Түзге шығу әдебi
Әжетханаға сол аяқпен кiру.
Дәрет бұзғанда (отырғанда) сөйлемеу.
Тазалықты сол қолмен жасау.
Әжетханада түкiрмеу, сiңбiрмеу.
Отырып дәрет бұзу (отырып iстеу).
Құбылаға алдымен және артымен қарап отырмау.
Сыртқа оң аяқпен шығу.
Соңынан қолды сабындап жуу.
Ғұсыл алу әдебi
Ғұсылханаға кiруден бұрын “Ағузу – бисмилләны” айту.
Сол аяқпен кiру.
Қажетсiз сөйлемеу.
Өлең айтпау.
Тазалық пен ғұсылды толық орындау.
Сыртқа оң аяқпен шығу.
Ұйықтау әдебi
Мүмкiндiгiнше ұйықтаудан бұрын дәрет алу.
Құбылаға қарап, оң жағымен жату.
Бiлген дұғасын оқу.
Кешке ертерек жатып, таңертең ерте тұру.
Алланың берген денсаулығына, нығметiне шүкiр ету.
Тырнақ алу әдебi
Тырнақты көпшiлiктiң ортасында емес, оңаша жерде алу.
Жан-жаққа шашыратпай қағаздың үстiне жинап алу.
Тырнақты ұзын қып өсiрмеу керек. Себебi, тырнақ алу – сүннет. Сондықтан, мүмкiндiгiнше тырнақ өсiру сияқты әрекеттерге елiктемеу шарт.
Тамақ жеу әдебi
Дастарқанға отырудан бұрын қол жуу.
“Бисмилләмен” бастап, “Әлхамдү лилләһ” деп аяқтау.
Бiтiргенде бiлетiн дұғасын оқу.
Асты аз-аздан алып, асықпай жеу.
Тамақты оң қолмен, өз алдынан жеу.
Асығып, апыл-ғұпыл, көп-көптен жемеу.
Дастарқан басында тамақ жеген кезде көп сөйлемеу.
Басқаларды жиiркендiретiн әрекет жасамау.
Асты менсiнбеушiлiк танытпау.
Басқа бiреудiң тамақ жегенiне қарамау.
Дастарқанда жиiркендiретiн әдепсiз сөз сөйлемеу.
Астан кейiн дастарқандағы нанның қоқымын шашпау, тастамау.
Шайды, суды дем алмай жұта салмай, ең кем дегенде үшке бөлiп iшу.
Достарыңызбен бөлісу: |