Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


«Менің денемнің реакциясы» төртінші бағаны



бет125/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

«Менің денемнің реакциясы» төртінші бағаны
Мұнда денеңіздің жағдаятқа, эмоцияға, ойларға қалай әрекет еткенін сипаттаңыз.
Сезім күнделігін ана атынан толтырыңыз :

Күні

Жағдаяттың қысқаша сипаттамасы

Менің эмоцияларым

Осы жағдаят кезіндегі осы жағдайға қатысты менің ойларым

Менің денемнің реакциялары
















Жұпта жазбаларыңызбен бөлісіңіздер.


Топта талқылаңыздар:
Не қиын болды?
Бұл құрал қашан көмектесе алады?
Бұл құралдың пайдасы қандай?



Топтарға тапсырмалар таратылады




«Өзін-өзі бақылау» 2-тобы
«Мен-мәлімдеме» жаттығуы
Эмоция тілінде сөйлеуді үйреніңіз. Үш бөлімнен тұратын «Мен-мәлімдеме» сөз тіркесін қолданыңыз:
«Мен .... сезінемін..., өйткені. ... Мен... қалар едім...»

1. Өз сезіміңнің нақты атауы: мен... сезінемін (күйгелектік, дәрменсіздік , қайғы, ауырсыну, абыржу және т. б.); Мен... қалай жауап беру керектігін білмеймін; Менде ... проблема туындайды…

2. Себептерді атау: себебі...; ... байланысты…

1. Тілек айту, оқиға нұсқасы: Мен .... қалаймын…


Мұнда кез келген тілектер, мүмкін армандар да айтылады. Яғни, Сіз бұл адамнан не сұрағыңыз келеді. Мысалы: «Мен сені толғандыратын нәрсе туралы дауыс көтермей, ақырын айтып беруіңді сұрағым келеді».
Қыздың әкесінің атынан «Мен-мәлімдеме» жасаңыз.

1 - мысал.


Анам жұмыстан келіп, ыдыс-аяқтың жуылмағанын көргенде, үйге кірместен: «Мен бәрінен де шаршадым! Сен жалқаусың!» - деп айқайлайды.
Қызы ашуланып, бөлмесіне кіріп кетеді. Сол кезде әділетсіздік, ашу, ұят, кінә, реніш сезімі пайда болады – сезімдердің ретсіздігін түсіну мүмкін емес. Қыз сабақ оқуға тырысады. Зейін қою мүмкін емес, белгісіз себептермен іші, басы ауыра бастайды. Ол анасына барады.
Анасы қай жері ауырғанын сұрай бастайды, ал сезім туралы бір сөз айтылмайды. Осылайша, мінез-құлық үлгісі қалыптасады – егер сен ауырып қалсаң, қарым-қатынастағы татулық қалпына келеді.
2-мысал.
Анасы қызының ашуланғанын түсініп, жұмыстан келгенде: «Бүгін менде қиын күн болды, жұмыстағы бір жағдайға қатты ашуланып едім, әлім болмай тұр. Біз келіскен едік қой, ал сен ыдыс-аяқты жумапсың, соған ашуланып тұрмын! Кешкі асқа дейін ас үйдің ретке келтірілгенін қалар едім».











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет