Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет150/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Бірінші кезең - қарапайым пайдаланушы. Бұл кезеңде жоғары сынып оқушысы желіге тіркеледі, яғни, аккаунт құрады, достарын іздейді және сөйлеседі.
Екінші кезең - белсенді пайдаланушы. Бұл кезеңде адам қарым-қатынастан басқа жеке ақпаратты қосады, сілтемелермен бөліседі, көптеген қауымдастықтарға жазылады және достарды тек қарым-қатынас мақсатында ғана емес, саны үшін де қосады.
Үшінші кезең – гиперактивті қолданушы. Жоғары сынып оқушысы үшін бұл әлеуметтік желі екінші шындыққа айналады. Мұнда пайдаланушы үшін шынайы өмір шегі өшуі мүмкін. Бұл кезеңде сізге жоғары сынып оқушыларының интернетке тәуелділігінің алдын алу шараларын қабылдау қажет.

6-7-слайд

2 мин.

Бейне көрсетілім
«Интернетке тәуелділік» әлеуметтік ролик



Бейнеролик

12 мин.

Тренер бейнероликті көргеннен кейін ата-аналарға жүгінеді.
Сауалнамаларға сәйкес, мектеп оқушыларының шамамен 70% компьютерді басты қызығушылық деп санайтынын білесіздер ме? Қызығына түскен балалар күніне 18 сағатқа дейін компьютерде отыра алады.
Құрметті ата-аналар!
Жоғары сынып оқушыларының ғаламторға тәуелділігінің алдын алу үшін компьютермен өзара әрекеттесу үдерісі сауатты ұйымдастырылуы қажет. Балаға ғаламтор нақты өмірдің бір бөлігі ғана екенін және ол шынайы өмірді алмастырмайтынын жеткізу керек. Сонымен қатар, достармен кездесулері, спорт, шығармашылық жұмыстар мен хоббилері де ынталандырып отырылуы керек.
8-слайд. Жасөспірімдердегі интернет тәуелділігінің алдын алудың алғашқы және екінші рет алдын алу түрі болады.
Алғашқы алдын алу түрі балаларды тәуелділік белгілерімен таныстыруды қамтиды. Ол оқушылардың психикалық бейімделуін қалыпқа келтіруге бағытталған.
Екінші рет алдын алу түрі жоғары сынып оқушысының әлеуметтік және жеке мәртебесін қалпына келтірумен бірге жүреді. Осы мақсатта тұлғаның компьютерге тәуелділігін зерттеу негізінде іс-шаралар жүргізіледі. Әртүрлі жастағы жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыпқа келтіретін схемалар әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет