Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, негізгі, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе: Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Қазақтың сәндік - қолданбалы өнерінің ішінде ерекше көзге түсетін және өзіндік нақышқа толы түрі - бұл ши тоқу өнері.
Негізгі бөлім: Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар – ақ ши, ораулы ши және шым ши. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл аталғандардың әрқайсысы өз-өз орнымен қолданылады.
Қорытынды: Қазақтың ұлттық өнері ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын,сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. Оның қай-қайсымыздың болса да ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны хақ.
Зерттеу нәтижесі: Ғылыми көзқарастарға талдау жасау, тиімді жақтарын қолдану.
«АШЫЛМАҒАН СЫРЫ КӨП АСЫЛ ӨНЕР»
Жоспар:
Кіріспе
І. Қазақ қолөнерінің ерекше түрі - ши тоқу өнері.
1.1. Ши тоқу өнерінің даму тарихы.
1.2. Ши тоқуға қажетті шикізаттар, құрал-жабдықтар.
ІІ. Ашылмаған сыры көп асыл өнер.
2.1. Ши түрлері.
2.2. Шеберлікпен өрілген-ши тоқу өнері.
2.3. Ғасырлар таңбасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Қазақ қолөнері сонау ескі заман тарихымен өсіп біте қайнап келе жатқан бай қазына. Яғни, «қазақ» деген ұғым пайда болғаннан бастап ғана емес б.з.д. өмір сүрген «ғұндар мен сақ» тайпасынан келе жатқан рухани дәстүр. Қазақ халқының қолөнері ол көнеден келе жатқан мұра, өнегелі дәстүрі бар өзіндік ерекшелігі мол байырғы өнер. Қазақ ою-өрнектеріне жақын сарынды біз көне сақ, скиф салтының өнерінен көреміз. XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері кең өріс алды. «Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол», «Халықты өнер танытады» деген мақалдар осы өнер молшылығынан туған. Осы ғасырларда қолөнер ішінде кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу өріс алды. Кестелердің түр-түрін кестелеп, кыз балалар өзінің сүйгеніне тарту еткен. XIX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің толассыз даму нәтижесінде айтарлықтай жоғары деңгейге көтерліп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов сияқты қазақ зиялылары халық өмірін этнографиялық тұрғыда қарастырып, бір қатар деректер жазды. Ол еңбектерде қазақ қолөнері туралы біраз деректер беріліді. 1917 жылдан кейінгі қазақ өмірін этнографиялық түрде зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңде жалпы қазақ. өмірін зерттеумен, қолөнер туралы деректер жинау, Қазақстанды зерттеу қоғамның үлесіне тиді.
Қазақы қолөнердің негізі табиғаттың дәлме-дәл көшірмесі болып табылады. Талай ғасырлар бойы іздене, үйрене жүріп, қолөнерін дамытқан қазақ айналасындағы тіршіліктің суреттерін өзіне үнемі үлгі етті, себебі, адамның өзі де табиғаттың бір бөлшегі екендігі белгілі. Сонау ең алғашқы тайпалардан бас-талған мыңдаған жылдардан тұратын адами ғұмырда қазақтардың көз алдында ұшқан құс, жүгірген аң, түрліше жан-жануарлардың сансыз түрлері өтті. Бір таулар мен өзен-көлдер пайда болып, ендігі бірісі жоғалып кетіп жатты. Ауа - райы да адам өміріне ықпал етіп отырды. Заңғар биік таулар мен жасыл жапырақты ормандардың сұңғыла көрінісі, жаныңды қуантатын жайқалған гүлдер, көзіңді де, көңіліңді де ғажайып сұлулыққа бөлейтін құс төресі – кербез аққу, ақиық сұңқар, әнші бұлбұл, ботаның көзіндей боп мөлдіреген сұлу көлдер мен сарқырай аққан өзендер қазақтардың да өмір тіршілігіне әдемі әсер етті. Сұлу табиғат біздің бабаларымыздың эстетикалық танымын кеңінен молайтты және тағылымды талғамын арттыра түсті. Сөйтіп, өзінің тұрмысы мен кәсібінде осыларды көшіріп алуға тырысты.
Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саалатын қолөнерінің шығу тарихы мен сан түлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан жасалу жолдары туралы мәлісеттер халқымыздың мақтанышы болған Ә.Ғ.Марғұлан, М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, Т.К.Басенов, Ө.Жінібеков, С.Қасимаов,К.Әмірғазиндердің зерттеу еңбектерінде көп орын алған. Қазақтың сәндік - қолданбалы өнерінің ішінде ерекше көзге түсетін және өзіндік нақышқа толы түрі - бұл ши тоқу өнері.
Достарыңызбен бөлісу: |