382
зерттеген. М.И. Лисина [6]зерттеуіне сүйенсек, жасөспірімдер 14 -15 жасқа
өткенде ата-
аналарына деген қарым-қатынасы өзгере бастайды. Көбіне агрессиялық мінез- құлық пайда
болады, ата-аналарының сөзіне құлақ аспау көптеп білінеді деген қорытынды жасаған
болатын.
Ф. Райс көзқарасы бойынша, ата-анасының қолдауы бала үшін өте қажет болып
табылады деген тұжырым жасаған болатын. Отандық ғалымдардың ішінде жас ерекшелік
психологиясы Н.С. Жұбаназарова секілді авторлардын еңбегінде қарастырылған [7].
Өзіміз білетіндей, бала дамуының əр түрлі
кезеңдерде өзара ауысуы, əдетте, өте
қарқынды əрі шұғыл түрде жүреді. Мұнда, үлкендер мен балалардың өзара қарым-
қатынасында қиыншылықтардың бар екенін көреміз. Соның ішінде, балалардың дербестік
танытуының ұлғаюы мен өздерінің құқығын қоғауы жолындағы агрессиялық мінезді алуға
болады. Бұл өтпелі кезеңдер психологияда дағдарысты деп аталады.
Жалпы алғанда, бала псхологиясында негізгі төрт дағдарысты кезеңдерді байқауға
болады. Олар:
-Бір жастағы дағдарыс (бөбек кезден балалық шақтың ерте кезіне өту);
-Үш жас дағдарысы (балалық шақтың ерте кезінен мектеп жасына дейінгі кезге өтуі);
-Жеті жас дағдарысы (мектеп жасына дейінгі кезден төменгі сынып жасына дейін);
-Жасөспірімдік дағдарыс (12-16 жас аралығы).
Бір қалыпты жасқа қарағанда дағдарысты жаста баланың психологиясы мен іс- əрекетіде
жарқын əрі жылдам өзгерістер байқалады. Бұл сатыларда
даму эволюциялық емес,
ревалюциялық жолмен іске асырылады.
Адамның 11 жастан 14 жасқа дейінгі даму сатысын психологияда дəстүрлі түрде
жасөспірімдік, сондай - ақ өтпелі, қиын, ауыспалы жас деп атайды. Бұл жасты көптеген
көрнекті ғалымдар зерттеген, жасөспірім психологиясына арналған əдебиет көп кездеседі
[2,89].
Жасөспірімдік шақтын психологиясында алатын орны ерекше. Онын маңыздылығы, ең
алдымен, көлемді практикалык мəнімен анықталады;
екіншіден, дəл осы шақта адамдағы
биологиялық жəне əлеуметтік қатынастар мəселесі анық байкалады; үшіншіден, жасөспірім
«жас» түсінігінің əр жақтылығы мен күрделілігінін мысалы бола алады.
Бала қашан жасөспірімге, жасөспірім - бозбалаға, бозбала – ержеткен адамға айналады?
Сұрак түсінікті: ешкім 12жастағыны бозбала деп, 20 жастағыны жасөспірім деп айта алмайды.
Бірақ, 14-18 жастағыға осы екі атауды да қолданады, жəне бұл бекер емес. Балалық шақтан
ересектікке өту шегі шартты түрде жүреді. Жастық категория көп жерлерде жас пен
биологиялық даму дəрежесін емес, адамның əлеуметтік мəртебесі мен қоғамдағы орнын
білдіреді. Казіргі кезде жасөспірімділік кез деп 11-ден 15-16 жас аралықтарын айтады. Л.С.
Выготскийдің ойынша, жасөспірімдік кезен екі кезеңнен тұрады[4,47б.]:
-табиғи - жыныстық жетілуді қоса алғандағы ағзадағы биологиялык жетілу процесі;
-əлеуметтік - қарым-катынас, тəрбие, əлеуметтендіру процесі.
Бұл процестер өзара байланысты болғанымен, синхронды емес.
Əр баладағы физикалык жəне психикалык даму əр түрлі қаркында болды (бір бала 14-15
жасында үлкен көрініп, ал басқа бала кішіболып көрінеді);
-жекелеген биологиялык жүйелер мен психиканың жетілуіндеішкі диспропорциялар
болады;
-физикалык есеюге сəйкес келмейтін əлеуметтік есею байкалады (əлеуметтік
қалыптасудың жетілуі, мамандық алу, экономикалық дербестік жəне азаматтық тұрғыда өзін-
өзін анықтауға қарағанда физикалық жетілуі жылдам жүреді).
Көбіне осы жасөспірімдік шақта құрдастарына еліктеу байқалып жататын кезең болып
келеді. Жасөспірім шақта ата-аналар баласымен жақсы қарым-қатынас орнатуы маңызды
болып табылады.
Жасөспірімдік шақта кейбір ата-аналар
балаларының мінездері тым ауыр, агрессивті
болып кеткеніне шағымданады. Жасөспірімдерде “мен өзім білем, өзім шешім қабылдаймын”-
деген сөздерді де көп айтып жатады.
Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас тең
383
емес. Көптеген ата-аналар өз балаларын басқаруға үйреніп, балаларының өз ойы пайда болып,
ата-аналарының сөзіне қарсы шыға бастағанда, ата-аналарының бой сұнуы қиындай түседі .
Бұндағы, ата-аналарының үлкен қателігіне балаларын өздеріне бағындырып ұстағысы
келетінінде екенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, ата-ана мен жасөспірімдік шақтағы бала арасыдағы қарым-қатынаста
конфликті жағдайдар көбіне ата-анасының шектен тыс бақылауы мен сабағының
нашарлауынан, дос таңдаудағы ата-анасының қарсы келуінен болып тұралы. Ата-ананың
шектен тыс жасөспірімге автаритарлы тəрби беруі- баланың ары қарай психологиялық жəне
əлеуметтік жетілуіне кедергісін келтіреді.
Ал, егерде балаға тым қатыгездік танытып не болмаса көңіл бөлінбесе, жасөспірімдік
шақта оның бəрі балаға ауыр тиеді. Ол өзін артық сезінуі немесе
өзін тек жамандық алып
келемін деген ой қалыптасу мүмкін .
Жасөспірім шақта- бала өз құрдастарымен жүрсем, өзім шешім қабылдап, өз өміріме
толыққанды өзім жауап берем деген ойда болады. Ата- аналарының титтей болсын өмірлеріне
араласуы олар үшін үлкен реніш тудырады.
Ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынаста негізгі мəселе- ата-анасы баланың ішкі
жан дүниесін түсінбеуі. Сенім, құрмет, түсіністік, махаббат – бұл ата-аналармен жасөспірім
арасындағы қарым-қатынаста болу керек.
Сонымен, ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынас қазіргі таңда психологияда
көңіл бөлерлік жағдай болып отыр. Дəл осы жасөспірімдік шақта ата-ана мен бала арасында
жаңжалдар туындайды. Бұл жас кезеңінде - ата-анаға да ,балаға да оңай тимейді. Ата-аналар
мен балалар арасында туындайтын шиеленіс- ересектердің жасөспіріммен қарым-қатынас
орната алмауынан болып тұрады. Бұл сұрақ алғаш рет жасөспірім кезеңінде байыпты түрде
туындайды жəне ата-аналар мен балалар арасында қақтығыстар болуына алып келеді.
Əдебиет
1. Баймолдина Л., Екзекова С. Қарым қатынастың бала психологиясына əсері // Жантану мəселелері №2
/2010. - 3-6 б.
2. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста//Вопр.психол.1996. №1.
3. Цукерман Г.А. Психология саморазвития: задача для подростков и их педагогов.-М.,1990.
4. Выготский Л.С.Собр. Соч.:В 6-и т. Т-4.-М,1984.
5. Эльконин Б.Д. Введение в психологию развитию.-М, 1994.
6. Лисина М.И. Общение,личность и психика ребенка.-М, 1996.
7. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.- 354
б.
Достарыңызбен бөлісу: