Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


IV. Нашақорлықтың алдын алу бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі



бет144/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

IV. Нашақорлықтың алдын алу бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.
«Тұлға бейнесі» профилактикалық жаттығуы
Тәжірибе барысы: біз бәріміз өз өміріміздің суретшілеріміз, біреудің өмірі барлық түстер палитрасымен жарқырайды, ал біреуде қара түнек. Сондықтан, өмірімізді және балаларымыздың өмірін тек өзіміз ғана өзгертіп, жақсарта аламыз. Толыққанды тұлға болып, салауатты өмір салтын ұстану – бәріміздің қолымызда. Дәл қазір біз сізге қағаз парақтарын береміз, сіз қайшы, сызғыш және басқа құралдардың көмегінсіз өз қолыңызбен баланың тұлғасын кесуіңіз керек.
Енді балаңыздың бойындағы ұнатпайтын тұсына назар аударыңыз да, оны «тамақ көп жейсің», «неге тыңдамайсың», «үнемі кешігесің», «сенің қолыңнан түк келмейді», «мен саған сенбеймін», «неге өтірік айтасың» деп күнделікті үйде жүргендей «ұрыса» бастаңыз. Қарапайым өмірде балаңызға қатысты айтылатын ұрыс сөздер.Әрбір ұрысқаннан кейін қағаздың шетін бүктеп басып отырыңыз. Ұрыстыңыз – орап бүктейміз, ұрысытыңыз - бүктейміз ..Ұрысып болған соң, тоқтап, соңында не алатыныңызды көріңіз. Кішкентай тұлғаңыз қандай күйге түседі деп ойлайсыз. Егер сіз балаңыздың үлгілі тұлға болғанын армандасаңыз, сіз қалай ойлайсыз, мұндай бұралған, бүктелген кішкентай адам қазір қандай әрекеттерге қабілетті? (деструктивті мінез-құлыққа, академиялық сәтсіздікке, зиянды тәуелділікке) бейім болмай ма?
Осымен тұлға бейнесі бітпейді. Енді осы кішкентай адамды мадақтауды бастаңыз, сіз өзіңізді мақтағаныңыздай, қағаздың әр оралған қапталына оған қолдау көрсететін сөздерді айтыңыз. «Сен табысқа жетесің», «Мен саған сенемін», «Мен сені қатты күттім, балам», «Тәбетің жақсы екен, балам». Мақтадыңыз – бүктелген қағазды ашыңыз, мақтадыңыз – ашыңыз. Енді процесті бақылаңыз:
1) Сізге не істеу оңай болды: балаңызға ұрысу ма әлде қолдау ма?
2) Балаңыздың тұлғасын толығымен ашу үшін сізде жақсы сөздер жеткілікті болды ма?
3) Тұлға бейнесінің нәтижесі қандай болды? Оның бастапқы күйінен (бүктеу алдындағы) айырмашылығы неде?
4) Сіздің кішкентай адамыңыз қазір қандай әрекеттерге қабілетті?

А4 парақтары, қаламдар, қайшылар



5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет