Атмосфера дегенiмiз


Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 1



бет81/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 1

Сабақтың мақсаты: атмосфералық қысымды өлщейтін аспаптармен танысу, олармен өлшемдер жүргізу және атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты тапсырмалар орындау.
1- тапсырма. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспаптар (приборлар) мен танысу.

1.Станциондық чашкалық барометр.


2. Барометр – анероид.
3. Барограф.
1. Станциондық чашкалық барометр негізінен екі бөліктен тұрады:
1. Ұзындығы 80 см және диаметр – 7 мм. Шыны түтіктен;
2. Іші сынаппен толтырылған шойын немесе пластмассадан жасалған часка. Трубканың жоғары басы жабық, ал төменгі жағы часкенің ішінде тұрады.
Трубканың жоғары жағында саңылау бар, сол арқылы сынаптың минискасын көруге болады.
Түтіктегі сызықтарды пайдаланып қысымды санайды, ол мм немесе мб сынап бағанасмен өлшенеді. Ондық бөлшектерін анықтау үшін қозғалмалы нониусты пайдаланады. Барометрдің қапталында термометр болады.
Есепке алу:
а) Ауаның температурасын анықтайды;

ә) Сынап менискісі дұрыс жағдайда болу үшін жаймен барометрдің қорабын қозғалтады;


б) нониусты менисканың жоғары жағын апарып, сонан кейін барометрдің көрсеткішін 0,1 мб дәлдікке дейін алу керек.

2. Барометр-анероид. Ауасы шығарылған мембранасы бар қорапшадан тұрады. Қорап ішіндегі серіппе оны жабысып қалудан сақтап тұрады. Ауаның қысымы көбейген сайын, жоғары мембрана қорапшаның ішіне қарай қысылады, ал қысымы азайса мембрана көтеріледі. Бұның көтерілуі серіппенің әсерінен болады. Қысымның өзгеруі шкала тілінің һзгеруінен белгілі болады. Әрбір бөліктің өлшемі – 0,5 мм. Шкалада 600 мм ден 800 мм дейін сынап бағанасы көрсетілген.


Орналастыру: егіс даласында және лаборатория жағдайында кһлбеу бағытта орналастырады.
Есеп алу: а) анероидтан термометр арқылы температураны анықтайды;
ә) жаймен қозғалтып тілінің тұрған жерін анықтайды.


3. Барограф.Атмосфералық қысымды үзіліссіз жазып анықтайтынаспап.Ол қабылдағыш, жеткізуші, тіркеу бөлімінен және қорабынан тұрады.
1. Қабылдағыш бөлімі бір-бірімен байланыстырылған анероид қорабынан тұрады.
2. Жеткізуші бөлімі рычвгтардан және жазатын перосы бар стрелкадан тұрады.
3. Тіркеуші бөлім – бұл сағам механизмі бар барабаннан тұрады. Барабанға ауаның қысымы көрсетілген лента оралған.
Барогрофтың лентасының термографтың лентасынан айырмашылығы – бұндағы көлбеу сызықтар қысымның (мб) өзгеруін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет