Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
Бастамас бұрын мен сіздерге ұлы Абайдың мына сөздерін естеріңізге салғым келеді: «Адам баласы ақылды болып тумайды. Тек тыңдап, ой елегінен өткізіп, әр нәрсені түртіп, дәмін татып, жақсы мен жаманды ажырата бастайды. Бала неғұрлым көп көріп, естісе, соғұрлым білім алады».
Бүгін біз сіздермен Интернеттегі тәуекелдер мен олардың алдын алуға қатысты мәселелерді талқылаймыз. Әрине, біз неғұрлым желіде аз болсақ, мұндай қауіптерге тап болу мүмкіндігі соғұрлым аз болатын еді.
Тренер ата-аналарға жүгінеді:
Егер біз өзімізге қатысты виртуалды уақытты өзіміз айқындай алатын болсақ, онда балаларымыз үшін мұны кім жасайды?
(Ата-аналардың жауаптары).
Бүгін біз уақытты шектеу туралы қандай көзқарастар бар екенін, қарым-қатынасты бұзбау үшін баланы қалай шектеу керектігін қарастырамыз.
Тренер ата-аналарға түсіндіреді:
Әрине, бірінші кезекте баланың жасын есепке аламыз. Ал енді біз интернет қауіпсіздігіне байланысты жас ерекшеліктері туралы айтып отырған болсақ, онда осы градацияларда интернетты пайдаланудың ерекшеліктерін де қарастырайық.
1-слайд. Жоғары сынып оқушыларының интернет кеңістігін пайдалануда айтарлықтай тәжірибесі бар, олар ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады, интернет қауіптеріне қарсы тұру дағдыларына ие. Интернет ортасында жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту үшін жоғары сынып оқушыларына ғаламдық желінің ақпараты мен ресурстарын пайдаланудың құқықтық аспектілерін қарастыру ұсынылады.
Енді уақыт шектеулері туралы.
2-слайд. Жоғары сынып оқушылары да жасөспірімдерден кем емес бақылауды қажет етеді. Оның үстіне бақылаусыз отбасында өскен жасөспірімдер ата-анасының жақсы көрмегенін, оларға мүлдем немқұрайлы қарағанын айтады. Ал егер ата-аналар қауіпсіздікті бақылап, сақтандырса, қадағаласа, балалар мұндай отбасыларды мейірімді және қамқор отбасы деп сипаттайды.
Тренер ата-аналарға жүгінеді:
Әсіресе, ата-аналарды жоғары сынып оқушысының интернетте құмар ойын (лудомания) ойнағаны алаңдатады.
3-слайд. Лудомания – уақытша тежелумен шектелмейтін созылмалы ауру, уақыт өте келе жойылмайды.
Құмар ойыншы жаңа күшпен және одан да үлкен зардап шегумен ойнай бастайды. Егер ауруды дамуына қарай тоқтатпаса, уақыт өте келе симптомдар ұлғайып, «Лудомания» күшейе түседі.
Лудоманияға шалдыққан адамдар олқылыққа, бұзылуға (қайта оралуға) бейім, ал бұл жағдайда тәуелділік онда да ауыр түрінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |