Гогольдің «Өлі жандар» поэмасының
қазақ тіліне аударылуы
Ә.Дербисалин
«Гоголь-шынайы өмірдің айнасы, шебер ақын»
Гоголь-сыншыл реализм негізін қалаушылардың бірі.
Гоголь ерекшелігі оның жуасында, түйреп сөйлеуінде, сықақ пен мысқыл әдісінде. Гоголь орыстың ұлттық ерекшелігін айнаға түсірегн, орыс өмірін терең білген жазушы, әрбір геройын ерекше көрсетудің шынайы шебері.
Күлдіргі шығармаларды жазғандардың ішіндегі ұлы бейне осы Гоголь. Онда күлдіргі момент қайғымен араласып біріне-бірі ұштасып отырады. Мысалы: оның «өлі жандарындағы» Чичиковтың помещиктермен саудасы - өлі жандарды сатып алуы сыртынан қарағанда қандай күлкі болса, бірақ оның ішінде крепоснайлық дәуір трагедиясы жатады, тірімен өлі адамның бірдейлігі бірден саудаға түсуі сайрап көрініп тұрады. Осы саудадағы трагедия комедияға айналады. Ал, екеуіде комедия трагедияға айналады. Яғни, комизм мен трагизмнің түбірі бір, өйткені екеуі де өмір қайшылығанан туады. Гоголь жылап отыра күледі.
Осындай ұлы талантымен тарихта мәңгі қалатын Гогольдің қазақ әдебиетінде де алатын ролі ерекше. Гоголь революцияда бұрын да қазақ жұртшылығына белгілі жазушы. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тіліне көптеп орыс классиктері аударыла бастады. Бірақ осы кезде Гогль шығармаларында ептеп тежеушілік байқалды.
Ал, қазіргі кезде бүкіл орта Азияның тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де Гогольдің шығармалары көптеп аударылып, мәлім болды. Қазіргі қазақ әдебиеті Гоголь шығармаларын түгел өз мүлкі етіп отыр. Негізгі шығармаларының бәрі қазақ тіліне аударылған орыстың ұлы жазушысының қазақ әдебиетіне танымал болуына М.О.Әуезов, Қ.Тайшықов, А.Елшібеков, Ж.Алтайбаев, С.Ембергенов, Ә.Ипмағамбетов, Ғ.Оспанов, Ф.Дінисламов тағы басқалар үлкен үлес қосқан. Гогольдің қазақ тіліндегі шығармаларының шіндегі алатынымыз – «Ревизор» мен «Өлі жандар» аудармасы. «Ревизор» мен «Өлі жандар» сабақтас шығармалар. Екеуі де Ресейде болған крепостнайлық дәуірдің неше алуан сорақылықтарын жаулайды.
«Өлі жандар» поэмасында Гоголь тірілерді былай қойып, өліктердің саудаға түскенін әшкерлейді. Жемтік күзеткен құзғындарды көрсетеді. Гогольдің бұл шығармасы алғаш рет қазақ тіліне 1932 жылы басылса, 1936 жылы қайтадан түзетіліп қайта басылды. Аударған Қ.Тайшықов еді.
«Өлі жандардағы» басты бейне Чичиков өзгелеріне қарағанда бұл әлдеқайда жылпос, Россияда жаңа орын теуіп келе жатқан капиталдық салт сананың көрнекті қайраткері. Чичиков сырттан қарағанда сыпайы, мүләйім көрінсе де. Чичиков арам, ала аяқ сүм, зылиян кейіпкер. Қылмыс істеп жұмыстан қуылған сүр бойдақ Чичиковтың үйленгісі келеді. Жасаулы қалыңдыққа байдың ғана қолы жететінен білетін Чичиков өлі жандарды қолына тегін түсіріп алып, оларды тірі жандар есебінде көрсетпекші болады. Мұндағы оның мақсаты сол кездегі байлық крепостной крестьяндардың санына қарай өлшенеді екен. Өз мақсатына жетпекші болған ол әуелі помещик Мамилов пен жолдас болады. Өлі жандарын тегін алады. Жесір кемпір, дүниеқоңыз Коробочка да бұған әрбір өлген мұжықтарын 15 тиыннан сатады. Собакевич көп саудаласып, тірі адамдардай мақтаса да Чичиков әрбіреуіне 80 тиыннан береді. Оңып отырғанда күлкіңді келтіретін осы үзінді де алғашқы кезде айтқандай дәуір шындығы жатыр.
Гогольдің бұл шығармасында заманына сай, жағымды кейіпкер де бар. Яғни, Тентетиковты алсақ бірақ, осы герой Гогольдің нысаналы образы ма, болмаса автор патшалық Россия тыңшыларының көзін алдау үшін жазды ма немесе басқа да жағдайлар әсер еттіме, ал арасы беймәлім.
Енді осы шығарманың қазақ тіліне аударылуына баса зер салсақ, бұл жердей басты еңбек алдыда айтқандай Қ.Тайшықов пен Ә.Ипмағамбетовтікі. Қ.Тайшықовтың аударған жылы 1932 жыл, ал Ә.Ипмағамбетов 1955 жылы аударды. Бұл екі аударманың арасында жиырма жылдық өмір жатыр. Бұл жиырма жыл қазақ-совет әдебиетінің ұлы туындыларының бірі, дүние жүзіне өзін таныттырған дәуірі. Абай эпопеясы, «Ботагөз», «Өянған өлке», «Шығанақтар» жарық көрген кез. Олай болса, Тайшықов аудармасына қарағанда, тіл нормасы, әдебиетік ұғым, сөйлем ықшамдығы қалыптасқан кезде аударған Ә.Ипмағамбетовтың аудармасы біршама түсінікті болуы заңды да. Енді осы екі аудармаға көз салып көрсек: Ипмағамбетов «Фрацуз яки кеміс» деп аударса, Тайшықов «Тырансаны алсаңыз немесе бір кемісті алып қарасаңыз» деп шұбалтып жіберген. Сонымен бірге күрделі сөйлемдерді аударғанда Тайшықов сөйлемдерді бөліп-бөліп жіберген де, Ипмағамбетов күрделі сөйлем етіп, Гогольдік перевоты сақтаған. Бұл аудармаларды аударғандар негізгінен тура мағынамен аударған. Алайда, Гогольдің ойында юмор, кекесін сықақ тұр. Соны бере алмаған. Мысалы: «У нас такие мудрецы, которые с помещиком, имеющим двести душ, будут говорит совсем иначе, нежели с тем, у которого их триста будут говорить опять не так как с тем у которого их пятьсот…слоам, хоть восходя до миллиона все найдутся оттенки» - деген Гогольдің сөзіндегі «Мудрецы» деген сөзге «данышпан» деген екіұшты мағынасы бар сөзді алған Тайшықовта, ал сөзден қашып, осы сөздің тура мағынасы «даналы» алған Ипмағамбетов те Гогольдің екпінін, дыбыс ырғағын сақтағанымен де, оның ойын дәл жеткізе алмаған. Осы қылықтарды ескерген Ипмағамбетов өзінің 1958 жылғы аудармасында бұл сөзге «сұңғыла» сөзін алған. Бұнысы біршама тәуір де шыққан. Осы сөйлемдегі «Словам хоть восход миллиона, все найдутся оттенки» деген сөз гогольдік сықақтың шырқау шыңы. Осыны Қ.Тайшықов «қысқасы, жан саны маған десе миллиноға дейін сөзылса да, бұлардың сөздері де неше түрге құбылады» деп сықағын сақтайды. Ал Ипмағамбетов болса, «қысқасы миллионға дейін барса да үн сарынымда құбылмалы, астарлы жақтары табыла береді» - дейді. Осы сөз тіркесі түйсіксіз құрылған, «Миллионға дейін баратынның» не екені, кім екені ашылмаған.
Екі мезгілде аударылған осы шығарманы салыстыра келіп, мынадай тұжырымға көз жеткізуге болады. Тайшықов кейбір жерін түсінбей құр далбырлап жаза бередіде, ал орысша оригинальды Ипмағамбетов жақсы түсінеді. Бірақ, Ипмағамбетовке қарағанда қазақ тіліне Тайшықов бай тіл табиғатын артығырақ біледі, сол себепті, ол түсіеген жерінде гогольдік шеберлікті сақтап, оның сықағын жақсы, түсінікті береді. Мысалы: «И наврет совершенно без всякой нужды: вдруг расскажет, что у него была-лошадь голубой или розовой шерсти» - деген жерді Тайшықов «Өтірік айтқанда ешбір мақсатсыз, қажетсіз-ақ соғар еді. Мысалы: менің пәлен уақытта біратым болды. Сол атым зеңгер немесе тарғыл түсті еді» десе, Ипмағамбетов «Және тағы өтірікті де мүлдем ешбір қажеті болмаса да соға салады. Мысалы: менде түгі көгілжем немесе ал қызыл ат болды-деп аударады. Осы жерде Ипмағамбетовтың аудармасына қарап отырып, оқырман көк және қызылат болатынын біледі. Мұнда өтірік жоқ. Ал, Тайшықовтың аудармасына қарап, зеңгертүсті немесе тарғыл түсті ат емес, сиыр болатынын жақсы ұғынады да, осыдан келіп, бұл Ноздервтің өтірікшілігін айқындайтын сықақ шығады. Гогольдің бұра сөйлеуін берген және өте шеберлікпен аударылған деп сенімді түрде айта аламыз. Тура айтылған сөзді аударудан гөрі кінәлі, астарлы ойы бар әзіл-сықақты аудару қиын. Гоголь шығармаларының астары қалың, тереңойға бай екендігі, аудармашының оны дәл жеткізуге деген талабына сай келе бермейді. Сондықтан да гогольдік шығармалар аударма ісінде үлкен талант пен шеберлікте талапетеді.
Ең аяғы Гогольдің кейіпкерлеріне қойған аттары да сықаққа толы болып келеді. Өмір қайшылығы, теңсіздік осылардың өзінен-ақ көрініп тұрады. Ескіден қалған мүра есебінде Плюшкин, Коробочкалар айтылса да, олардың өз аты, әкесінің аты қосыла жүреді. Крепостной мұжықтардың әкесінің атын қоса айту-қастерлеу болған емес. Орыс өміріндегі осы шындықты аша отырып, Гоголь келемеждеп, еріксіз күлдіруге алып барады.
1932 жылы Тайшықов; Сабакевичті-Итбаев, Свиньинді-Шошқабаев, Ноздревті-Тұмысқов, Коробочкалы-Қобди келіні деп аударса, келесі 1936 жылғысында бәрін түгелдей орысша алыпты. Бұлардың бәрі де сыңаржақ әдістер. Бұл жерде Тайшықов Гоголь ойымен санаспаған. Гоголь бұл кейіпкерлердің бәріне аттарына сай мінездеме берген. Бұл жердегі Коробочканы – Қобди келіні деп аудару тіпті дұрыс емес. Себебі бұл жерде Коробочканың Қобди келіні ме, қызыма, әйелі ме, бұл жағы тіпті Гогольге де белгісіз болуы мүмкін ғой.
Кейіпкерлердің мінезін, кескінін көрсеткенде Гоголь әр қайсысын өзінше даралап, береді. Және сол мінездемесі арқылы өмір шындығын, ондағы қайшылықтарды анық көрсетеді. Ал, осы аудармашы екі түрлі тәсілмен аударады да. Кейбір гогольдік ерекшеліктері кейбір жерлерінде көмескіленіп, енді бір жерде өзгеше сыр-сипатпен көрінеді.
Қорыта келгенде, бұл екеуі де тікі әдіспен аударған, яғни екі әдісті пайдаланған. Осы текстердің ең басты көзге түсетін нәрсе: Тайшықов мүлде қазақшыландырып жеберсе, Ипмағамбетов дәлдікті көздейді. Ол әсіресе-мәтелдерді аударғанда айқындала түсті. Бұл екеуінің негізгі кемшілігі, мысалы, Тайшықов пен сөзділікке ұшқыр, сұйылтып жіберсе, Ипмағамбетов дәлдікті сақтау үстінде түсініксіздікке апарған. 1932 жылы «Өлі жандарға» 1936 жылы сын жазылды. Ол сын бойынша Гогольдің Ноздревін-Тұмсықов, Собакевичтің-Итбаев дегеніне мін тақты. Бұл сынға Тайшықов былай деп жауап қайтарды. «Мазақ ат берудің үстіне атын типтің табиғатының мінез-құлқымен байланыстырады. Бұл фамилияларды аударған кезде мен аудармай алсам, Гогольдің ат қоюдағы мақсаты оқушыларыма түсіндіре алмаған болар едім» деді.
Осы бір кісі аттарына көбірек тоқталуымыздың себебі, ұнемі таласқа түсіп келеді. Бұл екі аудармаға да анықтап қарасақ, айырмасы шамалы ғана. Екеуі де сөздердің табиғатын жете түсініп, жатық тілмен жеткізуге тырысқан.
Гоголь орыс халқының мақал-мәтелдерін орынды қолдана отырып, кестелеп сөйлейді. Тайшықов болса, осыларды қолайсыз, орынсыз мақалетуге тырысады да, даярды алады да, ал Ипмағамбетов жаңа мақал етіп шығарған.
Бұл екеуі де орыс тіліндегі қалыптасқан мақал-мәтелдерді аударуға екі әдіске сүйенеді. Біз «Өлі жандарды» зерттегенде, Тайшықовқа жеңілдік жасап, Ипмағамбетовке қайта жарауымыздың себебі бар. Тайшықов аудармасы өз дәуіріне сай, бірақ оны сол күйінде басып шығаруға болмайды, өйткені мезгіл өзгерді, ал Ипмағамбетов заман тілегі көбейген кезде аударғандықтан, керегімізге жауапты қатаң іздейміз.
Кейбіреулер Гогольді өзгелермен салыстыра келіп, онда үш ерекшелік бар дейді. Біріншісі гогольдік кейіпкерлер дараланып тұрады, екеншісі, Гоголь партрет жасаудың шынайы, мінсіз шебері, үшіншісі, оның әдісінде дейді. Біздің ойымызша Гогольдейең басты ерекшелік – оның әдісінде, яғни мақал мен мәтел бейімділігінде.
Гогольдің қазақ әдебиетіне де тигізген ықпалы үлкен. Рас, біздің аудрамашылардың біршама жетістіктерінің де, кемшіліктерінің барын мойындаған жөн. Кейбір кемшіліктердің әсерінен небір дүниелерге кірбің түсетіні де рас. Алайда, қазақ халқының әдебиетінің айтушы тарландарына Гогольдің әсері өте жоғары дәрежеде ықпал еткені шындық.
Біздің халықта аударма ісінің кешеуілдеп, кенже дамығанына байланысты, біраз дүниелерде олқылықтар бар. Айталық, осы өзіміз қарастырып отырған «Өлі жандар» поэмасы. Бұл шығарманы аударуда жазушы Қ.Тайшықовтың еңбегінатап айтуымыз керек. Себебі, шама-шарқынша, өз тіліміздің бай үлгісіне салып, аса әсірелемейді емес, жатық тілмен жеткізуге тырысқан. Өткен ғасырда Гогольдің аса еңбегін «Илиалдаға» өзін – Гомерге теңеушілер де табылған. Алайда, бұл пікірге ұлы сыншы Белинский қарсышығып, олай емес екенін дәлелдеді.
Жалпы айтқанда, дәуір шындығын бейнелейтін бұл шығарманың қазақ әдебиетінде де алатын орын ерекше және үнемі биіктен көрінетіндігіне сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |