Алиева Д.Қ., Болтаева А.М., Садықова Н.М.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ,
Əл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті)
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттік аттестаттау мектептегі ең стресстік жағдай болып табылады, себебі ол
университетке түсу жəне ересек өмірдің барлық жоспарларын жүзеге асыру нəтижеге
байланысты болады. Орта мектептегі емтихан жылдары оқушылар үшін өміріндегі ең қиын
жылдар болуы мүмкін жəне бұл стресс пен мазасыздықты тудыратыны сөзсіз. Оқу
бағдарламасындағы соңғы өзгерістерге, емтиханның барлық мазмұнын толығымен қайта
құруға байланысты көптеген оқушылар ескі емтихан жұмыстары мен мəтіндік мысалдар
бойынша дайындала алмауымен байланысты бірқатар қиындықтарға тап болады. Бұл
оқушыларға стресстің тағы бір деңгейін қосады, себебі олар емтиханға дайын емес екендігін
сезінеді. Емтихан стресстері депрессия мен мазасыздық, паникалық атака, өзін-өзі бағалаудың
төмендігі, өзіне-өзі зиян келтіру жəне өзін-өзіне қол жұмсау туралы ойлар, сондай-ақ
бұрыннан бар психикалық бұзылулардың нашарлауы сияқты көптеген психикалық ауруларға
əкелуі мүмкін.
Стресс жағдайының айқын белгілері бар: бұл қатты жүрек соғысы, терлеудің
жоғарылауы, тітіркену, қатты шаршау сезімі,тəбеттің жоғалуы,бас айналу, эмоционалды
толқулар, ұйқысыздық, астматикалық құбылыстар, ас қорыту бұзылыстары, жалпы əл-ауқат
жəне демалуға қабілетсіздік болуы мүмкін.
Емтихан алдындағы мазасыздықтың жоғарылауы психофизиологиялық зерттеулермен
расталады. С.И. Волкова мен Э.Ю. Сиротинаның (2014) жұмысында емтихан оқушылардың
психофизиологиялық жағдайына жəне вегетативті жүйелеріне қатты əсер ететіндігі
дəлелденді. Оқушылар емтиханға дейін, тапсыру кезеңінде жəне одан кейін жүйке,
эмоционалды жəне физикалық стресс жағдайында болады [1, б.194-201].
Емтихан алдындағы мазасыздық студенттердің емтиханға дайындалуға немесе курс
материалдарын оқуға уақыттың жетіспеуі немесе алдыңғы бағалардағы үлгерімге
қанағаттанбау туралы шағымдарында көрінеді. Кейбір тестілік мазасыздық туралы зерттеулер
гендерлік айырмашылықтарға назар аударды, олар көбінесе əйелдер студенттері ер
құрдастарына қарағанда тестілік мазасыздықтың жоғары деңгейіне ие болды [2, б.13-14].
Емтихан мазасыздығы мен стресс жағдайында байқалады:
бағдардың бұзылуы, қозғалыстардың дəлдігінің төмендету;
бақылау функцияларының төмендеуі;
қорғаныс реакцияларының күшеюі;
ерік функциясының төмендеуі.
191
Сондықтан дайындық кезінде де, емтихан кезінде де психологиялық-педагогикалық
көмек қажет.
Неліктен балалар қатты алаңдайды?
Олар өз білімінің толықтығы мен беріктігіне күмəн келтіреді.
Олар өздерінің қабілеттеріне күмəнданады: логикалық ойлау, талдау, шоғырлану жəне
назар аудару қабілеті.
Олар емтиханнан қорқуды жеке ерекшеліктеріне байланысты сезінеді-мазасыздық, өз-
өзіне күмəндану.
Олар бейтаныс, белгісіз жағдайдан қорқады.
Олар ата-аналар мен мектеп алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді.
Емтиханға дайындық кезеңінің қолайсыз факторларына қарқынды психикалық
белсенділік, статикалық жүктеменің жоғарылауы, қозғалыс белсенділігінің шектен тыс
шектелуі, ұйқының бұзылуы, оқушылардың əлеуметтік жағдайының ықтимал өзгеруі - мұның
бəрі организмнің қалыпты тіршілік əрекетін реттейтін жүйке жүйесі , вегетативтік
функцияның шамадан тыс жүктелуіне əкеледі [3, б.7-8].
Емтихандық стресстер орта жəне əсіресе жоғары мектеп оқушыларында психикалық
кернеудің себептері арасында бірінші орынға ие. Көбінесе емтихан психогенияның сипатын
анықтауда жəне невроздарды жіктеуде клиникалық психиатрияда ескерілетін травматикалық
факторға айналған (психиатрия бойынша нұсқаулық, 1983). Соңғы жылдары емтихандық
стресс оқушылардың жүйке, жүрек-тамыр жəне иммундық жүйелеріне теріс əсер ететіндігі
жəне тіпті генетикалық аппараттың бұзылуын тудыруы мүмкіндігі, ал бұл қатерлі ісік
ауруының ықтималдығын арттыратындығы туралы дəлелдер келтірілді. Атап айтқанда,
Хьюстон медициналық мектебінің (АҚШ) зерттеушілері емтихан кезінде оқушыларда ДНҚ
молекуласының зақымдалған бөліктерін қалпына келтіруге жауап беретін жөндеу
механизмдерін іске қосатынын анықтады (Cohen L., Marshall G. D., Cheng L. et al.,2000). Тағы
бір зерттеу емтихандық стресстер, əсіресе кофеинді қолданумен бірге, оқушылардың қан
қысымының тұрақты жоғарылауына əкелуі мүмкін екенін көрсетті (Schepard J., Al ' Absi
M.,Whitsett T. et al, 2000).
Ресейлік авторлардың пікірінше, емтихан кезінде студенттер мен мектеп оқушыларында
жүрек-тамыр жүйесінің вегетативті реттелуінің айқын бұзылыстарын тіркеді (Плотников В.В.,
1983; Покалев Г. М. жəне басқалар., 1985; Доскин А.В., 1988; Умрюхин Е.А., Быкова Е. В.,
Климина Н. В., 1999; Фаустов А. С., Щербатых Ю. В., 2000). Ұзақ жəне өте маңызды
эмоционалды стресс вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық немесе парасимпатикалық
бөлімдерінің белсенділенуіне, сондай-ақ вегетативті гомеостаздың бұзылуымен жəне жүрек-
тамыр жүйесінің эмоционалды күйзеліске реакцияларының тұрақтылығының жоғарылауымен
жүретін өтпелі процестердің дамуына əкелуі мүмкін.
Осылайша, зерттеушілердің айтуынша, емтихан стресстері студенттер мен мектеп
оқушыларының денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді жəне бұл құбылыс жыл сайын
еліміздің ауқымында жүздеген мың оқушыларды қамтитын проблемаға ерекше өзектілік
береді [4,б.319].
Сонымен қатар, емтихан стресстері əрдайым зиянды еместігін атап өткен жөн. Кейбір
жағдайларда психологиялық стресс ынталандырушы мəнге ие болуы мүмкін, бұл оқушыға
өзінің барлық білімі мен жеке резервтерін өзіне жүктелген оқу міндеттерін шешуге
жұмылдыруға көмектеседі.
Эверли Дж. Розенфельд Р. емтиханнан қорқатын оқушылар өздерінің жетістіктерін
едəуір жақсарта алатындығын жəне тіпті емтиханнан қорықпайтындардан да асып түсетінін
анықтады. Тек осы үшін, ғалымның пікірінше, емтихан алушылар тарапынан оларға деген
мейірімділік қажет-студенттердің өзін-өзі бағалауын сақтап, оларды аз айыптап, мадақтау
керек. Тек осы жағдайда емтихан пайдалы болуы мүмкін .
Емтихандық стрессінің белгілері:
Төрт топтың біріне жатқызуға болтын емтихандық стрессінің типтік белгілерін
қарастырайық:
192
1. Физиологиялық белгілері:
тері бөртпесінің күшеюі;
бас ауруы;
жүректің айнуы;
диарея;
бұлшықет кернеуі;
тыныс алудың тереңдеуі жəне жоғарылауы;
жүрек соғысының жиілеуі;
2. Эмоционалды белгілер:
жалпы əлсіздік сезімі;
шатасу;
үрей;
қорқыныш;
сенімсіздік;
мазасыздық;
депрессия;
тітіркену.
3. Танымдық белгілері:
шамадан тыс өзін-өзі сынға алу, өзінің дайындығын басқалармен өзін қолайсыз
жағынан салыстыру;
өткен емтихандардағы сəтсіздіктер туралы жағымсыз естеліктер (өзінің немесе
басқалардың);
емтихан қорытындысының теріс салдарын елестету (университетке түсе алмау, ата-
анасын жерге қарату жəне т. б.);
қорқынышты түстер көру;
жадтың нашарлауы;
назар аудару қабілетінің төмендеуі, алаңдаушылық.
4. Мінез-құлық белгілері:
емтиханға дайындалмас үшін кез-келген басқа іспен айналысуға деген ұмтылыс;
емтихан туралы кез-келген ескертулерден аулақ жүруі;
емтихан кезеңінде оқу тиімділігінің төмендеуі;
алдағы емтихандар туралы мазасыз əңгімелерге басқа адамдарды тарту;
кофеин мен алкогольді тұтынудың артуы; [5, б.14]
Мектеп бітірушілердің емтихан алдындағы емтихандық стресс, мазасыздық деңгейін,
жəне созылмалы стресс пен мазасыздық əсерінен пайда болуы мүмкін депрессия деңгейін
анықтау мақсатында 148 мектеп-гимназиясының 40 мектеп бітірушілеріне «
Емтихан стрессіне
бейімділік сауалнамасы»,
«Ч.Д. Спилбергер жəне Ю.Л. Ханинның мазасыздық деңгейін өзін-
өзі бағалау əдісі», «Бек депрессиясының шкаласы» əдістемесі жəне Л.А. Курганский и Т.А.
Немчинның (1990
)
«Психикалық активация, қызығушылық, эмоционалды тонус, кернеу жəне
жайлылық» əдістемесі жүргізілді.
«
Емтихан стрессіне бейімділік сауалнамасынан» алынған нəтиже бойынша, 40 оқушыда
17,5%- емтихан алдында стресстің төмен деңгейі, 47,5%- емтихандық стресстің орташа
деңгейі, 35% - емтихандық стрестің жоғары деңгейі анықталды.
«Психикалық активация, қызығушылық, эмоционалды тонус, кернеу жəне жайлылық»
əдістемесінен алынған нəтиже бойынша, 40 мектеп бітірушілерінде психикалық активация,
қызығушылық, кернеу жəне жайлылық көрсеткіші орташа деңгейін, ал эмоционалды тонустың
жоғары деңгейін көрсетті.
Мектеп бітірушілердің жеке жəне ситуациялық мазасыдық деңгейін анықтау мақсатында
«Ч.Д. Спилбергер жəне Ю. Л. Ханинның мазасыздық деңгейін өзін-өзі бағалау əдісін»
жүргіздік. Зерттеу нəтижесіне сүйенсек, мектеп бітірушілерде 11 жеке мазасыздықтың жоғары
деңгейі жəне 16 ситуациялық мазасыздықтың жоғары деңгейі тіркелді. Тестілеу кезінде олар
басқа сыныптастарының қалай жауап беріп жатқанына жəне өздері дұрыс жауап беретініне
193
қызығушылық танытты. Кей оқушылардан қозғалыс белсенділігінің жоғарылауы байқалды:
яғни, тырнақтарын тістеп, аяқтарын шайқап, шаштарын саусаққа орап, төменгі ерінін тістеп
отырды. Кейбір оқушылардан мазасыздықтың физиологиялық белгілерін байқауға болды,
мысалы, жиі тыныс алды, алақандары терледі. Зерттеу барысында диагностикадан белсенді
немесе пассивті түрде бас тартқан балалар да болды.
Ал, 26 оқушыда жеке мазасыздықтың орташа деңгейін жəне 20 балада ситуациялық
мазасыздықтың орташа деңгейін анықтады. Мұндай балалар тестілеу барысында жоғары
алаңдайтын оқушыларға тəн белгілерді мүлдем көрсетпеді немесе кейбіреулері ғана əлсіз
дəрежеде көрсетті.
Тек 4 оқушыда ғана ситуациялық мазасыздықтың 3-і жеке мазасыздықтың төмен
деңгейін көрсетті.
Жоғары аталған мəліметтерге сүйене отырып, мазасыздығы жоғары көрсткішке ие
болған оқушылардың депрессияға бейімділік шкаласын анықтау мақсатында «Бек
депрессиясының шкаласы» əдістемесін жүргіздік.
Алынған мəліметтерге сүйенсек, 40 оқушының 47,5% -да депрессияның белгілері
мүлдем байқалмаған, 22,5% - орташа ауыр депрессия белгісін көрсетті. 17,5%-да жеңіл
депрессия белгісі, 7,5% -да орташа депрессия, ал 5% -ауыр депрессия белгісін көрсетті.
Əдістемелерден алынған нəтижелерді қорытындылай келе, мектеп бітірушілердің тең
жартысы келе жатқан ұлттық біріңғай тестілеуінің алдында емтихандық стресс, жеке жəне
ситуациялық мазасыздығы орташа деңгейден асады, сондықтан оқушыларға мақсатты жəне
жүйелі психологиялық түзету қажет.
Мазасыздықты күшейтетін бірнеше факторлар болуы мүмкін:
пəннің игеру қиындығы;
отбасылық жағдайлар;
туыстардан, ата-анасынан, мұғалімдерден қысымның болуы;
мектептегі талаптар;
оқушылардың өз-өзіне,біліміне деген сенімсіздігі жəне т.б.
Мазасыздық пен стресс деңгейін төмендету үшін мектеп психологына тренингтер,
кернеу мен үрей деңгейін түсіретін түрлі релаксацияға бағытталған ойындар мен жаттығулар
өткізуін, депрессия белгілері көрінетін оқушылармен əңгімелесу арқылы, мазалап жүрген
мəселесін талқылап, жігер беруін ұсынар едік. Ал мектеп мұғалімдеріне оқушылардың
жіберген қателіктерін қатты сынамауын, əрдайым өз-өздеріне, білімдеріне деген сенімділікті
арттырып,жылы сөз бен жылы шыраймен қолдап жүрулеріне кеңес берер едік.
Əдебиет
1.
Бочева Н.А., Хотеева Е.В. Психологическая подготовка учащихся к ЕГЭ -Наука, образование,
общество. 2015.
2. Лавров О.В., Балмасова И.П. Экзаменационный стресс: кластерно иммунологическая модель– М: –
2014.
3. Микляева А.В., Румянцева Т.В.. Школьная тревожность: Диагностика, профилактика, коррекция.
Санкт-Петербург 2006
4. Федоров Б.М. Стресс и система кровообращения / Б.М.Федоров – М.: Медицина. – 1991.
5. Готовимся к экзаменам: практические рекомендации по психологическому сопровождению
государственной итоговой аттестации / сост. Т.И. Пономаренко, Л.К. Портнова, В.В. Рычкова. – Чита: ИРО
Забайкальского края, 2015.
Достарыңызбен бөлісу: |