Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2009 жылы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы Қазақстан Республикасының Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»



Дата10.07.2016
өлшемі98.4 Kb.
#189290
Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2009 жылы

І - тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

Қазақстан Республикасының Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау
Зайсан ауданы бойынша 2009 жылғы 6 наурыздағы Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауының ақпараттық-насихаттау жөніндегі жоспары жасалып, аудан әкімімен бектілді. Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттауға арналған аудан активінің жиналысы өткізілді.

Жиналыста аудан әкімі Ә.Мұхтарханов Елбасының биылғы Жолдауын кеңінен талқылай келе ауданның дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік-экномикалық дамуына бағытталған іс-қимыл жоспарын басты мәселе етіп қойды. Ауданымыздың саяси – экономикалық ахуалына тоқталып, әр саланың басшыларына нақты тапсырмалар тапсырды. Аудан жұршылығын қиын кезеңде ауыз бірлікке шақырып, жаһандағы ең қатал дағдарысты жеңу жолында тізе қосуға үндеді. Республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінген қаржыларды ұтымды пайдалану керектігін атап көрсетті. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Зайсан аудандық филиалының төрағасының 1-ші орынбасары Ш.Оралбаев сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауын қолдауға шақырды. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастығы М.Уәли алдағы келе жатқан науқан уақытында ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, ірі шаруа қожалықтарын құру, мол өнім алудың кепілі екенін түсіндірді.Қарабұлақ ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Л.Асқарова аудан интеллигенциясы атынан сөз алып, халықты ынтымақтастыққа, бірлікке шақырды. Дайыр ауылдық округі әкімі С.Молдашев өз кезегінде халықтың мүмкіндігін мемлекеттің нығайюына жұмылдыру керектігін атап көрсетті.

Жиын соңында аудандық ақпараттық-насихат топтарының елді-мекендерді аралау кестесі бекітіліп, насихат топтарына әдістемелік құралдарға қосымша ауданның 2008 жылғы даму қорытындысы, Зайсан ауданы әкімдігінің дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған іс-қимыл жоспары тапсырылды. Осы кестеге сәйкес ауданның 33 елді-мекенінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған 1920 адам қамтылды.

Ауданында түсіндіру жұмыстарын құрамында 167 адамы бар 43 ақпараттық-насихат тобы жүргізеді.

Ақпараттық –түсініктеме жұмыстарын жүргізуге білім беру мекемелері, барлық дербес бөлімдер қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімшесінің өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері қатыстырылған.

8 ауылдық округте қоғамдық пікір көшбасшылары кеңінен тартылған актив жиындары өтті. Сондай ақ түсіндіру жұмыстары барлық еңбек ұжымдарында жүргізілді.

Өткізілген жиындар жөнінде есептер алынып, сараптама жасалды. Сараптама қорытындысы аудан жұртының Елбасы Жолдауын кеңінен қолдайтындарын көрестті.

Зайсан қаласында Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауының негізгі бағыттарын насихаталған 11 банер, 15 қалқан орнатылды.

Сәуір айында Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған автопоездың ауыл жастарын барынша қамту мақсатында елді-мекендерге шығу кестесі жасалды. Автопоездың мақсаты Елбасы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мен қатар өнерлі жастарға қолдау көрсетуге бағытталған концерттік бағдарлама қою.

26 наурыз күні ауданымызға облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев жұмыс іс-сапарымен келді. Облыс басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық өмірімен, өндіріс орындарымен етене танысты. Аудандық мәдениет үйінде аудан активімен өткен кездесуде аудан әкімі Ә.М.Мұхтарханов «Зайсан ауданының 2008 жылғы және 2009 жылғы екі айының даму көрсеткіштері туралы» баяндама жасады, онда өңірдегі экономикалық және әлеуметтік ресурстарды арттыру жолындағы атқарылып жатқан игілікті шараларға тоқталды. Б.М.Сапарбаев Елбасы Жолдауындағы өзекті мәселелер туралы айта келе, білім, денсаулық, мәдениет салаларының жұмысын жақсарту керектігіне көңіл болды.

Жолдауды насихаттау бойынша медиа-жоспар жасалынып бекітілген, газет беттерінде пікір алмасуда және барлық өткен шаралар барыстарында аудан тұрғындары Жолдауды толық қолдайтындарын білдірді. Осы Бағытта «Елбасы Жолдауын орай», «Жаңғыру Жолдауы», «Жолдау жүгі», «Жолдаудың міндеттері» айдарлары ашылып, бүгінгі күнде аудандық «Достық» газетінің 12 наурыз күнгі №11 (9899) санында Елбасы Жолдауының толық мәтіні, 14 наурыз, №12 (9900) санында «Аудан активі жиналысы», «Міндет жүгі қомақты», «Ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату – маңызды шара», -«Бел шешіп, еңбек ете білейік»,«Болашаққа нық сенімдіміз», «Іскерлікке – Жолдаудың жолымен», «Жолдауды орындауға негізделді», «Кластерлік өндірісті бірлесіп құрайық» және газеттің 20 наурыз, №13 (9901) санында: «Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды»,«Елдігіміз мәңгілік болғай», «Талап және жауапкершілік»,«Құқықтық тәрбие – құнды нәтиже» атты, барлығы 15 мақалалар жарияланды.

Ауданның барлық мектептерінде, ауыл округ әкімшіліктерінде, аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында стендтер жасалынып, және барлық кітапханаларда арнайы тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған стендтердің жобасы дайындалып, ауыл әкімдіктеріне, мекемелеріне ұсынылды.

Сондай ақ аудан мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жолдаумен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Аудан тұрғындарының ақпараттану деңгейі туралы қоғамдық пікірді зерттеуге бағытталған «Жолдауды білесіз бе?» атты сауалнама жүргізу мамыр айына жоспарланды.
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және басқа да маңызды мерекелері мен атаулы күндері
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай төмендегі мерекелік іс-шаралар жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Халықаралық әйелдер күніне орай Зайсан қаласында Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ерлер мен әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі-саналы қажеттілік,- тақырыбында «Пікірталас» дөңгелек столының кезекті отырысы өтті.

Дөңгелек үстел барысында әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі, мектеп тәрбиес, қолайсыз отбасылар жағдайы қозғалды.

4 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әйел денсаулығы-ұлттың денсаулығы» атты аудандық конференция өтті. Конференцияға аудан мекемелерінде қызмет ететін әйел адамдар, жасөспірім қыздар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Конференцияда бүгінгі күннің өзекті мәселесі әйел денсаулығын сақтауға байланысты аудан дәрігерлерінің баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар халықтың денсаулығын нығайту және өмір сүру сапасын арттыру жөнінде аудандық перзентхана бөлімі және №1 жанұялық емхананың көріністері қойылды. Мерекелік іс-шараларға белсене қатысқан әр әйел дәрігерге сыйлықтар берілді. Жиналған қауым конференция соңынан «Ана - өмір шуағы» атты мерекелік концертті тамашалады.

6 наурыз күні аудан әкімшілігінің ғимаратында аудан әкімі Ә.М.Мұхтархановтың халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік қабылдауы өтті. Мерекелік шараға ауданның көп балалы аналарды, білім және денсаулық сақтау саласының қадірлі қызметкер-әйелдерін, қоғамдық ұйым өкілдерін, ауданның экономикасына оңды ықпал етіп отырған кәсіпкер әйелдер шақырылды. Аудан әкімі Ә.Мұхтарханов шақырылғандар арқылы ауданның әйел қауымын құттықтай келе, әйелдердің ауданның дамуына, қоғамды тұрақтандыруға қосып отырған үлестерінің зор екенін атап көрсетіп, көп балалы аналарға «Күміс алқа» тапсырды. Сондай ақ әр саланың әйел қауымына сыйлықтар берілді. Салтанатты қабылдау соңы «Бастау-Зайсан жастарының» қала мектептері оқушыларымен бірлескен мерекелік концертіне ұштасты. Әйел қауымы өз тараптарынан осындай мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шараны өткізіп отырған аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда халықтық тойлау өткізілді. Халқымыздың ұлттық мерекесіне халық көптеп жиналды. Аудан әкімі Ә.Мұхтарханов аудан халқын мерекемен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі ауданның тыныс тіршілігіне тоқталып, әлеуметтік – экономикалық жетістіктерімізге тоқтады. Аудандық маслихат депутаты Б.Қошпанов, №3 балалар бақшасының директоры З.Я. Шипилова жиналған жұршылықты мерекемен құттықтады. Аудан тұрғындарына мәдени бағдарлама, салт – дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Мерекеге барлық мекемелер ат салысты. Аудандық мәдениет үйі, аудандық ауылшаруашылық бөлімі мен аумақтық инспекциясы, оралман ағайындар, СМУ «Шығыс», «Зайсан құрылыс компаниясы», мектеп интернат, медициналық бірлестік, аудандық білім бөлімі киіз үй қалашығын құрып, жиналған жұртқа наурыз көже үлестірсе, қала мектептері халыққа концерттік бағдарламаларын ұсынды. Аз қамтылған отбасыларға киіз үйлерден тамақ берілді. Мерекеге орай 8 ауылдық округ әкімшіліктері қала тұрғындарына арнап жәрмеңкесін өткізді. Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі ұлттық спорт түрлерінен (арқан тарту, бағанаға шығу, қол тіресі гир көтеру) жарыстар өткізді. «Бастау Зайсан жастары» жастар ұйымы мерекеге жиналған қауымға мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті. Бұл - халықты жұмылдыратын, басын біріктіретін, жаһандағы ең қатал дағдарысты жеңу жолында ауданымыздың береке бірлігін көрсеткен мереке болды.


Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс, жастар саясатын жүргізу
Ауданда үкіметті емес ұйымдармен жұмыс жүйелі жүргізіледі. 27 ақпан күні аудандық мүгедектер қоғамының жанына құрылған «Бозторғай» ансамбілінің концерті өтті. Концертте әсем әні мен көңілді қойылымдар жұртшылық назарына ұсынылды.

Зайсан ауданында 13 ақпанда «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмысын белсенділікпен жүргізе бастады. Ұйымның белсенді мүшелері өз жұмыстарын патриотизмді қалыптастыруға, шешімдер қабылдауға жастардың қатысуын кеңейтуге бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстарымен кеңінен қамту нәтижесінде анықталған жастардың құндылықтары негізінде жастарға кері әсер беретін жағымсыз факторлардың алдын-алуды мақсат қойып отыр.

Ұйымның негізгі бағыты:

1.Жастар бағалайтын негізгі құндылықтарды анықтау;

2.Жастардың бос уақытын тиімді өткізу;

3. Жас жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық портретін жасау;

4. Құқықбұзушылық және заңбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру;

5. Насихаттық бағдарламаларды кеңінен іске асыру;

6.Өнерлі жастарға қолдау көрсету.

7.Салауатты өмір салтын дамыту

8.Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту

Ұйым негізігі жұмысын клубтың жүйе бойынша іске асырылуда. Алдын-ала жүргізілген тексеруге жасалынған сараптама барысында анықталған қызығушылық бойынша жастар топталып, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аудан көлемінде жастарға жан-жақты қолдау көрсету оның ішінде заңгерлік, психологиялық көмек көрсету; тіл дамыту, оның ішінде мемлекеттік тілге қолдау көрсете отырып, орыс, ағылшын тілдерін жетілдіру, басқа тілдерді үйрену; салауатты өмір салтын қалыптастыру; жастар арасында өнерді дамыту, олардың қоғамдық көзқарастарын қалыптастыру, жастарды елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси жайлармен кеңінен ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. Әр бағыттағы клубтың міндеті аудан жастарына тәрбиелік мәні зор шараларды ұйымдастыра отырып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау.

1.«Релакс» тренингтік клубы

2. «Жеті жарғы» құқықтық клубы

3. Пресс-клуб

4. «Болашақ» дебат клубы

5. «Дарынды жастар» өнерпаздар клубы

6. «БАРС» Спорттық клубы

7.Жобаны іске асыру барысында қамтылған ауданның жұмыссыз жастарын жұмыспен қамту мақсатында кадр агенттігі жұмыс істейді.

2009 жылдың ақпан айының өзінде өнерлі жастар 2 концерттік бағдарлама, оның ішінде 1 патриоттық әндер кешін өткізді. Бұл шаралар аудан жастары арасынан кеңінен қолдау тапты. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсету үшін «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өтті.

Аудан әкімі Ә.М.Мұхтархановтың қолдауымен , зайсандық «Нұр Зайсан» қазақ КТК (КВН) командасы 1 наурызда Өскемен қаласында өткен «Қазақ КТК (КВН) лигасы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Өр Алтай» филиалының аймақтық чемпионатының Маусымашар фестиваліне қатысып, І-ші дәрежелі «Сәтті бастама» номинациясын алып қайтты.

14 наурыз күні «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар клубының аудандық чемпионатының маусым ашар фестивалінің ашылу салтанаты өтіп, Зайсан КВН Лигасы құрылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жастар ұйымының белсенді мүшелері сайыстың өтуіне ұйытқы болды. Ойынның ашылу барысында аудан әкімінің орынбасары Қазбек Солтанбекұлы Биқадамов аудан жастарын құттықтап, ұйымның игілікті істерге бастау болуына сәттілік тіледі. КВН-ға Кеңсай, Қарабұлақ, Шілікті, Айнабұлақ, Біржан, Сартерек, Қаратал ауылдық округтерінің және қала мектептерінен, барлығы 11 топ қатысты. Зайсан қаласындағы аудандық мәдениет үйінде «Біз жалынды жастармыз» атты ұранмен өткен аталмыш ойын аудан жастары арасынан кеңінен қолдау тапты. Жастар қоғамдық бірлестігі көздеген мақсаттарына жеткені анық. Себебі аудан жастарының шығармашылық, интелектуалдық мүмкіндіктерін дамыту басшылыққа алынған сайыста, әр-жерде жұмыс істейтін жас мамандар әзіл-қалжыңмен көңілді-күй сыйлай отырып, жастарды тәрбиеге, отансүйгіштікке салауатты өмірге шақырды. Сондай ақ мектеп командаларының тәлім - тәрбиелік мәні бар ойын көрсетіп, салт-дәстүрді насихаттауы қуантты. Ойында бас жүлдені жеңіп алған Гагарин мектебінің жастары болса, Мұстафина, Қарабұлақ ауылының, Ломоносов орта мектептері 1,2,3 орындарды иеленді, Әуезов, Кеңсай, Шілікті командаларына түрлі номинациялар берілді. Аудан жастарының уақытын қызықты да ұтымды өткізуді көздеген жастар ұйымы ендігі кезекте мекемелерде жұмыс істейтін жастар арасында КВН ұйымдастыруды жоспарлауда.

23 наурыз күні Зайсан қаласының орталық алаңында «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Наурыз!» атты жастар акциясы өткізілді. Ұйым мүшелері аудан жастарына арнап ұлттық салт-дәстүрден қызықты көріністерін, аудандық көңілді тапқырлар клубының көңілді сәттерін сыйлады. Сондай ақ патриоттық бағыттағы қазақ әндерін ауданға танымал жас әншілер орындады. Мерекелік концерт соңынан, жастар дискотекасы ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Жастар бұл бастаманы қуанышпен қолдады, шара-тақырыптық дискотекалардың жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығын көрсетті.

Жастармен жүргізілген жұмыстың нәтижесін анықтау үшін тоқсанына бір рет әр клуб мүшелері арасында сауалнамалар жүргізіледі. Жастар тобымен болатын кездесулерде түскен ұсыныстарға үнемі талдау жасалынып, келесі кездесуде жауаптары беріледі. Жастар ұсыныстары бойынша түрлі қызмет түрі құрылады. Аудандық «Достық» газетінде, жастар газетінде жарияланған мақалаларға мониторинг жасалынып, жастардың көшбасшыларының ұсынымдары ексеріледі. Ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс жоспары жасалып, жастар орталығы арқылы жауаптары беріледі.



Жастардың негізгі құндылықтарын анықтау үшін «Жастарды не қызықтырады?» атты сауалнама жүргізілді. 100 респондент сұралып, сараптама жасалды.

Жастар орталығы арқылы құрылған кадр агенттігі арқылы наурыз айында 3 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Кадр агенттігі жұмыс берушілерден және жұмыс сұраушылардан сұраныстар жинақтауда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет