Аталып өтілетін даталар


С.Қирабаевтың шығармашылығы туралы



бет2/7
Дата09.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#124230
1   2   3   4   5   6   7

С.Қирабаевтың шығармашылығы туралы:
Ақын А. Дүлділі дархан даланың: Классик жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл / А.Ақын, Е.Балташұлы, С.Алпысұлы, Т.Майбас, С.Жанысбай// Орт. Қазақстан.- 2002.- 20 қараша.-1-7 б.

Әбілев Д. Сенемін: /Серік Қирабаевқа арналған өлең/ // Қазақ әдебиеті – 1997.-18 наурыз (№11).-12 б.

Әдеби әлемдегі шырағы сірә да, сөнбес-ау!..: Тахауи Ахтанов-80 / М.Әуезов// Таң-Шолпан.- 2003.- N5.-42-60 б.

Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жинақ / Жауапты ред. З. Ахметов, С. Қасқабасов.- Алматы: Комплекс, 2002.- б.: сур.

Ғылыми коференция тақырыбы да, құрмет иесі де – С.Қирабаев // Қазақ әдебиеті. – 1997.-21 наурыз (№12).-2 б.

Ергөбек Қ. Бақытты ғұмыр: Академик Серік Қирабаевтың шығармашылығы жайында кейбір ойлар // Қазақ әдебиеті. – 1997.-18 наурыз (№11).-12 б.

Ергөбеков Қ. Серпінді ой, сергек сыр: /С.Қирабаев туралы/ // Қазақ әдебиеті. – 1987. – 20 наурыз. – 10 б.

Жазушылардың ХІІ құрылтайы// Қазақ әдебиеті.- 2002.- 3 мамыр(N18).-10-11 б.

Жүсіпова Ә. Қазақ әдебиеті сынының тарихын жасаудағы ғылыми ізденістер// ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы.- 2001.- N15.-14-20 б.

Қазақ әдебиеті: Хрестоматия : 10 сыныпқа арналған/ Құраст. Ә.Шәріпов, С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев.- 3-і бас.- Алматы: Мектеп, 2002.- б.

Қаратаев М. Қазақ совет әдебиеті: студенттерге арналған оқулық. 1-бөлім. (1917-1941 жылдар) / М. Қаратаев, Т. Нұртазин, С. Қирабаев.- Өңд., толықт., 3-ші басылуы.- Алматы: Мектеп, 1987.- 296 б.

Қирабаев Серік //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 184 б.

Қирабаев Серік // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анытамалық.- Алматы, 1987.- 348 б.

Өнер алды- қызыл тіл: Мақалалар жинағы / Құраст. О. Сәрсенбаев.- Алматы: Жазушы, 1986.- 206 б.

Раев Қ. Ұлағат: Мақалалар, зертеулер, эсселер / Қ.Раев.- Алматы: Білім, 2001.- б.

Сыдықов М. Ұстаз туралы сөз: /С.Қирабаев туралы/ // Жұлдыз. – 1987. - №4. – 201-202 б.

Субханбердина Ү. Қазақ, Алаш, Сарыарқа: Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш / Ү.Субханбердина, Ред.С.С.Қирабаев.- документті ғылыми басылым.- Алматы: Ғылым, 1993.- 200 б.[8] бет портр.

Тоғжанов, Е.Л. Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов,Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- б.

Ыбырайым Б. Академик Серік Қирабаев:"Дәуір шындығынан тыс әдебиет жасалмайды"// Қазақ әдебиеті.- 2005.- 25 ақпан.-6 б.

11 сәуір 1937 – Балқаш қаласының құрылуына 70 жыл.
2007 жылдың 11 сәуірінде Балқаштың ірге тасы қаланғанына 70 жыл толады. Тарих шежіресі осылай деп сыр шертеді.

Балқаш қаласының ресми туған күні 1937 жылдың 11 сәуірі, бір күнде қала салынбайтыны белгілі, сондықтан өткенге көз жіберіп, 70 жылдық тарихты ақтарсақ, біз өмір сүріп отырған қаланың салыну жолында нелер қиын асулар бар.

Балқаш 70 жаста! Қала да кен-металлургия комбинаты да көшпелілердің көне тарихи отанында тұрғызылды.

Шөл далада сол кездегі соңғы техникамен жабдықталған аса қуатты ірі өндіріс орнын салуға небәрі оншақты жыл қажет болды.

Балқаш… осы қысқа ғана сөз бүгінгі күндері Республикамызда, ТМД елдерінде, әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан жүз мыңдаған адамдардың тағдырын мәңгілікке байланыстырды, 70 жыл ішінде үлкен құрылысқа жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, корейлер, өзбек, украиндер, қатысқаны мәлім.

Балқаш – индустриялы қала, еңбеккер – қала. Балқаш көлі қалаға әсемдік пен қайталанбас реңк беріп тұрады. Жартылай тұзды-тұщы болып келетін теңдесі жоқ табиғи суайдыны, өзінің сұлулығымен тек балқаштықтарды ғана емес, соңдай-ақ басқа қалалардан келген қонақтарды да еліктіреді. Тамаша демалыс орны болып табылады.

1928 жылы Қоңырат кеніші ашылып, оның мыс байлығы бүкіл кеңес үкіметінің халық шаруашылығының мыстан қажетін ашатыны, мысты сырттан тасудан құтқаратыны дәлелденді.

1929 жылы 29 сәуірде Қоңырат кенін пайдалануды жүзеге асыру «Казмедьстрой» деп аталған қазақ даласында мыс, қорғасын зауыттарын,кеніштерді, байыту фабрикаларын салуды басқаратын мемлекеттік басқармаға жүктелді.

1931 жылы 17 тамызда «Казмедьстрой» өзгертіліп, «Прибалхашстрой» орталық қазақ мыс балқыту зауытын құрылысы бойынша басқармасы қайта құрылыды.

Балқаш құрылысы кеңес одағы бойынша бірінші бесжылдық жоспарына енген 42 жаңа құрылыстың ең ауыры, ең қиыны болған. Мемлекет дәрежесінде оның маңызды орын алғаны сонша, мұрағат деректерінде: «Прибалхашстрой» объявлен сверхударной комсомольской стройкой» деген анықтама бар. «Балқаш үшін күрес!» деген ұранмен қалың ел салған құрылыс.

Қаланың алғашқы уақытша жобасын Мәскеудің жобалау-конструкторлық бюрасы жасап, 100 барактан үш қоныс тұрғызылды. Бірінші құрылысшылардың оған дейінгі баспанасы 1000-ға тарта киіз үйлер, жертөлелер, палаткалар болды. 1934 жылы 26 қазанда Балқаш мыс зауытының жобасы бекітілді. Ал болашақ қаланың жобасын жасауды ленинградтық архитекторлар қолға алды. Білімді архитекторлар Балқаш бойының климатын, табиғатын, географиялық, тарихи ерекшеліктерін ескеріп, ыстық-суыққа, қатты желге төзімді қалың қабырғалы, кірпіштен көпқабатты үйлерді кең әрі түп-түзу көшелерге қуалай текшелеп салған. Сол үлгімен салынған ескі орталық Ағыбай батыр – Қарамаенде би, - Уәлиханов – Ленин көшелерімен тұйықталған көпқабатты үйлер осы күнге дейін ең жағдайлы аудан. Сол кезде бұл орталық «Квартал А» деп аталған.

1952 жылы қаланың жаңа жобасын жасады. Ол бойынша Металлургтер мәдениет сарайы, Қазбекова- Бейбітшілік, Бөкейханов көшелерін бойлай көпқабатты үйлер бой түзеді. 60- жылдарың аяғында барактар жойылып, орнын темір бетонды тар бөлмелі үйлер басты, мөлтек аудандар салынды. Соңғы құрылыстағы жаңалық «Мобиль» үлгісіндегі биік үйлер.

Балқаштың тарихы даңқты адамдар есімдеріне толы. Солтүстік Балқаш өнірінің байлығын игеруге мыңдаған адамдар, әсіресе жергілікті тұрғындар, кешегі көшпенділер аянбай араласып, барлық өмірлерін арнады.

Солардың ішінде ағайынды Мусиндердің тағдырын ерекше атаған жөн: Есімқан, Әділқан – айтулы металлургтер болса, Әлихан қазақтың тұңғыш инженер – металлургтерінің бірі, профессоры ретінде белгілі.

Халқымыздың біртуар ұлы, адал перзенті, ірі мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың да еңбек жолы осы жерден басталған.

Сондай-ақ Қоңырат кен орнының алғашқы кіндігін кескен ленинградтық геолог М.П.Русаковтың, «Балқаш өнірі құрлысының» бірінші директоры В.И.Ивановтың, Балқаш мысы мен молибденін алуды ашқан бірінші инженер, Мемлекеттік сыйлықтың тұңғыш лауреаты Е.И.Антоновскийдің, Социалистік Еңбек Ері Ю.К.Победоносцевтің, Республика еңбегі сіңген дәрігер М.Қазбекованың, Кеңес Одағының Батыры, №1 орта мектептің түлегі О.Щербаковтың, халық ақыны Ш.Қошқарбаевтың және басқа да ел азаматтарының сіңірген еңбектері мен көрсеткен батырлықтары жадымызда мәңгі сақталды. Әйгілгі жерлестеріміздің аттары қаланың көшелеріне, мектептеріне, кітапханаларына берілген, ескерткіш тақталарына қашалған.

1987 жылы сәуірде Балқаш қаласы, шаруашылық пен мәдениет ахуалындағы жетістіктер үшін Халықтар Достығы орденімен марапатталған. Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Балқаш қаласына көп көңіл бөледі. Балқаштағы қазіргі жағдайды жете түсініп, Балқаш кен-металлургиялық комбинаты «Самсунг» оңтүстік-корей фирмасының басқаруындағы «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кіруге көмектесті.

Н.Ә.Назарбаев Балқаш қаласының активімен кездесуіндегі сөйлеген сөзінде: «Самсунг» фирмасы бұл жерде енді іске кірісуде. Шартқа сәйкес ол өндірісті дамытады және жетіліруде қаражат бөледі. Бірақ бұл кәсіпорын жұмысының нәтижесіне тіклей байланысты болада. Қазіргі уақытта мыс өндірісінің тұрақтылығы келешекте кәсіпорынның жетілуіне сенімділік туғызады». – деді.

Балқаштықтар, өздерінің достық, кішікпейілділік, халықтық және ұлттық дәстүрлерді сыйлау, құрметтеу, мақтан ету секілді жақсы әдетғұрыптарын да сақтай біледі. «Наурыз», «Жаңа жыл», «Республика күні», «Қала кұні» сияқты жалпы қалалық мерекелер қызықты да көңілді өткізіледі. Көпұлтты және әр тілдес Балқаш тұрғындары «Орыстың масленицасын», татарлардың «Сабантойын», корейліктердің Жаңа жылын тамашалап өткізеді.

2005 жылы «Балқаш-Универсал» ЖШС құрылды. Оның қарамағына қаладағы 450 тұрғын үйдің 325-і қарамағына өтті. Яғни тұрғындарды жылу, ауыз су, ыстық су жалпы үйлерді қысқа дайындаумен осы серіктестік шұғылданып, көптеген пәтер иелерінің міндетін мойнына алды.

Балқаш қаласы – жастар қаласы, өйткені мұнда екі жоғары оқу орны, бірнеше колледж, лицейлер бар. Онда еліміздің жас буын, болашағы – қыз-жігіттер білім алып, тәрбиеленуде.

Мысшылар мекені алдағы уақытта, дәулетті, сәулетті, сәнді, мәдени орындарға бай жинақы шаһарлардың біріне айналатын болады.


Әдебиеттер:
Алпысұлы С. Біз ұрандамай жұмыс істейміз: /Балқаш қаласының әкімі Қ.Қаскенұлы газет тілшісімен әңгімесінде аймақтағы әлеуметтік жағдай, экономикалық күрделі проблемалар туралы ой – пікір бөліседі/ // Орт. Қазақстан. – 1999. – 4 тамыз

Ахметов Қ. Балқаш – жүрегіме жақын қала: /Меншікті тілшіміз О.Жүнісұлының Балқаш қаласының әкімімен сұхбаты/ // Орт.Қазақстан.- 1997. – 6 қырқ.

Ахметов Қ. Балқаш қайта түлеу жолында // Сана. – 2000. – 22 маусым (№24). – 3б.

Ахметов Қ. Елбасы тапсырмасынан туындайтын міндеттер: Қала әкімінің қала активі кеңесінде жасаған баяндамасынан // Балқаш өңірі. – 2001. – 9 наурыз

Ахметов Қ. "Мысшылар мекені дәулетті, сәулетті болады": "Балқаштүстіметалл" ӨБ дир. жұртшылықпен байланыс жөніндегі орынб. Қ.Қ.Ахметовпен сұхбат /сұхбаттасқан О.Жүнісұлы// Орт.Қазақстан.- 2006.- 27 сәуір.-8 б.

Әбеуов М. Қала - бәріміздің ортақ үйіміз: Балқаш қаласының бас архитекторы М.Әбеуовпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Башар// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-12 қыркүйек

Әлин А. Соғысқа дейінгі Балқаш өнірі// Қазақ тарихы.- 2004.- N6.-99-103 б.

Әрінұлы А. Өмір белестері: 2001 жыл - Тәуелсіздік және достық жылы// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.- 13 ақпан

Әсіпұлы С. "Зауыт біраз тұрады, бәрібір іске қосылады"// Орт.Қазақстан.- 2004.- 12 қазан.-4, 6 б.

Байқуатов Д.Ы. Балқаш мысы: бүгін және ертең: Балқаш мыс қорту зауытының дир. Д.Ы.Байқуатовпен сұхбат / Сұхбаттасқан О.Жүнісұлы// Орт.Қазақстан.- 2004.- 17 шілде.-9

Бақаева Р. Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күйі: Қала әкімі аппаратының іскі саясат және әлеум. сала бөлімінің меңгерушісі Р.Бақаевамен сұхбат / Сұхбаттасқан Б.Болатбекова// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-7 желтоқсан

Башар Ж. Балқаш - бай қала: [Қаланың экономикалық портретінің штрихтары] / Ж.Башар, Т.Майбас// Орт.Қазақстан.- 2000.-22 наурыз

Бірманов З. Көшелер атауларын өзгертті// Орт. Қазақстан.- 2000.-12 қаңтар б.

Домбай Н. Балқашқа бардым, не көрдім, не сездім?: Сапар,ойлар / Н.Домбай// Мысты өңір.- Жезқазған,2004.- 23 қаңтар.-6 б.

Жүнісов О. Жоғары деңгейде атап өтеді: Балқаш қаласына – 60 ж. // Орт. Қазақстан.- 1997. – 13 қырқ.

Қойшыманов Т. Қоңырат бөктерінде. - Алматы, 1967. - 144 б.

Сағынтай С. Көрігіңнен отын сөнбегей мысты қала: [Балқаш қаласы туралы]// Орт.Қазақстан.- 2002.-16 ақпан

Садовая Г. Балқаш өңірінің байлығы// Орт. Қазақстан.- 2000.-19 шілде

Сәденов Қ. Ару Балқаш, әнім менің: Ән// Орт. Қазақстан.- 2002.-16 ақпан

Сматаев Б. Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағамыз: /Балқаш қаласына – 60 жыл/ // Орт. Қазақстан. - 1997. – 17 қырқ.

Тайыров М. Балқаш – балықты өлке. – Алматы: Қайнар, 1971.-68 б.

Шалова Б. Балқаштың болашағы зор // Орт.Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-2 б.

Шаяхметов Қ. Балқаш // Қанаттас қалалар. – Алматы, 1968.-67-78 б.

Ыбыжанқызы К. Арман қала// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-10 тамыз



24 сәуір 1932 - Жазушы, публицист Камал Смайыловтың туғанына 75 жыл
Жазушы, публицист Камал Сейітжанұлы Смайылов 1932 жылы 24 сәуірде Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Сарлық ауылында туған. 1954 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. «Лениншіл жас» қазіргі «Жас алаш» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып журналистік жұмысын бастаған. Одан кейін Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланды. «Қазақфильм» киностудиясының директоры, кейін ҚР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақ телевизиясы саласында әуелі республикалық мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, кейі төрағасы болып істеді. Көп жыл бойы саяси-қоғамдық қызметтер атқарды: Орталық комсомол комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы болған.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану ғылымының кандидаты. Алматыдағы Халықаралық мамандықтар институтының (бұрынғы Халықаралық журналистика институты) профессоры. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының және Қазақстан журналистика академиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты. Екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

«Сенің бақытың», «ХХ ғасырға саяхат», «Фильм осылай туды», «Өмірдің өзімен өлшесек», «Ғасыр қырқасында», «Оянған ойлар», «Жолданбаған 27 хат» (1992), «Елім, саған айтам, Елбасы, сен тыңда» атты (1998, Шерхан Мұртазамен бірге жазған) кітаптары жарық көрген, 200 жылы «Жеті қыр, бір сыр» және «Қиғаш кітап» басылып шықты.

2003 жылы 71 жасында қайтыс болды.


Әдебиеттер:
Смаилов К. Ұзын саны 300.000 данамен шыққан кітапты осал деуге бола ма?: /Жазушы Медеу Сәрсекенің "Қазақтың Қанышы" роман-эссесі Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды// Қазақ әдебиеті.- 2000.- 17 қараша(N46).-8 б.

Смайылов К. XXІ ғасырға саяхат.- Алматы: Қазақстан, 1978.- б.

Смайылов К. "Қыз Жібек" неден басталған еді?..:/Ұлттық киноклассиканы жарыққа щыққанына 360 жыл/// Жас Алаш.- 2000.- 5 қазан

Смайылов К. "Қыз Жібек" дастанын орыс тіліне аударған// Жас Алаш.- 2001.- 25 қыркүйек.-5 б.

Смайылов К. Тәуелсіздік толғауы: 1996// Егемен Қазақстан.- 2002.- 29 тамыз.-2 б.

Смайылов К. Жолданбаған 27 хат / Ред. Г.Мұхаметқалиева.- Алматы: Қазақстан, 1992.- б.

Смайылов К. Үш томдық шығармалар жинағы. Том 3 .- Алматы: Қазығұрт, 2004.- б.

Смайылов, К. Үш томдық шығармалар жинағы. Том 1.- Алматы: Қазығұрт, 2003.- б.

Смайылов, К.Үш томдық шығармалар жинағы. Том 2 .- Алматы: Қазығұрт, 2004.- б.

Смайылов К. Ауыл-алтын тамыр: Ауыл жылдары 2003-2005// Егемен Қазақстан.- 2003.- 29 қантар.-2 б.

Смайылов К. Біздің Баубек //Қазақ әдебиеті.- 1965.- 7 мамыр.

Смайылов К. Ғасыр. Ғылым. Қазақстан //Орт.Қазақстан.- 2002.- 24 сәуір

Смайылов К. Жұлдызды Жәйрем //Қазақ әдебиеті.- 1999.- 11 желтоқсан.

Смайылов К. Ғарыш және Қазақстан: 12 сәуір-Дүниежүзілік авиация және комонавтика күні // Егемен Қазақстан.- 2003.- 12 сәуір.-4 б.

Смайылов К. Қазақ даласы Сібір суына сусап отыр // Ана тілі.- 2003.- 13 наурыз.-6 б.

Смайылов К. Қазақ журналисі //Қазақ әдебиеті.- 1997. N25(маусым),-3 б.

Смайылов К. Үзеңгі дос: (Көрнекті жазушы һәм қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза туралы толғаныс) // Жұлдыз.- 2002.- N9.-5-12 б.

Смайылов Қ. Нарық және халық: Шерханға хат //Егемен Қазақстан.- 2002.- 14 қыркүйек.-2 б.

Смайылов Е. Сенің бақытың.- Алматы: Қазақ мемлекет баспасы,-1960.- 67 б.

Смайылов Е. Оянған ойлар: Публицист. Толғау.- Алматы: Жалын, 1991.- 240 б.


Ол туралы:
Ақтаев С. Көп қырлы қаламгер: Жазушы Камал Смайылов// Ақиқат.- 2004.- N6.-47-52 б.

Ахметов Қ. Мұзжарғыш: К.Смайыловқа // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 24 көкек

Әбдікәрімов С. Қос өнердің қорғаны: Камал Смайылов 70 жаста// Жас қазақ үні.- 2002.- 19 сәуір(N15).-3 б.

Әбулақап Р. Өлеңдер: Өмір-өлең // Мысты өңір.- Жезқазған,2003.- 7 қараша.-16 б.

Әденұлы Р. Ұлытаудың ұлы: Камал Сейітжанұлы Смайылов - 70 жаста / Р.Әденұлы// Қазақ әдебиеті.- Алматы, 2002.- 19 сәуір (N16).-15 б

Елеукенов Ш. "Ақ бөкен": (Камал Смайылов туралы сыр)// Парасат.- 2004.- N7.-29-31 б.

Ерман Ж. Алаштың азаматы: Камал Смайылов - 70// Қазақ әдебиеті.- 2002.- 19 сәуір(N16).-14-15 б.

Жазушылардың ХІІ құрылтайы// Қазақ әдебиеті.- 2002.- 3 мамыр(N18).-10-11 б.

Камал Сейтжанұлы Смайылов: Қазақстан журналистикасы қазаға ұшырады// Сарыарқа.- Жезқазған, 2003.- 28 маусым

Камал Смайылов // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анытамалық.- Алматы, 1987.- 572 б.

Камал Смайылов // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 285 б.

Қамал Сейітжанұлы Смайылов: Некролог// Егемен Қазақстан.- 2003.- 27 маусым.-4 б., Қазақстан ZAMAN.-2003.- 27 маусым.-2 б.. Қазақ әдебиеті.- 2003.- 27 маусым.-15 б.

Қаражігітов А. Топжарған тау тұлға: Жазушы, публицист, қайраткер К.Смайылов - 70 жаста // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 24 көкек

Қожамсейітов С. Тау шыңы алыстан көрінеді // Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 24 сәуір

Қозыбаев С. Асылдың тұяғы: /Журналист Марат Барманқұлов туралы/ / С.Қозыбаев, Қ.Алдабергенов// Жас Алаш.- 2001.- 3 мамыр.

Құл-Мұхамед М. Ақжарылқап ("менің ағаларым" циклынан): Қамал Смайылов туралы// Егемен Қазақстан.- 2005.- 12 наурыз.-3 б.

Мұртаза Ш., Смайылов К. Елім, саған айтам, ел басы сен де тыңда!.- Алматы: Қазақстан, 1998.- б.

Мырзабеков Б. Камалым - Қамалым // Сарыарқа.- Жезқазған, 2003.- 28 маусым

Нарымбетов С. Алдымызда аға бар еді: эссе [жазушы К.Смайылов туралы]// Қазақ әдебиеті.- 2005.- 11 қараша(N45).-11 б.

Сейіткенов Н. Түгел түскен Алашқа күндей еді-ау шуағы: Н.Сейіткеновпен әңгіме / Әңгімелескен Қ.Құрмансейіт// Мысты өңір.- Жезқазған, 2004.- 25 маусым.-6 б.

Сердәлі Б.К. Камал Смайылов-публицист: Автореферат.- Алматы, 1999.- 29 б.

Тәуелсіздік ақиқаты: "Қазақ әдебиетінің" төте сауалдары// Қазақ әдебиеті.- 2001.- 14 желтоқсан(N50).-5 б.

Ыдырысов Ә. Алаш рухты ұрангер// Жас Алаш.- 2002.- 25 сәуір.-4 б.

10 мамыр 1927 - Жазушы Асан Жұмаділдиннің туғанына 80 жыл
Жазушы Асан Жұмаділдин 1927 жылы 11 мамырда Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Аудан орталығындағы қазақ орта мектебінің 8-сыныбын 1941 жылы бітіреді. Ел басына түскен Ұлы Отан соғысы ауыртпашылығы салдарынан жасөспірім азамат вольфрам кенін өндіретін Қызылтау руднигінде шахтер болып еңбек жолын бастайды. 1943 жылы Қарағаш ауылдық советіне қарасты Ынталы орталау мектебіне мұғалім болып орналасады.

Білімін жетілдіруді мақсат еткен, жастайынан зерек Асекең болған. Бірнеше повесть, әңгімелер жинақтары шыққан. Республикалық 1948 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсіп, оның тіл-әдебиет факультетін айрықша дипломмен бітіріп, 1950 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітірген. Біраз жыл халық ағарту саласында істеген. 1950 жылы Жаңарқа аудандық оқу бөліміне мектеп инспекторы болып тағайындалады. Араға жыл салып ол ауданның Ақтүбек ауылындағы жеті жылдық мектептің директоры болып жемісті еңбек етеді.

Алғаш 1946 жылы тұңғыш «Жаңарқа» деген өлеңінің облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің бетінде жариялануы оның өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды. Әдебиетке құштарлығы артып, шығармашылық талпыныстан, ізденуден, өз бетінше білімін жетілдіруден танбайды. Облыстық, аудандық газет беттерінде өлең, әңгіме, очерктері жиі жариялана бастаған А.Жұмаділдинді сол кездегі облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің редакциясы қызметке шақырадын.

1960-64 жылдары және мұнан кейін арада жеті жылдай аудандық оқу бөлімінде инспектор болып, 1973 жылдан 1987 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық «Жаңаарқа» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі болып, қаламгерлік шеберлігі бұрынғыдан да кемелденіп, ұштала түсті. Табиғи таланты мен еңбексүйгіштігінің арқасында ол шығармашылықтан қол үзбей «Өмір» әдеби-этнографиялық журналының тұңғыш нөмірін шығарудан бастап, ғұмырының соңғы күндеріне дейін редакторы болды.

А.Жұмаділдин бірнеше медальдар, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Совет милициясы шығармалары бойынша республикалық әдеби конкурста «Тергеу әлі аяқталған жоқ» атты повесі екінші бәйге алған.

Оның «Келіншек» повесі (1968), «Сең бұзылғанда» повесть, әңгімелері (1972), «Қайырлы сапар» повесі (1977), «Жұмысшы әулеті» повесі (1981), «Құт құбыры» деректі повесі (1982) жарық көрген.

Қаламгер Асан Жұмаділдин 2004 жылы 29 наурызда дүниеден өтті.
Әдебиеттер:
Жұмаділдин А. Рухани ұстаз болған "Орталық"// Орт.Қазақстан.- 2000.-14 қазан

Жұмаділдин А. Тәуелсіздікке тарту// Жаңаарқа.- Атасу, 2001.-22 желтоқсан

Жұмаділдин А. Ақжол [Мәтін] : Жанжал шаққан қажы: [роман] / А. Жұмаділдин.- Алматы: KenіePress Medіa, 2004.- 276 б.-(Сәкен Сейфуллин - 110)

Жұмаділдин А. Байдалы би.- Алматы: Кенже Пресс, 1999.

Жұмаділдин А. Жаңаарқа: Дерекнама Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003.

Жұмаділдин А. Инемен қазған құдық (келбеттеме хикая) - Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2002.- б.-(Өмір журналының кітапханасы)

Жұмаділдин А. Битабар балуан: Әңгіме // Жұлдыз.- 2002.- N9.-131-142 б.- ISSN 0134-3580

Жұмаділдин А. Абылай мен Уәли хандардың өліміне көңіл айту: Байдалы бидің туғанына - 275 жыл // Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.- N7.-13-15 б.

Жұмаділдин А. Аманат // Орт.Қазақстан.- Қарағанды, 2002.- 8, 12, 15, 19, 22 маусым

Жұмаділдин А. Оралған// Азия Транзит.- Қарағанды, 2003.- N12.-6-9 б., 2004.- N2,N4.-14-18 б.


Ол туралы:
Асан Жұмаділдин //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004.- 137 б.

Асан Жұмаділдин: некролог// Жаңаарқа.- Атасу, 2004.- 3 сәуір.-3 б.

Асан Жұмаділдин // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анытамалық.- Алматы, 1987.- 259 б.

Бексейіт С. Ғасырластарым [Мәтін]: Әр жылдардағы жазбалар.- Қарағанды: ТОО "Арко", 2005.

Мұқышұлы Ұ. "Орталық Қазақстан" - ақпарат құралдарының алдыңғы легінде// Жаңаарқа.- Атасу, 2001.-24 қараша

Мұқышұлы Ұ. "Жаңаарқа" дерекнамасы - мағұлматы мол туынды: Жаңа кітап / Ұ.Мұқышұлы// Орт.Қазақстан.- 2003.- 23 желтоқсан.-6 б.

Мұқышұлы Ұ. Жарқын бейнесі жадымызда: жақсының жақсылығын айт...// Жаңаарқа.- Атасу, 2005.- 9 сәуір.-2 б.
10 маусым 1912 Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 95 жыл.
Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы 10 маусымда Ақмола уезінің Моншақты болысында (қазіргі Астана облысы, Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған.

1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған.

Ол 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген.

Ж.Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, 1937-1939 жылдары республикалық “Лениншіл жас” жастар газеті редакторының орынбасары, “Социалистік Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.

1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ал соғыс басталғанда дивизиялық газетінің редакторы болған.

1942 жылы мамыр айында Ж.Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды.

Жайық Кәгенұлы елеуінші жылдары педагогикалық қызметте болды. 1958 жылдан бастап 1989 жылғы қыркүйекке дейін ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қарағанды облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды.

КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Бүкілодақтық географиялық қоғамының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Ж.К.Беқтұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.

Публицист Ж.К.Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадында қалдырды.

Ол республиканың әдеби ортасында кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі.

Ж.К.Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясын жасаушылардың бірі болды.

Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы “Жол жоралғысы” деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, қобызшы-жыршы Н.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала. Ж.Бектұров Абай, Сәкен, Бейімбет, Саттар, Әбділдә, Тайыр, Ғабиден, Зейін және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттар әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Ж.Бектұровтың өрнекті тілімен қазақшаланған Г.Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Л.Пантелеевтің шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы “Өткел” өлеңдер жинағы, ал 1997 жылы “Қазақстан” баспасынан “Таңба” атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қырқыншы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ашы шындығы жайында, сол нәубеттің құрбаны болған тұғырлы тұлғалар, талайлы тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақыт созылған екен… Сол қырғынның өзі де куәсі болған, кезінде жазықсыз танылған кесірінен жапа шегіп, жалынды жастық жылдарын айдауда, азап лагерьлерінде өткізген ардагер жазушының аталмыш романы авторы іспеттес қилы қияметтерді бастан кешіріп барып, кейінде ғана оқырмандарға жол тапқан. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнелеген тұңғыш еңбек. Сол жылы Медицина ғылымының докторы, профессор М.Әлиакпаровтың “Жайық мінген қайық” кітабы Қарағанды қаласының “Қазақстан” баспасынан шыққан. М.Әлиакпаровтың бұл кітабы Ж.Бектұровтың тар жол, тайғақ кешулерге толы өмір өткілдеріне арналған. Автор мен кітап кейіпкері арасындағы сырлы сұхбатта зұлмат жылдардың зобалаңы, қазақ халқының басына қолдан жасалған нәубет зардабы бүкпесіз баяндалады. Сонымен қатар кітапқа жасы сол кезде сексен беске келсе де қаламы қолынан түспеген Ж.Бектұровтың сталиндік зұлматты ашық әшекерелейтін бірқатар поэмалары мен өлеңдері енгізілген.

1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасқа қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет