Ішкі-сыртқы шеңбер
Төмендегі мәселелерді талқылау. «Бүгінгі аға бауырларына қалай қаморлық жасайды?», «Ағаның ақылы», «Жасөспірімге ағаның берер кеңесі», т.б. «Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі.
Әр топ шеңбер бойымен – ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне қарап тұрады. Бір-біріне бетпе-бет тұрған жұптар жүргізуші ұсынған бір пікірді бір минут бойы талқылайды, біреуі айтқан кезде, екіншісі тыңдап тұрады.
Жүргізуші ауысу туралы белгі береді.
Ішкі шеңбердегі 1-топ тұрған жерінде қала береді. Сыртқы шеңбердегі 2-топ сол жаққа жылжып орын ауыстырады, сөйтіп жаңа жұп құрылады.
Бастапқы әріптесіңізбен болған әңгімені қысқаша түйіндеңіз.
Тренер ұсынған тақырыпта жаңа әріптесіңізбен пікірлесуді бастаңыз.
Қорытынды сөз:
Директор: Сонымен бүгінгі талқылауға қатысқан, ағалар, алған әсерлеріңіз мол болды деп ойлаймын. Бір әке, бір шешеден туған іні-қарындастарымыз ғана емес, күллі елдің баласын бауыр, қарындас көріп, ағалық қамқорлық жасауымыз керек деп ойлаймын. Оларды жаман істен жирендіріп, жақсылыққа тартайық. Іні-қарындастарымызды спорт үйірмелеріне қатыстырып, салауатты өмір салтын ұстануларына мұрындық болайық. Осымен іс-шарамыз аяқталды. Мектеп өміріне, соның ішінде «Даналық мектебінің» жұмысына белсене араласқандарыңыз үшін көптен – көп рахмет айтамыз! Талқылауда естігендеріңізді әлеуметтік желілер арқылы інілеріңіз оқитын сыныптағы ағалармен бөлісіп, осы жұмыстың жандануына үлес қосады деп сенеміз.
Ернар Айдар, «Жасай бер, ағаларым».
https://www.youtube.com/watch?v=Q2Gu04iWUfA
Іс-шараның аяқталуы
«Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі» тақырыбындағы кездесу кешінің сценарийі
Мақсаты: Халық ықыласына бөленіп жүрген спортшылар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері:
Інілерін спортқа баулу ағалардың міндеті екенін түсіндіру
Ағаның інісі мен қарындасына деген қамқорлық сезімін ояту
Аға мен іні арасындағы қарым-қатынастың сырын ашу
Достарыңызбен бөлісу: |