Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Эмоционалдық реттеу – күйзеліс жағдайында тепе-теңдікке жету



бет154/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Эмоционалдық реттеу – күйзеліс жағдайында тепе-теңдікке жету.

  • Агрессия, депрессия, суицидтік мінез-құлық және күйзелістің басқа да ауыр көріністері.

  • Қателесу құқығы тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде.

  • Баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі



    Сабақтың мақсаты: ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.
    Міндеттері:
    - ата-аналардың баласын күйзеліске төзімділікке үйрету дағдысын дамыту;
    - ата-аналардың күйзелістің көріністері және одан шығу әдістері, мінез-құлқын эмоционалдық реттеу және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеті туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
    - күйзелісті ресурстық күйге айналдыру дағдыларын қалыптастыру, баланың күйзеліске төзімділігін арттыру құралдарын меңгеру.

    Жоспар

    I. Ұйымдастыру бөлімі
    • Сәлемдесу
    Мақсат пен міндеттер

    II. Негізгі бөлім


    1 «Қарым-қатынас конверті» ширату ойыны.
    2. Ата-аналарға арналған сауалнама.
    3. Бейне материал.
    4 «Күйзелістің оң және теріс тұстары» шағын пікірталас.
    5. Ми шабуылы: Қазақстанның әртүрлі ұлттық мәдениеттеріндегі ата-аналар мен балаларға арналған төзімділік құралдары.
    III. Қорытынды бөлім
    6. «ҰБТ кезінде стресстен қалай шығуға болады» чек парақшасы.
    Материалды бекітуге арналған сұрақтар.


    Күтілетін нәтижелер

    Сабақтың соңында ата-аналар:


    - өз баласында күйзеліске төзімділікті дамытуға күшті мотивацияға ие болады;
    - баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде күйзелістің пайда болу себептерін сезінеді, көрініс беру ерекшеліктері мен күйзелісті жеңу жолдарын, мінез-құлықты эмоционалдық реттеуді және педагог пен ата-ананың өзара әрекеттесуді білетін болады;
    - жеке адамның күйзеліске төзімділігін арттырудың негізгі құралдарын меңгереді.

    Қажетті ресурстар: презентация, бейнероликтер, бағандар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар.


    Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
    Әдіс-тәсілдері: пікірталас, ми шабуылы, тренинг жаттығулары.
    Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.



    Уақыт есептемесі

    Мазмұны

    Ресурстар

    3 минут

    Сәлемдесу
    Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер, сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін мен сіздермен күйзеліс және онымен қалай күресу керектігі туралы сөйлескім келеді.
    Орта мектептегі бүкіл оқу үдерісі басты мақсатқа – ҰБТ тапсыруға көзделген. Бұл оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қатты күйзеліс болатыны сөзсіз.

    Проектор

    5 минут

    Ақпараттық блок
    Төтенше жағдайда біздің мінез-құлқымыз неге байланысты?
    Бастапқыда, туғаннан бастап адамның қауіп-қатерге қарсы үш реакциясы болады: күресу, қашу немесе қалшиып қалу. Қауіп-қатер күресуге болатындай болса, біз күресеміз. Егер біз күресе алмасақ және өзімізді құтқаруымыз керек болса, біз қашамыз. Егер бізде бір де бір басқа да мүмкіндік болмаса, біз қалшиып қаламыз немесе жасырыңамыз.
    «Өмір бойы әдетте біз қауіпке бір реакцияны таңдаймыз, содан кейін ол көп жағдайда көрінеді. Өкінішке орай, көбінесе бұл реакция қалшиып қалу реакциясы. Өйткені, адам басына түсетін қауіптердің көпшілігі жұдырықпен күресуге немесе физикалық түрде қашып құтылуға болмайтын әлеуметтік және психологиялық қауіптер болып табылады. Сондықтан қалшиып қалу көптеген адамдар үшін «үйренген» реакцияға айналады. Көптеген эксперименттер қауіп төнген кезде адамдар көбінесе қауіптен құтылу мүмкіндігін арттыратын әрекеттерді жасамайтынын көрсетеді. Ал үйренген қалшиып қалу реакциясының өз салдары бар. Психикалық және физикалық денсаулық бұзушылыұтарына әкелуі мүмкін. Мысалы, егер сіз кенеттен қауіпті итті кездестірсеңіз, онда бірінші реакция қорқыныш болса, сосын таңдау - жүгіру немесе қалшиып қалу. Қашу (айқайлау) күйзелістен арылу тәсілі болып табылады. Қалшиып қалу - қауіпсіз әдіс, бірақ ол денемізде із қалдыруы мүмкін.




    5 минут

    Негізгі бөлім
    1. «Қарым-қатынас конверті» ширату ойыны.
    Мақсаты: эмоционалдық кедергілерді жою, көңіл-күйді жұмыс атмосферасына бағыттау.
    Әр қатысушы өз кезегінде жүргізушінің конвертінен сұрақ жазылған парақшаны алып, оған жауап береді.
    Егер..... менің балам ашуланады.
    Егер... бала жылайды.
    Менің балам күйзелістен ... көмегімен шығады.
    Бала... болғанда, мен баламның күйзеліске түскенін көремін.
    Бала ... де, мен оның күйзелістен шыққанын көремін.




    8 минут

    2. Назарларыңызға мультфильм ұсынамыз. Мультфильм күйзеліс туралы.
    https://www.youtube.com/watch?v=ehWjYOhiER8
    Талқылауға арналған сұрақтар:
    Мультфильмнің негізгі идеясы қандай?
    Көру кезінде қандай сезімдер мен эмоциялар болды?

    Келесі бейнеде күйзелістен шығудың жолдары көрсетіледі.


    https://www.youtube.com/watch?v=cxNQMY8gm6U
    Күйзелістен ​​АРЫЛУДЫН 10 ЖОЛЫ. Оңай арналары (шығу жолдары)
    Талқылауға арналған мәселелер:
    Күйзелістен шығудың қандай жолдары сізге таныс?
    Қандай жаңа шешімдер көрдіңіз?
    Сізде күйзеліспен күресудің өзіндік әдістері бар ма?

    3. Адамдардың көпшілігі күйзелістің салдары жағымсыз деп есептейді. Осы пікірталастың мысалында сіздер күйзелістің ресурсын көретін боласыздар.






    10 минут

    «Күйзелістің оң және теріс тұстары» тақырыбында шағын пікірталас.
    Тренер топты екі топқа бөледі. Бірінші топ топтық талқылау барысында күйзелістің жағымсыз әсерлерін, ал екіншісі – күйзелістің жағымды тұстарын (күйзелісті жеңу арқылы біз не үйренеміз, қиын жағдайлардан шығу арқылы өзіміз және ресурстарымыз туралы не біле аламыз) анықтап, жазуы керек. Талқылау уақыты – 5 минут. Топтар бұл тапсырманы орындағаннан кейін тренер пікірталас өткізуді ұсынады, оның барысында топтардың жауаптары – дәлелдері кезектесіп отырады. Қорғалатын көзқарастың пайдасына көбірек дәлелдер тапқан команда жеңеді.
    Талқылауға арналған сүрақтар:
    Күйзелістің қандай жағымды тұстары сіз үшін күтпеген жауап болды?
    Тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде әрбір баланың қателесуге құқығы бар деп айтуға бола ма?
    4. Әр адамның күйзелістен шығуға арналған өз арсеналы бар. Жаттығу нәтижесінде біз өз құралдарымызбен бөлісеміз және күйзеліс жағдайындағы адамға оның оған төзімділігін арттыруға көмектесетін чек-парақшасын жасаймыз.




    10 минут



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет