2.3. Ғасырлар таңбасы
Ұсынып отырған жұмысымды дайындау үшін дайын болған А4 көлеміндегі жобамызды қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуы бойынша үлкейтіп аламыз. А1 көлемінде жасалған жобамызды түрлі-түсті жіптермен ажыратып тоқи бастаймыз. Мынандай станокта тоқимыз, ол студенттердің алып журуіне, сурет салуына пайдалы, өте тиімді. Шиімізді тоқып бітіп, жіптерді кесіп алғаннан кейін мына планшетімізге сурет салсақ та болады, осы арқау жіптерімізді кереміз, арқау жіптеріміз астыңғысы ұрғашы, үстіңгісі еркек жіп деп аталады. Ұрғашы, еркек жіптерді бір-бірімен байланыстыру арқылы біздің тоқып жатқан шым шиіміз пайда болады.
Тоқылып болған өрнекті, сюжетке бай бұйымды арнайы рамкаға саламыз. Тоқымашының бай қиялы басталған жұмыстың жоғары сапада аяқталуына жол ашады. Бір түбірде өрбіп, тұқым арқылы өсетін шидің биіктігі 80-250см аралығында болады. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, дәні піседі. Шиден қағаз жасауға, ыстық суға салып, талшық алуға болады. Қыста мал жайылуға ыңғайлы, ағаш жоқ жерде отқа жағады. Жаңбыр жауып түбі ылғалданған кез - ши тартуға ең оңтайлы, орайлы сәт, сондай-ақ шидің кең таралған бірнеше түрі бар.
Тоқылған шидің көлемді түрі киіз үйдің керегесін айналдыра ұсталауға қолданылады. Шаң өткізбейтін, даланың таза ауасын кедергісіз ішке енгізетін шым ши әдемі ою-өрнектермен айшықталып, көрген жанның көңілін көтереді, ши ұсталған үйдің іші тамаша демалыс орны. Ал арнайы жасалған «асхана шидің» аржағында азық-түлік пен шаруашылыққа қажет бұйымдар тұрады. Бүгінде киіз үйді қолданатындардың азаюына байланысты, ши тоқу мен ондағы қажеттілік те өзгеруде.
Тоқылған шидің тағы бір түрі өренің үстіне жайылатын құрттың астына төселеді, жібекпен оралған шым ши болса, киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі. Әр жерінен аралатып оралған ши - орама ши, ал шым ши тоқу өнерінде кездесетін жекелеген және тұтас ою нысанын шаршы ою дейді. Оған геометриялық ою-өрнектер түсіріледі. Оны жүзіктеу деп атайды. Алты шаршыдан кейін екі жағына шыбық ши, одан кейін алақан ши жалғасады. Дегенмен өнердің өміршеңдігі мен сәтті туынды - тоқымашының қажырлы еңбегі, шеберлігі мен ынтасына байланысты.
Халқымыз ши тоқудың қарапайым тәсілдерін қоланып келеді. Шиден аяқ қап, қазақ жапқыш, қорамсақ, терезе жапқыш, қар ұстағыш, төсеніш, т,б күнделікті өмірге аса қажет көптеген заттарды жасауға болады.
Ғылым, техниканың дамуына байланысты, ши тоқудың технологиясы да барынша жеңілдей түсті. Сондықтан осы өнерді жаңа қырынан танып, үйренуге, іске асыруға
ниетті жаңа ұрпақ өсіп келеді.
Тоқыманың шиден өзге жүннен тоқылатын кең қолданысқа ие бірнеше түрі бар. Олар: алаша, басқұр, желбау, таңғыш. Әсіресе жүннен тоқылатын бұйымдарға деген қызығушылық тым жоғары. Өйткені ол табиғи, таза өнім. Ол үшін алдымен қырқылып алынған жүнді тазалап, шираған жіпке айналдырамыз.
Бұл тоқымаға қажетті жіпті қарапайым қазақы тәсілмен иіріп дайындау барысы. Ары қарай ширап, өлшемге лайықталған жіппен керекті бұйым тоқу жұмысы жалғасады.
Өнердің өрісін кеңейте түсудің бір жолы – жоғары, орта, арнаулы оқу орындарында сала бойынша кәсіби маман даярлау. Ал білім алып, тәжірбие жинаған тоқымашылар өз білгендерін кейінгі ұрпаққа үйретіп, аманаттайды. Өнердегі сабақтастық дегеніміз міне осы.
«Батыр адам қорқақты сүймес, шебер адам шорқақты сүймес». Ендеше шын шебері, майталман маманы бар тоқыма өнерінің ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа түпкі мәнін жоймай жалғаса, жандандана түсетіні даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |