Нәтижелерді талқылау және шеринг міндетті болып табылады.
Эмоционалды шиеленісті қалай тез жоюға болады?
«Квадрант»
Он рет терең тыныс алыңыз және он рет баяу дем шығарыңыз (нұсқа-тыныс алу квадраты: 4 рет тыныс алу, 4 – ші ретте кідірту, 4 рет дем шығару, 4 – ші ретте кідірту)
|
|
7 минут
|
Барлық топтарға арналған тапсырма
Әр топқа жағдаят ұсынылады. Алгоритмді пайдаланып, жанжалды жағдайдан шығу жолын ұсыныңыз.
Қадам
|
Не істеу керек
|
Эмоцияны тану
|
Сіз қандай эмоцияларды сезінесіз, ал басқа адамдар ше?
|
Эмоцияны қолдану
|
Қандай эмоциялар ең тиімді?
|
Эмоцияларды түсіну
|
Эмоцияның себебі неде?
|
Әрекет ету -эмоцияларды (басқару)
|
Эмоцияны қалай басқаруға болады?
|
1-жағдаят
Сізге жақын достарыңыз қоңырау шалып, үйіңізге бір сағатқа келетіндерін айтады. Сіз тез-тез пәтеріңізді жинастырып, тамақ әзірлей бастайсыз: бірақ уақытыңыз аз, үлгере алмайсыз. Үлкен ұлыңыз немесе қызыңыздан көмек сұрайсыз. Олардың жауабы – «бұл сенің достарың ғой, олармен өзің айналыс».
Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
- Басқа пікір бар ма? Кім басқаша ойлайды?
2-жағдаят
Жиналыстан кейін ата-аналар үйге келіп, ашуланып баладан түсініктеме беруді талап етеді. Олар сені мұндай нәтижелермен мектептен кейін ешқайда қабылдамайды дейді. Оқушы сабырлы түрде: «Демек, жұмыс істеймін», –деп жауап береді.
Мұндай жағдайда қалай әрекет етесіз?
- Басқа пікір бар ма?
3-жағдаят
Ата-ана баласына белгілі бір мақсатпен ақша береді. Ол ақшаны мақсатсыз жұмсап, көптен бері өзі қалаған затын сатып алады. Ата-ана ашуланып, балаға көп сөз айтады. Ақыры ол есікті тарс жауып, үйден кетіп қалады.
Мұндай шиеленісті жағдайда қалай әрекет ету керек?
- Сіз басқаша әрекет етер ме едіңіз, қалай ойлайсыз?
4 - жағдаят
Анасы қонақ күтуге байланысты дайындықты аяқтауға асығуда. Күтпеген жерден үйде нан жоқ екені анықталады. Ол қызынан дүкенге барып, нан әкелуін сұрайды. Бірақ қызы спорт секциясына баруы керектігі және оған кешіккісі келмейтіндігі туралы айтады. Анасы қызынан «оның жағдайын түсінуді» сұраса, қызы да анасынан соны өтінеді. Анасы талап етеді, қызы көнбейді. Жағдай ұшығуда…
|
Топтарға кесте үлгілері беріледі
|
4 минут
| |
Достарыңызбен бөлісу: |