Содействие рациональному использованию природных ресурсов.
На протяжение ХХ века государственное регулирование сельского хозяйства и агробизнеса США отличали две характерные черты: 1) государство своим вмешательством «не подавляет» активность фермеров и агропромышленных фирм, но - создает равно конкурентные возможности для всех предприятий агробизнеса; 2) эволюционный характер преобразований.
Изменение фермерской структуры влияет как на изменение организации производства внутри фермы, так и на взаимосвязь с рынком. Прежде всего, фермер всё больше сосредотачивается на функциях управления и контроля, чем на непосредственном производстве, кроме того. Фермер будет стремиться принять больше решений о ценах и возможных покупателях перед началом производства, чем надеяться на рыночные условия после окончания производства. Такое замещение рыночной координации координацией экономики с помощью фирмы позволяет крупным фермам обеспечивать прибыльность производства и создавать возможности для последующего развития. Крупные коммерческие фермы по мере своего развития теряют черты схожести с «семейной фермой» и превращаются в обычную фирму.
Вместе с тем, проведенный анализ показал, что развитие процесса концентрации сельскохозяйственного производства не означает, что фермы, меньшие по размерам, чем «крупные», обречены на вымирание. В частности, кооперативная интеграция, которую мы определяем как своеобразное «регулирование снизу», оставляет фермеру большую степень свободы, так как кооперативы позволяют фермерам коллективно сделать то, что они не могут сделать по отдельности, являясь небольшими фирмами.
Стремление к изменению структуры производственных единиц в сельском хозяйстве стран центральной Европы - с крупных хозяйств на фермерские, - преобладавшее на первом этапе реформ, носило скорее политический, чем экономический смысл. Для большей части бывших госхозов и коллективных хозяйств стран Восточной и Центральной Европы характерно сочетание активного или пассивного сопротивления законодательным изменениям в аграрной сфере и адаптации к государственному воздействию. Это замедляет реальный переход к новым структурам в сельском хозяйстве по сравнению с революционными надеждами начала 1990-х годов, но зато эволюционный характер преобразований делает их более надёжными и эффективными.
В таблице 2 приведены данные по распространенности кооперативных структур за рубежом.
Таблица 2 - Удельный вес кооперативов в агробизнесе в экономически развитых странах, %
Страны
|
Направления деятельности
|
маркетинг
|
материально-техническое
снабжение
(в среднем)
|
молоко
|
мясо
|
овощи и фрукты
|
США
|
86
|
-
|
20
|
40
|
11- 45
|
Канада
|
59
|
20-54
|
7-25
|
54
|
15-40
|
Швеция
|
99
|
79-81
|
60
|
75
|
75
|
Нидерланды
|
82
|
35
|
70-96
|
-
|
40-50
|
Германия
|
55-60
|
30
|
60
|
-
|
50-60
|
Как видим, в целом кооперативы представляют реальную экономическую силу, которая существенным образом влияет на развитие их аграрного сектора.
УДК 349.422.231
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ
А.М. Қазамбаева, экономика ғылымдарының кандидаты,
Н.Н. Хасенова, магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жағдайы мен проблемалары қарастырылға және оларды жетілдіружолдары ұсынылған.
В статье рассматриваются состояние и проблемы переработки сельскохозяйственных продукций в Республике Казахстан и Западно-Казахстанской области и предложены пути его совершенствования.
The condition and problems of agricultural production processing in the Republic of Kazakhstan and West Kazakhstan region is considered in the article and the ways of its perfection are offered.
Қазақстан Республикасы тек минералдық ресурстардың бар болуынан ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды жерлеріне байланысты экономиканың қарқынды дамуы үшін үлкен әлеуетке ие. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері осы салада терең құрылымдық өзгерістер болды: ауыл шаруашылығын жүргізудің әкімшілік-командалық жүйесі жойылды; колхоздар мен совхоздар жойылып, олардың орнына қазіргі уақытта шаруа қожалықтары, фермерлік, өндірістік-кооперативтік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар жақсы жұмыс істеуде. Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуы басым бағыттар ретінде көрсетілген.
Бәсекеге қабілеттілік табыс тамыры болып табылады, ал табыс – бұл ауылдағы кедейшілікті тоқтатын жалғыз сенімді жол.
Ішкі нарықтың шектеулі сыйымдылығы, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің төмен деңгейі, импортерлер (демпинг және субсидияланған экспорт) тарапынан ықылассыз бәсекелестік және отандық өнімнің ішкі нарықтан ығыстырылуы, әлеуетті әлемдік азық-түлік нарығына тиімді көлік жолдарының болмауы АӨК салаларының отандық өнімінің бәсеке басымдықтарын дамытудың мемлекеттік саясатын өндіру бойынша міндеттерді қояды.
Осыған сәйкес, сыртқы рынокта салыстырмалы бесеке басымдылығы бар тауарлар өндірісін дамыту қажет.
Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні осы мүмкіндіктерді актуализациялаумен, АӨК–нің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты шаралар жүйесінде оларды жүзеге асыру механизмін құрумен және тұрақты экономикалық өсуге ауысумен байланысты.
Жыл сайын Республикадағы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу көлемі өсіп келеді. 2003 жылмен салыстырғанда 2007 жылы өндірілген ауыл шаруашылық шикізаттарының жалпы көлеміндегі қайта өңдеу үлесі артты: сүт- 18,1%-дан 29% дейін, ет- 14,6%-дан 27,8% дейін, бидай өнімдері- 20,5%-дан 43% дейін, майлы өсімдіктер- 55%-дан 99% дейін, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу үлесінің артуына қарамастан ол бұрынғы қалпында қалып отыр.
2007 жылдың 11 айында 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қайта өңдеуші кәсіпорындарда өнім өндірісін талдау нәтижесінде өнімнің көптеген түрі бойынша өндіріс көлемі артқан. Ағымдағы жылдың 11 айында қайта өңдеуші кәсіпорындар 508,7 млрд. теңгеге өнім өндірген, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға артық.
2007 жылдың 11 айында 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шұжық өнімдерінің өндірісі 17,4%-ға, ет және сүт консервілері 47%-ға, өңделген сүт 21%-ға, май 17,9%-ға, қоюландырылған тәтті сүт 17%-ға, қышқыл сүт өнімдері 5,2%-ға, ұн 13,3%-ға, ұнтақтар 27%-ға, өңделген күріш 18%-ға, өсімдік майы 3,2%-ға, макарон өнімдері 14%-ға, маргарин 8,4%-ға өскен.
2006 жылдың 11 айымен салыстырғанда ақ қант өндірісі 25,3%-ға, жеміс консервілері 8,9%, көкөніс консервілері 20%, томат консервілері 16,7%-ға, құрғақ сүт 6,5%-ға, ірімшік пен сүзбе өндірісі 3,3%-ға төмендеген.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында да ауыл шаруашылық өндірісі тұрақтанып, дамып келеді. Жалпы Батыс Қазақстан облысы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті, жылқы еті өндірісіне мамандандырылған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құрылымында 2003-2004 жылдары дәнді дақылдар – 32,5%-ды алады, ет үлесіне – 31,4%, сүт - 16,7% тиесілі.
Ұн саласында 48 кәсіпорын жұмыс жасайды, олармен: ұн, манный жармасы, макарон бұйымдары өндіріледі. Барлық өндірілген ұн көлемінің 74%-ы Желаев нан өнімдері комбинатында өндіріледі. Мал азығы өндірісімен Ақсай нан өнімдері комбинаты айналысады.
Қазіргі уақытта ұн өндірісі көлемі облыс тұрғындарының нан және нан өнімдеріне сұранысын толықтай қамтамасыз етеді, құрама жем өндірісі төмен сұраныспен тежелуде.
Облыста сүтті қайта өңдеумен айналысатын «Береке» БҚОСК ААҚ және «Ақсай тағамдары» АҚ бар. Зеленов ауданының «Асан» агрофирмасында, Бөрлі ауданының «Жарсуат» ЖШС-да, Тасқала ауданының «Өсімтал» ш/қ-да, Теректі ауданының «Ақас» ш/қ-да қуаттылығы аз сүтті қайта өңдеу цехтары бар.
Сүт өнімдерінің негізгі көлемі (90%) «Береке» сүт комбинатында шығарылады. Негізгі пайдаланылып жүрген жабдықтар физикалық және моралдық жағынан көнерген, кәсіпорындарда өндірістік қуаттың 30% пайдаланылады. Кәсіпорындардың сүт өнімдері бағасының жоғарылығына байланысты, импортты өнімдермен бәсекелесе алмайды. Көбінесе азық-түлік нарықтарында ресей өндірушілерінің: Лианозовский сүт комбинаты (Москва қаласы), «Самаралакто», Новотроицкий сүт комбинаты, Шадринский сүт комбинаты және басқа өндірушілердің өнімдері басым болады. Сүт өнімдерінің өзіне меншікті өндірісі қысқаруда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда сары май өндіру 51%-ға, қаймағы алынбағын сүт өнімдері 14%-ға, басқа сүт өнімдері - 13% қысқартылды.
Бағдарлама шаралары аясында қазіргі заманғы сақтау және сүтті қайта өңдеу технологияларын енгізу жөнінде сүт өнеркәсібі мекемелерінің қатарында өндірістік қуатын техникалық қайта жабдықтау және қайта жаңарту жүргізу көзделінуде.
Береке» ААҚ-на құрамында бифидофлоры жоғары қышқыл сүт өнімдерін, ұзақ сақтау мерзімді қаймағы алынбағын сүт өнімдерін, хош иісті толтырғыштар дәмімен қаймағы алынбағын сүт өнімдерін, қазіргі заманғы үлгідегі тұтынушыға қолайлы шағын ораудағы сүт өнімдерін, ірімшіктердің жаңа түрлерін шығару жөніндегі технологиялық желілерді лизингіге сатып алу. Кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты бір сменада 150 тоннадан 170-200 тоннаға дейін өседі. Жобаны жүзеге асыру барысында 2008 жылы сүт көлемі – 38,5%-ға, сары май – 41,7%-ға, сары ірімшік пен сүзбе – 35,4% -ға, балмұздақ - 7,2 % өседі.
«Ақсай тағамдары» АҚ-на өндірісті кеңейту және толық жабдықтау үшін «Тетра-Пак» кешені желісіндегі зарарсыздандырылған сүт өнімдері өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда. Желіні қондыру сүт өнімдерінің сақтау мерзімін ұзартуға және өткізуге мүмкіндік береді.
Етті қайта өңдеумен 5 орта және шағын кәсіпорындар айналысады, оларға: Орал қаласында орналасқан «Береке» БҚОСК ААҚ, «Күблей» ЖШС, «Жайық-Ет» ЕҚК ЖШС, «Ғабдолов» ЖК, «Ибрагим» ЖШС және 17 шағын цехтары жатады. Аудандарда малды қайта өңдеу және ет өнімдерін өндіру бойынша қуаты үлкен емес цехтар бар.
2004 жылға ет және тағамдық субөнімдері өндірісі 1805 тоннаны құрады немесе 2003 жылдан 4%-ға көп, шұжық бұйымдары 692 тонна (10,9%-ға көп) өндірілді, ет консервілерін өндіру 11,9%-ға өсті.
Шұжық бұйымдарына сұраныс 1,4 мың тоннаны құрайды, өз өндірісі есебінен 50%-ы қамтамасыз етіледі. Облысқа шұжық бұйымдарының елеулі көлемі Пенза және Саратов ет комбинаттарынан тасымалданады.
Қазіргі уақытта еттің негізгі көлемі (86%) шаруа және тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарында малды аулада сою жағдайында өндіріледі, бұндай жағдайда шикізаттың терең қайта өңделуінің жетіспеуі оның айтарлықтай жоғалуына алып келеді. Эндокринды –ферментті шикізат, сүйек, тері, ішек және басқалары пайдаланылмайды.
«Швейник» ЖШС киіз аяқ киім, техникалық және былғары бұйымдарының байпағы өндірісін елеулі (2 есе) ұлғайтуды қарастыруда, бұл кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыруға, бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, әлеуетті тұтынушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Бекарыс» ЖШС былғары бұйымдарын, жұмыс аяқ киімдерін (1,5 есе) шығаруды, оны сатып алу мен шикізатты қайта өңдеу, «Вет-блю» былғарысының жартылай фабрикаты экспортымен, дайын өнімді жергілікті жерде сату жолымен ұлғайтуды жоспарлауда.
«Аист» ЖШС жоғары сұраныс болжаланып отырған, жоғары сапалы үлбір бұйымдарының өндірісін 4,5%-ға ұлғайтуды қарастыруда. .
«Надежда» ЖШС ескірген жабдықтарды қазіргі заманғы жабдықтарға ауыстыруды жоспарлауда, бұл жүннен жасалатын өнімдерді – сырылған көрпелер мен жоғары сапалы түйе жүнінен жасалған бұйымдарды (3,5 есеге) шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының техникалық мүмкіндігін жетілдіру бойынша облыста бағдарлама шараларын жүзеге асыру нәтижесінде қайта өңдеу өнімдері өндірісін төмендегідей көлемде өсіруді қамтамасыз ету болжануда.
Кесте - 2006-2010 жылдарда табиғи мөлшердегі қайта өңдеу өнімдері өндірісі
|
Өлшем бірлігі
|
2004ж
есеп
|
2005 ж
бағалау
|
болжам
|
2010 жылы
2004жылға % - бен
|
2006ж.
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
2010ж.
|
Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе еті
|
тонна
|
1631
|
1720
|
1850
|
2010
|
2200
|
2400
|
2600
|
159,4
|
үй құсы еті
|
тонна
|
174
|
190
|
210
|
240
|
285
|
335
|
400
|
229,9
|
ет консервілері
|
тонна
|
642
|
706
|
840
|
1010
|
1230
|
1500
|
1840
|
286,6
|
шұжық бұйымдары
|
тонна
|
692
|
720
|
790
|
880
|
1010
|
1160
|
1335
|
192,9
|
дайындалған және консервіленген балық
|
тонна
|
1842
|
1950
|
2090
|
2300
|
2580
|
2890
|
3237
|
175,7
|
өңделген сұйық сүт және қаймақ
|
тонна
|
3077
|
3250
|
3560
|
3950
|
4500
|
5175
|
5977
|
194,2
|
сары май
|
тонна
|
172
|
180
|
195
|
220
|
255
|
295
|
342
|
198,8
|
басқа сүт өнімдері
|
тонна
|
2016
|
2076
|
2139
|
2216
|
2282
|
2350
|
2420
|
120,0
|
балмұздақ
|
тонна
|
455
|
473
|
483
|
497
|
507
|
517
|
528
|
116,0
|
ірімшік пен сүзбе
|
тонн
|
599
|
635
|
696
|
770
|
860
|
963
|
1078
|
180,0
|
ұн және жарма
|
мың тонна
|
83,7
|
88,7
|
97,0
|
109
|
129
|
154
|
185
|
221,0
|
жаңа піскен нан
|
тонна
|
7184
|
7256
|
7416
|
7720
|
8180
|
8670
|
9190
|
127,9
|
макарондар және ұқсас ұн бұйымдары
|
тонна
|
1165
|
1215
|
1290
|
1380
|
1490
|
1614
|
1751
|
150,3
|
құрама жем
|
тонна
|
1427
|
1459,8
|
1518
|
1563
|
1604
|
1650
|
1700
|
119,1
|
Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында өңдеуші кәсіпорындарға олардың айналым құралдарын толықтыру үшін екінші деңгейлі банктермен берілетін несиелердің банктік сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, бұл 2007 жылы республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібінің 140 кәсіпорнына 16366,9 млн.теңгеге банк несиелерін алуға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуді жетілдіру үшін төмендегідей шаралар жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймыз:
-
отандық тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оны қайта өңдеу саласындағы қазіргі заманғы технологиялармен танысуға, Қазақстандағы, жақын шетел елдеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік беру;
-
ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеушілердің, ауыл шаруашылық техникалары мен елдің ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жетуді қамтамасыз ететін басқа да өнімдер өндірушілері мен жабдықтаушыларының әріптестігін нығайту үшін өзара тиімді сауда және экономикалық, шығармашылық байланыстарды орнату;
-
азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтарын талдау, қазақстандық өнімдерді өткізудің потенциалды нарығын қалыптастыру, республиканың азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізаттарының сыртқы нарықтарына шығуы мен орнығуына ықпал ететін және кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтау;
-
ауылды қолдау бағдарламасын, аграрлық азық-түлік бағдарламасын және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жеке меншік институттарын енгізу бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде республиканың аграрлық секторын қолдаудың мемлекеттік механизмінің тиімділігін бағалау.
УДК: 332: 005.21 (574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АЙМАҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
Г.А. Карекесова, магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Нарықтық қатынастар аясында аймақтық экономиканы басқару өзекті мәселелердің біріне айналған. Бұл мақалада республика аймақтарының қазіргі даму жағдайына, индустриалдық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысына талдау жасалынған.
В сфере рыночных отношений управление региональной экономикой является основной проблемой. В данной статье рассмотрены развитие регионов республики и реализация индустриально-инновационной стратегии в регионах.
In the sphere of market relations, management of regional economy is the basic problem. The development of the republic regions and realization of industrial-innovative strategy in regions is considered in this article.
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесінде соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймаақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда [2].
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы» мемлекет тарапына жобаланған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді жоспары. Мемлекеттік стратегияның мақсаты – шикізат тарапынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.Мұндай стартегияның қабылдануына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып отыр. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейінгі аймақтық дамуы бірыңғай халық шаруашылық кешені шегінде анықталды. Нарықтық экономика дамуы жағдайында экономикалық потенциалды дамыту және орналастыру мәселелері нарықтық механизмдермен анықталады. Сонымен қатар мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы үшін жүйелі жағдай, яғни бар ресуртық потенциалды рационалды пайдалану және тұрғындардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес аймақтық даму процесін реттеуде мемлекеттің ролін анықтау. Жоғарыда айтылған міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің геоэкономиаклық және геосаяси факторлар ескеріледі. Жаһандану және халықарлық бәсекелестіктің күшеюі әлемдік нарықта тиімді стратегия жоспарлауын талап етеді. Аймақтар мен ірі қалалар ұлттық, аймақтық, әлемдік жүйеде еңбек бөлінісін жүргізу үшін негіз бола отырып, кластерлік дамуда территорияның инфрақұрылымы, экономикалық кеңістік қалыптастыру және тұрғындарды орналастыруда мемлекеттің аймақтық дамуының стратегиялық бағытын анвқтаушы болады. Соныме қатар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы» республикалық, аймақ аралық, облыстық маңызы бар өндірістік, энергетикалық, инженерлік, транпортты-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылым дамытуға бағытталған мемелкеттік инвестициялардың (соның ішінде ұлттық компаниялардың) негізгі приоритеттерін анықтауға анықтауға бағытталады [1].
Кеңес Үкіметі кезеңінде орныққан мемлекеттің экономикалық потенциалы қазіргі кезеңгі тұрақты даму талаптарына сәйкес келмейді, яғни экономикалық құрылымның деформациясына алып келуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының стратегиясы мемлекеттің аймақтық дамуының стратегиялық бағытын анықтайды, яғни оған экономикалық кеңістікті құру, тұрғын халықты орналастыру, кластер құрумен байланысты аймақтық инфрақұрылымдық қамтылуы және аймақтық, салалық, мемлекеттік бағдарламалардың сәйкесінше дайындалуы мен жүзеге асырылуы кіреді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының стратегиясына алдына ынадай мақсат қофды: мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жәнеаймақтық және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандар дайындау негізінде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, тұрғын халықты орналастыру және экономикалық потенциалды ұйымдастыру кеңістігін құру болып табылады.
Стратегияның аймақтық дамуының негізгі приоритеттері:
-
Даму зоналарын құру, яғни мемлекеттің барлық аймақтары үшін «локомотив» рөлін атқаратын мемлекеттің экономикалық белсенділігін концентрациялаған зонаны құру және дамыту;
-
Қазақстанның экономикалық кеңістігін әлемдік шаруашылық жүйеде ортаазиялық сауда-экономикалық және сервисті-технологиялық орталық ретінде интеграция процесін жүргізу;
-
Өмір сүруге жағымды және экономикалық перспективті аудандарда экономикалық және еңбек ресурстарын концентрациялау;
-
Кластерлік даму, өзін өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды млбилизациялау механизмдерін енгізу арқылы аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Стратегияны жүзеге асыру үшін мемлекеттің тұрақты динамикалық дамуы қойылған мақсаттың жүзеге асырылуын талап етеді. Бұл қойылған мақсаттарға жету аймақтық және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру бойынша тиімді мәселелерді шешу, мемлекеттің барлық аймағында балансталған негізді әлеуметтік-экономикалық даму негізіндемемлекеттің экономикалық потенциалын рационалды ұйымдастыру болып табылады. Стратегияның жүзеге асырылу бағыттары мемлекеттің территориялық даму аспектілерін қамтиды. Мемлекеттің орта мерзімдік даму жоспары мен мемлекеттің басқа бағдарламалық құжаттарына сәйкес стратегия ауқымында қаржылық секторды дамыту және макроэкономикалық реттеу мәселелері бойынша жалпы координация жүзеге асырылады, қолайлы инвестициялық климат құрылады, адам капиталы, ғылыми-техникалық потенциал сияқты өндіріс факторларды дамыту қарастырылған.
Аймақтық және әлемдік экономикада Қазақстан тиімді стратегиясын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады. Қазақстан өзінің бар мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалана отырып, стратегияға сәйкес аймақтың экономикалық лидеріне айналуға тырысу тиіс, яғни дамыған индустриалды және сервисті-технологиялық орталық. Осы негізде мемлекеттің бәсекеге қабілетті маманданған аймақ құрылып, аймақтық-экономикалық ұйымдардың тиімді модельдері құрылып, кәсіпкерлікті дамыту қажет. Жоғарыда айтылғандардың барлық мәліметке сәйкес мемлекет және бөлек аймақтардыңсәтті позициялануы үшін бәсекелі басымдылықтар құру және жүзеге асырылуға бағытталады:
Әлемдік нарықта бұл мына мәселелерде көрініс табады:
-
минералды шикізат, бидай өнімі және оны өңдеудің ірі өндірушісі мен жеткізуші тұлға;
-
европалық, азия тынық мұхиттық және оңтүстік азиялық экономикалық жүйелерде трансконтинентальды көпір ретінде.
Аймақтық нарықта мынадай мәселелерде көрініс табады:
-
аймақтық нарыққа өндірістік және ауыл шаруашылық өнімді жеткізуші ірі тұлға;
-
қазіргі талаптарға сай аймақтық сервистік орталық;
-
аймақтың инновациялық орталығы.
Бұл барлық мәселелерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының Стратегиясы мынадай мәселелерді қамтиды:
-
Қалыптасқан жағдайды анализдеу;
-
Стратегияның мақсаты мен приоритеттері;
-
Стратегияны жүзеге асырудың негізгі бағыттары;
-
Аймақтық және әлемдік экономикада мемлекеттің позициясы;
-
Мемлекеттің территориялық ұйымдастырылу перспективалары мен орналастыру жүйесі;
-
Өсу полюстерін қалыптастыру;
3.2.1.1 Қала мен аймақтарды қалыптастыру;
3.2.1.2 Тірек қалалрды дамыту;
3.2.2 Басқа да приоритетті аймақтарды дамыту;
3.2.2.1 Шекаралық территорияларды дамыту;
3.2.2.2 Ауылдық территорияларды дамыту;
3.2.2.3 Қолайсыз аймақтардың мәселесін шешу;
3.2.3 Тұрғын халықты орналастыру және аймақтық құрылым жүйесі;
3.3 Территорияның экономикалық ұйымдастырылуы;
3.2.1 Аймақтың ресуртық потенциалын тиімді пайдаланады;
3.3.2 Еңбектің бөлінуі республикалық, аймақтық, халықаралық деңгейде экономикалық бәсекеге қабілеттілігін территориялық бөлу;
3.3.3 Аймақтық дамудың инфрақұрылымдық қамтылуы;
3.3.3.1 Инновациялық инфрақұрылым;
3.3.3.2 Транспортты-коммуникациялық инфрақұрылым;
3.3.3.3 Өмір сүруді қамтамасыз етуші инфрақұрылым;
3.3.3.4 Су шаруашылығы инфрақұрылымы;
3.3.3.5 Әлеуметтік инфрақұрылым;
3.3.3.6 Туристік инфрақұрылым;
3.4 Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту;
3.5 Аймақтық дамуының институционалдық дамуын қамтамасыз ету;
3.5.1 Территориялық дамудың жоспарын жақсарту жүйесі;
3.5.2 Инфрақұрылымды дамытуды реттеу механизмдерін жақсарту жүйесі;
3.5.3 Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылымын жақсарту жүйесі [1].
Қазіргі жағдайды анализдейтін болсақ - Кеңес Үкіметі кезеңінде қалыптасқан экономиканың құрылымдық құлдырауы мемлекеттің экономикалық орналасуы қажетті талаптарға жауап бермейді. Қазақстанның халық шаруашылық жүйесіне белсенді енуі транспортты-коммуникациялық инфрақұрылымның артта қалуы мемлекеттің әлемдік және аймақтық еңбек бөліну процесін тежеп отыр. Нарықтық жағдайда мелекеттің бөлек аймақтық-шаруашылық жүйелерінде бәсекелестікке басымдығын анықтады. Бұл жағдай кейбір аймақтарда өндірістің құлдырау мен жойылуна алып келді. Нәтижесінде аймақтық диспропорция ұшқырлап, тұрғындар табиғи миграцияға қарамстан экономикалық перспективасы жоқ аймақтарда өмір сүруде. Қалыптасқан тұрғындардың орналасу жүйесі өз тиімділігін жойды. Перспективасы жоғалтқан минералды шикізат орнында орналасқан ұсақ қалалар, сонымен қатар өмір сүруге қолайсыз даму орталықтарына алшақ орналасқан ауылдық жерлер. 60 ұсақ қалалардың 10-ны депрессивті категориясына жатқызылды. Әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы бойынша 7512 ауылдық тұрғын пункттердің - 1204 (1,8 млн. тұрғын адамы бар ) жоғары даму потенциалы бар, 5625 ауылдық тұрғын пункттердің (5,2 млн. тұрғын адамы бар ) – орташа, 595 ауылдық тұрғын пункттердің (189,9 млн. тұрғын адамы бар) – төмен даму потенциалы және 88 ауылдық тұрғын пункттердің - тұрғын халқы жоқ. Аймақтық дамуды басқару жүйесі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің байланысын қамтамасыз етпейді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды жақтарын анықтайтын болсақ: біріншіден, қолайлы географиялық жағдайы - мемлекет еуразиялық материктің орталығында орналасуы – Европа және Азия континенттерінің қиылысында. Қазақстан әлемнің ірі мемлекеттерінің ортасында орналасқан: Ресей Федерациясы мен жедел дамушы Қытай, Орталық Азия елдері, сонымен қатар Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия елдері.
Екіншісі, шекараға жақын аймақтардың басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12 мемлекет шекарасында орналасқан. Дамыған және динамикалы дамушы елдердің тәжрибесі бойынша шекараға жақын аймақтар бұл мемлекеттердің негізгі зонасына айналды. Шекараға жақын аймақтар экономикалық белсенді зона болып, елдің әлемдік экономикалық жүйеге енуге қолайлы болады.
Үшінші, ресурстардың көлемі. Кең жер ресурстары және табиғи-климаттық ерекшеліктер әртүрлі агралы өнім өндіруге мүмкіндік береді. Республика территориясы он табиғи-ауыл шаруашылық зонаны қамтиды.
Төртінші, мемлекеттің өндірістік потенциалы: өндірістің көп салалы құрылымы және аграрлы өндіріс, отын-энергетика, тау-кен кешендері.
Бесінші, алуан түрлі минералды-шикізат базасы ішкі және сыртқы қажеттіліктерді қамтамасыз етіп, мемлекеттің өсіп келе жатқан экспорттық мүмкіндіктерін жүзеге сырады. Қазақстан мұнай, көмір, хром, марганец, темір, алтын, фосфориттер, бор, калийй тұздары, қалайы қорлары бойынша бірінші ондыққа кіреді.
Алтыншы, ел территориясын қамтыған транспортты-коммуникациялық жүйесі. Теміржол және автомобильжол жүйесі барлық аймақтар арасында тасымалдау қызметін жүзеге асырады. Қазақстандық автомобиль және темір жолдары халықаралық транспорттық коридор құрамына кіреді [4,3].
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясына» сәйкес өңдеуші саланы дамытудың алғашқы шаралары жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды қаржылардыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы даму институттары құрылды. Даму банкі құрылғаннан бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты. Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжанатын көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын, мемлекеттік шығындардың құны 2002 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млн. АҚШ долларын құрайды. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер де анықталған. Атап айтқанда, экономиканың өсу қарқыны жылына кемінде 8,8-9,2 пайыз көлемінде болады, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемішамамен 3,5-3,8 есе өседі, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқыны 8-8,4 пайызға дейін, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде3 есе өседі және ЖІӨ-нің энергияны қажет етуі екі есеге төмендейді деп күтіледі. Стратегияны жүзеге асыру ЖІӨ құрамындағы тауар өндірісінің үлес салмағын 2015 жылы 46,5 пайыздан 50-52 пайызға дейін өсіруге, ЖІӨ құрамындағы ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтің үлес салмағын 2000 жылғы 0,9 пайыздан 2015 жылы 1,5-1,7 пайызға дейін көтеруге жағдай жасады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясының» негізгі міндеттерінің бірі – аймақтық және халыаралық ауқымдағы еліміздің бәсекелестік артықшылығын анықтау болып табылады. Қазақстандағы машина жасау, жеңіл жиһаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсіптің басқа да бірқатар өңдеуші салаларын дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. АҚШ доллары, ал мұнай саласына 1773-тен 2300 млн. АҚШ доллары салынды. Ауыл шаруашылық саласы бойынша астықү мақта, ет өнімдерін өңдеу, сыртқы нарықтарға экспорттау кеңінен қолға алынбақ. Қазақстанда шығарылатын көмірсутегі шикізатымен табиғи газдың түгел көлемінің өңделмеген экспортқа шығарылуы өнеркәсіптің мұнай-химия саласын даму жағынан артта қалдырып келеді. Болашақта осы шикізат қуаттарын өңдейтін өнеркәсіп саласы өркендеп, оның дамуына сырттан инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызылмақ. Осыған байланысты 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай-химия саласында іске қосылған жаңа өндірістік нысандар 5 жылға дейін корпоративтік табыс салығынан босатылды.
Сонымен Қазақстан Республикасының Индустриалық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес еліміздің бірқатар аймақтарында біраз нақты істер мен шаралар жүзеге асырылғанын келітірілген деректер анық аңғартады. Алдағы кезеңде негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: