Атырау облысы білім беру басқармасы



бет4/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
акушер умк

1.3. Акушерлік физиология
1. Жыныстық цикл.
2. Жыныстық цикл сатылары
Жыныстық цикл. Жыныстық жетілген малдың организімінде,әсіресе, жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық,физиологиялық құбылыстар болады.Бұл өзгерістер гипоталамус-гипофиз,аналық жыныстық безбен басқанда эндокриндік жүйелердің арақатынастық жағдайына байланысты және ортақ жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады.Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.
Жыныстық цикл жан-жақты зерттеп,оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А.П.Студенцов болды.
Оның анықтамас бойынша жыныстық цикл үш сатыдан тұрады:1.Қозу 2.Тежелу 3.Теңдесу.
Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады, олар: шылым шағу феномені, жалпы реакция (жыныстық қозу)феномені, күйлеу феномені және овуляция феномені. Осы қозу сатысында малдың организімінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбриоиның пайда болуына қажетті жағдай туады.
Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды ;ырғақты немесе ырғақсыз,жарамды немесе жарамсыз болып өтеді.
Синхронды жыныстық циклдың барлық феномендері белгілі бір уақыт аралығында көрінеді,қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын білінеді.
Асинхрондық жыныстық цикылдың феномендері бір-біріне ілеспей,әр кезде көрініп,басылып жатады.Қозу сатысының қалыптасуы 4-5 дейін созылады.Н.И.Полянцевтің мәліметі бойынша 25 пайыз сиырларда жыныстық цикыл синхронды өтсе,75 пайызында асинхронды өтеді .
Ырықты жыныстық цикылдің қайталану мерзімі бірди,мысылға,әрбір 21 тәулік сайын қайталанып отырады.Ырықсыз жыныстық цикылдың қайталануы әр қалай,кейде 21 күннен кейн болса,енді бірде 45-60 күнге дейін малда жыныстық цикылдің белгілері білінбейді.
Жарамды жыныстық цикл деп барлақ қозу сатысының барлық феномендері дерлік байқалған цикылды айтады.
Жарамсыз жыныстық цикылдің қайсысында болмасын малды шағылыстырғаннан,қашырғаннан ол тоқтамайды,ұрықтанбайды.
Шылым ағу (oestrus). Жыныстық оргындардың кілегейлі қабығындағы эпителий торшалары көбейіп,бірнеше қабат болады,олар шырыш(секрет)бөліп шығара бастайды.Малдың сарпайынан жіп тәрізді шұбырып,мөлдір түсті шырыш ағып тұрады.Осы құбылысты шылым ағу феномені деп атайды.Қынаптың, қынап кіреберісінің,жатыр мойынының кілегейлі қабаты домбығып ісініп,қызарып,қанталап,кетеді.Алғашқы күндері аққан кілегейлі сұйық көп емес,жатқан жерінде жиналып немесе құйрығынан жабысып қалғанын байқаймыз,кейіннен оның мөлшері біраз көбейіп,соңына қарай азайа бастайды.Сұйықтың өзіде қоюланып,сырғылт тартып,бұрыңғырлана береді.Шылым ағу үрдісі көбінесе,2-3 тәуліке созылады,кейбір сиырларда,қаншықтарда бөлінген шырышқа қан араласуы мүмкін,сұйықпен қосылып кілегейлі эпетелийдің өлген торшалары көптеп көшіп (пролиферация)түсе бастайды.Бұл кезде жатырдың жиырылуы кушейе түседі,тік шек арқылы ұстап,сипай бастағанда-ақ тез жиырылып серпіледі.Шылым ағу үрдісінің соңына қарай жоғарыда айтылған барлық пролиферативтік үрдістер бәсеңдейді.Қан айналымы азайып,кілегейлі қабаттың түсі бозғылт тартады.
Шылым ағу феномені басқа феномендерден бұрын басталады да,кейін аяқталады.Күзде,қыстың суық күндері бұл үрдіс қысқа мерзімде,баяу өтеді,ал көктемде жаздың жылы күндері керісінше,өте айқын,қарқынды 3-4 күнге созылады.
шылым ағу үрдісінің маңызы өте зор,біріншіден оның санитарлық маңызы бар.Сұйық неғұрлым көп ақса,жыныстық жолдар соғұрлым тазара түседі,екіншіден сыртқа бөлініп жатқан кілегейлі сұйық аталық ұрық торшалары (спермийлер) үшін,яғни олардың жылдам қозғалуы ушін өте қолайлы(реотаксис)орта болып табылады.
Шылым ағу үрдісі басталған соң 1-1,5 тәуліктен соң-ақ,малдың мінез-құлқы да өзгере бастайды,сөйтіп екінші феномен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет