Атырау облысы білім беру басқармасы



бет5/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
акушер умк

Жыныстық қозу (жалпы реакция ) феномені малдың мінез құлқының өзгеруімен сипатталады.Мысалы, сиыр мазасызданып, бір орында тұра алмайды, жиі-жиі мөңіреп аяғымен жер тарпиды, жем-шөпке қарамайды, сүті кеміп кетеді. Биелерде құлынның іші өтеді.Жайылымда жүргенде,аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылып шағылысқандағыдай әрекет жасайды,өзінің үстіне басқа сиырлар асылғанда қарсыласпай тыныш тұрады, бірақ бұқаны жолатпайды. Жыныстық қозу феномені 15-20 сағаттай уақытқа созылады, кейде бұл феномен мүлде байқалмайды.
Күйлеу (libidos sexsualis) феномені ұрғашы малдың шағылысуға,ұрықтануға дайын екеін көрсетеді.Күйлеген мал еркек малды өзі іздеп барып,оған жақындап шағылысуға ыңғайланып тұрады,еркек мал устіне секіргенінде қозғалмай тұрады.Сиырларда күйлеу феномені орта есеппен 20-сағатқа созылады.Қыстық күндері 10-13 сағат қана болса ,жазғұртым бір тәулікке жетуі мүмкін.Әсіресе,таңартеңгілікте далаға шыққанда анық білінеді.Малдың күйлегенін күйттеуші аталықтарды(бұқа,қошқар,айғыр,қабан,)қолдану арқылы анықтаған дұрыс.
Овуляция (ovulatio) феномені пісіп жетілген фолликулдің жарылып,оның ішіне фолликулярлық сұйықпен бірге аналық ұрық торшасынаң бөліп шығу үрдісін айтады.Ірі малдың овуляция үрдісін тік ішек арқылы аналық безді ұстап,сипап білуге болады.Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6-1,0 см,сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады.Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді,дөңгелек шар тәрізді немесе сопақша үш бұрышты,алмұрт пішінді бола береді.Пісіп жетілген фолликульдың қабырғасы қоллагенезі ферментінің әсерімен әбден жұқарады,ішкі қысым арта түседі де,фолликула жарылады.Бұл үрдістің өтуі фолликул қоздырғыш гормонмен лютендеуші гормонның тікели әсер етуімен іске асады.Пісіп жетілген фолликулдің аумағы 1,5-2 см жетеді.Биенікі тіпті,үлкен 4-5 см жетуі мүмкін .Сиырда овуляция малдың күйлеуі тоқтаған соң,10-15 сағаттан кеиін өтеді.Егер ол аталық малмен жанасып,шығылысқа түсетін болса жатса,оның күйлеуі де,овуляциясы да тез өтеді.
Арық немесе ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді,30 пайыз жағдайда овуляция болмай қалады(ановуляторлық цикл).
Овуляциядан кейін аналық ұрық безінің көлемі кішірейіп,жұмсарады.Жарылған фолликулярлық эпителийдің торшаларымен араласа өсіп,оған лютеинді фермент сіңіп,сары денеге айналады.
Овуляциядан кейін 4-5 куннен кейін-ақ сары дене(corpusluteun)аналық ұрық безінің үстінен бұлтиып біліне бастайды.
Егерде овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп,буаз болса,сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызыметін тоқтатпай сақталып қалады.Мұндай безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды.Мұндай жағдайда сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды.Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде,ал жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса,ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары дене деп атайды.Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның белгісі.
Жыныстық циклдің қайталануы барлық малда, жануарларда бірдей емес. Сондықтан жыныстық цикліне өтуіне қарай барлық жануарларды полициклді және моноциклді жануарлар деп екіге бөлеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет