6. Талдамалы жазба хат
Ауданымызда 2015 жылдың 1 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 10182 адамды құрап, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 24 адам болып, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,2 пайыз (24*100/101825=0,2%).
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту» Заңды басшылыққа ала отырып жоспаға сәйкес ауданда 2014 жылы 300 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланғанымен 335 жаңа жұмыс орыны ашылып жылдық жоспар 111,6 пайызға орындалды.
2014 ж. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 895 адам жұмыс сұрап жүгінді, оның 211 адамы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жүгініп, барлығы 456 адам жүмыспен қамтылылды, жылдық жоспар бойынша 250 адамды жұмыспен қамту жоспарпланған болатын, жоспар 182,4 пайызға орындалып, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтінгендердің санынан жұмыспен қамтамасыз етілгендердің үлесі 67 пайызды құрады.
Мәдениет
1.Мақсатқа жету
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2014 жылдың
жоспары
|
Факт
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік сала.
|
Мақсат 9. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту
|
16
|
Нысаналы индикатор
Халықтың мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейі
|
%
|
64
|
64,6
|
Мәдениет саласы қызметінің сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейі 64,6 пайызды құрап отыр. Облыстық әлеуметтік зерттеулер есебі бойынша
|
Міндет 1. Мәдениет саласындағы қызмет көрсетуге сұранысты арттыру және сала инфрақұрылымын дамыту
|
|
16.1
|
Мәдениет пен өнер мекемелеріне келетін адамдардың саны (оның ішінде бұқаралық шараларға келушілер)
|
мың адам
|
339
|
411,6
|
Аудан бойынша 2013жылда мәдениет және өнер мекемелеріне келген көрермен саны 411,6 адам болып, жылдық жоспардың 121,4 пайызға орындалып отыр. Мәдени көпшілік шаралар саны 2774, оның ішінде ауд.мәдениет үйінде 2690, мәдениет және демалыс орталығында 61, Ш.Берсиев ат.ауд.өнер және өлке тарихы музейінде 23 іс-шара өткізілген.
|
|
16.2
|
Сандық форматтағы мәдениет саласы қызметін пайдаланушылар саны
|
мың адам
|
0
|
0
|
Мәдениет саласы қызметі сандық форматқа қосылмаған.
|
2.Іс-шараларды орындау
№
|
Іс-шаралар
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Мақсат 9. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту
|
|
Міндет 1. Мәдениет саласындағы қызмет көрсетуге сұранысты арттыру және сала инфрақұрылымын дамыту
|
1
|
Аудан мұражайын жаңа экспонаттармен толықтыру
|
ақпарат
|
МжТДБ
Және Ш.Берсиев атындағы Ойыл өнер және өлке тарихы музейі
|
2014 ж
|
205 экспонат түсті. Сатып алынғаны-4. Сатып алынған экспонаттар құны-232,0 мың теңге
|
2
|
Әлеуметтік-маңызы бар мәдени-бұқаралық іс-шаралар, фестивальдер, байқаулар өткізу
|
ақпарат
|
МжТДБ
|
2014 ж
|
2014 жылы барлық мәдени-көпшілік шаралар саны-3305.
Оған қатысушылар саны-411639, соның ішінде аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда-269690, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы-28560, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, балалар кітапханасы және ауылдық кітапханаларда-109248, Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінде-4141.
|
3
|
Шығармашыл ұжымдардың, орындаушы -жас дарындардың облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысуы, "аудан күнін" ұйымдастыру.
|
ақпарат
|
МжТДБ
|
2014 ж
|
27 облыстық, аймақтық, республикалық байқауға ұжымдағы адам санын қосқанда 91 үміткер қатынасты. 4 Республикалық байқауға -6 үміткер, 2 аймақтық байқауға-7 үміткер, 21 облыстық байқауға-78 үміткер қатынасты.
Қобда, Мартөк аудандарына, Егіндібұлақ ауылына, ауылдық мекендерге гастрольдер саны-31
Е.Махметов 2015жылы Чехияда өтетін халықарлық байқауға қатысуға жолдамаға ие болды.
|
4
|
Ауылдық кітапханаларды модернизациялау, кітапханалардың кітап қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру, сандық форматқа аудару
|
ақпарат
|
МжТДБ
|
2014 ж
|
2014 жылдын желтоқсан айындаАқжар селолық кітапханасы жаңа үлгідегі модельді кітапхана болып ашылды.
Облыстық кітапханадан 7121,1 мың теңгеге 6507 дана жаңа кітаптар берілді
|
5
|
Ойыл аудандық балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу
|
ақпарат
|
МжТДБ
|
2014 ж
|
Ойыл аудандық балалар кітапханасы күрделі жөндеуден өткізілді
|
6
|
Ойыл ауылындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу
|
ақпарат
|
МжТДБ
|
2014 ж
|
Ойыл ауылындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін 881,2 мың тенгеге ЖСК дайындалды, күрделі жөндеу жұмыстары 2015жылға жоспарланған
|
3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау.
Нысаналы индикаторлардың / нәтиже көрсеткіштерінің атауы
|
Бірлесіп орындаушы орган
|
Өзара іс-қимылды талдау
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
4.Сыртқы әсерді талдау
Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/ нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу әсері
|
Қабылданған шаралар
|
1
|
2
|
|
|
5. Қаржылық қаражаттарды игеру
Қаржыландыру көзі
|
Жоспар,
млн. тенге
|
Нақты , млн. тенге
|
Пайдаланбау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
ЖБ
|
10,4
|
10,4
|
Материалдық техникалық базаны нығайту үшін бөлінді. Онын ішінде мәдениет үйіне 2,6 млн.теңге, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығына 5,6 млн.теңге,кітапханаға 2,2 млн.теңге
|
ОБ
|
3,2
|
3,2
|
1.Берсиев ауылдық клубын ағымдағы жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ дайындауға 0,75 млн.теңге 2.Ойыл ауылындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындауға-0,88 млн тенге
3. Ойыл аудандық балалар кітапханасын күрделі жөндеуден өткізу-1,3 млн.теңге
4.Аудан мұражайын жаңа экспонаттармен толықтыру-0,23 млн.теңге
|
РБ
|
26,7
|
26,7
|
Ойыл аудандық балалар кітапханасы күрделі жөндеуден өткізілді
|
Жиыны
|
40,3
|
40,3
|
|
6. Талдамалы жазба хат
Аудан халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттанушылық деңгейін 64 пайызға жеткізу жоспарланып , 64,6 пайызға орындалған
Мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсететін келушілер саны (оның ішінде бұқаралық шараларға келушілер) 2014 жылға жоспарланған саны 339 мың адам орындалғаны-411,6 мың адам.
Сандық форматтағы мәдениет саласы қызметін пайдаланушылар саны жоспарланбаған .
Аудандық мәдениет үйі бойынша Саралжын ауылдық клубында «Туған жер тұғырың» атты кеш өткізілді.Қараой ауылдық клубында «Жан жылуы» атты акция болып өтті. Сапақкөл ауылдық клубында Ш.Қалдаяқовтың «Әнім сен едің» атты концерт болып өтті.Қаракемер ауылдық клубында «Елім менің» атты байқау өткізілді.Ақпан айында Құмжарған ауылдық клубында «Мен, өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мектеп оқушылары арасында поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Көсембай ауылдық клубында «Ақиық ақын-Мұқағалиға» арналған кеш өткізілді. Саралжын ауылдық клубында «Біздің көшенің тұрғындары» атты сайыс болып өтті.Наурыз айында аудандық мәдениет үйі 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Анамен әсем,бар әлем» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Көптоғай ауылдық клубында «Сыйынар ем, ана деген тәңірге», Тайсойған,Құмжарған,Қарасу ауылдық клубында «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» , Ақжар ауылдық клубында «Ардақты ана,қымбатты ана,аяулым» атты мерекелік концерттер ұйымдастырып аналарды төл мерекелерімен құттықтады. 22 Наурыз - Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда «Бақ берекем, құт мерекем - Әз наурыз» атты көпшілік мәдени шара болып өтті.
Шілде айында Астана күніне орай аудан орталығында«Астана- айбынды ақ ордам» атты концерт өткізіліп,ауылдық округтерде «Астана күні» кең көлемде атап өтілді.Шара барысында Сарыарқа төрінен бой көтерген еліміздің бас қаласы туралы терең түсінік беріліп, әсемде, көркем жерлері ауыл тұрғындарына кеңінен насихатталып, таныстырылды. Қыркүйек айында «Белсенді өмір- жүз жастық ғұмыр!»атты ұранымен «Денсаулық фестивалі- 2014» акциясы өткізілді. Қазан айында Аудандық мәдениет үйінде қарттар күніне орай аудан әкімінің қатысуымен «Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-сау жүрші» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Қараша айында аудандық мәдениет үйінде төл теңге күніне орай « Қарыштай бер алтын теңге » атты мерекелік шара өткізілді. Ақжар, Ақкемер, Ақшатау, Берсиев, Қаракемер, Қараой, Көсембай, Саралжын, Шұбарши, Құмжарған, Тайсойған, ауылдық клубтарында «Ұлттық теңге мақтанышым», «Ұлттық валюта» тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен «Күзгі балл», «Күз – береке, күз - мереке» тақырыптарында дәстүрлі күзгі балл байқауы ұйымдастырылды.Желтоқсан айында мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Егемен елдің кемеңгер басшысы», «Ел тірегі - Ел намысы», «Ел ертеңін ойлаған елбасы», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Елбасымен біргеміз» тақырыптарында мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылса, Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім», «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған», «Ар-намысым, айбыным - Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік және жастар», «Тәуелсіздік туы желбіре», «Желтоқсан жаңғырығы», «Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын», «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік» тақырыптарында салтанатты жиындар мен концерттік бағдарламалар өткізілді. Ауылдық клубтарда «Төрле, құтты Жаңа жыл», «Жаңа жыл құтты болсын», «Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл» «Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке», «Жаңа жыл – жаңа бақыт» атты ертеңгіліктер мен жастарға арналған карнавалдық кештер, аудан тұрғындарына арналған «Көгілдір от» думан кеші мен Жаңа жылдық шеру ұйымдастырылды. Мәдени шаралардың барлығы ақылы қызметтің қаржысынан өткізілді.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы 23 қаңтарда аудандағы өнерпаздармен кездесіп, аудандық мәдениет үйінде «Өнерпаздар аламаны» шоу бағдарламасы өтті. 29 қаңтарда аудан мектептерінің 9-10 класс оқушылармен «Жылқы –малдың патшасы»жаңа жылдық сыр шерту кеші өтті. 14 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан құрамынан шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Мен Отаныма қызмет етемін» атты әскери-патриоттық кеш өтті. 20 ақпанда «Жас ғалым-2014» аудандық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Елбасы Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында 27 ақпанда «Мәңгілік ел» акциясы өткізілді Шілде айында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Кім шапшаң» велосипед жарысы өтті. Қыркүйек айында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, «Ана тілім- ата-баба мұрасы» атты жыр мүшәйрасы өтті. 13 наурызда «Көкжар» мешітінің имамы Е.Датқабаевпен мектеп оқушыларының сыр сұхбат кеші өтті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні «Көгілдір от» думанды кеші өтті. 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне байланысты 20 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» Шернияз көшесінің тұрғындарымен Наурыз той өтті. Сонымен қатар кешке тұрғындар мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатынасты. «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі жандар клубының ашылуы өтті.Өнерпаздар мен «Жасампаз» жастар клубның мүшелері өз өнерлерін көрсетті. 1 сәуір күлкі күніне орай «Күлеміз бе, қайтеміз?» атты байқау өтті «Алтын буын» озаттар, республикалық, облыстық шаралардың жеңімпаздарымен кездесу кеші өтті. Аудандағы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында «Тіл –халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы қазақ білгірлерінің аудандық байқауы өтті. 8 сәуірде «Замандас» зейнеткерлер клубының семинары өткізіліп, «Ақ әже» байқауы ұйымдастырылды. 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұлт бірлігі –ұлы байлық» атты мәден шара өтті. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай орталық саябақта «Ерліктің жыры- елдіктің ескерткіші» атты мәдени шара өтті. 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсы аясында үлгілі отбасылармен кездесу кеші өтті. 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай орталық саябақта «Тарихқа толы туған жер» атты еске алу сағаты өтті. 4 маусым Рәміздер күніне орай «Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым» атты патриоттық сайыс өтті. Маусым айында мүмкіндігі шектеулі балалармен «Сөзмерген» сайысы өтті. 6 шілде Астана күніне орай «Ғажайып Астана» асфальтта сурет салу байқауы өтті. 30 тамыз Конституция күніне орай «Заңды білген жоғалмайды» тақырыбында заң саласы қызметкерлерімен сыр сұхбат өтті. Отбасы күніне байланысты «Отбасы- тәрбиенің ұясы» атты кеш өтті. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен «Мейірімді іс» акциясы негізінде 27-29-31 қазан күндері «Мәдени мұрамызды дәріптейік!» тақырыбында экскурсия өтті. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай орталық саябақта «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты президенттік көпсайыс өтті. Тәуелсіздік күніне байланысты «Желтоқсан- тәуелсіздік бастауы» атты поэзия кеші өтіп, 150 көрермен, «Жасасын, Тәуелсіз Қазақстан!» атты би сайысы ұйымдастырылып, 100 көрермен қамтылды.
Мәдени шаралардың барлығы ақылы қызметтің қаржысынан өткізілді.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша:« :«Қазақ бейнелеу өнерінің нар тұлғасы -Қастеев» атты ауызша журнал, «Ән сұңқары -Ғарекең» әдеби сазды кеш, І. Жансүгірговтың 120 жылдығына «Халықтың ән жырын сүйген ақын» атты әдеби жыр кеші, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Жан жылуы сіздер үшін» атты мерекелік кеш, «Бір ел-бір кітап» акция негінде «Қазақы әңгіменің хас шебері» атты оқырмандар конференциясы, «Үш бәйтерек – 120 жаста» атты әдеби кеш, «Оқитын өлке» акциясы аясында «Табиғатымен тамырлар жазушы» атты оқырмандар конференциясы, «Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқулары байқауы, «Мәдени жаңғырту жүйесіндегі ауыл кітапханасының жаңа келбетін қалыптастыру уақыт талабы» зерделі кеңес, «Қатер қайдан демеңіз немесе экстремизим және терроризм» атты тақырыптық кеш, Р. Сыздықованың 90 жылдығына арналған «Ана тілінің абыз анасы» атты әдеби қонақжай, «Күй тәңірі Қазанғап» атты әдеби сазды кеш, «Туым намыс, ұраным –бірлік, рәміздерім-мақтанышым» атты тақырыпты шара, «Арман қала Астана» атты жастар мүшәйрасы. «Нұр ағанының -нұрлы жолы» атты тақырыптық кеш, «Елім деген жанымды ұқ!» атты жастар арасында жыр мүшәйрасы. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты ойын -сайыс.
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі бойынша: Дөңгелек үстел басындағы кездесулер: Аудандық электр желісі қызметкерлері арасында «Үкіметке АЭС не үшін қажет ?», «Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері және қорғауды қамтамасыз ету жолдары», «Діни ағарту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі», «Әлемдік қоғамдастық таныған ел», «Заңды білу – заман талабы» атты кездесулер.
Мемлекеттік мерекелерді тойлауға арналған іс-шаралар және салтанатты концерттер:
«Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты келіндер сайысы, «Жаса, Наурыз, дәстүрлі» атты этнографиялық кеш, «Ұлыстың Ұлы күні», «Бақ ұясы – ынтымақ» атты танымдық кеші,Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші» және «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты тарихи – танымдық кеші, «Жан шуағы» атты қайырымдылық акциясы, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты байқау, «Ұлы Жібек жолымен Жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» атты Республикалық этнофестиваль, Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықованың туғанына 90 жыл толуына орай «Ана тіліміздің академигі» атты танымдық бағыттағы кеш, «Теңгемен танылған елміз» атты сайыс, Ғалым, филология ғылымының докторы, жерлесіміз Әнуар Дербісалиннің туғанына 85 жылдығына арналған тарихи танымдық кеш, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ақындардың қаламынан шыққан өлеңдерді оқудан «Біздің Елбасы» атты жыр сайыс, Ғалым, эпидемиолог – дәрігер , медицина ғылымдарының докторы Ишанбай Қарағұловтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Ғибраты мол ғұмыр» атты тарихи-танымдық кеш, «Ел тәуелсіздігі- халық бақыты» атты тарихи-танымдық кеш.
Әуесқой шығармашыл ұжымдардың, орындаушы – жас дарындардың облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға, фестивальдерге қатысуы, аудан мекемелері мен ұжымдарының өзара тәжірибе алмасу гастрольдерін, «аудан күнін» ұйымдастыру.
Облыстық деңгейде «Ұлы Жібек жолында жаңғырғын Көкжар жәрмеңкесі» этнофестивалі болып өтті.Көкжар жеріне «Құрманғазы» оркестрі келіп,тойдың тұсауын кесті. Фестиваль аясында облыс аудандары өнерпаздарының «Барқыннан ескен самал әуен» атты концерттік бағдарламасымен аяқталды. Халықтық «Ақ әже» ансамблі, үлгілі «Әсем» би ансамблі мен халықтық «Көкжар жұлдыздары» вокалдық топтарының концерттік жаңа бағдарламалары болып өтті.
Ақтөбе қаласында өткен «Ғажайып балалық» облыстық балалар би фестивалінде «Ең үздік би ұжымы» атағымен «Әсем» үлгілі би ансамблі марапатталды. Махметов Ермұханбет «Жас дәурен -2014» жастар мен студенттер байқауы «Бас жүлде», Ақтөбе қаласының 145жылдығына арналған «Туған жер» Б.Тәжібаев әндерін орындаушылар байқауынан «Бас жүлде», Ұлттық жастар делфиінің І орын иегері. Берікұлы Сәбит «Жас дәурен -2014» жастар мен студенттер байқауы ІІ орын иегері. Облыстық «Жас дәурен -2014» байқауында Қарсақбаева Сандуғаш, Сағынов Нұрлыаддин, Амантұров Ербол «Дипломант» атанды. Махметовтар отбасылық ансамблі Аймақтық «Отаным- отбасым» атты отбасылық ансамбльдер байқауының ІІ орын иегері. Облыстық «Балдәурен -2014» балалар байқауында «Маржан» би тобы І орын, Серікқалиева Анаргүл ІІІ орын, Отарова Злиха ІІІ орын, Төреханова Миранда «Дипломант» атанды. «Еліміздің көк байрағын көтерер, жастарымыздың ел намысын жетелер» Черлидинг чемпионатында «Жасстарс» тобы ІІ және ІІІ орынды иеленді. І.Жақанов әндерін орындаушылардың «Еділ мен Жайық» халықаралық фестивалінде халықтық «Көкжар жұлдыздары» вокалдық тобы «Дипломант» атағына ие болды. Асанғалиев Артур «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер фестивалінде ІІІорын, Сатыбалдина Самал «Телқоңыр» Ақтан Керейұлы атындағы термешілер байқауында ІІорын, Берікұлы Сәбит «Сағыныш саздары» ретро- әндерінің облыстық фестивалінде «Көрермен көзайымы» атағына ие болды. Қандыағаш қаласында өткен «Айырық айшықтары» вокалды топтар байқауына Махметов Ермұханбет пен Ұзақбаев Мырзабек қатынасып, бас жүлде иегері атанды. Облыстық деңгейде «Ұлы Жібек жолында жаңғырғын Көкжар жәрмеңкесі» этнофестивалінен
Ойыл ауданы бас жүлдеге ие болды. Тараз қаласында өткен Республикалық V «Созвездие талантов» фестивалінде Ермұханбет Махметов І орынға ие болып, 2015 жылы сәуір айында Чехияда өтетін конкурсқа шақырылып отыр. Ақтөбе қаласының 145 жылдығы қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Елбасына арналып жазылған әндерді орындаушылар облыстық байқауына Берікұлы Сәбит қатынасып «Алғыс хатпен» марапатталды. Халықтық «Ақ әже» ансамблі облыстық «Әжелер ән салады» байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Еңбек пен өнер егіз» атты облыстық тігіншілер байқауында Өткелбаева Әлия ІІІ орынға ие болды.
Көршілес Қобда,Мартөк аудандарына,Егіндібұлақ елді мекеніне және ауданымыздың елді мекеніндерінде жылына 2реттен халықтық «Шаншу» әзіл сықақ театрының концерттік бағдарламасымен гастрольдік сапарда болды
Достарыңызбен бөлісу: |