Ауыл шаруашылық ғылымдары



бет10/12
Дата09.06.2016
өлшемі3.63 Mb.
#125611
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Әдебиет


  1. Стратегия территориального развития Республики Казахстан до 2015 г. 23 августа, 2006.- № 167

  2. Игнатов, В.Г. Регионоведение / В.Г. Игнатов, Буисов В.И., Р-н-Д-1998

  3. Омаров, Б.Г. Организация методического регионального планирования социального экономического развития / Б.Г. Омаров, К.Т. Омаров, Учеб.пос. Экономики.- 2000

  4. Смағұлова, Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері / Г.С. Смағұлова, Оқу құралы. – Алматы: Экономика. - 2005

УДК 355.751.4



ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Т.Н. Траисова, профессор, А.Я. Курманов, аға оқытушы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазіргі таңда ауылшаруашылығының дамуына қосалқы шаруашылықтардың қосып отырған үлес салмағы басым болғанымен, бірақ даму барысында нарықтық қатынастар жағдайында кедергілерде жеткілікті болып отыр.
Современный этап развития ставит в повестку дня ряд новых важнейших задач перед агропромышленным комплексом страны. За прошедшие годы Казахстан достиг заметных результатов в развитии аграрного сектора. Огромное значение в рыночных условиях имеют личные подсобные хозяйства населения, которые производят основную часть сельскохозяйственной продукции.
Modern stage of development puts on the agenda a number of important tasks of agroindustrial complex of the country. During the last years, Kazakhstan has achieved noticeable results in the development of agrarian sector. Great meaning in conditions of market relations has typical subsidiary farms of population, which produce main part of agricultural production.
2008 жылдың бірінші қантарына облысымыздағы жекелердің ауласынан 360 мың ірі қара, 552 мың қой мен ешкі, 37 мың жылқы, 19 мың шошқа өріп, 544 мың құс бағылады екен. Жеке қосалқы шаруашылықтардың өнім өндірудегі үлес салмағы басым болғанымен, оларды мал, құс өсіретін серіктестік, қожалықтармен салыстырғанда мемлекет тарапынан қолдау, әсіресе, қаржыландыру сияқты жеңілдіктер мүлдем жоқ. Біздің ойымызша,оларға сәл де болса көмек, қолдау көрсетілсе, одан үкімет те, халық та ұтар еді.

Кеңес үкіметі уақытында олар өз өнімдерін тапсырып, колхоз-совхоздарға жоспарларын орындауға көмектесті. Құлдырау кезеңінде өндіргендерін өте төмен бағамен өткізе отырып, қосалқы шаруашылықтарын сақтап қалуға тырысты. Соңғы жылдары ауыл жағдайы жақсара бастады, жеке қосалқы шараушылықтар да дамып, республиканың аграрлық саласындағы өзінің орнын тапты. Ауылдық жерде жұмыс табу, әсіресе, арнайы білімі жоқ жас адамдарға қиын. Қалаға келудің де қиындықтары жеткілікті. Жұмысқа жарамды тұрғындардың аз ғана бөлігі шаруа қожалықтары мен серіктестіктерде қызмет етеді. Қалғандары жеке қосалқы шаруашылықтарымен айналысып, оларды дамытуға тырысуда.

Бірақ жеке қосалқы шаруашылықтардың даму барысында кедергі жоқ деуге болмайды. Мал басының саны көбейіп, бірақ оның өнімділігі мен сапасы көтеріле қойған жоқ. Қосалқы шаруашылықтарда негізінен тұқымы нашар, аралас, өнімділігі төмен мал өсіріледі. Бұл - ет және сүт өнімдерінің өзіндік құны жоғары болуының негізгі себептерінің бірі. Облыстағы асыл тұқымды ірі қара өсіретін төрт шаруашылықта сүтті бағыттағы асыл тұқымды малдар бар, соның ішінде оның 360 басы немесе екі пайызы ғана сиыр малы. Олар қосалқы шаруашылықтарды айтпағанда өздерінің өндірісін асыл тұқымды жас малмен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Мал шараушылығының басқа салаларында да жағдай мәз емес. Баға жағынан асыл тұқымды малды сатып алу жеке қосалқы шаруашылықтардың қолынан келе бермейді. Сондықтан, малды көрші, тума- туыстан сатып алуға мәжбүр болады. Айналып келгенде, етті бағыттағы сиырларды сауып, шығынды өтеуге тырысады. Малдың өнімділігін көтеру үшін оны дұрыс азықтандыру қажет, рацион құрамына тамыр-түйнектер, сүрлем, пішендеме кіргізу керек. Ал жеке қосалқы шаруашылықтардағы малға қыста шөп, сабан және дән қалдығы беріледі, ал жазғы уақытта малды ауыл айналасындағы өнімділігі төмен жайылыстарда ұстайды. Сондықтан, шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігін көтеру, осыған байланысты мал басын облыс көлемінде ұтымды орналастыру мәселесі өзекті проблемалардың бірі болып отыр.

Олай дейтініміздің себебі – қазіргі уақытта мал басының көбі аудан орталықтары, ірі ауылдар, облыс орталығы айналасында бағылады. Бұл табиғи жайылым мен шабындық жерлерге үлкен зиян келтіруде.

Осы жағдайдың алдын алу үшін жазғы уақытта шалғайдағы жайылымдарға жас мал топтарын бағып семіртетін жазғы лагерьлер ұйымдастыру керек. Ал сауын малдарын қолда ұстаған жөн. Малды жазғы лагерьде бағып күткені үшін тиісті ақыны көтеріп және оның бір бөлігін жергілікті бюджет есебінен төлесе, халықтың ынтасы артар еді.

Малдың тұқымдық сапасын көтеру мақсатында, жазғы лагерьлерді өнімділігі жоғары аталық малмен қамту және малдәрігерлік қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыру керек. Бұл шара ірі ауылдардың санитарлық- эпидемиологиялық және экологиялық жағдайларын жақсартуға көмектеседі, жайылымдарды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Өндірілген өнімді сату оңайға туспейді. Ауылдық жерлерде сүтті суытып, бастапқы тазалайтын және оның сапасын анықтайтын арнайы қондырғылары бар пункттер жоқ. Сут жалпыға бір цистернаға жаналады. Оны бағалайтын өнім алушы, сондықтан сатушы өзінің өндірген өнімін өте арзан бағаға өткізуге мәжбүр болуда. Нәтижесінде өнімді жинап-өндеудің шығындары өндіру шығындарынан жоғары болып келеді. Қосалқы шаруашылықтар ішінде мемлекеттік сатып алу талаптарына жауап беретіндері болса да, олар оған қатыспайды, сондықтан жақсы пайда түсіре алмайды.

Бес жылға арналған АӨК дамуының облыстық бағдарламасында ірі тауарлы мал шаруашылығын дамыту, саланы технологиялық жаңғырту, мал азығы өндірісін, асылдандыру ісін, малдәрігерлік жұмысты және өнімді өндіруді дамыту шаралары көзделген.

Болашақта бюджеттік қаржыларды ірі агрофирмаларды қалыптастыруға бағыттай отырып, ауылдағы қосалқы шаруашылықтарды да (әсіресе, мал шаруашылығын) ұмытпаған жөн. Ол жалпы мал шаруашылығындағы қосалқы шаруашылықтың өнім өдіру үлесін ескере отырып, жүзеге асуы қажет деп ойлаймыз. Мұндай көмектер республикамыздың басқа аймақтарындағыдай текті түлектерді сатып алуға жеңілдетілген несиелер, малдәрігерлік қызметтер көрсетуге субсидиялар беру арқылы жүргізілсе.

Ауылдық округтер бюджетін бекіткенде ауылдағы қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштерін де ескеру қажет. Мұндайда мал басы, өнімділігі, ет, сүт өнімдерін өткізу көлемі назарға алынғаны жөн. Жалпы, қосалқы шаруашылықтарды дамыту арқылы ауылда көптеген әлеуметтік мәселелер де өз шешімін табары даусыз.

Сонымен бірге Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауында атап өтілгеніндей, кәсіпкерлік корпорациялар құру арқылы қосалқы шаруашылық саласы ел тұрмысын түзей түсуге өлшеусіз үлес қосқан болар еді.

УДК: 338.439.4:633.1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІ ҮШІН АГРАРЛЫҚ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Б.М. Хусаинов, доцент, Ж.Ж. Габбасова, аға оқытушы
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана
Бұл мақалада ҚР-ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі қандай болуы керек екендігі айтылған.
В данной статье рассматривается вопрос о конкурентоспособности продуктов аграрного сектора для вхождения Казахстана в ВТО.
The question about agrarian sector products’ competitiveness for Kazakhstan’s WTO joining is considered in this article.
Қазақстанның БСҰ-ның толық қанды мүшесі болуға деген тілегі экономикалық және саяси контекстке ие. Сондықтан Қазақстан Республикасы халықаралық саудада өз орнын алуға тырысуда және дамыған елдермен тең дәрежеде осы сфераға қатысты қарым-қатынастарды реттеуге қатысуда. Біздің еліміз БСҰ-на қосылудан болатын экономикалық пайдаға, ең алдымен қатысушы елдер нарығындағы керемет жағдайларға қызығуда. Сонымен қатар, БСҰ-ның мүшелері болып әлемнің көптеген елдерінің табылуы осы халықаралық ұйымға кірмейтін елдердің қатысушы-елдермен қарым-қатынасында өздерінің мүдделерін қорғау үшін қажетті құқықтарының болмауы себебінен олардың шарттарына бағынулары қажет болатындығын білдіреді.

Қазіргі уақытта БСҰ-на кіру қажет пе, қажет емес пе деп сұраудың қажеті жоқ. Оған жауап мемлекеттік саясатта толығымен берілген және Қазақстан Республикасы Президентінің біздің еліміздің осы ұйымға кіруін аяқтау шаралары туралы Қаулысында және еуропалық интеграция туралы соңғы Жолдауында нақтыланған. Осыған байланысты, қазіргі кездегі атқарушы билік органдарының негізгі міндеті – дайындалған шараларды орындау. Барлық жаңа мүшелер осы ұйымға «БСҰ-на кіруші елдерде қолданылатын шарттармен» кіруде. Сондықтан бұл жағдай соңғы шешім әрбір қатысушы-елдің келісімімен қабылданатын әдеттегі сауда келісімдерінен ерекшеленеді. БСҰ-на қосылушы елдердің болашағы олардың ұлттық мүддені басшылыққа ала отырып, негізгі ережелерді түсіндіру қабілетіне және өздерінің неғұрлым принципиалды ұстамдарын қатаң ұстай отырып ымыраға келулеріне байланысты.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ғылыми және саяси шеңберінде негізінен алдағы уақытта БСҰ-на қосылудан болатын залалдардың жекелеген бағалары әрекет етеді. Сондықтан, жүйелі талдау жүргізу керек және біздің еліміздің осы ұйымға кіруінен болатын мүмкін залалдарына баға беру керек. Бұл келісімге келу процесінің тиімділігін жоғарылату үшін де, БСҰ-на кіруден болатын мүмкін теріс зардаптарды төмендету және халықаралық сауда жүйесінің пайдасын максимум пайдалану үшін және елдің іс-әрекетін белгілеу үшін де тән.

О.Разумков атындағы экономикалық және саяси зерттеулер Орталығының сарапшыларымен жүргізілген Қазақстан Республикасының отандық экономика салаларымен және секторларымен БСҰ-на қосылуының мүмкін нәтижелерін бағалау жағымды залалдары жоғарылайтындар үшін ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінің үлесі төмендейді. БСҰ шеңберінде өнімдердің халықаралық саудасы Уругвай келісімге келу раундының нәтижесінде қабылданған, ауыл шаруашылық өнімдерінің импортына қатысты тарифтік барлық емес кедергілерді тарифтерге ауыстыруды және олардың ең жоғарғы шегін анықтауды қарастыратын ауыл шаруашылығы туралы жарғымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы БСҰ-на кіру туралы келіссөздерде бірнеше рет талқыланған, 1994 – 1996 базалық жылдардың есебінен анықталған 1,38 млрд. доллар көлемінде шағын тікелей көмек көрсетуді қорғайды. Қолдауды 13%-дан кем емес мөлшерге дейін қысқарту қажет. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі әлемнің дамыған елдеріне қарағанда анағұрлым төмен екенін айта кету керек. Соңғы жылдары бұл қаражат ЖІӨ-нің 0,5 %-ын құрады (сол уақытта Венгрияда – 1,8, Жапонияда және Еуропа елдерінде – 1,7, Чехияда – 1,6, АҚШ-та – 1,5, Канадада – 1,3 және Ресейде – 0,8 %-ды құрады). Тұрғындардың жан басына шаққанда субсидиялар келесідей болды: Жапонияда – 566 дол, АҚШ-та 350, Еуропа елдерінде – 336, Канадада – 163, Венгрияда – 111, Чехияда – 100, Ресейде – 60, ал Украина мен Қазақстанда – 33 дол.

Жалпы алғанда, дамыған елдер бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін 1 млрд. дол. бөліп отыр. Әдетте, БСҰ-на мүше 140 елден тек 25 ел ғана белгілі бір уақытқа дейін субсидияларды заңды түрде пайдалануға мүмкіндік беретін жауапкершіліктермен байланысты.

БСҰ-на кіру жағдайында Уругвайлық раундқа қатысушылар мен бұл ұйымға соңынан қосылған елдер арасында нарыққа шығуға ұсыныстарды қарастыру кезінде жауапкершілікте айырмашылықтар бар. Себебі, ауыл шаруашылығы туралы Келісім жаңа претенденттер үшін тарифтерді либерализациялау туралы ережені мұқият суреттеуді қарастырмайды. Тәжірибеде претендент-елдердің нақты өнімдер бойынша тарифтік ұсыныстарының деңгейі БСҰ-ның қызығушылық танытушы мүшелерімен екі жақты келіссөздер жүргізу кезінде негіздеуді талап етеді. Қазіргі кезде мұндай келіссөздер кезінде претенденттерде стратегиялық өнімдерге: дән, қант, сүт өнімдері және басқа да өнімдер үшін қабылданған тарифтік ставкаларды белгілеуде еркіндік аз. Соның салдарынан БСҰ-ның жаңа мүшелері үшін нарыққа ену кезіндегі міндеттемелер БСҰ-на мүше елдерге қарағанда неғұрлым күрделенді. Қытай халық республикасының БСҰ-на жоспарлы түрде кіру үрдісі жақсы мысал болып табылады. Кейбір өнімдер бойынша тарифтердің қысқаруы 24 %-дан жоғары.

Ұлттық экономиканы сипаттайтын және баға белгілеу, сапа және ликвидтік факторлары арқылы анықталатын аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін алдағы уақытта көтеру үшін жағдай жасау қажет. Ликвидтікке келетін болсақ, оның көрсеткіштері ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығында ұсыныстарды қалыптастырумен байланысты және өндіріс, тұтыну, импорт пен экспорт есептері арасындағы қатынас арқылы анықталады. Өнім сапасының мәселесі тек қана сапа стандарттарына ұлттық көзқарасты және генетикалық-модификациялық мәдениетті қалыптастырумен ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың менталитетімен де байланысты болғандықтан ерекше сипатқа ие. Соған қоса, өсу стимуляторлары негізінде өндірілген мал шаруашылығы өнімдерін тұтыну мәселесі. Мысалы, АҚШ пен Канадада мұндай өнімдерді сатады, ал Еуропа елдерінде адам денсаулығына әсер ететіндіктен сатуға тыйым салынған.



Бәсекеге қабілеттіліктің үшінші факторы болып баға табылады. Қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдердің баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі оның өндірісінің салыстырмалы төмен өзіндік құнымен анықталады. Бірақ алдағы уақытта бұл көрсеткіш еңбек ақының жоғарылауымен, өсімдіктерді қорғау препараттары мен тыңайтқыштардың құнының, сонымен қатар тасымалдау шығындарының әлемдік деңгейге жақындауымен байланысты жоғарылайтын болады. Отандық азық-түлік тауарларының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің бағалық сипатқа ие болуы негізгі ауыл шаруашылық өнімдері үшін Қазақстандық және әлемдік экспорттық бағаларды салыстыру арқылы дәлелденеді (кесте). Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы категория болғандықтан, абсолюттік мөлшерге негізделетін көрсеткіштер ұлттық экономикадағы тауардың немесе саланың бәсекелік позициясы туралы аз ақпарат береді. Бір сектордың басқа сектормен салыстырмалы түрде топтасатын көрсеткіштер ақпаратты көп береді. Шет ел ғалымдары жиі қолданатын көрсеткіштердің ішінен келесілерді атауға болады:

  1. экспорттық бәсеке қабілеттілікке қатысты индекс;

  2. импортқа тәуелділікке қатысты индекс;

  3. сауда артықшылықтарына қатысты индекс.

Кесте - Қазақстан Республикасының кейбір ауыл шаруашылық тауарларының экспорттық бағалары (1999 – 2006 жылдардың мәліметі)

Тауарлар

Экспорттық бағалар (1999 – 2006 ж. орташа), 1 т. үшін долл.

Қазақстандық экспорттық бағаның әлемдікке қатынасы (%)

әлемдік

қазақстандық

Бидай

125,3

111,8

89,2

Арпа

114,8

100,9

87,9

Күнбағыс тұқымы

257,0

220,0

85,6

Күнбағыс майы

498,0

545,3

109,5

МІҚ еті

2460,2

1544,0

62,8

Сары май

2121,4

1807,0

85,2

Құрғақ майсыздандырылған сүт

1702,0

1016,7

59,7

Экспорттық бәсеке қабілеттілікке қатысты индекс келесі формуланың көмегімен есептеледі:

RXA ij = (Xij / Xil) / (Xkj / Xkl)

мұндағы: Х – экспорт, i және k – тауар түрлері, j және l - елдер

RXA индексінің мәні 1-ден жоғары болса, ел тауар экспорты бойынша салыстырмалы бәсекелестік артықшылыққа ие, егер 1-ден төмен болса, бәсекелестіктің төмендігін көрсетеді. Импортқа тәуелділікке қатысты индекс RМР RXA индексіне өте ұқсас, тек бұл жағдайда есептеу үшін М символымен импорт алынады:

RМР ij = (Мij / Мil) / (Мkj / Мkl)

Егер RМР индексінің мәні 1-ден жоғары болса, онда импортқа тәуелділік жоғары (яғни, бәсекелестіктің төмендігі орын алады), 1-ден төмен болса, онда импортқа тәуелділік төмен (яғни, салыстырмалы бәсекелестік артықшылық болады).

Сауда артықшылықтарына қатысты индексті RТА есептеу кезінде белгілі бір тауар экспорты мен индексінің көрсеткіштері бір уақытта қатар алынады.

RTA ij = RXA ij - RМР ij

мұндағы, RXA ij – i тауарының j еліндегі экспорттық бәсеке қабілеттілікке қатысты индексі, RМР ij - i тауарының j еліндегі импортқа тәуелділікке қатысты индексі. Берілген көрсеткіштің оң мәні сыртқы саудадағы салыстырмалы бәсекелестік артықшылықты білдіреді, ал теріс мәні – салыстырмалы бәсекелестіктің төмендігін.

Осылайша, RТА индексі бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым нақты және ақпараттық көрсеткіші болып табылады. Бірақ тәжірибеде барлық үш индексті қолдану кезінде көптеген мәселелер туындайды. RXA және RМР индекстерінің ең төменгі мәні 0-ге тең болады, ал ең жоғары мәні шектеусіз. RTA индексі оң да, теріс те болуы мүмкін және ең төменгі, ең жоғарғы шектері шектеусіз. Егер бұл көрсеткіштер шекті мәндерге ие болғанда, бұл түсіндіруді жеңілдетер еді.

Сонымен қоса, барлық үш индексті түсіндіру кезінде көшпелі экономикалы көптеген елдерге, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де, тән экономикадағы құрылымдық өзгерістермен байланысты әр түрлі жылдардағы олардың мәндерінің арасында қалдық згерістер болса қиындықтар пайда болуы мүмкін.




ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

ЭКОЛОГИЯ

УДК 630 * 266: 633.2


ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ СОЗДАНИЯ ЛЕСНЫХ КУЛЬТУР В ЗАПАДНОМ КАЗАХСТАНЕ
М.К. Сапанов
Московский институт лесоведения РАН
Батыс Қазақстан топырағының зоналық және интразоналық типтеріндегі орман өсімдіктерінің анықталған спецификалық экологиялық ерекшеліктері негізінде орман шаруашылығын оптимизациялау жолдары көрсетілген. Бұл «Жасыл Ел» бағдарламасын жүзеге асыру және орман шаруашылығы мамандарын дайындау деңгейін арттыру қажеттілігіне байланысты өзекті.
На основе выявленных специфических экологических особенностей функционирования лесных насаждений на зональных и интразональных типах почв Западного Казахстана показаны пути оптимизации лесокультурных работ, что особенно актуально в связи с реализацией программы «Жасыл Ел» и необходимостью повышения уровня подготовки специалистов лесного хозяйства.
The ways of forest-cultural works’ optimization are shown on basis of revealed specific ecological features of forestation functioning on zonal and intra zonal types of West Kazakhstan soils that is especially actual in connection with «Жасыл Ел» program realization and the necessity of the training level of specialists of forestry increase.
Одним из национальных приоритетов в Казахстане является реализация многолетней масштабной программы «Жасыл Ел» по озеленению страны с привлечением молодежи. При этом, в профильных учебных заведениях открываются новые отделения и курсы по подготовке специалистов по лесному делу, как, например, в Западно-Казахстанском аграрно-техническом университете им. Жангир хана. Цель данной работы – показать особенности лесовыращивания в тех местах, где изначально лес никогда не рос, для того, чтобы молодые специалисты ясно понимали причину недолговечности посаженных деревьев и кустарников, например, при создании придорожных лесополос или зеленых зон у населенных пунктов. Для Западного Казахстана это особенно актуально, так как вся территории расположена в зонах сухой степи и полупустыни, где естественная лесная растительность приурочена лишь к увлажненным поймам и балкам рек.

Известно, что деревья и кустарники не могут расти во многих местах без полива и/или соответствующих ежегодных агротехнических и лесоводственных уходов. В то же время, почти везде есть такие условия, где правильно посаженные лесные культуры растут долго без дальнейшего вмешательства человека.

Прежде всего, рассмотрим общий механизм функционирования древостоев в аридных регионах. Здесь необходимым условием их сохранности является наличие доступной влаги в течение всего вегетационного сезона. Деревья потребляют ее своеобразно, в зависимости от особенностей работы корневой системы. По весне корневая система «просыпается» лишь в верхних горизонтах почвы, и на воде из этого слоя наращивается почти вся листовая масса и приросты ствола. Одной из основных функций этой влаги является обеспечение дерева питательными веществами из почвенного раствора. Затем, по мере прогревания почвогрунта, всасывающая деятельность корневой системы перемещается в глубинные слои, вплоть до капиллярной каймы грунтовых вод. В это время верхний почвенный горизонт обычно уже полностью пересыхает, а питательные вещества, необходимые для приращения ежегодной биомассы, переходят в неподвижные формы. Во второй половине вегетационного сезона грунтовые воды, зачастую являясь единственным источником транспирации листьев, служит для другой цели, обеспечивая нормальное течение фотосинтеза дерева и вырабатывая запасные вещества, основой которых является резервный углевод – крахмал. Запасные вещества консервируются в стволе и корнях дерева и служат для дыхания ствола и начала активной жизнедеятельности на следующий год. Отметим, что осадки летнего периода выпадают небольшими нормами и воздействуют на дерево опосредованно, улучшая внешние условия и предотвращая атмосферную засуху, но мало влияют на функционирование самого растения. Как видим, основным фактором, лимитирующим их рост и развитие, является количество доступной почвенной влаги [2].

Теперь рассмотрим основные лесорастительные условия, которые используются в Западном Казахстане для посадок лесных культур. Прежде всего, это зональные типы почв: от темно-каштановых до солонцеватых светло-каштановых почв и солончаковых солонцов. Основной отличительной особенностью этих типов почв является одинаковый автоморфный механизм круговорота воды. Здесь приходной статьей водного баланса являются лишь атмосферные осадки, которые промачивают всего 0,5-1,5 м слоя почвы. На этой влаге нормально функционирует лишь травянистая растительность, которая обладает более коротким сезонным циклом развития, чем древесная и отмирает при возникновении почвенной засухи. Для успешной выживаемости лесных культур на этих почвах необходимо накопление дополнительного количества воды. На равнинных территориях это можно осуществить только за счет снегосбора. Однако в Западном Казахстане зимы часто бывают малоснежными или снег выпадает в мокром виде и в безветренною погоду, поэтому в лесных культурах дополнительного снегонакопления может не быть. Поэтому для улучшения влагообеспеченности каждого дерева площадь питания, с которой он может брать воду, здесь увеличивают до 30 м2, проводя рядом ежегодные агротехнические уходы [1].

Иными словами, посадив лесонасаждение на зональных типах почв необходимо каждый год проводить в них агротехнические уходы за почвой. Легко представить и даже можно подсчитать увеличивающиеся ежегодные материальные траты (по мере приращения лесопокрытой площади) на поддержание таких неустойчивых лесонасаждений в нормальном состоянии. В условиях перехода общества на рыночные взаимоотношения такой подход к лесовыращиванию возможен лишь при создании исключительно ценных насаждений.

В то же время, в Западном Казахстане повсеместно встречаются интразональные полугидроморфные лугово-каштановые почвы. Они развиты в замкнутых локальных понижениях рельефа (падинах, западинах) или проточных понижениях (ложбинах, потяжинах), которые открываются в сторону гидрографической сети. Эти условия отличаются тем, что здесь периодически накапливается неизмеримо большее количество воды за счет поверхностного притока весенних талых вод. При инфильтрации этой воды промачиваются глубинные горизонты почвогрунта, и даже часто образуется пресная линза грунтовых вод, которая может покоиться на водоупорных глинах или «плавать» на засоленных материковых подземных водах. Такие места более приспособлены к выращиванию деревьев и кустарников из-за возможности использования ими влаги из глубинных слоев почвогрунта (см. выше). Отметим, что такие понижения рельефа максимально приближены к настоящим лесорастительным условиям пойменных и байрачных лесов [1].

Из всего вышесказанного следует, что возможность выращивания долговечных лесных насаждений на равнинных территориях Западного Казахстана ограничивается интразональными лугово-каштановыми почвами локальных понижений рельефа, которые, кстати, покрывают более чем 15% площади всей территории. Визуально в целинных условиях такие понижения выделяются более густой разнотравно-злаковой растительностью, а при посадках лесополос, например, вдоль дорог, - лучшей сохранностью деревьев в виде небольших колков и куртин.

Кстати, быстрый распад и гибель деревьев в таких колках объясняется тем, что здесь используется, главным образом, вяз приземистый (мелколистный), который в естественном ареале не создает массивы, а растет индивидуально на большом расстоянии друг от друга. При правильном же подборе ассортимента лесных пород, такие лесные колки могут существовать неопределенно долго.

Вышеизложенные исследования и апробация разнообразных способов создания лесных культур на разных типах почв проводятся на Джаныбекском стационаре, который расположен в междуречье Волги и Урала и находится в совместном владении НПЦ лесного хозяйства Казахстана и Института лесоведения РАН.

Данная работа адресована будущим специалистам по лесному делу, в подготовке которых стационар принимает непосредственное участие, а также тем, кто уже отвечает за проектирование и создание тех или иных лесных культур. Автор надеется, что ее основные положения будут являться обоснованием при принятии ответственных решений, и количество созданных нежизнеспособных лесонасаждений будет неуклонно снижаться. На наш взгляд, необходимо полностью изменить мировоззрение на способы создания лесных культур в этих условиях, как на уровне Департаментов, отвечающих за реализацию различных программ, связанных с лесокультурными технологиями, так и Министерств, принимающих ответственные решения по изменению самой методологии лесовыращивания в аридных регионах.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет