ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҰСЫНЫСТАРДЫ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ:
9-слайд. Жоғары сынып оқушысын интернеттің теріс әсерінен қорғауда Сіз өзіңіз өнеге болып, көмектесе аласыз.
Егер ата-ана барлық бос уақытын қолында телефонмен өткізсе, онда жоғары сынып оқушысы да оған еліктейді. Баланы отбасылық іс-шараларға және қоғамдық өмірге тартқан жөн. Мақсат - оған өмірде көптеген қызықты нәрселер бар екенін көрсету. Жоғары сынып оқушысын тәрбиелеудегі өзіндік әдіс-тәсіліліңізді талдау қажет. Және ол оның қоғамда жүзеге асуына септігін тигізгені маңызды. Әйтпесе, мектеп оқушысы оны виртуалды әлемнен іздейді. Онымен сөйлескен кезде оның қызығушылықтары мен хоббилеріне аса мән беру қажет.
10-слайд. Олардың іске асырылуына көмектесіп, ынталандыру керек. Мысалы, жоғары сынып оқушысы футболға қызығушылық танытса, оны спорт секциясына жіберу керек. Сіз онымен шынайы болуыңыз керек. Жоғары сынып оқушылары өтірікті интуитивті түрде сезіп қояды. Бұл арадағы сенімді қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін. Мамандар ғаламторға тәуелділіктің алдын алудың тиімді шарасы жоғары сынып оқушысының мінез-құлқын талдау деп санайды. Оның өмірлік оқиғаларға реакциясындағы кез келген өзгерістерді уақытында қадағалау керек. Комьютергді шамадан тыс қолдана бастаса бірден шектеулерді қою керек. Мұны әу бастан жасау керек. Еске салып отыру үшін уақыт есептегіш немесе қоңырау сағат пайдаланса болады. Компьютерде отырудың оңтайлы уақыты - күніне 2 сағат. Жоғары сынып оқушысына ғаламторға тәуелділіктің салдары туралы түсіндіріп айтқан жөн. Олар психикаға да, физиологиялық денсаулыққа да қатысты болуы мүмкін. Егер ол тым тұйық және коммуникативті болмаса, оған психолог көмектесуі мүмкін. Бұл ғаламторға тәуелділіктің дамуына жол бермейді.
|
8-10-слайдтар
|
6 мин.
|
Тренер ата-аналарға:
Сонда балаларымыздың экраннан «бас алмауларына» кім кінәлі? (ата-аналардың жауаптары)
(2 мин.).
|
Достарыңызбен бөлісу: |