ бірегейлігін нығайту. Бұл өз кезегінде ұлттық бірегейлікті қалыптастыра отырып, елдің біртұтастығының кепілі болмақ.

Б.Әбдіғалиевтің пікірінше, мемлекеттегі саяси және әлеуметтік тұрақтылық, оның қазіргі жай-күйі мен болашағы мемлекет құраушы ұлт – қазақ ұлтының даму деңгейінен тәуелді болып табылады. Қазақтардың басым бөлігінің материалдық, әлеуметтік-психологиялық жай-күйінің нашарлауы, өздерінің тіл мәртебесіне қанағаттанбауы, ұлттық мәдениет пен білім берудің жағдайына көңіл толмауы, сонымен қатар аталған мәселелерді түрлі саяси күштердің пайдалануы Қазақстан үшін күрделі қауіп төндіреді [183].

Осы орайда азаматтық бірегейлікті қазақ ұлттық бірегейлігінің негізінде қалыптастыру келесі мәселелерді шешуге септігін тигізеді деп есептейміз:



  1. бүкіл Қазақстан азаматтарын тілдік және ұлттық тарих, патриоттық сезім негізінде біріктіру;

  2. қазақ ұлтының арасындағы түрлі кішігірім бірегейліктердің басымдыққа ие болуын алдын алу;

  3. мемлекеттің дамуына өз септігін тигізетін белсенді азаматтарды тәрбиелеу;

  4. ұлттық демократиялық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру.

Қазіргі таңда бүкіл халықты біріктіру мен жұмылдыруда көптеген ресми, мемлекеттік құжаттар бекітіліп, жүзеге асуда. Дегенмен де қазақ ұлтын біріктіретін құжат жоқтың қасы. Осының салдарынан қазақтардың ортақ бірегейлігі нық қалыптасты деп айтуға болмайды.

Кез-келген бірегейлік уақыт пен кеңістіктің жемісі ретінде ұрпақтар арасында жалғасып, өзгеріске ұшырап отыр. Қазақстанда елді біріктіретін ортақ бірегейліктің болмауы кеңестік бірегейліктің сипаттары әлі сақталғандығының нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Әрбір ұлттық идеология элитамен құрылатынын есепке алатын болсақ, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы саяси элитаның басым бөлігі сол кеңес заманының өкілі болып табылады. Бұл өз кезегінде ұлттық мемлекетті қалыптастыруда кедергілер келтіретінін білдіреді.

Қазіргі кезеңде көптеген зерттеулер қазақтардың бірегейлену үдерісінде тек қана Қазақстанның ғана емес, басқа шет елде мекен етіп отырған қазақтардың этностық, ұлттық бірегейлігі ерекше, маңызды орынды иемденеді. Бұл азаматтық бірегейліктегі этностық компоненттің дамып, маңызды бола бастағанымен тығыз байланысады [185, 35б.].

Сондықтан азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда төл этностың рухани, мәдени, тарихи алғышарттар негізінде дамыту елдің болашақтағы саяси, әлеуметтік тұрақтылығына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Ал қазақ бірегейлігі – бұл үштіктің бір элементі болып табылады. Үштік қазақ бірегейлік, ұлттық идея, қазақ мемлекеті сияқты басты элементтерден тұрады деп есептейді Е.Ерғалиев [186].

Азаматтық бірегейлік қалыптасуының қазақстандық үлгісін С.Хантингтон ұсынған үштіктің негізіне салып көретін болсақ, яғни тіл, мәдениет, дін (АҚШ-тағы ағылшын тілі, англо-саксондық мәдениет және протестанттық дін) Қазақстанда сол үшеуінің де осал қалыпта екенін көруге болады.

Қазақстанда әлі де болса қазақ тілінің таралуы, барша халықтың қазақ тілінде сөйлеу үдерісі аяқталмады деуге болады. Қазақ тілі әлі де тек кеңею үстінде. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болып, мемлекеттік тараптан қазақ тілдің дамуына барша жұмыстар жасалғанымен қазақ тілі елді жұмылдырушы, барша қазақстандықтарды біріктіруші құралға айналмағандығы байқалады.

Р.Қадыржановтың пікірінше, республикада басқа этностардың тілдерінің ішінде қазақ бірегейлігінде басты орынды қазақ тілінің мәртебесі атқарады. Қазақ тілінде сөйлейтін азаматтар ғана өздерін толыққанда «мен қазақпын» деп анықтайды. Сол себепті қазақ бірегейлігі ұлттық бірегейлікке сәйкес болуы қажет деп есептейді [187, 56б.].



Сонымен қатар мемлекеттік қазақ тілін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралы ретінде айқындау орынды. Өйткені, Қазіргі заман жағдайында мемлекеттіліктің келе­шегі тікелей мемлекеттің ұлттық құндылық жүйесін қорғау және оны дамыту қабілетіне тәуелді. Ұлттық құндылықтарды қорғау елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басты шарттардың бірі болып табылады. Сол сияқты, өзін өзі тануды мемлекетпен жоғалту мен тұтас құндылық базаның жоқтығы ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төнуді білдіреді. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор мемлекеттік тіл болып табылады. Яғни, Мемлекеттік тілдің дамуы Қазақстан азаматтарын біріктіріп, ел ішінде әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлесін қосады [188, 40б.].

Л. Пуховичтің пікірі бойынша ұлттық иден­тификацияның бір бөлігі ретінде мемлекеттік тіл мәсе­лесі елдің қауіпсіздігіне және тұрақтылығына тіке­лей әсер етеді. Сонымен қатар, тіл мәселесінің сәтті шешілуі демократияның дамуына айтарлықтай септігін тигізеді және мемлекеттің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар туғызады [189, 440б.].

Жоғарыдан байқағанымыз, тілдік ортақтық халықтарды біріктіру мен қоғамдық, этносаралық келісімді нығайтуды үлкен рөл атақарады, сол сияқты этносаралық қатынастарды үндестірудегі факторы болып табылады.

Б. Әдіғалиевтің ойы бойынша, ұлттық тұтастықтың жаңа негіздерінің бірі Қазақстан азаматтарының қа­зақ тілін білуі болып табылады. Тұрақтылық пен өркендеудің кепілі қазақстандықтардың тілдік ортақ­тығында жатыр, яғни орыс және қазақ тілдері өзара түсінушілік пен сыйласу нышаны болып табылған кезде аталмыш жетістіктерге жетеміз [182]. Сондықтан мемлекеттік тілге тек қана қатынас, байланыс құралы ретінде ғана қарамай, өзара түсінушіліктің, достастықтың, құрметтің белгісі ретінде қарастыру жөн.

Жалпы, тіл қатынас, байланыс құралы, сол сияқты Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев айтып кеткендей «қазақстандық халықты біріктіре алатын қуатты қару да болып табылады» [190]. Оның ойы бойынша, жойылуға жақын болған қазақ тілі, беделге ие болып, тәуелсіздікпен бірге қайта жанданды.

Мұндағы мемлекеттік тіл ұлттардың шынайы мемлекеттілігін алу үдерісі барысында мақсатқа жетудің құралы ретінде алдынғы қатарлы қызмет атқаратындығын ерекшелеп айтуымыз жөн, себебі, мемлекеттік тіл – біртұтас ұлтты қалыптастырумен қатар, тәуелсіздікті сипаттаушы фактор. Ал оның дамуы Қазақстан азаматтарын біріктіріп, ел ішінде әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлесін қосады. Демек, мемлекеттік тіл мәселесі еліміздің қауіпсіздігіне, мемлекеттің нығаюына тікелей қатысты мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі ел ішіндегі тұрақтылықпен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының әр азаматының қоғамда тату-тәтті өмір сүруі — қауіпсіздіктің нышаны. Мұны негізге алып әр Қазақстан азаматы жекеленбей біртұтас Қазақстан Рес­публикасының азаматы екенін сезініп, өз жерінің патриоты болу өзекті. Басты қағида – мемлекеттік тілді меңгеру, оны қорғау.тҚазіргі таңда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліне деген үлкен үміт артуда. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті және жұмыл­дырушы қызметін кеңейту өзекті мәселе, себебі елдің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тең. Қазақстанның барлық этнос өкілдеріне қазақ тілін қолдану келешегі ассимиляция саясаты болып табылмайды, тек елде ұлттық идентификацияны құруға септігін тигізеді [188].

Осы тұста ғылымның алдында тұрған үлкен мәселе шындығында да қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде елді жұмылдырушы рөл атқара алады ма? 

Президенттің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тіл саясатында жаңаша бір тың көзқарас пен серпін пайда болды. Мұндағы басты ерекшелік «Үш тұғырлы тіл» болып табылады. Қазақстан Республикасында үш тұғырлы тіл саясатын дамытудың өзектілігі мен мәнін мойындай отырып, Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілі саяси, экономикалық және кадрлық қолдауды қажет ететіндігін ескерді. Қазақстан Республикасы бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылу қажеттігін ерекшелеп өткен болатын (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) [188].

Осылайша мемлекет тарапынан қазақ тілін дамыту «үштұғырлы тіл» жобасы арқылы жүзеге асыру саясаты қолға алынған болатын. Аталған жобаға сәйкес, қазақ тілі орыс және ағылшын тілдерімен қатар барлық меңгерілуі тиіс деп табылған. Алайда «үштұғырлы тіл» жобасы қазақ тілінің дамуына айтарлықтай үлес қоспағандығы байқалады. Дегенмен де «үштұғырлы тіл» жобасының басты идеясы үш тілді бірдей сөйлейтін азаматтардың бойында толеранттылық сезімді дамыту еді. Өйткені, көптеген зерттеулер дәлелдегендей көп тілде сөйлейтін азаматтардың бойында толеранттылық сезімі анық байқалады.

Дегенмен де қазақ тілі аймақтық ерекшеліктерге тап болды. Қазақстан Республикасында қазақ тілінде барлық аймақ тұрғындары бірдей сөйлемейді. Яғни қазақ тілінің қолдану аясы әр аймақ, облыста өзіндік ерекшеліктеріне кездеседі. Сондықтан тілдік ортақтықты, азаматтық бірегейлікті талқыламас бұрын әр аймақтағы тілдік жағдайға мән беру қажет.

Осы орайда ғалымдардың айтуынша Кеңес уақытындағы Қазақстандағы тілдік жағдай төмендегімен ерекшеленеді:

- Біріншіден, қазақ тілі мен орыс тілінің қолдануы өздерінің аясы жағынан бірдей болған емес;

- Екіншіден, қазақ тілі мен орыс тілінде сөйлейтін адамдар бір-бірімен аз араласты, өйткені орыс тілді азаматтар көбіне тек ірі қалаларда тұрса, қазақ тілінде сөйлейтін адамдар ауылдар мен кішігірім қалаларла мекен етті [191].

Ал Қазақстан тәуелсіздік алып, мемлекеттік тіл ретінде – қазақ, ал ресми тіл ретінде – орыс тілін тану, тіл саясатын жүргізу нәтижесінде елдегі ішкі аймақтарда тілдік жағдай өзгере бастады. Бұл бір жағынан, әр аймақтағы этнос өкілдерінің түрлі шоғырлануымен байланысты болса, екінші жағынан, аймақтық тіл саясатының толық қалыптасып бітпеуімен, нақты мақсат, міндеттерінің жоқ болғандығымен түсіндіріледі [188].

Оның үсетіне елде қазақ тілін меңгерген азаматтар санының аз болуын байқауға болады. Сонымен қатар, барша халықтың санасында, түрлі этностар өкілдерінің санасында мемлекеттік тілді меңгеру міндет ретінде қабылданбайды. Мемлекеттік тіл коммуникациялық функция атқармай, тек бейнелік функция атқаруы байұалып келеді. Қазақ тілі тек қана мемлекеттік құжаттарда, хат алмасуларды, ресми жарияланымдарда қолданылып келеді. Осымен бірге Қазақстанның жиырма жылдық Тәуелсіздігіне қарамастан, мемлекеттік тіл қазақстан қоғамын біріктіруде елеулі рөл атқара алмай келе жатқандығын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет