Асылтаева эльнура бейсенбековна қазақстан қоғамының демократизациялануы контекстіндегі азаматтық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері



бет6/11
Дата30.05.2016
өлшемі1.56 Mb.
#103266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірегейлікті қалыптастыру үдерісінде бесінші кезеңді де бөліп қарастыруға болады. Аталған кезең 2002 жылдан бастап 2009 жыл аралықты қамтиды. Бұл кезеңде жалпы азаматтық құндылықтарды дамыта отырып, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда этносаралық келісім мен бейбітшілік, «бірлік көптүрлілікте» сынды идеялар орын алып келгенін байқауға болады. Аталған кезеңде этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстанның халықаралық аренада тұрақты, демократиялы мемлекеттер қатарына жатқызуға үлкен септігін тигізді. Өйткені, аталған кезеңде Қазақстан әлемдік сахнада өзінің белсенді қызметімен ерекшеленді. Бұл орайда ішкі тұрақтылық пен бейбітшілік басты фактор рөлін ойнады [161, 72-79б.].

Елдің біртұтастығы «бірлік көптүрлілікте», этносаралық келісім, қазақстандық ұлт сынды идеялар төңірегінде жүзеге асып келді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары баяндамаларында көрініс тапты. Аталмыш идеяның ресми түрде бекітілуі «Ел бірлігі» доктринасында көрініс табылуы қажет болатын. Дегенмен де Ұлтты қалыптастырудағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін саясат «Ел бірлігі» доктринасының өмірге келуімен қатты сынға алынған болатын. Осылайша мемлекеттегі қазақ интеллигенциясының бастауымен талқылауға ұсынылған «Ел бірлігі» доктринасындағы қазақ ұлтына ерекше мәртебе беру мәселелері көтерілген еді. Бұл Қазақстандағы бірегейліктің жаңа кезеңге ауысқандығымен сипатталады. Өйткені, ескі құндылықтар өз өміршеңдігін жойды деуге болады.

Осылайша Қазақстан халқының бірегейленудің бесінші кезеңі 2009 жылдан бастап қазіргі таңға дейін этносаралық қатынастарды реттеуде қазақ ұлтына үлкен жауапкершілігінің артуымен сипатталады. Аталған кезеңнен бастап, елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуде қазақ ұлтына үлкен жауапкершілік жүктелді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында келесідей көрініске ие болды: «Ұлттардың этносаралық келісіміне ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылады. Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды».


Осылайша Қазақстанның бірегейлену үдерісі қиын әрі күрделі кезеңдерден өткендігін байқауға болады. Қазіргі таңдағы «Қазақстан халықтарының бірлігі», «Бірлік көптүрлілікте» сынды мемлекеттік идеялардың орын алуы да бекер емес. Қазақстанның бастапқыда ұлттық негіздегі мемлекет болып қалыптаспағандығына, яғни Конституциядағы өзгерістер ензілгендігіне, қазақ халқының саяси субъект ретінде танылмағанына қанағаттанбайтын тұлғалар баршылық. Дегенмен де Қазақстан өз егеменділігін сақтап қалу мақсатында жоғарыда аталған қадамдарға баруға тұра келгендігін көруге болады. Мемлекеттің ішкі саясатын анықтауға бірнеше факторлар әсер еткендігіне көз жеткізуге болады. Осындай саясаттың нәтижесінде, «қазақстандық ұлт» жобасы өмірге келді. Мойындау керек, осы бір идеологияның Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалуға қосқан үлесі өлшеусіз. Қазіргі таңда мемлекет құраушы қазақ ұлтының салмағы артуына байланысты бұл идеологиядан бас тартатын кез жетті» деп тұжырымдайды Е.Әлімханұлы [168, 24б.].

Яғни Қазақстанда бірегейлену үдерісі мемлекеттің ішкі қажеттіліктерін нәтижесінде жүзеге асады. Азаматтық бірегейліктің мағынасы әр кезеңде әр түрлі сипатқа ие болады. Немесе оның анықтаушы қасиеттері өзгеріп отырғандығын көруге болады. Демек мемлекет өз халқының азаматтық бірегейлігін анықтау мақсатында өзінің мүдделері мен халық мүддесінен шығу керек. Ал бұл тұста қазіргі кезеңдегі Қазақстанның азаматтық бірегейлену үдерісінің жаңа кезеңге өтуді талап ететіндігін көруге болады. Ал бұл орайда төл этнос санынң өсіп келе жатқандығын ескере отырып, азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың жаңаша көзқарас керектігі анық болып отыр. Яғни ХХІ ғасырдағы қазақтар мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда. Қазақстан тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеуі үшін, нығаюы үшін қазақтың - өзіміздің ұлттың бірлігі керек [169].

Дегенмен де халықаралық аренада өзінің толеранттылығы мен этносыралық келісім арқылы саяси имиджін қалыптастырып келген Қазақстан үшін қазақстандықтардың ортақ азаматтық бірегейлігін қалыптастыруды жалғастыра беру қажет. Яғни, елдегі этносаралық және конфессияаралық келесім қаматасыз етілуі қажет. Әр қазақстан азаматы өзін толыққанды мемлекеттің мүшесі ретінде сезінуі қажет.

Қазақстан халқына ортақ азаматтық бірегейліктің мағынасын толықтыру қажеттігі орын алып отыр. Ал ол «қазақстандық бірегейлік» сынды анықтамамен анықталуы қажет. Ал «қазақстандық бірегейлік» төл этностың этностық бірегейлігімен қатар жүруі керек. Ал ол өз кезегінде институционалдық өзгерістерсіз мүмкін емес.

Осылайша Қазақстан азаматтарының бірегейлену үдерісі күрделі кезеңдерден өтіп, қазіргі таңда ғылыми қауымдастықта жаңа кезеңге өтуі қажеттілігі мойындалып отыр. Дегенмен, мемлекеттегі тұтастықты сақтап қалу мақсатында бүкіл әлемде өзекті мәселелердің қатарынан табылатын азаматтық бірегейлікті қалыптастыру арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Ал азаматтық бірегейліктің өзі ұлттық демократиялық мемлекетті қалыптастыруға бірден-бір ұтымды жолы ретінде қарастыру керек.

Осыдан Қазақстанның бірегейлікті қалыптастыру үлкен әрі күрделі жолдан өткендігіне көз жеткізуімізге болады. Ол өзіндік қиыншылықтар мен кезеңдерден өтіп, қазіргі кезеңде біртұтас қазақстан халқын жұмылдыруға үлкен үлесін тигізді. Оны сақтау мен ары қарай нығайту келесі ұрпақтың үлкен міндеті ретінде қарастырылуы қажет.




    1. 2.2 Қазақстанда азаматтық бірегейліктің трансформациясына институционалды өзгерістердің әсері

Қазіргі таңда жаңа бірегейліктердің қалыптасуына ең қолайлы жағдай болып әлеуметтік және интеллектуалды трансформацияны бастан кешіп отырған «өтпелі қоғамдар» саналады. Өйткені, қоғам бір қалыптан екінші қалыпқа ауысқан жағдайда әрқашан жаңалық пен өзгеріске есік ашады. Осы кезекте бірегейліктің бір түрінен екінші түріне ауысу үдерісі жүзеге асады.

Индустриалды, инновациялық қоғам құру идеясын алға қойып отырған Қазақстан үшін өтпелі кезең азаматтық бірегейліктің трансформациялануы байқалады. Бұл бір қырынан, Кеңестік идеология мен тәрбиенің өзгерісі, екінші қырынан демократиялық құндылықтардың енуі, үшіншіден, жаһандану әсерінің салдарынан көрініс табады. Кеңес үкіметі ыдырағаннан бастап қазіргі біздің қоғамда ұлттық-демократиялық мемлекеттің бірегейлігі қалыптаспаған.

Қазіргі таңда азаматтық бірегейліктің қалыптасу мәселелері қазіргі әрқилы қоғам дамуының басты шарттарының бірі болып табылады. Бұл бағыттағы түрлі іс-шаралар мемлекеттің өсіп-өркендеуінің кепілі болмақ. Өйткені қазіргі кезеңдегі қоғамның азаматтық бірегейлігіне көптеген сыртқы факторлар әсер етуде. Бір қырынан, азаматтық бірегейлігі нық орныған мемлекеттерде бірегейліктің одан әрі нығайюы байқалса, тәуелсіздік туын жаңадан желбіреткен мемлекеттер үшін азаматтық бірегейлікке жаһандану, аймақтық интеграцияны күшейту, ұлт-мемлекеттерінің әлсіреуі, сонымен қатар «демократиялық транзитті» бастан кешіп отырған мемлекеттердегі демократиялық институттардың қызмет етуінде кездесетін кедергілер кері әсерін тигізеді [158].


  1. Ғалымдардың пікірінше, институционалды трансформацияны басынан кешіп отырған қоғамдарда саяси бірегейлік элементтерінің асығыс орын алуы азаматтық бірегейліктің қалыптасу үдерісін тежейді. Оларды этноконфессиялық, тайпалық, және де басқа квазисаяси өзіндік бірегейліктер алмастырады. Дәстүрлі құрылымдардың қазіргі заманға бейімделіп өзгеруі нәтижесінде гибридті бірегейліктер пайда болады. Олар бір қырынан модернизацияның қайнар көзі болса, келесі қырынан мемлекеттік қауымдастықтың демодернизациясы мен дезинтеграциясына септігін тигізеді. Осы орайда мемлекет элитасының саяси және экономикалық дамуға бет бұруы, оның бірегейлігі осындай жағдайда осы динамикаға түрткі ретінде маңызды фактор болып табылады [67, 10б.].

Алдыңғы бөлімде айтылып кеткендей, 1996 жыл Қазақстан халқының азаматтық бірегейлік деңгейінің төмендігімен сипатталады. Бұл Кеңестік бірегейліктің ыдырауымен тығыз байланысты болды. Сонымен қатар азаматтық бірегейлікке мемлекеттегі институционалды өзгерістердің ықпалы зор болды.

Бір қырынан, қоғамға үйреншікті болып қалған, ел сенімінің негізі ретінде Коммунистік партияның жойылуы тікелей әсер етті деуге болады. Сондай-ақ аталмыш өзгеріске құқық институтының да рөлі зор екендігін айтып кету қажет.

Қазақстан халқының азаматтық бірегейлігіне мемлекеттің тәуелсіздігі жарияланған уақыттағы қиын-қыстау кезеңде әсерін Қазақстан халқының бірінші форумында 1992 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен аталған форумды тұрақты түрде ұйым етіп тіркеу идеясы тигізген болатын. Осылайша 1995 жылдың 1 наурыз айында елдің жалпы ұлттық бірлігін қамтамасыз ететін институт – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылған еді. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды [170]. Этносаралық келісім мен толеранттылықты дамыту жолында алғашқы ресми құжаттардың бірі болып 1993 жылы жарияланған «Қоғамның идеялық консолидациясы» атты тұжырымдама табылды. Аталған құжатта келесі мақсат пен этносаясаттың бағыттары көрсетілді:


  1. реформалардың тиімді жүзеге асуының басты саяси шарты ретінде тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді орнату;

  2. барлық азаматтардың әл-ауқатының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін қоғамның дамуы;

  3. этностық өзіндік жағдайды дамыту мен Қазақстанның ұлттық-мәдение көптүрлілілігін сақтау;

  4. демократиялық қайта құруларды тереңдету мен саясатта плюрализмді қамтамасыз ету [54].

Мемлекеттің басты заңында, елдің территориясында тұрақталған барлық ұлттардың құқықтық теңдігі жарияланған және кепілдік берілген. Этносаралық ынтымақтастыққа және жемісті этносаралық келісімге қол жеткізудің тиімді құралы - Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Бұл құрылым кеңес-мәжілістік түрден конституционалды түрге дейінгі эволюциядан өткен және оның қызметтері заңнама түрінде тиісті құқықтық актілерде анық бекітілген [57, 7б.].

Аталған институт азаматтық бірегейліктің мазмұнын жалпыадамзаттық, еркіндік, бірлік, ынтымақ сияқты түсініктермен ашқан болатын. Осылайша Қазақстанда бірегейліктің жаңа түрін қалыптастыру мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, бірінші кезекте республиканың алдына азаматтардың мемлекетке бірегейлігін қалыптастыру күнтәртібінде тұрды. Өйткені, басты мақсат қоғамның мемлекетке, мемлекеттің болашағына деген жауапкершілігін сезініп, өзінің мемлекеттің бір мүшесі ретінде анықтауын жетілдіру еді.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясындағы жарияланған тұжырымдар 1996 жылдың 23 мамыр айында жарияланған №2995 Қазақстан Республикасынының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру туралы тұжырымдамасы туралы» Жарлығында бекітілген еді.

Аталмыш құжатқа сәйкес, Қазақстан алдына этносаясатты қалыптастырудың үш үлгісі қарастырылды:



  1. Қазақ мемлекеттілігінің үлгісі, бұл үлгіге тек қана тарихи мұра немесе тарихи-құқықтық зерттеудің пәні ретінде қарамай, жағымды тәжірибенің қайнар көзі ретінде қарастыру жөн;

  2. Ресей империясы мен КСРО мемлекеттілігінің үлгісі (мазмұны бойынша империялық);

  3. Демократиялық құқықтық мемлекеттіліктің үлгісі. Аталған үлгі әлемнің көптеген елдерінде ұтымды қолданады және Қазақстан осындай үлгіні қалыптастыруға ұмтылады [171].

Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру туралы тұжырымдаманы азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың алғашқы қадамы ретінде анықтаса болады. Өйткені, құжат азаматтың этностық тиістілігіне басымдық бермей, барша халықты заң алдында тең, біртұтас ұжым ретінде халықты жұмылдыруды мақсат етіп қойды. Мемлекеттілікті дамытуда ұлтаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі сияқты мәселелерге аса зор көңіл бөлінді. Бұл орайда мемлекеттік-азаматтық бірегейлікті батыс ғылымында және мемлекеттерінде жүзеге асқан азаматтық ұлт қалыптастыру идеясымен тығыз байланыста болды.

1996 жылы Қазақстанның даму институты бүкіл халықтық әлеуметтік сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама Қазақстанның 19 облыстары мен Алматы қаласында респонденттердің жалпы саны 2910 азаматтарға жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтарға «Сіз өзіңізді кіммін деп есептейсіз?» деген сұраққа респонденттердің 11% - ы ғана Қазақстан Республикасының азаматымын деп жауап берген. Ал 22,1% КСРО азаматы және 39,4% ТМД елдерінің азаматы деп ақтаған болатын [172]. Бұл мемлекеттік бірегейліктің, азаматтық бірегейліктің төмен болғандығын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттің бірінші кезекте мемлекеттік бірегейліктің дәрежесін көтеру ниеті орынды әрі қажетті мәселе болып табылды. Мемлекеттік бірегейліктің төмен деңгейі жоғары бөлімде айтылған бірегейлік дағдарысы нәтижесінде орын алды деуге болады. Сонымен қатар азаматтық бірегейліктің төмен деңгейі азаматтардың әлі де болса Қазақстанды өзінің мемлекеті ретінде есептемеу сезімі негізінде қалыптасты. Сондықтан аталған мәселе төңірегінде біршама мемлекеттік істер атқарылды. Оның ішінде саяси институционалды өзгерістер орын алды. Жалпы тәуелсіздік алған жылдардан бастап елде жаңа институттар құрылып, құқықтық институт біршама өзгерістерге ұшырады.

Сондықтан азаматтық бірегейліктің дамуына жоғарыда көрсетілген институционалдық өзгерістер әсер етті деуге болады. Өйткені, 2004 азаматтық бірегейліктің деңгейі 11%-дан 44%-ға өскендігін байқауға болады (төмендегі суретті қараңыз).

Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық бірегейлік деңгейін анықтау мақсатында көптеген әлеуметтік, философиялық, психологиялық зерттеулер жүргізілді. Сол зерттеулердегі азаматтық бірегейліктің даму динамикасын анықтау мақсатында оларды біздің жұмысымызда жүйелеуді алға міндет етіп қойдық.

Осылайша зерттеулерге сәйкес азаматтық бірегейліктің Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдан бастап өзгеру динамикасын байқауға болады.

Азаматтық бірегейліктің ең төменгі көрсеткіші 1996 жылы белгіленгенін көрігу болады. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 2009 жылы анықталды. Ал қазіргі таңда соңғы 3-4 жыл ішінде азаматтық бірегейлік бір деңгейде 40% дың төңірегінде белгіленген. Аталған көрсеткіш салыстырмалы төмен болғанымен, Ресейдегі соңғы мәлеметтер бойынша азаматтардың азаматтық бірегейлігін 40%-ға жеткізу қажеттігін ескеретін болсақ, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда Қазақстанның дұрыс саясат жүргізіп келе жатқанын байқауға болады. Әрине, бұл тұста Ресейдің федартивтік мемлекет құрылыс ескерген жөн.




Сурет 3 - Қазақстан Республикасы халқының азаматтық бірегейлігінің өзгеру динамикасы
Аталмыш динамика 1996 жылы Қазақстанның даму институтымен жүргізілген «Азаматтық бірегейлену» атты сауалнама, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ жүргізген «Қазақстан халқының азаматтық бірегейленуінің мәселелері мен болашағы» атты еңбек, 2009 жылы Қазақстан әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжам институтының «Этносаралық өзара әрекет: интеграция мен дезинтеграцияның ресурсты потенциалы» атты ғылыми еңбегі, 2010 Этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығының «Қазақстан этностарының азаматтық бірдейлігінің қалыптасу аспектілерін зерттеу» атты ғылыми зерттеуі, 2013 жылы аталмыш зерттеу жұмысын жүзеге асыру барысында жүргізілген авторлық сауалнама қорытындылары негізінде жасалынды.

Қазақстанда 1996 жылдан бастап этносаралық және конфессияаралық келісім саясаты жүргізіліп келеді. Ол 1997 жылы қазан айында жарыққа шыққан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында алғаш рет көрініс тапты.



Аталмыш құжатта тау онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыттың ішінде ұлтаралық келісімге басымдық берілді. Мемлекеттің этносаясатында азаматтық бірегейліктің либералды дәстүрі көп дәріптеле бастады. Оны Н.Ә. Назарбаевтың «...қандай да бiр этникалық немесе дiни топтарға басқалармен салыстырғанда, басымдықтар беру жөнiнде де әңгiме болуы мүмкiн емес. Бiздiң стратегиялық мiндетiмiз - халықтығы көптеген топтарының бiрлiгi, жекешiл және қоғамдық негiздерi салиқалы үйлестiру, мұның өзi қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерiн толықтыра түседi» деген сөздерінен байқаса болады [1].

Осылайша азаматтық бірегейлікті алғаш қалыптастыруда либералды дәстүрдің басым болғаны байқалады. Егеменді ел болғанның алғашқы жылдарында мемлекеттің алдында ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастық басты мақсаттардың бірі болып табылды. Сондықтан халық үшін заң алдындағы теңдік пен толеранттылық сезімді қалыптастыру бірден-бір ұтымды жолдардың бірі болып табылды. Белгілі бір этносқа артықшылық берілмей, барша халықтың мемлекет алдында бірдей болу принципі жүзеге асырылды.



Оның дәлелі ретінде 1997 жылы 11 шiлдеде қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңындағы қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде мәртебе біріліп, орыс тілінің мемлекеттік қазақ тілімен қатар бекітілгендігін атауға болады. Өйткені, 1989 жылы қабылдаған «Тілдер туралы» Заңға сәйкес орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде бекітілген. Осыған сәйкес, қазіргі таңда орыс тілі тек қана этносаралық тіл ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, сот, атқару, заң шығару құрылымдарында қазақ тілімен бірдей, тең қолданыста жүретін тіл ретінде орын тапты. Бұл бір қырынан, бүкіл іс-қағаздарды мемлекеттік тілге ауыстыру қиыншылықтарымен, екінші қырынан, мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтардың аз болуымен, үшіншіден, елде этносаралық келісім орнатып, тіл төңірегінде этносаралық жанжалдарды болдырмаудың алғышарттары ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар мемлекеттік іс-қағаздарды қазақ тіліне біртіндеп көшірудің алғашқы қадамдары ретінде қабылдаса болады.

Аталған құжат тек қана қазақ және орыс тілінің мәртебесін анықтап қана қоймай, елдегі тұрып жатқан көптеген басқа да этностар тілінің сақталуы мен дамуына жағдай жасады.

Дегенмен, ресми құжатта қазақ тілін білу әрбір азаматтың міндеті емес борышы ретінде анықталады. Бұл өз кезегінде этносаралық қатынастарды реттеу мақсатында бір тілдің төңірегінде емес, әр азаматқа тілді таңдау мен қолдану еркіндігін беруді білдіреді.

Осылайша Қазақстан өзінің мультиэтностылығына қарамастан салиқалы ішкі саясаты арқасында этносаралық жанжалдарды болдырмай, тұрақтылық пен этносаралық бейбітшілікті қамтамасыз етіп келді.

Мемлекеттегі этносаралық қатынастар «бірлік көптүрлілікте» атты саяси формула арқылы жүзеге асып келді [173, 11б.].

Азаматтық бірегейліктің елде жүргізілген сауалнама нәтижелерінде көрініс тапқандай жоғарылауы (11% -дан 44%-ға шейін) этносаралық қатынастардың түйіткісі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызмет етуімен тығыз байланысты болды.

Алғашында тек түрлі этностардың диалогты алаңы болуға арналған бұл құрылым өз даму кезеңдерінен өтіп қазіргі таңда кеңес беруші органға айналуы этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз септігін тигізді. Аталған құрылымның дамуына мән беретін болсақ, бірнеше кезеңдерден өткендігін байқауға болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мазмұны жағынан өзгеруі мен дамуы 2002 жылы «Қазақстан халықтары Ассамблеясының даму стратегиясы: ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық әлем» атты кезекті IX сессиясында елді түйістіруші фактор ретінде сыртқы түрлі қауіптерден қорғану әрекеті көп талқыланды.

Аталған кезеңнен бастап 2007 жылға дейін аралықты қамтыған Ассамблеяның даму стратегиясында көрсетілгендей аталмыш органның қызметі кеңейе бастады. Аталған стратегияға сәйкес, Ассамблея көптеген құзыреттерге қол жеткізді: мемлекеттің этносаясаты жөнінде ұсыныстар мен тұжырымдамаларды жасақтау, этносаралық келісім мен бірлікті мәдени-тәрбиелік іс-шаралар негізінде нығайту және Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастар мәселелеріне арнайы зерттеулер жүргізу, этносаралық қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық базаны дамытуға атсалысу [173, 11б.]. Сондай-ақ қазіргі таңда этносаралық, конфессияаралық мәселелерді талқылайтын Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында экспертті кеңес құрылды. Эксперттік кеңестік басты мақсаты елдегі этносаралық келісім мен тұрақтылықта қамтамасыз етуде туындайтын қатерлерді анықтап, бейбітшіл ел болашағының жолын анықтау болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамбелясымен қатар этносаралық келісімді орнатуда Астанада ашылған бейбітшілік пен келесім сарайының орны да бөлек.Көптеген түрлі мәдениет өкілдерінің бас қосып, ортақтаса отырып, мәселелерді талқылауға арналған ғимарат шындығанда да елдегі өзіндік бейбітшілік символны а айналды.

Яғни Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекет тарапынан азаматтық бірегейлікті қалыптастыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оларды төмендегі бағыттар бойынша бөліп қараса болады:

Бірінші кезекте азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда құқық институты біршама өзгерістерге ұшырады. Бұл Конституциядан бастау алып, заңдарға өзгерістер енгізулерде орын тапты.

Екіншіден, этносаралық қатынастар мәселелерін реттеуші, конституциялық құрылым Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, өз жұмыстарын жүргізді.

Үшіншіден, мемлекетте келісім мен тұрақтылықты сақтау жолында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып, іске асырылды.

Төртіншіден, қоғамның демократиялануы жолында азаматтардың азаматтық санасын жетілдіруге септігін тигізетін кішігірім ұйымдар мен институттарға қолдау көрсетілді.

Аталған әрекеттердің барлығы мемлекеттің басты міндеттері қатарында табылды және табылуы тиіс. Осы орайда көптеген жұмыстарды да әлі атқаруы қажет деген қорытындыға келеміз.

Ал саяси институттардың қатарында саяси партиялардың азаматтық бейбітшілік пен этносаралық ынтымақтастықты күшейтудегі үлесі зор. Бұл, біріншіден, этносаралық қатынастар саласындағы демократиялық негіздерін қолдайтын «Нұр Отан» партиясы. Алайда, этносаралық ынтымақтастық шешуші деңгейде конфессиялар, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақтар тәрізді азаматтық қоғамның құрылымдарына байланысты. Азаматтық қоғамның даму барысында әлеуметтік келісім орнатылады [57, 19б.].

Қоғамдық-саяси институттарды мемлекетке деген сенімді арттыру, азаматтылықты қалыптастыру жолында үлесін айтып кеткен жөн. Сондықтан да елдегі азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін саяси институттарға жүктеген абзал.

Қазақстан Республикасы халқының санасында азаматтық бірегейліктің қалыптасу үдерісіне әр кезеңде елдегі институционалды өзгерістердің әсері зор болды.

Оның ішінде саяси институт ретінде мемлекеттің үлесі жоғары болғандығын көруге болады. Сондықтан мемлекетті азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың бірден-бір маңызды институты ретінде қарастыру қажет. Сонымен қатар басқа шет ел мемлекеттерде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының азаматтық бірегейлікті қалыпастыру жолында елеулі үлес қосқандығына көз жеткізуге болады.

Бұл институционалды өзгерістер азаматтардың санасында кеңестік бірегейліктің қазақстандық бірегейлікке трансформациялануына өз септігін тигізді. Мемлекеттік азаматтық бірегейлік қалыптастыру міндеті өз шешімін тапты. Осылайша қазіргі таңда Қазақстанда қазақстандық бірегейлік, қазақстандық ұлт сынды ұғымдар қалыптасты.

Осылайша түрлі институционалды өзгерістердің салдырынан Қазақстан халқының азаматтық бірегейлігі өзінің трансформациясын өткізіп отыр. Қазіргі таңда азаматтық бірегейлікті құратын жаңа мазмұнның қажет екендігі мойындалуда.




    1. Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың қазіргі жағдайы

Қазақстан үшін азаматтық бірегейлік қазіргі таңда қазақстандық бірегейлікпен анықталып келеді. Яғни, бұл дегеніміз қазақстандық бірегейліктің жалпы адамзаттық немесе барша халықты бір ортақ бірегейлікке түйістіруді білдіреді. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген уақыттан бастап, аталған бірегейлік елдің саяси-әлеуметтік тұрақтылығына үлкен септігін тигізіп келді. Мемлекет тек бір ғана ұлтқа басымдық бермей, ұлтты қалыптастыруда либералды әдістің негізге алына отырып, бір жағынан халықаралық аренада тұрақты, этносаралық қайшылықтары жоқ мемлекет ретінде мәртебесі өсті.

Қазақстанның көптеген азаматтары қоғамда қалыптасқан экономикалық және саяси еркіндікті құндылық ретінде бойларына сіңірді. Дегенмен қалыптасып қалған саясат пен билікке деген негативті көзқарастарын білдірді. Бірақ та, азаматтық сананың басты элементтерінің бірі болып табылатын халық пен билік арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне сену қазіргі кезеңдегі енді қалыптасып келе жатқан азаматтық сана мүмкін болатын ішкі этносаралық және конфессияаралық жанжалдарды алдын-алуға, елдегі ынтымақтастықтың орнауына, сонымен қатар экономикалық дамуға елеулі әсерін тигізетін фактор болып табылады. Азаматтық сана азаматтар мен биліктің арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың принциптеріне негізделе отырып, азаматтардың экономикалық белсенділігін дамытудағы түрткі болатын негіздерді құрайды [111].

Қазақстанда полиэтностық жағдайда қоғамның интеграциясы бір қырында қарастырылмай, көпжақты ірі құбылыс шеңберінде қарыстырылып келді. Бұл бір этносқа басымдылық білдірмей, барша халықты ортақ азаматтық құндылықтар негізінде жұмылдыру идеясы негізінде жүзеге асты. Яғни, қазақстан қоғамы өзін «Біз – Қазақстан еліміз» сынды ортақ бірегейлік түрі қалыптасты.

Ортақ бірегейліктің іргетасы ретінде – елде мекен етіп отырған 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдерін бір шаңырақтың астына жинап, бейбітшілік пен келісімді орнату идеясы жатты.

Сонымен қатар, әрине, Қазақстан қоғамының күрделі этностық құрамын, тілдік, мәдени, діни түрлілігін көзден таса қылмау қажет. Біз қазіргі таңда дәстүрлі қоғамда өмір сүрген «ұжымдық адамының» жасырын шекарасын азаматтық қоғамдағы «индивидуалды адам» иеленетін әлеуметтік-мәдени сипаттамаларды игеру үшін аттап отырған қадамымызды естен шығармауымыз керек. Өйткені, жаңа, яғни, полиэтносты болып табылатын азаматтық қоғамға тұлғаның жаңа тарихи түрі керек [111, 27б.].

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда этносаясат келесі екі принципке негізделіп келді: бір жағынан, мемлекеттік саясат этностың дамуын және этностық топтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп келсе, екінші жағынан, қоғамның демократиялануы және жеке адамның құқығының сақталуына назар аударылып келді. Бұл үдеріс негізгі екі кезең бойынша жүзеге асып келді: бірінші кезең этноұлттық саясаттың басымдылығымен сипатталып келді. Бұл кезеңде мемлекет аз уақыт аралығында ұлттық мемлекеттіліктің негізін салып, қазақ халқының рухани және басқа да ресурстарын жұмылдырып үлгерді. Ал екінші кезеңде қазіргі кезеңде қолданыста жүрген қазақстандық ұлт пен қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың негізі салынды [174].

Осылайша Қазақстанда этностық интеграция толеранттылық, достық қарым-қатынас, құрмет сияқты басты құралдар арқылы қалыптастып келді. Нәтижесінде мемлекеттік саясатта келісім, ынтымақ, бірлік достық ұғымдары кеңінен дәріптелді. Ішкі және сыртқы саясатта Қазақстан өзінің этносаралық келісім мен бейбітшілік, саяси тұрақтылығын үлкен жетістігі ретінде жариялап келді.

Этносаясаттағы басты мақсат – азаматтардың саяси қауымдастығы ретінде қазақстандық ұлты қалыптастыру болды. Ол қоғамның азаматтық тегіне байланысты бірігуін білдірді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы посткеңестік мемлекеттер арасында салиқалы этносаясаты арқасында ұлтаралық жанжалды айналып өтті деуге болады. Бұл жетістікке этносаясаттағы бірлік, теңдік, ынтымақтастық идеялары үлкен рөл атқарды. Дегенмен де мемлекетті құраушы қазақ ұлтына да үлкен мәртебе берілді. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жария салысымен өзін ұлттық мемлекет ретінде көрсетті. Ол дегеніміз бір ұлттың (қазақ ұлтының) негізінде пайда болған мемлекет ретінде жариялауын білдірді. 1991-1995 жж. аралығында этностылықтың саясаттандырылғанына көз жеткізуге болады. Бұл бірінші кезекте мемлекетқұраушы төл этностың этностық санасының жаңғыруы жолындағы бастапқы қадам ретінде қабылданды.

Қазіргі кезеңде мемлекеттік ішкі саясатта халықты белгілі бір ұлттық негізде емес, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптастыру ісі жүзеге асырылып келеді. Осылайша қазіргі кезеңде ұлт қалыптастыру нәтижесі ретінде «қазақстандық қоғам» дүниеге келді. Аталған құбылыс батыс мемлекеттерінде орын алған азаматтық ұлт терминімен ұштасады. Бұл әрине Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуі, халықаралық аренада беделінің өсуіне үлкен септігін тигізді. Өйткені, көптеген батыс ғалымдары үшін Қазақстан барша әлемге толерантты, бейбітшіл, тұрақты мемлекет ретінде позицияланады. Әлбетте, бұл қазақстандықтар үшін үлкен жетістік.

Дегенмен уақыт өте азаматтардың санасы, құндылықтар жүйесі де өзгерістерге ұшырайды. Азаматтардың этностық санасы оянып, өздерін ұлттық-патриоттар ретінде жариялап келген ұлттық интеллигенция бастаған этностық ұлтшылдықтың көріністері пайда бола бастады.

Осылайша азаматтық бірегейлік төңірегінде, атап айтсақ, қазіргі қоғамдағы дау туғызған «қазақстандық ұлт» ұғымы баспа беттерінде өзекті мәселелердің қатарында табылды. Қазақ тілінің, қазақ этносының мәртебесі өзекті бола бастады. Орыс бұқара ақпарат құралдарында жоғарыда аталған «қазақстандық ұлт» ұғымы жағымды тұрғыдан талқыланса, қазақ тілді ақпарат құралдарында «қазақстандық ұлтқа» деген қанағаттанбаушылық сезімі білдіріледі. Аталған мәселені анық түсіну мақсатында республикалық баспа беттерінде, оның ішінде газеттерде аталмыш ұғымға контент-талдау жүргізілді.

2008 жылдың соңында халықтық талқылауға ұсынылған «Ел бірлігі» доктринасындағы аталмыш ұғымның қолданылуы қоғамның кейбір белсенділері арасында келіспеушіліктер, наразылықтар тудырды. Осылайша, ғылыми-зерттеу, жазушылар, саясаткерлердің арасында осы ұғымның мазмұны туралы жарияланымдар көбейе бастады.

Қазақстан Республикасының азаматтарының бойындағы тиімді азаматтық бірегейліктің индикаторларын контент-талдау арқылы анықтау мен талқылау мақсатында контент-талдау жүргізілді.

Контент талдаудың бірілігі ретінде қоғамдық-саяси газет-журналдардағы мақалалар алынды. Мақалалардың жарияланған периоды 2009-2012 жыл аралығын құрайды. Контент талдаудың сөздік бірлігі ретінде «қазақстандық ұлт», «қазақстандықтар», «азаматтық ұлт» секілді сөз тіркестері алынды.

Жалпы диссератицияны жазу барысындағы контент-талдау келесі кезеңдерден тұрды:


  • Бірінші кезең, мәтіндерді жинақтау әрі іріктеу;

  • Екінші кезең, мәтіндерді жүйелеу;

  • Үшінші кезең, мәтіндерге мазмұндық талдау жүргізу.

Контент-талдаудың негізгі мақсаты жарияланымдардағы мақалалардың мазмұнына терең зерттеу жүргізі, мақаланың саяси идеологиялық бағытын анықтау болып табылады.

Мақаланың саяси-идеологиялық бағыты негізгі үш тармақ бойынша анықталды: либералды, шамалау-прагматикалық, ұлтшылдық. Либералды саяси бағыт мақалалардағы адам құқықтары мен мүдделердің басым болуы, мемлекеттің этносаралық қатынастар мәселелеріне аз араласу сияқты мәселелермен көрсетілсе, шамалау-прагматикалық мақалаларды саяси центризм, саяси мәселелерге мемлекет қырынан қарау, анық идеологиялық артықшылықтар берілмеу арқылы іріктейді. Саяси-идеологиялық бағыттың үшінші тармағы ұлтшылдық белглі бір этностық құндылықтарға басымдылық беру, этностық ұлтшылдық бойынша анықталды.

Жалпы 2009-2012 жылдар аралығында барлығы 830 мақала іріктеліп зеттелінді. Оның ішінде 302 орыс тілінде болса, 517 мақала қазақ тілінде жарияланған болатын. Ескертіп өтетін жәйт, «қазақстандық ұлт» ұғымы өзінің этностық, ұлтшылдық мағынада көбіне қазақ тіліндегі баспаларда басымдыққа ие болды. Бұл бір қырынан, қоғамдағы этностық (қазақ) бірегейлігінің қалыптаса бастауының көрінісі ретінде қарастырылады.

Өйткені, мақалалардың ең көп үлес салмағы (310) ұлтшылдық (этностық) саяси идеологиялық бағытта жарық көрді. Екінші орынды шамалау-прагматикалық бағыттағы (264) мақалалар иеленді. Бұл «қазақстандық ұлт» ұғымының мемлекеттік ресми саясатындағы жиі қолданылатын ұғым ретінде талқыланғандығын көрсетеді. Ал кейнгі орынды либералды саяси-идологиялық сипаттағы мақалалар (245) жарық көрді. Бұл бағыттағы мақалалар «қазақстандық ұлт» ұғымының мемлекеттік не болмаса, белгілі бір этностық түсінікте қабылдамай, мемлекеттің азаматы ретінде жалпы адамзаттық, құқықтық мағынада жарияланғандығын білдіреді.


Кесте 2 - Мақаланың саяси-идеологиялық бағыты


Жарияланымдардың жылы

Мақаланың саяси-идеологиялық бағыты

Либералды

Шамалау-прагматикалық

Ұлтшылдық (этностық)

Жалпы саны

Мақаланың тілі

Қазақ

тілінде

Орыс тілінде

Қазақ

тілінде

Орыс тілінде

Қазақ

тілінде

Орыс тілінде




2009




32

21

40

32

68

16

209

2010




25

43

45

20

78

20

242

2011




41

42

38

50

74

11

256

2012




20

21

22

17

34

9

123


Жалпы саны

118

127

145

119

254

56


830

245

264

310

«Қазақстандық ұлт» ұғымы төңірегіндегі мақалалардың басым легі 2009 жылдан бастап 2010-2011 жылдары көбейе бастады.

Бұл 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі ретінде «Ел бірлігі» доктринасының қоғамға талқылауға ұсынылғаннан кейінгі кезеңнен басталды деуге болады. Өйткені, қоғамымыздағы ұлттық мәселелерді көтеріп жүрген көптеген зиялы қауым өкілі аталмыш құжаттағы мәселелерге өз келіспеушіліктерін, наразылықтарын білдіре бастады. Олардың наразылықтары тілшілер, ғылым өкілдері тарапынан қолдауға ие болды. Ол контент-талдау жасау барысында анықталды.

Республикалық жариялынмдардың ішінде қазақ тілінде шығатын «Жас Алаш» газетінде бұл тақырыпқа ең көп мақала жарыққа шықты. «Жас Алаштың» оқырмандарының көп болуын ескерсек, аталған мәселе республикалық деңгейде барша Қазақстан азаматтарына жеткендігін байқауға болады.

Дегенмен де 2012 жылы «қазақстандық ұлт» ұғымы төңірегіндегі пікір-талас баспа беттерінде төмендей бастады. Аталмыш жағдай «Ел бірлігі» доктринасының халық арасында талқыланып, жаңа жобасының қабылданғандығымен түсіндіріледі.

Орыс ғалымдары Григорян Л.К., Лепшокова З.Х., Рябиченко Т.А. пікірінше, батыс әдбиеттерінде азаматтық бірегейлік екі басты өлшемдер бойынша анықталады – ұлтшылдық және отансүйгіштік. Олар көп жағдайда ғалымдардың пайымдауынша бір-бірен қарама-қайшы қойылады. Осылайша ұлтшылдық кең мағынада қарастырылып, өз мемлекетін басқа шет мемлекетімен салыстыру негізінде пайда болатын халықтың жағымды бағасы ретінде анықталады. Бұл орайда мемлекет басқа мемлекетті басып озу, жоғары болуға құқығы болады деп түсіндіріледі. Ал отансүйгіштік халықтың өз мемлекетін басқа мемлекетпен салыстыру арқылы емес, іштей мемлекетке жағымды оң баға беруі ретінде қарастырылады [175]. Сондықтан Қазақстанда қазақстандық бірегейліктің қалыптасуы бастапқыда отансүйгіштік сезімді дамыту негізінде қалыптасты деп айтуға болады.



Азаматтық бірегейлік өз кезегінде Қазақстанның Ел Бірлігі доктринасында көрсетілгендей ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген ұлт бірлігінің жемісі болып табылады [176].
Кесте 3 - Мақаланың саяси-идеологиялық бағыты (Этносаралық қатынастарға баға беру бойынша)


Жарияланымдардың саяси мазмұны

Либералды

Шамалау-прагматикалық

Ұлтшылдық (этностық)

Этносаралық қатынастарға баға

Елдегі этносаралық қатынастардың жағдайы

58

77

109

Мемлекеттік

этносаясат



70

88

75

«Қазақстандық ұлт» ұғымы


70

85

78


Жалпы саны


198


250


262

2009-2012 жылдар аралығында баспа беттерінде жарық көрген мақалалардағы саяси-идеологиялық бағытын этносаралық қатынастарға баға, этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері, ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдары сияқты ірі тақырыптар арқылы анықтау алға қойылды. Жалпы этносаралық қатынастарға баға елдегі этносаралық қатынастардың жағдайы, мемлекеттік этносаясат, «қазақстандық ұлт» ұғымы жарияланымдардың саяси мазмұны негізінде анықталды.

Зерттеу қорытындылары бойынша елдегі этносаралық қатынастарға баға беруде ұлтшылдық саяси-идеологиялық бағыттағы мақалалар басымдыққа ие болды (262). Оның ішінде елдегі этносаралық қатынастардың қазіргі жағдайы ұлтшылдық сипатта қарастырылады (109). Бұл көбіне қазақ тіліндегі баспаларда көптеп кездеседі.

Ал мемлекеттегі жүргізіліп жатқан этносаясат (88), сонымен қатар, «қазақстандық ұлт» ұғымы шамалау-прагматикалық саяси-идеологиялық бағытта талқыланады. Яғни «қазақстандық ұлт» ұғымы қазіргі таңда мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына тән құбылыс ретінде қарастырушылар басым екендігін көрсетеді.

Екі жақ мемлекеттің тек ұлттық болуы керектігін мойындайды, бірақ мемлекеттік-құқықтық мағынада ұлт ұғымы нені білдіреді деген сұрағында бір-бірімен қарсыласады. Біреулері, азаматтық бірдейлікті этносаралық айырмашылықтардан басым түсетін, сондықтан да саяси ұлт болып шығатын бірегей халықтың мемлекеті мемлекет болады деп санайды. Олардың қарсыластары, мемлекет тек титулды ұлттың мемлекеті болып табылады және осы жағдайда ғана мемлекет ұлттық болып саналады деп пайымдайды.

Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл қазіргі кезеңнің талаптарына сай келеді және саяси қауымдастық ретінде мемлекеттік бірлікті, азаматтық қоғамды және этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасайды [57].

Келесі зерттеу объектісіне эносаралық қатынастардағы мәселелердің себептерін саяси-идеологиялық мазмұны бойынша анықтау міндет етіп қойылды.
Кесте 4 - Мақаланың саяси-идеологиялық бағыты (Этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері бойынша)


Жарияланымдардың саяси мазмұны

Либералды

Шамалау-прагматикалық

Ұлтшылдық (этностық)

Этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері

Қазақ тілі мәртебесі


48

57

139

Мемлекет құрушы қазақ ұлтының мәртебесі


25

22

121

Қазақстан қоғамындағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, тіл мәртебесі


48

27




Жалпы саны


121

106

260

Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес, этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептерін анықтауда ұлтшылдық сипаттағы мақалалардың басым болуына көз жеткізсе болады (260). Яғни, бұл елдегі орын алып жатқан түрлі этносаралық қақтығыстар мен келіспеушіліктердің себептерін этностық тұрғыда анықтауды білдіреді. Мақалалардың саяси-идеологиялық бағыттағы ұлтшылдық сипатта жарық көруі бірінші кезекте мемлекеттік тіл – қазақ тілі мәртебесінің қазіргі жағдайы мен мемлекет құрушы қазақ ұлтының мәртебесінің жай-күйімен сипатталады.

Этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері қатарына қазақ тілі мәртебесін жатқызу шамалау-прагматикалық бағыттағы жарияланымдарда көптеп кездеседі. Яғни мемлекеттік тіл саясатындағы қазақ тілінің мәселесі этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері қатарында табылады.

Ал Қазақстан қоғамындағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, тіл мәртебесі либералды саяси-идеологиялық бағытта талқыланады (48).


Кесте 5 - Мақаланың саяси-идеологиялық бағыты (Ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдары бойынша)


Жарияланымдардың саяси мазмұны

Либералды

Шамалау-прагматикалық

Ұлтшылдық (этностық)

Ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдары

Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру;


34

23

10

Мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру;


27

30

111

Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау;


28

29

17

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.


22

23

12

Жалпы саны


111

105

150


Қазіргі таңда ұлтты ұйыстырушы ресми құжат ретінде 2010 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан «Ұлт Бірлігі доктринасы» қабылданған болатын. Ендігі кезекте сол құжатта көрсетілген мемлекеттің этносаясаты мәселелерді шешу жолдарының республикалық қоғамдық-саяси басылымдардағы орны мен маңызы, саяси мазмұны айқындау зерттеудің келесі міндеті болып табылды.

Контент-талдау қорытындысы бойынша Ұлт Бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдарының бірі ретінде анықталған мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру басылымдарда ұлтшылдық бағыттағы мақалалардың көптілігімен сипатталады (111).

Ал жалпы либералды саяси-идеологиялық бағыттағы мақалаларда этносаралық мәселелерді шешу жолдары ретінде бірінші кезекте Ұлт рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру табылады. Екінші орында Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау (28) қарастырылса, мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру (27) үшінші орынды иеленді. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру бұқара ақпарат басылымдарында аз көтерілген.

Шамалау-прагматикалық саяси-идеологиялық мазмұнды мақалаларда Ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген мәселені шешу жолдардың ішінде мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру (30), Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау (29) сияқты әрекеттерге аса назар аударады. Бұл Қазақстан республикасындағы ресми ішкі саясаттың мақсат-міндеттерін қазіргі таңда айқынайтынының дәлелі болып саналады.

Мақалалардың ұлтшылдық/этностық саяси-идеологиялық бағыттағы басым көпшілігі Ұлт Бірлігі доктринасында көрсетілген мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге басымдық беруді қолдайтыны байқалады. Атап кететін жәйт, бұл жердегі ұлтшылдық бағыт көбіне қазақ ұлтының мәртебесімен сәйкестендіріледі.

Сонымен қатар ұлтшылдық бағыттағы мақалалар Ұлт рухын дамыту және нығайту, осының еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру бойынша небәрі 10 мақала жарияланған. Бұл бір қырынан, Доктринада көрсетілген Ұлт Рухын терең түсінбеуімен анықталса, екінші қырынан ортақ бір рухты қалыптастыру жолында көптеген қиыншылықтармен кездесетіндіктен болуы мүмкін. Яғни, басылымдарда ұлттық рухты нығайтуға байланысты мақалар өте аз кездесетіндігін көрсетеді.

Саясаттанушы Рүстем Қадыржановтың айтуынша, олимпиада кезiнде Қазақстан тұрғындары жүлде алған спортшылардың ұлтына назар аудармай, олар әкелген жүлделерге риясыз қуанып, ортақ жеңiс ретiнде қабылдады деп пайымдайды [177]. Бұл өз кезегінде Ұлт Бірлігі доктринасында келтірілген Ұлт Рухының пайда болып келе жатқандығының көрінісі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстанның ортақ жеңістері азаматтардың бойында мақтаныш сезімдерін оятып, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға септігін тигізетінін анықтауға болады.
Кесте 5 - Саясаткерлер, публицисттер, эксперттердің мәтіндеріндегі кең таралған пікір және оның жиілігі (Этносаралық қатынастарға баға беру бойынша)


Жарияланымдардың саяси мазмұны

Саясаткерлер, публицисттер, эксперттердің мәтіндеріндегі кең таралған пікір және оның жиілігі

Мәтіннің авторына сәйкес жіктелуі

саясаткерлер

публицисттер

эксперттер

Жалпы саны


Этносаралық қатынастарға баға

Елдегі этносаралық қатынастардың жағдайы


Елдегі этносаралық қатынастардың жағдайы нашарлауы мүмкін

39

27

20

86

Елдегі этносаралық қатынастардың жағдайы жақсаруы мүмкін

15

29

26

70

Мемлекеттік этносаясат

Ұлт бірлігі доктринасы маңызды

10

17

13

40

Ұлт бірлігі доктринасының тәжірибелік маңызы жоқ

51

15

15

81

«Қазақстандық ұлт» ұғымы

«Қазақстандық ұлт» ұғымы дұрыс

3

5

3

11

«Қазақстандық ұлт» ұғымы дұрыс емес

69

24

19

112

Зерттеу барысында жүргізілген контент-талдаудың келесі бағыты ретінде жарияланымдардың авторларына назар аударуды жөн деп таптық. Осылайша мақалаларды саясаткер, эксперт, публицист авторлары арқылы іріктелді.

Сонымен қатар басылымдардағы этносаралық қатынастар жағдайының дамуына болжам жасау, мемлекет этносаясатындағы Ұлт бірлігі доктринасының маңыздылығын анықтау, «қазақстандық ұлт» ұғымының қолданылу қажеттігін анықтау бойынша мақалалар талданды.

Бірінші елдегі этносаралық қатынастардың жағдайына келіп тоқталатын болсақ, жарияланымдардың басым көпшілігінде (86) елдегі этносаралық қатынастар нашарлауы мүмкін деген болжам жасалады. Мақалалардың авторларына назар аударсақ, жағдайдың күрделенуін саясаткерлер (39), сосын публицисттер (27) және эксперттер (20) атады. Бұл Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңде жүргізіп отырған саясатына сын білдіруді білдіреді. Аталмыш сұрақта тағы бір ескеретін жәйт, мақалалардың көпшілігінде қазақ тілінің қазіргі мәртебесі өзекті талқыланып, қазіргі жай-күйінің болашақта этносаралық қатынастардың ұшығуына әкеледі деген тұжырым жасауға болады.

Зерттелініп отырған кезең шеңберінде этносаралық қатынастардың болашақ дамуына болжам жасауда пікір екіге бөлінді деп айтуға болады. Өйткені, елдегі этносаралық қатынастар болашақта жақсаруы мүмкін деп 70 автор ойларын бөлісті. Олардың ішінде оптимистік көзқарасты публицисттер (29) және эксперттер (26) ұстанады.

Мемлекеттегі этносаралық қатынастардың жақсаруы немесе нашарлауы қазіргі кезеңдегі этносаяси жағдайды талқылау негізінде анықталды. Яғни, мемлекеттің қазіргі саяси курсы, яғни «бірлік көптүрлілікте», полиэтносты қоғамды дамыту сынды идеялары қазақстандық басылымдардағы жарыққа шыққан мақалаларда кері пікір туғызған.

Қазіргі кезеңде Қазақстан халқын жұмылдыру, қоғамды ұйыстыру мәселелері өздерінің шешімін «Ұлт Бірлігі» доктринасында көрініс тапты. Бір қырынан, елдегі ұлтшылдықты жақтаушы, қазақ тілінің мәселесін көтеріп жүрген зиялы қауым өкілдері ойларының жүзеге асу тетігі ретінде қарастырылса, екінші қырынан, елдегі жүргізіліп жатқан этносаясаттың ресми жалғасы ретінде анықталады. Өйткені, қанша айтқанмен мемлекеттегі халықтың ұлттық құрамының 22,3% көрші ағайынды – орыстар құраса, 11,9%-ын басқа ұлт өкілдері құрайды. Ал халықтың 2012 жылғы мәлімет бойынша 65,8%-ын қазақ ұлты құрайтыны белгілі. Дегенмен де, саны бойынша басым қазақ, орыс, өзбек, украин, ұйғыр, татар, немістер сияқты 7 этносты есептемегенде басқа ұлт өкілдері Қазақстан халқының тек 3,39% құрайды екен [166].

Контент-талдау нәтижесінде ұдайы көрсеткіш 81 мақалада «Ұлт бірлігі» доктринасының маңызы жоқ деп есептейді. Көбіне мұндай ойды саясаткерлер жиі көтерген болып табылады. Бұл жерде ескеретін жағдай, «Ұлт Бірлігі» доктринасының екінші талқылаудан кейін ғана, 2 жыл өткен соң қабылданғандығы. Өйткені 2008 жылы ең алған халыққа талқылауға ұсынылған «Ел бірлігі» доктринасының қоғам тұрғысынан қатты сынға ұшыраған еді. Сондықтан аталмыш құжаттың баспа беттерінде қажеттілігінің болмауы осы жағдаймен түсіндіріледі. Өйткені, 2010 жылы қабылданған доктрина төңірегінде айтарлықтай қатты сын-пікірлер айтылған жоқ.



Қазақстандық баспа беттерінде контент-талдаудың объектісіне айналған «қазақстандық ұлт» ұғымы төңірегінде саясаткерлер, эксперттер, публицисттердің пікіріне назар аударылды. Мақалалардың басым көпшілігінде (112) «қазақстандық ұлт» ұғымы дұрыс емес, оның қолданылу аясын шектету қажет деген пікірді білдіреді. Аталмыш мәселе жоғарыда айтылып өткен 2010 жылы қоғамға талқылауға ұсынылған жобадан кейін аса зор талқылана бастады. Көптеген мақалаларда «қазақстандық ұлт» деген ұғым жоқ, Қазақстанда тек бір ғана «ұлт» бар ол – қазақ ұлты деген тұжырымдамаларға тоқтаған болатын.
Кесте 6 - Саясаткерлер, публицисттер, эксперттердің мәтіндеріндегі кең таралған пікір және оның жиілігі (Этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері бойынша)


Жарияланымдардың саяси мазмұны

Саясаткерлер, публицисттер, эксперттердің мәтіндеріндегі кең таралған пікір және оның жиілігі

Мәтіннің авторына сәйкес жіктелуі

саясаткерлер

публицисттер

эксперттер

Жалпы саны


Этносаралық қатынастардағы мәселелердің себептері

Қазақ тілі мәртебесі

Қазақ тілі мәртебесі жоғары болуы тиіс

88

33

27

148

Мемлекет құрушы қазақ ұлтының мәртебесі

Мемлекет құрушы қазақ ұлтының елді жұмылдырудағы рөлі зор

63

38

28

129

Қазақстан қоғамындағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, тіл мәртебесі

Қазақстан қоғамындағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, тілін дамыту

23

25

39

87

Жарияланымдардағы этносаралық қатынастардағы мәселелер қатарында бастапқы орын алған қазақ тілі мәртебесі саясаткерлердің мақалаларында жиі кездеседі. Ол жарияланымдарға сәйкес, саясаткерлердің басым көпшілігі елде қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы тиіс деп есептейді. Яғни этносаралық қатынастардағы мәселе қазақ тілінің мәртебесімен сипатталады. Бұл орайда қазақ ұлтының өз тілінің мәртебесімен қанағаттанбауы ішкі саяси тұрақтылық пен келісімге өз әсерін тигізуі мүмкін.



Келесі мәселе мемлекет құрушы қазақ ұлтының мәртебесі төңірегінде саясаткерлер, публицисттер қазақ ұлтының мәртебесі жоғары болуы қажет деп есептейді (63, 28). Ұлт бірлігі доктринасында көрсетілген Қазақстан қоғамындағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, тілін дамытуға басымдық беру бойынша 87 мақала жарияланған болатын. Сонымен қатар, аталған мәселені қолдаушылардың қатарында бірінші кезекте эксперттер табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет