Атырау облысы білім беру басқармасы


Аналық жыныс мүшелері – половые органы самки - organa genitalia feminina



бет8/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
акушер умк

Аналық жыныс мүшелері – половые органы самки - organa genitalia feminina. Бұл мүшелерге жұмыртқалық, жатыр түтігі, жатыр, қынап,қынап кіреберісі және сыртқы жыныс мүшелері жатады. Жұмыртқалық – яйчники – ovarium - аналық жыныс безі.Жұмыртқалық үй жануарларында әр түрлі пішінді болып келеді.Шошқаның жұмыртқалығының ұзындығы 5см аумағында сыртқы беткейі бұдырлы болады.Сиырда жұмыртқалығының беткейі тегіс,пішіні сопақша келеді.Бие безінің пішіні бұршақ тәрізді,сырты тегіс.Мұнда овогенез процесі өтеді және аналық жыныс гормондары бөлініп шығады. Оның түтік және жатыр ұштары, шажырқайы және еркін шеттері, латеральді және медиальді беттері болады. Сыртқы беті эпителиймен қапталады. Оның астында дәнекер тінінен түзілген ақуызды қабығы орналасады. Жұмыртқалықтың көлденең кесіндісінде паренхиматозды және қан тамырлы аймақтары байқалады.Паренхиматозды аймағында алғашқы және көпіршік тәрізді фолликулалар орналасады. Бұл фолликулалардың ішінде жұмыртқа жасушасы дамиды.Жатыр түтігі- яйцепровод - tuba uterina- жұп, түтікті мүше. Мұнда жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі, ұрықтанады және зиготаның бөлшектену процесі басталады немесе ұрықтанбаған жасуша түтік арқылы шығады.Оның жұмыртқалық ұшында воронкасы болады, ал жатыр ұшы жатыр мүйізімен жалғасады.Шошқаның жатыр түтігі иірілген. Жатыр мүйізіне жалғасқан жері білінбейді. Сиырдың түтігі олай көп иірілмейді. Биеде түтігінің жатыр мүйізімен жалғасатын жері жақсы белгілі.Жатыр - матка- uterus(грек.metra). Үй жануарларының жатыры екі мүйізді типке жатады. Ол екі мүйізден, денесінен және мойнынан тұрады. Қабырғасында үш қабығы бар: кілегейлі (endometrium), бұлшық етті (myometrium), сір (perimetrium). Кілегейлі қабығы цилиндр тәрізді эпителиймен қапталған, мұнда түтікті жатыр бездері орналасады. Бұлшық етті қабығы екі қабаттан тұрады: ішкі – сақиналы және сыртқы- ұзына бойлы. Олар бірыңғай салалы ет тінінен түзілген. Сір қабығы дәнекер тінінен және мезотелийден құралады.Шошқаның жатыр мүйізі ұзын (2м) болып келеді, иректеліп тұрады. Денесі қысқа, мойыны ұзын (18 см-ге дейін). Қынап жағына шықпайды.Сиырдың жатыр мүйізі қошқардың мүйізіне ұқсас. Денесі қысқа, мойынының жатыр және қынап мөлшері болады.Кілегейлі қабығында шығыңқы жерлері – карункалар орналасады.Биенің жатыр мүйізі қысқа,төмен қараған имек. Жатырдың қабырғасы қалың болып келеді. Жатыр мойнының қынап мөлшері үлкен.Төл жатыр мүйізінде дамиды. Қынап-влагалище-vagina. Оның қабырғасы кілегейлі, бұлшық етті қабықтарынан және адвентициядан тұрады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Қынаптан краниальді бөлімі сыртынан сірі қабығымен қапталған. Қынап кіреберісі –преддверие влагалища - vestibulum – қынаптың артында орналасады. Олардың шекарасы – несеп шығару каналының сыртқы тесігі. Қабырғасы кілегейлі, бұлшық етті қабығынан және адвентициядан құралады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Мұнда бездері және кавернозды қабаты болады. Жыныс ернеулері – половые губы - labia pudendi(vulva)- жыныс саңылауын қоршап тұрады. Олардың қосылған жерлерін дорсальді және вентральді комиссурасы деп атайды.Клитор – вентральді коммиссурасының ішкі жағында орналасады. Бұл аталық жыныс мүшесінің қалдығы болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет