Нан және нан-тоқаш өнімдері
Нан маңызды тамақ өнімі болып табылады. Нанның құндылығы өте жоғары. Орта есепппен нан құрамында 5,5-9,3 % белок, 0,7-1,3% май, 1,4-2,5% минералды заттар, 39-47% су болады. Баранка өнімдерінде және кепкен нанда су азырақ (8-17%), ал белокпен сіңірілетін көмірсу көбірек (сәйкесінше 9 және 70%). 100 г. өнімнің энергетикалық құныдылығы 800-1300 кДж құрайды.
Нанның тағамдық құндылығына белоктың биологиялық құндылығы, майлардың биологиялық пайдалылығы, өнімнің энергетикалық құндылықтары жатады. Нанның құрамындағы белоктар, көмірсулар, витаминдер, минералды заттар нанның тағамдық құндылығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге наннын тағамдық құндылығын оның химиялық құрамын ғана емес, оның дәміне, хош иісіне, жұмсағына, сыртқы көрінісіне де байланысты болады.
Нан және нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі
Нан өндірісі шикізатты дайындау және мөлшерлеу, қамырды илеу, формалау және тұрғызу, нан өнімдерін пісіру және суыту операцияларыннан тұрады. Нан өнімдерінің негізгі шикізаты ұн, су, тұз, ашытқы болып табылады.
Байытылған және майқоспалы өнімдерді дайындағанда қант, сірне, сүт, жұмыртқа, май, уыз, мейіз, көкнәр, дәмдеуіштер қолданылады.
Ұн партияларын наубайханалық қасиеттерін тексерген соң белгілі порцияларда араластырылып, бөтен қоспалардан тазарту үшін және ауамен біртекті қанығу үшін елейді, содан соң магниттұтқыдан өткізеді.
Суды қамыр илеген соң қамыр температурасы 27-ЗООС болатындай жылытады. Қамыр илеу үшiн қажетті су мөлшерін рецептура, ұнның ылғалдығы және су сіңіру қабілеті бойынша анықтайды. Ас тұзық және қантты белгілі бір концентрациялы сүзілген ерітінді түрінде қолдану. Престелген ашытқыны алдын ала майдалап, одан сулы суспензия жасайды. Қарабидай және қарабидай - бидай наны үшін ашытқы дайындайды.
Бидай ұнынан қамырды ашытып және ашытпай дайындайды.
Нан пісіру - піскен нан дайындауға арналған технологиялық процесс. Республикада нанның 200 астам түрі пісіріледі. Нан пісіру үшін бидай мен қара бидайдың т.б. дақылдардың ұны пайдаланылады. Қосымша шикізаттар ретінде ашытқы, тұз, қант, сүт, жұмыртқа секілді тағамдық және дәмдік заттар қосылады. Нан пісіру ұн мен шикізаттарды өндіріске дайындау, қамыр илеу, оны ашыту, ашыған қамырды бөлшектеу, толықсыту және пісіру жұмыстарынан тұрады. Қәзіргі нан заводтарында нан пісіру процесстері толық механикаландырылған. Ұнды дайындау кезінде оны тор көзді елек көздерінен өткізіп бөгде заттардан тазалайды, содан соң ұнды магнитті тұтқыштардан өткізіп металл ұнтақтарынан арылтылады. Қамыр илеу процессі арнаулы илеу машиналарында жүргізіледі. Қазіргі кезде қамыр дайындаудың көптеген түрлері қолданылады. Соның ішінде қамырды үлкен қою ашытпа қамыр көмегімен ашыту тәсілі кеңінен қолданылады. Ол үшін ұнның 70 процентіне тек ашытқы және су қосып машинада илеп қою ашытпа қамыр дайындайды. Бұл ашытпа қамыр 4-6 сағат аралығанды ашып екінші қамыр илеу машинасына түсіріліп үстіне қалған 30 процент ұнды және нанға керек барлық қосымша компоненттер қосылып иленеді де 0,25-0,5 сағат аралығында ашиды. Ашыған қамырды арнаулы машиналарда бөлшектеп, ішіндегі температурасы 33-38'С болатын шафтарды толықсытады. Толықсыған қамыр дайындамалары температурасы 200-300°С пісіру камерасының ішіне, қалыптарға немесе қаңылтыр беттерге салынып пісріледі. Піскен нандар 3-4 сағат аралығында суытылып, сапалық көрсеткіштері тексеріліп, сауда орындарына жіберіледі.
Ашытқылы әдіс екі фазалы: алдымен сұйық қамыр (ашытқы) дайындайды, ал содан соң оған қою қамырды илейді. Ашытқы жасау үшік ұнның жартысын, судың 2/3 бөлігін және рецептурамен қарастырылған ашытқыны қолданады. Ашытқы 27-30°С температурадада 2-4 сағат ашиды, ал содан кейін рецептура бойынша қалған компоненттерді қосып қамыр илейді де, жетілу үшін 1-1,5 сағат ашытады. Бұл кезде ашытқы, сүт қышқылды бактериялар көбейеді. Спирттік және сүт қышқылды ашу жүреді, ішінара крахмал қанттанады және белоктар мен майлардың бір бөлігі гидролизденеді. Көмірқышқыл газы мен ауа көпшіршіктері қамырдың тұрақтылығын қалыптастыруға қатысады. Басқа заттар (спирт, кетовдар, қышқылдар, алдегидьтер, моноканттар) нанның дәмін және ароматын түзететін материал болып табылады.
Ашытқысыз әдісте рецептурадағы барлық шикізаттардан қамыр иленеді де, 3-4 сағат ашытылады. Ашытқысыз әдісті қышқылдығы төмен өнімдерді пісіргенде (көп жағдайда май қоспалы тоқаш өнімдері) қолданады. Бұл әдістің мөлшері ұзақ емес, бірақ нанның көлемі, шұрықтылығы, дәмі бойынша бұйымдар ашытқылы әдіспен алынған бұйымдарға қарағанда төменірек.
Қарабидай нанын құрамында активті сүт қышқылды бактериялар мен ашытқы бар ашытқыда дайындайды. Қышқыл түзетін бактериялар мөлшер ашытқы клеткаларына қарағанда 60-80 есе көіі, сондықтан сүт қышқылы тез жиналады. Қамыр илеген соң қышқылдығы 12-14° жеткенше ашытады.
Ашыған қамырды машина көмегімен белгілі бір массалы бөлшектерге бөледі. Қамыр бөлшектерін қалыптарға салады, ал пеш табанында пісірілетін нан үшін батондарға немесе домалақ бөлкелерге домалақтайды.
Қалыптаудан кейін нан дайындамаларын 30-32°С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75-85% болатын камерада толыстырады. Толықсыту уақыты 25-тен 120 минутқа дейін қамыр дайындамаларының массасына, нан рецептурасына, ұн сапасына және техникалық процестің ерекшелігіне байланысты болады. Толыстыру соңы қамыр дайындамаларының көлемі ұлғаюымен және дұрыс қалыптасуымен анықталады. Пешке табанына немесе қалыптарға салар алдында көптеген дайындамаларды өңдейді: кеседі, теседі, бетін крахмал клейстерімен, ұн быламығын жағады.
Нанды наубайханалық пештерде 180-280°С температурада пісіреді. Майда дара бұйымдар 8-12 мин, үлкен массалы нан (2,5 кг және одан көп) -80 мин және одан көп уакытта піседі.
Піскен нандарды сұрыптап вагонеткаларға орналастырады. Одан кейін суыту және өткізу үшін экспедицияларға жіберіледі.
Дәріс №8. Тақырыбы: Нан және нан өнімдерінің ассортименті және оларды пісіру, сақтау режимдері
Дәріс сабақтың мазмұны:
-
Нан және нан өнімдерінің ассортименті
-
Нан өнімдерін пісіру, сақтау режимдері
Нан және нан өнімдерінің ассортименті
Нан және нан өнімдерінің кең ассортименті келесі топтарға жіктеуге болады: ұн түрі бойынша - қарабидай, бидай наны және қарабидай және бидай ұнының қоспасынан жасалған нан; пісіру тәсілі бойынша - қалыпта пісірілген және пеш табанында пісірілген; пішіні бойынша- батон, булка, өрме нан және т.б.; рецептура бойынша - жай (ұн, су, тұз, және ашытқы қосылып жасалған), байытылған (негізгі шикізатқа 3-6 % (100 кг ұнға) қант және сірне қосылған, ал кейбір сорттарға 7% көп емес май және дәмдеуіштер қосылған) және майқоспалы (көп мөлшерде (7-30 % қант, 7-15 % май және т.б.) қосылған; өңдеу және пісіру әдісі бойынша -өлшенетін және дара ; тағайындалуы бойынша - жай және емдәмдік.
Қарабидай нанының жай және жақсартылған сорттарын пісіреді. Нанның жай сорттарын еленген, кебекті және кебексіз ұннан алынады; пеш табанында және қалыптарда пісіріп, өлшенетін және дара түрін шығарады. Нанның байытылған сорттарын сірне және уыт қосып еленген, кебекті және
кебексіз ұннан дайындайды; кейбір сорттарынына тмин, кориандр немесе анис қосады. Жақсартылған сорттарына Бородиндық, Мәскеу, Рижск және тағы басқа нандары жатады.
Қарабидай және бидай ұнының қоспасынан жасалған нанды қарабидай ұнның барлық сорттарынан және 1-ші, 2-ші сортты, кебекті бидай ұнынан пісіреді. Бидай ұнын қосу нан құрылымын жақсартады, ал екі түрлі ұнды араластыру дәмі, көлемі, шұрықтылығы, сыртқы түрі бойынша әртүрлі өнімдер алуға болады.
Жай нанды кебексіз қарабидай ұнына кебекті бидай ұнын (Украиндық), 2-ші сортты бидай ұнын (жаңа Украиндық), 1-ші сортты бидай ұнын (Дарницский) қосып пісіреді; бірақ басқа да нұсқалары болуы мүмкін.
Қарабидай нанының байытылған сорттарын кең ассортиментте пісіреді: Бородиндық (80% кебексіз қарабидай ұнына 15% 2-ші сортгы бидай ұны, 4% сірне, тмин немесе кориандр); Ресей (кебекті ұн -60%, 1-ші сортты бидай ұны-30%, сірне -6 %); Рижский (еленген қарабидай ұны -85%, 1-ші сортты бидай ұн -10%, ақ уыт -5%, сірне немес қант, тмин) , Минск (еленген қарабидай ұны -90%, 1-ші сортты бидай ұны -10%, сірне, тмин); Асханалық (кебексіз қарабидай ұны -50%, 2-ші сортты бидай ұны -50%, қант -3%).
Бидай ұнынан жай және жақсартылған нан, тоқаш және май қоспалы өнімдер шығарады. Жай нанды кебекті, жоғары, 1-ші, 2-ші сортты бидай ұнынан Забайкальский, Целинный, Бутербродный нандарын пісіреді. Жақсартылған нанды ашытқыда дайындайды, қант (3-6%) және май (2-7%) қосады. Оған Красносельский,Горчичный, Чайный, Карельский нандары жатады.
Тоқаш өнімдерін жоғары, 1-піі , 2-ші сортты ұнынан пісіреді. Бұл өнiмдер массасы 500 г және одан төмен батон, булка, өрме нан, ватрушка, калаш түрінде шығарады, рецептурасына 7%-ке дейін май және қант қосылады.
Май қоспалы өнімдердің құрамына 10-26% қант, 7-20%май, 0,8-16% жұмыртқа, тосап, повидло, қант ұнтағы және т.б. кіреді. Жай, кәдімгі фигуралы май қоспаларды ажыратады.
Бауырсақтар - қазақтың шай дастарханының басты асы- бауырсақ. Бауырсақтар әр тұрлі пішінде, үш бұрышты, сопақша, төрт бұрышты т.б. түрде пісіріледі. Бауырсақтардың, дайындау тәсілі бойынша көптеген түрлері бар. Ши бауырсақты сүгке, сорпаға жұмыртқа жарып иленген қамырды ашытпай жіңішке есіп, ұсақтап майға пісіреді; ақ бауырсақты ең жоғары сортты ақ ұн қамырына май құйып илеп құйрық майға пісіреді; тұш бауырсақты ұнға сүт, май, қант, жұмыртқа қосып илеп, ұсақтап кесіп майға пісіреді. Дайын бауырсақты ішіне сары май жаққан қалыпқа салып, үстіне бал құйып, көкнәр сеуіп, мейіз кәмпит салып қатырады; ашыған бауырсақты қамырға жұмыртқа салып илеп, ашытып, кесіп майға пісіреді; бармақ бауырсақ ши бауырсақтай, бірақ одан үлкендеу және имектеу болады; жалпақ бауырсақ та ши бауырсақтай дайындалынады, бірақ есілмей, ұзынша жайылып содан кейін 2, 3 см көлемінде жалпақтап кесілген; жол бауырсак иленген қамырды алақандап жұқартып, ұзыншақтап үзіп майға пісіреді; бүрма бауырсақ иленге қамырды жұмырлай есіп, біріктіріп бұра пісірілген дәстүрлі бауырсақ. Оның сыртына бал жағып, құмшекер сеуіп, жеміс жидектермен қатар қояды. Бауырсақ қамырларын барлығы да тұзды суға илененді.
Ұлттық нандар - ашыған қамырдан от шоғына пісірілетін нандар. Мыс, таба нан (қамырды екі таба арасына салып, шоққа пісіреді), тандыр нан (алдын ала қыздырылған тас немесе құм тандырға жапсырып пісірілетін нан), қазанжаппай (қамыр қыздырылған қазанның ішкі бетіне жапсырылып, ошақтың аузына төңкеріліп, қоламтаға пісіріледі). Соңғы кездері нан зауыттарында ұлттық нанның таба нан, жай нан, май нан және т.б. түрлері шығарылады.
Емдәмдік және емдік нан өнімдері арнайы тағайындалған өнімдерге жатады.
Диабиепен ауыратын адамдарға арналған нан құрамында крахмал мен қант болмайды. Ол белокты кебекті, клейковина мен бидай кебегінен жасалған, белокты -бидай-клейковина мен бидай ұнынан жасалған болады.
Дәнді нан асқазан ішек жолы ауыратын адамдарға арналған. Оны жоғары сортты бидай ұнынан (40 %) ұнтақталған бидай дәндерін (60%) қосу арқылы пісіреді.
Ахлоридті нан (тұзсыз) бүйрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдарға арналған. Оны тұзсыз бидай ұнынан сарысуда дайындайды.
Йодты нан немес теңіз орамжапырағы бар нан өнімдері щитовидной железы ауруларын емдеу үшін арналған.
Бұл топқа сонымен қатар кебек, белок, минералды заттар немесе витамин мөлшері жоғары, энергетикалық құндылығы жоғарылатылған немесе төмендетілген, қышқылдығы төмендетілген, лицитині бар нан және нан өнімдері жатады.
Майқоспа өнімдер, байытылған өнімдер (сдобные изделия)- бұлар, жоғары немесе 1-сортты ұннан пісірілетін, майда нан өнімдеріне жатады. Рецептураларына 5-20% май , 10-25% қант және жұмыртқа қосылады. Осы нан өнімдеріне - қарапайым майқоспа, жүрекше (плюпжа), сүзбе салмалы (ватрушка), жай Выборг майқоспасы, крендель, Азаматтық тоқаш (булочки Гражданские), тұздалған тоқаш (соленая булочка), қаймақты (лепешка сметанная), балды тоқаштар т.б. жатады. Қарапайым майқоспаны 1-ші сортты бидай ұнына 7% май, 10% қант және жұмыртқа қосып пісіріледі. Пісірер алдында дайындама бетіне жұмыртқа жағады, қант ұнтағын себеді. Массасы 50 және 100 г. Жүрекше майқоспасына да қант себіледі. Сүзбе салмалы майқоспаға сүзбеден салма салып пісіреді. Жай майқоспаны жоғары сортты ұнға 17% қант, 8% май және жұмыртқа қосып, дайындама бетіне жұмыртқа жағып, көкнар дәндерін, қант ұнтағын т.б. сеуіп пісіреді. Выборг майқоспасы жалпақ таба сияқты етіп жасап, бетіне тілмелер түсіреді. Азаматтық майқоспаны да жазық таба сияқты етіп дайындайды, бетіне суреттер салып, қант себеді. Фигуралы Выборг майқоспасын жоғары сортты ұнға май, қант қосып, әр түрлі жануарлар, санырауқұлақтар. т.б. түрінде пішінідейді де беттеріне жұмыртқа жағып, мейіз, қант т.б.сеуіп пісіріледі. Массасы 50, 100, 500 г. Ванилин дәмі бар. Қабаттамалы майқоспаны жоғары сортты ұнға 15% қант, қант ұнтағын, 20% жануар майын, 13% сүт, 16% жұмыртқа және ванилин қосып дайындайды. Қабаттардың арасын сары маймен майлайды. Қаймақты майқоспаны домалақ бетінде тесіктері бар етіп жасайды. Балды майқоспаны домалақ түрде бал қосып жасайды.
Нан өнімдерін пісіру, сақтау режимдері
Нан пісіруге пештегі пісіру камерасының белгілі режимдері болу қажет. Оларға камерадағы ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы жатады. Камерадағы ауанын ылғалдануы дайындаманың қыздырылуын жылдамдатады, ішіндегі бу мен газдың шығуын тежейді. Ауа құрамындағы ылғал дайындама бетіне конденсацияланған кезде ондағы температура, жоғарылап, крахмалдың өзгерісінен нанның бетіне тығыз, түсті қыртыс пайда болады. Пештің пісіру камерасына су бүркеді немесе бу беріледі. Нандағы ұнның сортына, өлшеміне байланысты камерадағы температура әр түрлі болады. Көлемі шағын нандар үлкен нандарға қарағанда жоғары температурада жылдамдау піседі. Қаоыпта пісетін нандарға қарағанда пеш табанында пісірілетін нандар да тезірек піседі. Барлық жағдайда да нан өнімдерін пісірудің температурасы мен мерзімі ұнның сапасы мен қамырдың сипатына байланысты болады. Мысалы ашып кеткен жоғарылау температурада пісірілген жөн, себебі қамырдың жайылып кетпеуі керек. Нанның сыртқы қабатының түсін жақсарту үшін, құрамында қанты аз нанды пісіргенде пісіру камерасының температурасы жоғары болу қажет. Тығыз иленген қамыр да кеуекті қамырға қарағанда ұзақтау піседі.
Нанның пісу уақыты - нанның пісу уақытын оның қыртысының түсіне, жұмсағының құрылымына т.б. белгілеріне қарап анықтайды. Нан жұмсағының ортасындағы температура, судың қайнау температурасына жеткенде нанды пісті деп есептеу қажет. Алайда нанның ортасы піскенмен сыртқы қыртысының гүсі талапқа сай болмауы мүмкін. Сондықтан нанның пісу уақытын тәжрибе жүзімен анықтайды. Қара бидай, бидай ұнынан пісірілетін нан түрлерін пісіруде көптеген ғылыми зерттеулер мен өндірістік тәжрибе негізінде бидай ұнынан пісірілетін нандарға үш периодты режим ұсынылады: алдымен дайындаманы 250-260° С -ға дейін қыздырылған пісіру камерасына салу қажет, содан соң оған су немесе бу береді (2-4 минут). Бұдан соң дайындамалардың көлемі ұлғая бастайды, бетінде крахмал клейстер, содан соң жылтыр қатты қыртыс пайда болады. Екінші периодта дайындаманың тез қыздырылуын және көлемін сақтауды қамтамасыз ететіндей жоғары температуралы (280-3000 С) ылғалсыз құрғақ орта қажет. Бұл кезде дайындаманың бетіндегі қыртыстың түсі қоңырлана бастайды. Қамырдың жұмсағының температурасы 50-600С жетеді. Үшінші кезеңде пісіру камерасының температурасы 180-1900С болуы қажет.
Қара бидай ұнынан нан пісіргенде пештің пісіру камерасындағы температура 300°С шамасында, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-40% болуға тиіс.
Нандардың кейбір сорттарын пісіргенде сыртқы қыртысы тегіс, жылтыр, жарықсыз болуы үшін дайындаманы алдын ала 2-8 минуттай уақытта жоғары температурада (300-32О°С ) қыздырып алады да, ары қарай қалыпты жағдайда пісіреді. Мұндай тәсіл нан бетінде жұқа қыртыстың пайда болуын қамтамасыз етеді, сондай ақ нандағы хош иіс беретін заттардың сақталуына әсер етеді.
Нанды сақтау - пештен шыққан нанның температурасы жоғары болғандықтан оны алдымен суыту қажет. Суыту 15-20°С температура аралығында жылдам жүреді (1-4 сағат). Нан суыған кезде кебе бастауы мүмкін. Нан салқындаған кезде ыстық жұмсағынан ылғал салқын қыртысқа қарай жылжиды. Соның әсерінен сыртқы қыртыс ылғалдана бастайды. Бұдан соң нан қыртысындағы ылғал мен қоршаған ортадағы ауадағы ылғалдың арасында тепе - тендік пайда болғанша кебу процесі өтеді.
Дәріс №9. Тақырыбы: Нан және нан өнімдерінщ сапасына койылатын талаптар
Дәріс сабақтың мазмұны:
-
Нан және нан өнімдерінщ сапасына койылатын талаптар
-
Білезік нандар
Нан және нан өнімдерінщ сапасына койылатын талаптар
Нанды органолептикалық белгілер (сыртқы түрі, жұмсағының күйі, дәмді және иісі) және физика химиялық көрсеткіштер (ылғалдылығы, қышқылдылығы, шұрықтылығы) бойынша бағалайды.
Нан және нан өнімдерінің пішіні дұрыс болу керек, қыры жұмсағына тығыз жанасып, жарылмаған болу керек.
Түсі - өнімнің сортына байланысты алтын сарыдан қою қоңырға дейін болады.
Жұмсағы жақсы піскен, эластикалы, үгілмейтін, жабысқақ емес, біртекті шұрықты болу керек.
Нан және нан өнімдерінің дәмі мен иісі әрбір сортқа тән болу керек. Ащы, тым қышқыл, тұзды болмау керек, көгерген және басқа бөтен иістер болмау керек. Нанды шайнағанда тіске қатты тимеу керек.
Ылғалдылық стандартпен бекітіледі: қарабидай-бидай наны үшін 45-50%, қарабидай наны үшін 46-51%, бидай наны үшін 41-46%, тоқаш өнімдері үшін 37-45% болу керек. Ылғалдылық жоғарылып кетсе, нанның тағамдылық құндылығы төмендейді, дәмі нашарлайды және сақтау мерзімі қысқарады. ¥н сорты жоғары болған сайын, нан ылғалдылығының нормасы төмен болады.
Өнімдерінің қышқылдығы қалыпты сілтінің градусымен өрнектеледі: қарабидай наны үшін 7-12%, қарабидай -бидай наны үшін 7-11%, бидай наны үшін 2,5-7%, тоқаш өнімдері үшін 2,5-4% болу керек.
Нан шұрықтыдығы - пайызбен өрнектелген нан жұмсағындағы шұрықтардың жалпы көлемінің нан жұмсағынын жалпы көлеміне қатынасы. Әрбір нан өнімі үшін минималды шұрықтылық нормаланады. Шұрықтылық жоғары болған сайын, өнім болғандылығы ұзақ сақталады және организмде жақсы сіңеді. Кебексіз қарабидай ұнынан жасалған пеш табанында піскен нан жұмсағының шұрықтылығы 45% аз болмау керек, ал жоғары сортты бидай ұнынан қалыпта пісірлген нан шұрықтылығы 72% аз болмау керек.
Нан сапасын бағалаған кезде сыртқы түрінің, жұмсағының ішкі құрылысының, дәмі мен иісінің ақаулары бар өнімдер сұрыпталады.
Сыртқы түрінің ақауларын дұрыс емес пішін, ақ немесе күйіп кеткен қыры, қырының жұмсағынан қатпарлануы, ірі жарықтар, тым қалың қыр және т.б. Бұндай ақаулар технологиялық процесті дұрыс жүргізбегенде, ұн сапасы төмен болғанда пайда болады.
Нан жұмсағының ақауларына оның үгілгіштiгi, жабысқақтығы, бос қуыспардың болуы немесе закал (төменгі қырында шұрықты емес тығыз қабат) жатады.
Дәмі мен иісінің ақаулары әртүрлі себептерден пайда болған. Ашып кеткен қамардан пісірлген нан қышқыл, ал толық ашымаған қамырдан пісірлген нан тұщы болады. Қарабидай нанында өткір қышқыл дәм сезілуі ашытқының ескі және онда бөтен микроормера дамығанын білдіреді. Көгерген, ащы дәм қолайсыз жағдайда сақталған ұнды қолданғанда пайда болады.
Нанды тасымалдау және сақтау. Нан өнімдерін сөрелермен. контейнерлермен жабдықталған арнайы көлікпен тасымалдайды. Сауда желілерінде нан өнімдерінің кебуі, қатуы және мккробиологиялық бұзылу мүмкіндігінен қысқа уақыт сақтайды. Қарабидай нанын - 36 сағат, бидай және қарабидай - бидай нанын 24 сағат, майда дара бұйымдарды 16 сағат сақтайды.
Нан сақтауға арналған бөлме таза, құрғақ, желдетілетін болу керек. Нанды 18-20°С температурада (6°С төмен болмау керек), 75% аспайтын салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.
Сақтау кезінде нан кебеді, қатады, онда зең мен бактериялар дамуы мүмкін.
Нанның кебуі - ылғалдың нан жұмсағының ішкі қабаттарынан қырына ауысып, буланады. Нан піскеннен кейін тез суытылса, кебу аз болады. Кебу өлшемі бөлмедегі ауа температурасы мен ылғалдылығына, ауа массасына, ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты.
Нанның қатуы піскеннен кейін егер 6-25°С температурада сақтаса 10-12 сағат кейін, 0-6°С сақталса 2-3 сағат кейін басталады. Бұл кезде нан қыры жұмсарып қытырын жоғалтады, ал содан кейін қатады. Жұмсағы эластикалығын жоғалтып, қатты, үгілгіш болады. Нанға тән дәм мен иісі жоғалып жатып қалған өнімте тән иіс пайда болады.
Кәдімгі жағдайда нанды сақтағанда 3-ші күні нан көгеруі мүмкін, әсіресе жазда 10°С температурада, ылғалды, нашар желдетілетін бөлмелерде сақтағанда зең тез дамиды.
Көгерген нанда тамаққа қолдануға, қайта өңдеуге болмайды, себебі онда жағымсыз иіс пен дәм және улы заттар болады.
Нанның аурулары - нанның көп тараған аурударына картоп ауруы мен көгеруі жатады. Нанның ауруы пісірілген соң 12-36 сағаттан кейін біліне бастайды. Оның үш кезеңі бар: наның жұмсақ қабатының ортасында қоңыр дақ пайда болады, түсі өзгере бастайды және үгітіледі; қоңыр дақ пен үгітілу нанның бүкіл жұмсақ қабатына жайылады, иленісіп, ұстағанда қолға жабысады және жемістің иісіне ұқсаған болмашы иіс білінеді; нанның бүкіл жұмсағы қарайып, жабысқақ затқа айналады да, шірігін картоп сияқты иіс шығады, жұмсақ қабаттың түсі қызғылттанып, сарғыш - қоңыр тартады; нанды сындырған кезде арасы былжырап, қайысша созылып, жабысып тұрады. Картоп ауруына амилаза және протеаза деген ферменттер әсер етеді. Картоп ауруына ұшыраған ұннан қышқылдылығы 60 асатын нан пісіру керек. Мұндай қышқылдылықты ұнның массасына шаққанда 0,3% сүт қышқылын, 0,1% сірке қышқылын, 0,002% калий броматы мен 0,1% сүт қышқылын қосу арқылы арттыруға болады. Сонымен бірге нанды жақсылап пісіру қажет. Нандағы картоп ауруын байқаған бойда оны турап кептіру қажет.
Бидай наны (әсіресе жазда) картоп ауруымсн ауырады. Бұл ауруды спора түзетін картофель таяқшасы тудырады. Бұл бактерияның споралары 120 С -та жайылмайды және піскен нанда сақталады. Қышқыл ортада (рН <5) споралары көбеймейді.
Картоп аурумен зақымданған нанда піскен соң 1 тәулiктен кейін шіріген жемістер иісі пайда болады, қараяды және ұстағанда жабысқақ болады, ал бөлгенде жіпше сияқты созылады. Нанды жеуге болмайды. Егер нан әлсіз зақымданса, малға жем ретінде береді, ал қатты зақымданса, оны жағып жібереді. Картоп ауруын тудырмау үшін нан өндірісінде санитарлық гигиеналық жағдайды қадағалайды, кейде нан қышқылдылығын жоғарылатады (0.2% сүт қышқылын нормасы 0,4% кальций сірке қышқылын қосады.)
Нанның көгеруі микроорганизмдердің - зең саңырауқұлақтарының әсерінен пайда болады. Олар нанға аудан түседі. Көгеріп кеткен нан тамаққа жарамайды, өйткені зең саңырауқұлағы адамның асқазанын бұзатын, тырыстырып тастайтын басқа ауруларға душар ететін адам ағзасына зиянды заттар шығарады. Нан көгеріп кетпеу үшін оның температурасын 150С ~тан асырмау қажет, сақтайтын жерді құрғақ және жақсы желдетіп отырған дұрыс, нанның қыртысын кедір-бұдырсыз, жарқыншақсыз етіп пісіру және пісірген бойда суыту керек.
Бұлардан басқа нан ауруларына бор ауруы мен қызыл нан ауруы жатады. Бор ауруы айрықша ашытқы саңырауқұлағынан пайда болады, белгісі - пісірілген соң бірнеше күннен соң нанды кескенде арасынан ақ түсті дақ немесе ұн сияқты ұлпа көрінеді. Мұндай нанның адам ағзасына зияны жоқ. Қызыл нан ауруы да сирек кездеседі, белгісі - нанды кескен кезде оның жұмсағында қып-қызыл дақ көрінеді. Ауруды ерекше пигмент (продигизон) шығаратын бактерия қоздырады. Мұндай нанның адамға зияны жоқ.
Білезік нандар
Білезік нандар (бараночные изделия)- бұларға ірі білезік нан (бублики), білезік нан (баранки) және майда білезік нандар (сушки) жатады. Бидай ұнының жоғары, 1-ші және 2-сортынан өндіріледі. Бірі бірінен ылғалдылығы, өлшемдері және массалары бойынша ерекшелінеді. Майда білезік нан ылғалдылығы 9-12%, бір кг -да 120-140 дана; білезік нан ылғалдылығы 14-19%, бір кг-да- 45-25 дана; ірі білезік нан ылғалдылығы 22-25% ,ал бір кг-да 12-10 дана болады. Білезік нандар жай (Ісортты ұн, 1% кант), қантты (1 сортты ұн, 15% қант), қышалы (1 сортты ұн, 8% қант және 8% қыша майы), сүтті (1 сортты ұн, 8% қант және 20% сүт) т.б. болып өндіріледі. Жоғары сортты ұннан дайындалынатын бізезік нандардың құрамында 2% жануар май және 8-15% қант бар, майқоспалы, лимонды, ванильді болып шығарылады.
Ірі білезік нандар жай, зерелі, көкнар дәнді, сүтті түрлерін 1 сортты ұннан жасайды және құрамдарында 12% қант, 8% маргарин бар. Бұл нандардың қалған түрлеріндегі қанттың мөлшері 3%, ал сүттісінде 2% май және 15% сүт бар. Майда Б.н. да жай, қышалы, ванильді т.б. болып шығарылады және құрамдарына қант, май т.б. заттар қосылады.
Білезік нан түрлерін өндірудің технологиялық тізбегі төмендегідей операциялардан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |