Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет85/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 


194 
Асылханова М.А. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті) 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН САБАҚТЫ МЕҢГЕРУІ 
 
Бастауыш сынып жасындағы балалар мектепке алғаш келгенде танымдық iс-əрекетi 
еркiн сипатқа ие болады, таным көлмiн кеңейтедi. Ойлау процесi доминантты болып, 
интелектуальды дамуы бiрiншi жоспарға шығады. Кеңес одағының ағартушы ғалымы 
«В.А.Сухомлинский [1] адамның бет-бейнесi балалық шақта қалай тəрбиеленгенiне 
байланысты»- деген. Сондықтан төменгi сынып жасындағы берген тəрбиенiң зор маңызы бар 
екендiгiн есте ұстаған жөн.
Бастауыш сынып оқушылары кездескен қиыншылықтарды шешуге жəне алдарына 
қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерiн дұрыс ұстай бiлуге, iшкi 
жəне сыртқы жағдайларды бағалауға жəне мiнез-құлқы мен танымдық өрiстерiн дамытып, 
қалыптастырады. Балалардың мектептегi оқуға дайындығын қалыптастыруда жүргiзiлген iс-
əрекет танымдық əдiстерiнiң дамуы арқылы, мысалы, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда, 
жəне тағы басқа процестерде үлкен орын алуы тиiс. Балалардың мектептегi оқу процесiнде 
жүргiзiлетiн сабақтардың, бiлiмінiң эффектiлiгiн, олардың даму деңгейi мен есте сақтау жəне 
ойлаудың жоғары дамығанына, əсiресе ырықты ес процесiнiң рөлi ерекше жоғары болады. 
Балалардың санасын бақылау үшiн жəне оқу əрекетiнiң меңгерiлу деңгейiн анықтау
барысында оларға мақсат қойылады. Мұндағы саналы мақсат баланың ойын арқылы ойлауын 
нақтылап, есте қалдыруы мен еске түсiруiн оңай жəне анық көрсетедi. Ойын барысында 
көрсетiлген көрiнiстер мен əрекеттердiң мазмұнын да нақтылау керек. Бастауыш сыныпта 
оқушыларының сөйлеу қабiлетiн жақсарту үшiн методикалық əдiстердi қолдануға болады. 
Методикалық əдiстердiң негiзiнде, балалардың сөздiк қоры арқылы, сөйлемдердiң 
мазмұндарын айтуға машықтанады.
Сөйлемдердiң мазмұнын айту үшiн сөйлеудiң қалыптасқан, күнделiктi əдетке айналған
балаларды дұрыс сөйлетудiң бiр түрi. Сонымен қатар, мазмұнды айту жаңа материалды 
игерудiң бiрден-бiр тиiмдi жолы. Мысалы, балаға сөйлемдi ырғағымен оқып берiп, содан кейiн 
барып балаға сөйлемнiң мазмұнын ұғынуға уақыт берiледi. Егер бала сөйлемнiң мазмұнын 
айтуға қиналса, оған сөйлемнiң басын қайта оқып берiп есiне түсiруiне көмектеседi, онда да 
түсiнiксiз болса, сөйлемдi қайтадан оқып беру керек. Ол сөйлемдi толық айтып бере алмаса, 
балаға сұрақ қою арқылы мазмұнын айтқызу қажет. Мұндай əдiстердi қалыпты сөйлейтiн 
балалар мен сөйлеу қабiлетi нашар балалар арасында қолдануға болады жəне оны мектепке 
дейiнгi балаларда оқу жылының басында қолданылады. Үлкендер алдымен сөз арқылы 
баланың мiнез-құлқын түзейдi жəне практикалық мазмұнын игерте бастайды, сонымен қатар 
бала өзiнiң ойы арқылы мiнез-құлқын реттей алады. Балалар сөздi игерген соң əңгiмелесу үшiн 
емес, сонымен қатар мiнез-құлқын ұйымдастыруға қажет екенiн түсiнедi.
Л.С.Выготский [2] мен С.Л.Рубинштейннiң [3] айтуынша ерiктi актiнiң пайда болуы, 
мектепке дейiнгi балалардың ерiктi мiнез-құлқының дамуынан туындайды. 
Қазiргi ғылыми зерттеулер бойынша ерiктi iс-əрекет əр түрлi аспектiлер де талданады. 
Барлық психологтар, ерiктік əрекеттi оның орындалу бөлiмiмен сəйкестендiрмей, мақсатқа 
жету үшiн, алдымен мотивтi таңдау керек деген. Бастауыш сынып оқушыларының 
психологиялық дамуы ересектермен қарым-қатынас жасауда сезiмдердiң туындауынан пайда 
болады, мұны; Л.С.Выготский iшкi этиканың сатысы деп атайды[2]. Д.Б. Элъкониннiң айтуы 
бойынша этикалық сатының пайда болуы, ересектер мен балалардың арасындағы қарым-
қатынастың өзгеруiне байланысты деген[4]. Оның айтуы бойынша, төменгi сыныптағы 
балаларда, ерте жастағы балаларға қарағанда қарым-қатынастың жаңа типi пайда болады. Осы 
жастағы балалардың iс-əрекетiнiң барлығы да ересектердiң көмегiмен орындалады: бастауыш 
мектеп жасындағы балалар өзiнiң кейбiр қажеттiлiктерi мен ерiктерiн iске асыра алады. 


195 
Нəтижесiнде ересектер мен бiрге жүргiзiлетiн iс-əрекет жұмыстары түзеледi. Дегенмен 
балалардың өмiрi үшiн ересектер үлгi болып қала бередi. Олар ересектерге ұқсағысы келедi, 
ересектермен қарым-қатынас нəтижесiнде жəне практикалық ойындардың нəтижесiнде, 
бастауыш мектеп жасындағы балалардың бiлiмi əлеуметтiк тұрғыда дамиды, əрi бұл бiлiмдi 
жақсы игеруге көмектеседi. Төменгi сыныптағы балалардың оқуға деген ынта əрекетiнiң 
мотивтерi, балалардың оқуға деген оқу əрекеттерiне əсерiн тигiзедi. А.Н. Леонтъев өзiнiң 
көптеген зерттеулерiнiң нəтижесiнде, əрiптестерiмен бiрге жүргiзiген жұмыстарында, ерекше 
жағдайды көрсеттi [5].
Ол мектепке жаңа барған балаларда алғаш өз еркiне бағындыратын мотивтер системасы 
туындайды жəне балаға тəн ерекшелiктер көрiнедi, сондықтан да оны «алғаш рет жеке адам 
ерекшелiктерi көрiнетiн кезең»,- деп атады. Өзiн-өзi бақылау системасының мотивтерi 
баланың мiнез-құлқын реттеп отырады жəне барлық жағынан даму деңгейiн анықтайды. 
Мұндай көрсеткiштер психологиялық зерттеулер нəтижесiнде көрсетiлген. Бастауыш сынып 
жасындағы балаларда ең бiрiншi болып туындайтын нəрсе, тек қана бағыну мотивтерi ғана 
емес, сонымен қатар айтарлықтай нақты жағдайға бағына алмауы. Бұл жағдайда алдымен 
мотивтiк иерархия жүйесi туындайды. Мектепте балалар ересектердiң iс-əрекеттерi мен мiнез-
құлқына сүйенедi, əрi балалар өзiн-өзi бақылап, ерiк-ынтасы пайда болады. Бұл жаңа сатыға 
көтерiлгеннiң белгiсi. Бұл жастағы балалардың ойлау деңгейiнiң даму мəселесiн түсiну үшiн 
таңырқауға деген бейне құрлысының механизмдерi туралы сұрақтың жауабы табылады. 
Таңырқауға дейiнгi түсiнiк қазiргi заман психологиясында екi мазмұнды аспектiге ие болады. 
З.М. Истомина [6], олардың бiрiншiсiне таңырқаулылық, екіншісі таңырқауға дейінгі 
жағдай, ол пайда болғанға дейiн баланың iс-əрекетiнiң мүмкiндiк нəтижелерiн көрсетуiн 
қарастырады. Таным процестерін қалыптастырушы процесс зейін. Зейін белгілі бір затқа адам 
санасының бағытталуын, тұрақталуын көрсететін құбылыс немесе айналасындағы заттар мен 
құбылыстардан белгілі бір обьектіні бөліп алып, соған назар шоғырландырып, психикалық 
əрекеттерді тұрақтандыруды айтамыз. Зейін баланың іс-əрекетіне, таным процестеріне тікелей 
қатысты, баланың қызығуы мен бағытын көрсететін процесс. Мысалы, оқушы есеп шығару 
үшін бар зейінін, ақыл-ойын соған жұмылдыруы қиын болады, сонда да ол өзін-өзі соған 
зорлап, шарттарына зер салады, соны шығаруға күш жұмсайды. Бастауыш сынып 
оқушыларының зейіні олардың нерв системасының дамуына байланысты. Балалар сырт 
əсерлерге өте сезімтал келеді, əрбір тітіркендіргішке зейіннің тез ауып кетуі де осыдан. 
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні көбінесе бейнелі, көрнекі оқу материалдарымен 
тартымды, əсерлі болудан туады.
Оқыту процесi өз құрамына мақсат, мiндет, əдiс, тəсiл, оқытудың ұйымдастыру 
формасын, оқу iс-əрекетiн, белсендiру əдiстерi жəне тиiмдi бақылау жұмыстарын негiзгi 
компонент ете отырып, көптеген ғылымдардың, оның iшiнде, психология мен дидактиканың 
зерттеу объектiсi болып отыр.
Оқыту процесi мен дидактиканың қатынасын оқыту процесiнiң дидактикалық жаңа 
моделiн топтастырып, оған көптеген оқыту теориялары енгiзілген. Дидактиканың негiзгi 
қарайтын мəселелерi: оқыту процесiнiң заңдылығын ашу, бiлiмнiң мазмұнын анықтау, 
оқытудың барынша тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру түрлерiн жасап шығару болып 
табылады. Оқыту процесi тек мұғалiмнiң басшылығымен өтедi. Соның негiзiнде, бiлiм алу, 
iскерлiкпен дағдылану процестерi, оқушының негiзгi мiндетi əрi өз қызметi, оны педагогикада 
- оқу деп атайды. Оқу - танымның өте маңызды түрi. Оқи жүрiп оқушылар өздерiн қоршаған 
дүниенi таниды. Теория мен практиканың жаңаша даму кезеңiнде оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн 
арттыруға баса көңiл бөлiнiп, оның құрылысы, жоспарлануы, мазмұнын кеңейтуi басқаша 
құрастырылуда. 
Екiншi, прогрессивтi көзқарастар: олар оқушының оқудағы ролiн өте белсендi қызымет 
деп қарайды. Олар Гербарттың “Бiлiм беру” концепциясын жоққа шығарып, оқушының өз 
қабiлетiн қалыптастырудағы оның тəжiрибелiк, зерделiлiк iс-əрекетiнiң қалыптасуына, есiнiң 
дамуына белсендiлiгiне үлкен мəн бердi [7]. Қандайда болмасын оқу процесiнiң нəтижесiн 
оқушылардың өз бетiнше атқарған iс-əрекетiнен көремiз. Қазiргi кезде əр мемлекет өз 


196 
егемендiгiн алғаннан берi əр ұлттың өз тiлi негiзгi болып, басқа тiлдер жанама тiл болып 
отырған кезде оқу процесiнiң негiзгi мазмұны да өзгерiстерге ұшырады. Мұғалiмнiң қызметi 
оқушылардың танымдық iс-əрекетiнiң қалыптасуын олардың бiр-бiрiне əсерiн, өзара əрекет 
етуiн ескеруге мəжбүр етедi. Сонымен, танымдық оқу iс-əрекетiнiң танымдық деңгейiнiң 
интеграциялануына байланысты бiлiм шеберлiгi арта түсiп, оқушылар өз ұлтының тiлiмен, 
мəдениетiмен, əдебиетiмен, болмыс-тiршiлiгiмен таныса түседi. Соның нəтижесiнде əр жас 
шамасына қарай, əр сыныпта олардың өзiне, өзгеге деген қызығушылығы артып, танымы 
кеңейедi. Сөйтiп, оқыту процесiнiң үшiншi бағыты алғашқы екеуiн жинақтауымен жүзеге 
асады, əрi оқу процесiмен оқыту процесiнiң органикалық үйлесуi пайда болады. 
Ал, Ю.К. Бабанскийдiң “Оқу мен оқыту бiрлiгi – оқыту процесiнiң заңдылығы болып 
табылады”деген 
тұжырымы, 
дидактиканың 
саналық, 
белсендiлiк, 
өзбетiншелiк 
принциптерiнен туындайды. Мұндағы айтылып отырған “оқу” мен “оқыту” ұғымдары 
оқытушы мен оқушының қызметi тұрғысынан түсiндiрiледi [8]. Төменгi сынып 
оқушыларының қарым-қатынасы, мұғалiмнiң оқушылармен қарым-қатынасы қандайда 
болмасын əркiмнiң өзiндiк ерекшелiктерiнiң бiр-бiрiне сiңiсуiне, үйлесуiне, олардың 
бейiмделу əрекетiне дағдылануына əкеледi. Сөйтiп, “дидактикалық процесс, iс-əрекеттiк 
процеске айналуы оқытушы мен оқушының бiрiккен iс-əрекетiн құрайды.” Бiздiң негiзгi 
мiндетiмiз – оқу процесiнiң iшкi мазмұнын ашып, ондағы мұғалiм мен оқушының қызметiндегi 
өзара əсер, өзара əрекеттi көрсету, соның психологиялық негiзiн ащу, оқу процесiндегi мұғалiм 
мен оқушының iс-əрекет ерекшелiктерiнiң əр түрлiлiгiн, олардың iс-əрекет мазмұнының, 
бағытының, мақсаттарының əртүрлiлiгiнiң, əрi қарай бейiмделетiндiгiн көрсету, “оқытушы – 
оқушының” диалогы iшкi психологиялық тұрғысынан танымдық iс-əрекет болып 
табылатындығын көрсету. Мектепке жаңа келген оқушы, өзiнiң оқушылық өмiрiнiң ең 
алғашқы сəттерiнен бастап, жаңа ортаға бейiмделуi мен оның тануымен iс-əрекеттерге 
қатысып, бейiмделе бастайды. Сөйтiп, белгiлi ортаға ортақ боларлықтай iс-əрекет барысында 
бейiмделу əрекетi артып, қалыптасады. Баланың макро деңгейiнен микродеңгейге көшуi 
оқушының жаңа ортаға бейiмделуiне басталады. 
Мұны кезiнде А.Н.Леонтъев көрсеткен: жеке адам өзiн тек iс-əрекет ретiнде ғана қолдана 
алады. Осы оқытушы мен оқушының iс-əрекеттерi арқылы оқу мазмұны, əдiсi, құралы толық 
қолданылып, өзiнiң негiзгi мiндетiн атқарып, оқытушы мен оқушының iс-əрекет нəтижелерi 
болып табылады. Жоғарыда көрсетiлген оқытудағы оқытушы мен оқушының iс-əрекет 
деңгейлерi олардың оқу процесiндегi бiр-бiрiмен қарым-қатынасын, ондағы өзара əрекет пен 
өзара əсерлердiң бiлiм алу мен бiлiм берудегi орнын анық көрсетедi. Баланың психикалық 
даму ерекшелiктерiнiң негiзi нақтылы тұжырымдалған пiкiр бойынша жеке оқушының 
қалыптасуы жəне жас кезеңдерiнiң сатылап дамуы қалыптасады. Мiне, осы оқушылардың 
дамып, қалыптасып, бейiмделуге машықтануы əрбiр iс-əрекетiнде бiр-бiрiне өзара əсер етуiн 
туғызады. Оқушылар өз өмiрлерiнiң осы кезеңiнде, төменгi сыныпта үлкен психикалық даму 
өзгерiстерiне тап болады. Сондықтан, оқушының жас мөлшерiн белгiлеу өте қиын. Тек, 
оқушының, əсiресе төменгi сынып оқушысының танымдық əрекетiнiң қалыптасуын, сабақ 
үлгерiмiнiң жеке нəтижелерiн байқауда сыныптардағы сатылап даму, əрбiр тоқсан соңындағы 
қалыптасу, даму, бейiмделу көрсеткiштерi арқылы ғана көрiнедi. Себебi, ол оқушы бола 
отырып, өмiрдiң жаңа сатысына аяқ басады, қоршаған жаңа ортаны басқаша қабылдап, оған 
бейiмделе бастайды. Өзiндiк сана – сезiмi бiртiндеп дамып, оқу iс-əрекетiнiң мотивациялық 
əрекетi, өрiсi де өзгередi. Оқытудағы меңгеру процесiнiң механизмдерi: бiлiм, дағды, 
шеберлiк, ептiлiк жүйелерiнiң нəтижелiк көрсеткiштерi өзгерiске ұшырайды. Сол себептен де, 
төменгi сынып оқушыларының сыныптан сыныпқа көшу барысында оқу түрлерi де үлкен 
өзгерiстерге түседi. Оқушы бiрiншi сыныпта оқу түрткiсiнiң мақсатын, негiзгi қажеттiлiктерiн 
дұрыс анықтай алмаған болса, оқи келе мұғалiмдерi мен өз сыныптас құрбылары мен қарым-
қатынасқа түсе келе оқу iс-əрекетiндегi мотивациялық өзгерiсiн кеңейтедi. Кез келген оқу 
түрткiсi əр сыныпта əртүрлi маңыздылық көрсетуi мүмкiн, сондықтан, түрткiлендiру күшi де 
əр түрлi болады. Оқу мотивтерiн оқушының бiлiм алуға қызығушылығынан, оқудағы 
белсендiлiгiнен жəне баланың iшкi психикалық жағдайларынан байқауға болады. Танымдық 


197 
қызығушылықтар, қажеттiлiктер, сезiм, ынта жəне тағы басқа оқу түрткiлерi адамның мiнез-
құлқының түрленуiндегi негiзгi құбылыстар болып есептелiнедi.
Мақсат – қажеттiлiктiң жетiстiкке жету кезеңiн көрсететiн нəтижелерге белсендiлiктiң 
бағытталуы. Оқу түрткiсiн iске асыру үшiн оқу iс-əрекетi де көптеген аралық мақсаттар қойып, 
оны орындауға тырысу керек, көптеген психологтардың айтуына қарағанда түрткiлер көп 
жағдайда оқу iс-əрекетiн тұтастай бейнелейдi, ал мақсаттар жекелеген оқу iс-əрекетiн 
белгiлейдi.
А.Н. Леонтъевтiң айтуы бойынша, негiзгi мақсатты iс-əрекет немесе əрекет жасау 
арқылы бейiмделiп меңгеру қажет. Мақсатты қабылдау мақсат қоюға емес оған жету 
жолдарын талдауға бейiмделуi керек. Оқушының бiлiмдi дұрыс меңгеруi үшiн, өзi бейiмделуi 
керек. Оқушының бiрiншi күннен бастап дұрыс бейiмдiлiк көрсетуi, оның жан-жақты зерделi, 
бiлiмдi болуына қандай қиындық кездессе де, өзi шеше бiлетiндей халге жететiндiгi оқушының 
бейiмделуiне байланысты. Сол бейiмдiлiк арқылы достарының алдында беделдi, оқуда алғыр, 
айналасындағылармен қарым-қатынас кезiнде ынтымақты болады, сол арқылы оқу, бiлiм алу 
нəтижесiн меңгередi.
Оқушыда таным процестерiнiң қалыптасуы, жетiлуi, одан белгiлi iс-əрекеттердi 
меңгеруi, орта мен сананың арасындағы процестердi жүзеге асыруға бейiмделуi – оқу iс-
əрекетiнiң нəтижесi. Барлық таным процестерi (түйсiк, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял) 
танымдық iс-əрекеттер құрамындағы əрекет, iс-тəсiлдер арқылы жүзеге асырылып отырады. 
Оқыту процесiнде бала мұғалiмнiң айтқанын қабылдаушы ретiндегi объектi болса, оқу 
əрекетiне өзiн ұйымдастыра бiлу жағынан оқушыны субъектi деп қараймыз.
Əдебиет 
1. 
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.изд.2-ое. М., 1977. 
2. 
Выготский Л.С. Проблема возрастной периодизации детского развития // Выготский Л.С. Вопросы 
детской психологии. СПб, 1997. 
3. 
Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка. СПб, 1997. 
4. 
Эльконин Д.В. Психология обучения младшего школьника. М.,1974. 
5. 
Рубинштейн С.Л. Принципы и пути развития психологии. М.,1979. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет