Сабақ мақсаты:
ата-аналардың отбасылық әл-ауқатын нығайту үшін прогрессивті дәстүрлерді дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері: 1) ата-аналардың прогрессивті отбасылық дәстүрлерді дамытуға және қолдауға деген ұмтылысын дамыту;
2) ата-аналардың әртүрлі отбасылық дәстүрлер, хоббилер, отбасы мен мектептің оларды нығайтудағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
2) прогрессивті отбасылық дәстүрлерді құру және сақтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар және жеке тұлғаның қасиеттері Ақылдылық, үлкенді сыйлау, тектілік, ұлттық болмыс, қонақжайлылық, төзімділік.
Жоспар 1. Отбасылық дәстүрлердің өзектілігі.
2. Отбасындағы өзара қарым-қатынас, сүйіспеншілік көріністері, отбасы мүшелері арасындағы сенімді ара-қатынас.
3. Отбасының тұтастығына ықпал ететін, адамгершілік және рухани құндылықтарға негізделген отбасылық дәстүрлер мен хоббилер
4. Отбасылық дәстүрлерді құру негіздеріне үйрету: іс-тәжірибелік тәсілдер.
5. Отбасылық дәстүрлерді сақтаудағы, өзара құрмет көрсету мен мектептегі дәстүрлерді жаңғыртудағы ата-аналар мен мектептің қарым-қатынасы.
6. Қорытынды
Күтілетін нәтижелер: Отбасының маңыздылық деңгейін арттыру – отбасы мүшелерінің саламаттығының негізі ретінде.
Ата-аналардың ұлттық құндылықтар негізіндегі отбасылық дәстүрлерге мән беру дағдыларын қалыптастыру.
Отбасын нығайту және қолайлы климат жқұру. Отбасылық дәстүрдің кейінгі ұрпақтардағы сабақтастығы.