«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту


Құсты 20 сағат ішінде 0-ден 8 °С-қа дейін температурада  салқындатылған бөлмеде ерітеді



Pdf көрінісі
бет56/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

 
Құсты 20 сағат ішінде 0-ден 8 °С-қа дейін температурада 
салқындатылған бөлмеде ерітеді; сүбені бір-біріне жақын болмайтындай 
стеллаждарға қояды.
Құстың терісі мен тер асты майын бүлдірмейтіндей, газ жанарғысы (газ 
үйіту ошағы) көмегімен құстың қауырсыны болған кезде үйітеді.
Құстың сүбесін жазады, жіп тəрізді қауырсынды жеңіл алу үшін 
сирақтары мен қанаттарын созады. Газ жанарғысы (газ үйіту ошағы) 
түтемейтін жалынына үйітеді.
Қалған қауырсынды кішкентай қысқышпен алады.
97 


Үйітілген құстың айдарын кесіп тастайды, басын, мойнын, 
қанаттарының жартысы мен сирақтарын шабады. Басын екінші мойын 
омыртқасынан шабады. Мойынды шабар алдында арқасы жағынан тік 
тілік жасайды, содан терісін сыпырып, мойнын шабады. Өңешті, 
кеңірдекті жəне жемсауды алып тастайды. Қанаттарын білек буынынан 
шабады. Құстар мен балапандар сирақтарын толарсақ (өкше) буынынан 
шабады.
Құстардың ішек-қарнын жəне алдын ала анал тесігінің терісін кесіп 
алып, қарын арқылы тазартады, ішкі майды (іш май) жəне барлық ішкі 
органдарды алып тастайды.
Ішек-қарны тазартылған құсты, ластанудан, ұйысқан қаннан, ішек- 
қарыннан тазартып, температурасы 15°С жоғары емес салқын сумен 
жуады. Жуылған сүбені суы ақсын деп, кеудесімен төмен қаратып 
стеллаждарға қояды.
Өңделген сүбені жинақы пішінге келтіру жылумен өңдеу процесінің 
біркелкілігі мен ыңғайлы порциялау үшін толтырады (формалайды) 
(3.36 сурет).
Қҧсты толтыру тәсілдері
«Қалтасына 
» 
1. 
Кішкентай қысқышпен кендір талшықтарын алып тастау .
2. 
Мойындағы теріні тілу (теріні созып, басты шабады), жемсауды, 
кеңірдекті, өңешті алып тастайды.
3. 
Сирақтарын тілерсек (өкше) буыннан шабады.
4. 
Қарынды тілу, ішек-қарындарын, ішкі майларын, анал тесігі 
жанындағы теріні алып тастау. Құсты жуу.
5. 
Сирақтарды «қалтаға» толтыру: қарында тілік жасайды жəне 
сирақтарды салады, теріні арқасына орайды жəне қайырылған 
қанаттармен қосады.
 
Инесіз 
 
1-тəсіл. Бұл тəсілді тауықтар мен балапандарды толтыру үшін 
қолданады. Ол келесі əрекеттерден тұрады.
1. 
Мойын терісін арқаға орайды, қайырылған қанаттарымен қосады. 
Сүбені азық-түлікті тұрайтын тақтайға арқасымен салады. Кеуде 
сүйегінде ілгекті байлайды (жіптің ортасын кеуде сүйегінің ұшына іледі).
2. 
Ілгек ұшын, жіпті арқасынан өткізіп, сүбені айқыштап байлап, қанат 
сүйегі ортасынан өткізеді.
3. 
Содан кейін жіпті əр сирақтың ұшына, сирақты сүбеге жақындатып, 
түйінге байлайды.
98 


2 - т ə с і л . Бұл тəсілмен жиі ірі құстың сүбесін толтырады. Оны келесі 
бірізділікте жүргізеді.
1.
Өңделген сүбені арқасымен төмен қаратып салады. Ұзындығы 0,7-
0,8 м жіптермен құйрық майында ілгекті байлайды.
2. Жіптерді сирақтардың шабылған ұштарына өткізеді, ілгекті іледі, 
жіптер ұшын арқасынан сүбені айшықтап байлайды. 
3.
Жіптер ұшын қанат сүйектер ортасынан шығарады, жіптерді
тартады жəне түйінді кеуденің сүбе бөлігінде байлайды.
«Бір жіпке
»
 
Құсты «бір жіпке» толтыру кезінде (операцияларды орындау бірізділігі 
3.36, г суретінде көрсетілген) мойыннан теріні арқаға орайды, оны 
қайырылған қанаттармен қосады. Окорочканы 1 сүбе бөлігі астынан жіпті 
инемен теседі, жіптің ұшын 2 алғашқы тесуде жіпті инені екінші жағына 
апарады. Содан кейін жіпті инені сүбе астынан өткізеді, сирақты орайды, 
сүбе бөлігі шошағының ұшын теседі 3, екінші сираққа өткізеді 4, жіптер 
ұшын тартып байлайды.
 
 
«Екі жіпке
»
 
Құсты «екі жіпке» толтыру үшін жіпті инені бүгу орнында сирақтары 
мен денесі арқылы өткізеді, содан кейін сүбені бүйіріне аударады, 
мойындағы теріні арқасына орайды, мойын тамағын жабады, жіпті инені 
бір қанаты арқылы өткізеді, мойын жəне арқа терісін қамтиды, екінші 
қанатын теседі, инежіпті шығарып, ұштарын байлайды. Екінші жіппен 
аяқтарын денеге байлайды. Жіпті инемен жамбастың сирағын теседі, содан 
екінші жағынан киль ұшын теседі, жіптер ұштарын байлайды.
Қҧстан жартылай дайын ӛнімдерді дайындау
Құстан жартылай дайын өнімдерді дайындау үшін бірінші кезекте 
сүбесін алады. Ол үшін құсты азық-түлікті турайтын тақтайға салады, 
шаптың терісін тіледі, буындардағы сирақтарды шығарады, киль бөлігінен 
теріні сыпырады. Киль сүйегінің шошағы бойынша жұмсақ етті кеседі,
«шанышқы» сүйегін шабады жəне қанат сүйегімен бірге алдымен бірінші 
сүбені, содан екінші сүбені кесіп алады. Кесілген сүбе екі бөліктен (буын 
қабатынан) тұрады: қанат сүйегімен үлкен (сыртқы сүбе) жəне шағын (ішкі 
сүбе) бөлігінен. Шағын сүбені үлкеннен ажыратады жəне тазартады. Үлкен 
сүбеден «шанышқы» сүйегін кеседі, қанат сүйегін тазартады жəне оның 
толық бөлігін шауып тастайды. Сүбеден жіңішке жəне ылғалды пышақпен 
қабаттарын шешіп алып, кеседі. Үлкен сүбеде бірнеше жерлерде сіңірлерін
99 


кесіп, жұмсақ етті көлдеңен тіледі. Шағын сүбеден көлдеңен сіңірді алып 
тастайды, жұмсақ етті соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет