Атырау облысы білім беру басқармасы


Қолдан (жасанды) ұрықтандыру



бет3/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
акушер умк

Қолдан (жасанды) ұрықтандыру . Қолдан ұрықтандырудың негізгі мақсаты – асыл тұқымды құнды аталық малдың мейлінше көп төл алу , қысқа мерзімнің ішінде бүкіл малдың сапасын , өнімділігін арттыру жаңа қолтумалар , гибридтер шығару . Асыл тұқымды малдың шәуетін алыс елді мекендерге апаруға , басқа мемлекеттен сатып алып қолдануға , сондай –ақ шәуетті көп жинап алып , ұзақ уақыт сақтап қойып қолдана беруге болады .
Қолдан ұрықтандыру әрекеті ерте заманда белгілі болған . Араб жылнамаларында біздің арамызға дейін 800 жыл бұрын ассирицтер күйлеген биенің қынабына бір уыс қыл салып қойып , оған асыл тұқымды айғырды шаптырып артынша әлгі қылды шәуетімен қоса басқа биенің қынабына салып ұрықтандырғаны айтылады .
1763 жылы Стефан Якоби балықтарды , 1780-1787 жылдары Спаланцани иттерді қолдан ұрықтандырып тәжірибе жасады .Осы тәжірибенің нәтижесін пайдалана отырып , 1855 жылы дүниежүзінде Ресейде бірінші болып қолдан ұрықтандыруға негізделген балық зауыты салынды . Одан басқа және әуеқойлық жұмыс ретінде Айдеман , Хельковский , Измайлов , Елишерова деген кісілер қолдан ұрықтандырумен айналысқан.
Кеңес өкіметі кезінде ауылшаруашылық өндірісінде қолдан ұрықтандыруды мемлекеттік дәрежеде мән беріп қолдану тек И.И. Ивановтың атсалысуымен ғана іске аса бастады . Ол өзінің көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аталық аталық малдан шәует алу , шәуетті сұйылту , төменгі температурада сақтау , ұрықтану тәсілдерін жетілдіріп , одан әрі дамытты. 1931 жылы В.И. Липатов , Н.В.Комиссаров . И.И.Родин шәует алатын жасанды қынап ойлап тапты .
А.Д. Бренштейн , В.В.Петропавловский ,И.В.Смирнов дүниежүзінде бірінші болып , шәуетті ұзақ мерзімге сақтау үшін мұздатып қатыруды , сұйылтқыштың құрамына глицерин қосу қажет екендігін дәлелдеді .
1930 жылдары Солтүстік Кавказдың , Ставрополь өлкесінің , Қазақстанның , Қырғыстанның қой шаруашылықтарында қолдан ұрықтандыру жұмысы кеңінен жүргізіле бастады . Барлық ұжымшар кеңшарларда , арнайы пункттер құрылды . Қолдан ұрықтандырылған қой басы 100 мыңнан 17 млн жетті . 1950 жылдары ірі қара шаруашылығында , ал 1960 жылдардан бастап көптеген шошқа шаруашылықтарында да қолдан ұрықтандыруға көшу жолға қойылды.
1955 жылдан бастап мал тұқымын асылдандыратын және қолдан ұрықтандыру жұмысын басқаратын арнайы мемлекеттік станциялар аудандарда , облыстарда құрыла бастады . Асыл тұқымды құнды бұқаларды , қошқарларды бір жерге топтастырып , оларды дұрыс пайдаланудың арқасында қысқа мерзімнің ішінде қойдың ондаған жаңа тұқымдары шығарылды, ірі қарадан , шошқадан да бірнеше жаңа қолтұқымдар шықты .
Қазақстан территориясында шығарылған арқар меринос , Оңтүстік Қазақстан мериносы , дегерес қойларын Алатау тұқымдас , Әулиеата ,Қазақстан ақбас сиырларын Ақсайдың қарала тұқымды шошқасын айтуға болады .
Малды қолдан ұрықтандыру саласында В.К. Милованов , М.П.Кузнецов , Ф.В. Ожин, Г.В. Паршутин , И.И.Родин , А.В. Квасницкий , А.И.Лопырин, Н.П.Шергин, Ф.И.Осташко, В. Бальмонт Н.Петров ,М.А.Алетов және т.б ғалымдар қажырлы еңбек етті.
Қолдан ұрықтандыру жұмысына атүсті, немғұрайлы қарауға болмайды, себебі эканомикалық тиімділігі қаншалықты артса, малдәрігерлік санитарлық шараларды орындамаудан аса қатерлі жұқпалы аурулардың таралу қаупі де соншалықты артады . Айталық жұқпалы фолликулярлы вестибуло - вагинит , трихомоноз , кампилобактериоз , ринотрахеит сияқты аурулар тез арада тарап кетуі мүмкін . Бұл Жөнінде солкездерде –ақ И.И.Иванов қолдан ұрықтандыру жұмысына малдәрігерлік бақылау қоюды талап етіп , ескерткен .
Қолдан ұрықтандыру жұмысын кім жүргізу керек , кімге тапсыру деген мәселе әр елде әртүрлі шешімін тауып отыр . Мысалы Италия ,Бельгия , Норвегия , бұл жұмысты тек қана мал дәрігерлер жүргізеді , Жапония Францияда техниктері де малдәрігерлері де жүргізе береді .
Бақылау сұрақтары:

  1. Мал ұрықтандырудың түрлерін атаңыз?

  2. Табиғи ұрықтандыру ерекшелігі?

  3. Қолдан ұрықтандыру тиімділігі?

  4. Қолдан ұрықтандыру саласына еңбек еткен ғалымдар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет