Атмосфера дегенiмiз



бет79/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Негізгі бөлім.


1-жұмыс. Тәжірибелік сабақтың мазмұны.

Атмосфералық қысым, өлшеу әдістері.
Ауаның салмағы болғандықтан ол жер бетіне қысым түсірді.

Атмосфералық қысым - бір өлшем жерге (см2 , м2) ауаның түсіпетін күші немесе қысымы. Метеорологиялық элементтердің ең маңыздысы атмосфералық қысым болып табылады, өйткені оның уақыт аралығында өзгеруі ауа райын өзгертеді.


Атмосфералық қысым сынап бағанасының барометр түтікшесіндегі биіктігімен өлшенеді (мм). Сынап бағанасы бойынша 760 мм тең қысым қалыпты атмосфералық қысым болып табылады. Қалыпты атмосфералық қысымды «мб» өлшеміне ауыстыруға болады:
Ол үшін 760 мм : 0,75=1013,3 мб.
Ең жоғары атмосфералық қысым – 1080 мб.
Төменгі атмосфералық қысым – 680 мб.
Атмосфералық қысым мына факторларға байланысты:
  1. Жердің теңіз деңгейінен биіктігіне. Температура бірқалыпты


болғанда,бірақ жер беті теңіз деңгейінен жоғарылаған сайын, қысым төмендейді, өйткені белгілі бір нүкте түсетін атмосфераның салмағы жеңілдейді.


2. Ауа температурасына. Температура көтерілген сайын ауа тығыздығы төмендейді, сондықтан да қысым да төмендейді.
3. Ауа құрамындағы су буларына. Атмосферадағы су буларының мөлшері артқан сайын құрғақ ауаны ығыстырып, оның орнын басады. Су буларының тығыздығы құрғақ ауаға қарағанда төмен, сондықтан атмосферадағы су буларының мөлшері жоғарылаған сайын , қысым төмендейді.
Жер бетіндегі ауа қысымы өзгерген сайын атмосферадағы әр түрлі ауа массалары бір орыннан екінші орынға жылжи бастайды, соның әсерінен ауа райы өзгеріп, климат құбылмалы болады. Атмосфералық қысымда периодтық (дұрыс) және периодтық емес (дұрс емес) өзгерістер болып тұрады. Атмосфералық қысым метеоэлемент, кей кезде ол тез құбылады, ал кейде біраз уақыт біркелкі болып тұрады. Периодтық қысымның өзгеруі күннің биіктігінің бір тәуліктік немесе жыл бойына өзгеруіне байланысты. Күндіз атмосфералық қысым түнге қарағанда және жаз айларына қарағанда төмен болады. Бұл өзгеріс жоғарыда айтылған заңдылыққа сәйкес атмосфералық қысымның дұрыс өзгеруі. Ал, қысымның дұрыс бағытта өзгермеуі немесе күндіз жоғарылап, түнде төмендеуі периодтық емес һзгеріске жатады. Бұл құбыластар термикалық және динамикалық өзгерістерге алып келеді. Жер бетінің бірқалыпты жылынуы немесе салқындауы, жылы (жеңіл) және суық (ауыр) ауа массаларының келуі қысымның түсуіне немесе көтерілуіне алып келеді. Егерде жылы ауа массасы келсе, онда қысым төмендейді. Ауа райын жақын мезгілдерге болжау үшін (сағаттарға) болжау үшін периодтық емес атмосфералық қысымның өзгерістері пайдаланылады.
Тәулік бойынша атмосфералық өзгеруінде екі екі максимум және екі минимум байқалады.Ең жоғары атмосфералық қысым сағат 10-да және 22- де байқалады, ал ең төмен 4-те 16-да байқалады.
Тәулікаралық қысымның өзгеруін бақылауауа райын болжау үшін қажет. Ауа райы тұрақты, өзгеріссіз болатын жағдайда атмосфералық қысымның бірнеше күн қатар өзгеруі 0-тең болуы мүмкін. Ал, ауа райының тез өзгеруі қысымның 10-15 мб өзгеруіне әкеліп соғады.
Тәулікаралық қысымның ең жоғары құбылмалылығы қыс айларында мұхиттардың үстінде, ал ең төменгі жаз айларында құрлықтарда байқалады. Жақын мезгілдерге ауа райын болжау үшін барометрлік тенденцияны және барометрлік сипаттамаларды білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет