Тазалау бӛлмесі Соңғы тазалау бӛлмесі Сульфитация мен дозалау бӛлмесі
1– контейнераударғыштың көтермесі; 2 – бункерлер; 3 – қабылдау тартпалары; 4 –
көлбеу қайтатиегіштер; 5 – үйлестіруші қоректендіргіш; 6 – дірілдеткіш жуғыш
машина; 7 – балшықелегіш; 8 – тастұтқыш; 9 –
картоп тазалағыш машина; 10 –
мезгажинауыш; 11 – қосымша тазалау конвейері; 12 – орындықтар; 13 –
сульфитация машинасы; 14 –автоматты салмақ өлшеуіш; 15 – картопқа арналған
ыдыс.
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде
көкөніс өңдеу цехындағы
барлық жабдықтар технологиялық үрдіске сəйкес орнатылып, көкөністерді
қайта өңдеудің бірнеше өндірістік желісін қалыптастырады. Картопты
тазалау жəне сультифитациялау (тазартылған картопты ауада қараюдан
қорғау үшін картопты натрий бисульфит ерітіндісімен өңдеу) сызбасы 1.1.
суретте көрсетілген. Бөлменің кіре берісіне картопқа, тамыржемістерге
жəне көкөністерге арналған жəшік немесе қамба,
сұрыптағыш-іріктеу
машинасын, тамыржемістер мен картоп жуатын үккіш бетсіз картоп
тазалағыш, жанына картоп тазалауға арналған машина қояды. Картоп
тазалағыш машинадан кейін түйнекжемістер мен тамыржемістерді
қосымша тазалауға арналған үстелдер, содан кейін тазартылған картоп
сақтайтын ванна, өндірістік үстелдер, əмбебап жетек орнатылады.
Көкөністің басқа түрлерін жуу жəне тазалауға өндірістік үстел, бір бөлімді
ванна, пияз, ақжелкек тазалауға арналған үстел орнатылады,
кіре беріс
есіктің жанында шұңғылша, картоп тазалағыш машинаның жанында –
құмтұтқыш болу керек. Картоп тазалағыш машинаның ағынды суынан
крахмал алу үшін крахмалтұндырғыш қолданылады. Қалдықтардың
минималды мөлшеріне жету үшін көкөністерді алғашқы өңдеу көкөніс
цехында, бөгде қоспаларды ала отырып, мөлшері жəне
сапасына қарай
сұрыптаудан бастап жүргізеді.
Көкөністерді жуу көкөніс жуғыш машиналарда немесе қолмен
жүзеге асырылады. Судың температурасы 10 – 15 С болу керек. Бұл
құрылғының қалыпты санитарлық жағдайына, қызмет мерзімінің ұзаруына
ықпал етеді.
Ғылыми еңбек ұйымының талаптарын қанағаттандыратындай еңбек
ресурстарын ұтымды ұйымдастыру, негізінен бүкіл кəсіпорынның
тиімділігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: