Жыныстық мүшелердің кейбір бөлшектерінің мөлшері (см)
Мал түлігі
|
Қынап кіреберісі
|
Қынап
|
Жатыр
|
мойыны
|
денесі
|
тармағы
|
Ұрық түтікшесі
|
Аналық ұрық безі
|
+
32Сиыр
|
8-14
|
20-30
|
8-12
|
2-5
|
20-30
|
20-25
|
2-3
|
Бие
|
8-16
|
25-30
|
10-12
|
10-15
|
20-25
|
20-30
|
3-5
|
түйе
|
7-8
|
25-30
|
15-20
|
20-25
|
15-20
|
20-25
|
3-5
|
Қой,ешкі
|
4-5
|
8-12
|
5-7
|
2-3
|
12-20
|
9-16
|
1,1-1,5
|
шошқа
|
5-10
|
15-20
|
15-20
|
2-3
|
100-200
|
15-20
|
3-9
|
есек
|
10-13
|
15-18
|
5-6
|
10-12
|
17-20
|
20-25
|
3-6
|
Аналық малдың организміндегі жыныстық үрдістердің нейрогуморалді реттелуі
Жыныстық цикл басталып, оның дұрыс өтуі үшін сыртқы ортаның әсерімен қатар гонадроптық және гонадальдық гормондар қажет.
Гонодотропты гормондар: Фолликул стимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гомон (ЛГ) және лютеотроптық гормон (ЛТГ) немесе лактогендік гомондар гипофизде түзіліп шығады да, қан арқылы аналық ұрық безіне және сүт безіне әсер етеді, яғни фолликулдердің өсіп жетілуін, овогенез үрдісінің жүруін қамтамасыз етеді. Аналық ұрық безінде овуляция болып, сол жарылғанфолликулдің орнында сары дененің пайда болуы да осы гормондардың әсері.
Гонадалдық гормондар аналық ұрық безінде түзіледі, оған: фолликулин (эстрогендік гомон) және сары дененің гомоны прогестерон жатады.
Сыртқы орта факторлары дегеніміз-күн сәулесі,ауаның температурасы,жем-шөп және еркек мал.Осы ішкі,сыртқы факторлардың бір-біріне тигізетін әсерін бір ретке келтірип отыратын орын-орталық жүйке жүйесі.
Қазіргі ғылыми - зерттеулер нәтижелерінен сүйенетін болсақ,жыныстық цикыл мынандай тәртіппен өтеді;күн сәулесі-көздің,терінің рецепторын,азықпен келіп түскен стерондар-ас қорыту оргындарының рецепторын қоздырады,еркек малдың-иісі,сыртқы тұрпаты,дауысы,олардың аталық малға тән қылықтары ,ұрғашы малға жанасуы,сол сияқты тағы басқа да қарым-қатынасы тиісті сезімтал рецепторларды қоздырып,сол арқылы импульстер ми қыртыстарындағы тиісті орталықтарға барып жиналады.Ол жерде саралапталып,талданған импульстер гипоталмаус арқылы гипофизге жетіп,ФСГ (фолликул стимулдеуші)гормонын бөліп шығаруға мәжбүр етеді.Бұл гормон қан арқылы аналық ұрық безіне әсер етіп фолликулдердің өсіп жетілуін дамуына ықпал етеді.Фолликулердің ішінде фолликулин(эстрогендік гормон)түзіліп,қан арқылы миға,жыныстық жүйеге әсер етіп,соның салдарынан жыныстық цикылдың қозу сатысы болады. Жыныстық цикылдың қозу сатысында;шылым ағу,жалпы реакция,күйлеу және овуляция феномендері бірінен соң бірі,тізбектеліп өтеді.Қанның құрамында эстрогендік гормондар өте көп болғанда,ФСГ гормондарынын орнына гипофиз ЛГ(лютеиндеуші)гормондары бөліп шығара бастайды.ЛГ гормонының әсерімен овулятция үдірісі жүзеге асып жарылған фолликулдің орнынына сары дене пайда болады.Сары дене өзінің прогестерон деген гормон шыға бастайды. Прогестеронның әсері мен жатыр келесі буаздыққа дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |