Тақырып 3. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы кешені ашық та біртұтас жүйе болып табылады, ол өзара байланыстағы құрылым құрушы элементтерден тұрады, олардың әрқайсысы өзінің ғана емес тұтас жүйенің дамуына әсер етеді. Жүйенің мұндай ашықтығы осы ортаға қатынастың іштей де (микро), және сырттай да болуына елеулі ықпал етеді. Алайда экономикалық дамудың әр кезеңінде ортаның әсері әрқилы болуы мүмкін. Сондықтан халық шаруашылығы кешенін алға бастыру ең алдымен оның өзін өзі реттеуі мен басқарудың механизмі қаншалықты дұрыс болатындығына байланысты.
Нарықтық экономиканың өзіне тән сипаты мынада: етер әсері жағынан ішкі ортаға қарағанда сыртқы ортаның әсері артық болады, бұл қазіргі қазақстандық жағдайда тіпті ерекше.
Бұрын жабық болып келген экономиканың енді бүкіләлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіне ене бастауы, оның кеңейіп тереңдей түсуі, сыртқы ортаның әсері мен маңыздылығы факторларының ұлғаюы әрине бәрін жете білуді қиындатады және әртүрлі тәуекелге баруға алып келеді.
Осындай жағдайда оның тұтастығын сақтай отырып халық шаруашылығы кешенінің барлық элементтерінің өзара қатынаста қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз ету олардың құрылым түзеуші әр элементінің орны мен рөлін анықтаудың жаңаша, сапалық тұрғыдан келуді қажет етеді. Халық шаруашылығы кешенінің барлық құрылым түзеуші элементтерінің арасындағы объективті өзара байланыс пен өзара тәуелділікті ескермеу және есептемеу кешеннің ретті дамуына, өзін өзі қалыптастыру циклінің бұзылуына, құрылымдық ілгерілеудің бәсендеуіне әкеліп соғады.
Еліміздің халық шаруашылығы кешенінің құрылым түзеуші кез келген элементіне түсетін жүктің мөлшері қоғамдық өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісіне қарай анықталады.
Көптеген ірі мемлекеттердің экономикасында бірнеше салааралық кешендер бар, олардың негізгілері мыналар:
-
отын – энергетикалық кешен (бұған қуат беретін және оны
пайдаланатын генераторлар, энергетикалық ресурстарды алу және өңдеу, соңғы тұтынушыларға электр қуатын және жылуды диспетчерлік жолмен жеткізу);
-
орман өндірісі кешені (ағаштарды өсіру, дайындау, алғашқы
өңдеуден өткізу және өткізу);
-
агро өнеркәсіп кешені (АӨК).
Аграрлық сектор (ауыл шаруашылығы) кез келген елдің экономикасында ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығына айрықша орын берілетіндігі адамдардың өмір сүрулеріне қажетті азық – түліктерді өндіретіндігі және жұмысшы күштерін толықтыратындығы, өндірістік емес тұтынатын тауарлар мен азық түліктерді және өндірістік мақсаттағы өнімдерді өндіретіндігі. Шын мәнінде ауыл шаруашылығының даму деңгейі көп ретте елдің экономикалық деңгейін анықтайды.
Қазақстан Республикасы ежелден аграрлы ел болып есептеледі. Әртүрлі себептерге байланысты еңбек етуге қабілетті жұрттың, ауыл шаруашылығындағы үлесі ХХІ ғасырдың басында 10% - ке дейін кеміп кетті. Бұл жерде негізгі рөлді мемлекеттің саясаты ретінде жарияланған өнеркәсіпті индустриализациялау факторы атқарды, сөйтіп еңбекке жарамды ауыл тұрғындары жоғары ақы төленетін және келешегі үлкен салаларға ағылды.
Аграрлық экономиканың екі мағынада ұғымы бар. Тар ауқымда алғанда бұл кәдімгі ауыл шаруашылығы, яғни азық – түлік өнімдері мен өңдеуші салаларға шикізаттардың кейбір түрін береді. Осы секторда жүзеге асырылатын технологиялық процестер егіншілік пен малшаруашылығы өнімдерін өткізгенге дейін өндірумен шектеледі.
Елуінші жылдардың басында ғылыми және өндірістік түсінігімізге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, оны сақтаумен, өңдеумен және тұтынушыларға жеткізумен шұғылданатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы деген ұғым беретін агроөнеркәсіп кешені (АӨК) деген атау енді.
Қазіргі кезде А.И. Алтухованың, В.А. Кундиустың пікірлерінше (2004 жылы) негізінен төрт түрлі сфераны бөліп көрсеткен оңтайлы:
-
біріншісі – ауыл шаруашылығына өндіріс құрал жабдықтарын
жеткізумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын кәсіпорындар мен бірлестіктер;
-
екіншісі – ауыл шаруашылығының өзі;
-
үшіншісі - өнімдерді сақтаумен, өңдеумен және оны өткізумен
шұғылданатын кәсіпорындар;
-
төртіншісі – ғылми танымдық мекемелердің, мамандандырылған
кеңес беретін, ғылми – зерттеулер жүргізетін, жаңалықтарды енгізетін орталықтар, ақпараттық және мониторингтік қызметтер, мәдени ұйымдар.
АӨК – нің әр сферасындағы салалар мен кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудегі үлестері мен оның көлемін жуықтатып қана анықтауға болады. Бұл мәселен ауыл шаруашылығына қызмет ететін кәсіпорындар (бірінші сфера) көпжақты болып келеді, олар ауыл шаруашылығына қатысты емес салаларға да өнімдер дайындайды. Ал сауда ұйымдары (үшінші сфера) ауыл шаруашылығы өндірісінен басқалардың да өнімдерін саудалайды. Ал екінші сфераны алатын болсақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір көп бөлегі жеке меншіктегі қосалқы шаруашылықтарда өндіріліп жүр. өз қажеттерін өтеу үшін жұртшылықтың өндірген өнімдері мен оның құнын дәлдікпен айту мүмкін емес – бұл үшін бағалаудың жанама әдістері қолданылады, ол тұтыну қажеттілігінің шамасы және т.б.
АӨК – нің барлық салаларының өнімдерінің көлемін тек біржақты ғана, осы кешенде ғана дайындалған және пайдаланылғанын анықтауға болады. Мысалы бірінші сфера үшін бұл арнаулы техникаларды, айталық астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбаиндер, үшінші сфера үшін – элеваторлар және сол тектес құрылыстар, бұларда ауыл шаруашылығындық емес өнімдерді сақтауға болмайды.
Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасына өнеркәсіп өндірісінің мына салалары жатады:
-
тракторлар мен ауылшаруашылығы машиналарын шығару;
-
мал шаруашылығы үшін машиналар шығару;
-
тамақ өнеркәсібі үшін машиналар шығару;
-
минералды тынайтқыштар өндіру;
-
микробиология өнеркәсібі;
-
химиялық тынайтқыштар мен өсімдікті қорғайтын басқа да
нәрселерді өндіру;
-
селолық құрылыстар;
-
ауыл шаруашылығы мақсатындағы негізгі құрал жабдықтарды
және т.б. жөндеу және техникалық күтім жасау.
Екінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдеріндегі үлес салмағы меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алған инвестицияларына және амортизациялық есептеулеріне қарай анықталады. Мамандардың бағалаулары бойынша бірінші сфераның ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің алтыдан бірден бестен біріне дейін алады. Бұл сферада айналымға түспейтін активтердің 15 тен 20 пайызына дейінгісі бар.
Агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасы сол өзінің ауыл шаруашылығы. Бұл сферада кешеннің өндірістік потенциалы мен еңбек ресурстарының басым бөлегі пайдаланылады. АӨК – нің екінші сферасындағы салалар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларының диспоритеті, сондай – ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарымен қатынастарының реттелмеуі бірінші сферада түпкілікті өнім құнын төмендетуге әкеліп соқтыруда – қазір бұл пайыз жартысынан аспайды.
АӨК – нің екінші сферасы екі саладан тұрады: егіншілік және мал шаруашылығы; бұлардың әрқайсысында бірнеше сала бар:
Өсімдік шаруашылығында мынандай салалар бар:
-
астық шаруашылығы;
-
көкөніс шаруашылығы;
-
жемшөп өндірісі;
-
қант қызылшасын өсіру;
-
картоп өсіру;
-
кендір өсіру;
-
жүзім шаруашылығы;
-
бақша шаруашылығы және т.б.
Мал шаруашылығының салалары:
-
етті ірі қара шаруашылығы;
-
қой шаруашылығы мен ешкі өсіру;
-
жылқы шаруашылығы;
-
құс шаруашылығы;
-
шошқа өсіру шаруашылығы;
-
түйе шаруашылығы;
-
үй қоянын өсіру;
-
балық шаруашылығы және т.б. Игеру әдістемелеріне қарай АӨК
– нің бірінші сферасында 80 – ге дейін қосымша салалар бар.
Агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасына ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен, өңдеумен, тасымалдаумен және өткерумен шұғылданатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді:
Оларға мына салалар кіреді:
-
сүт өндейтін;
-
ет өндейтін;
-
дәмдендіруші шығаратын;
-
тоқыма;
-
аяқ киім;
-
көлік қызметі;
-
сауда қызметі және т.б.
Көріп отырғанымыздай үшінші сферадағы салалардың көп бөлегі сан қырлы. Мысалы жүк таситын көлік ауыл шаруашылығындық жүктер жоқ болса басқадай жүктерді тасуға арналып жабдықталады; тоқыма өнеркәсібі импортты шикізатпен, ол аяқкиім синтетикалық заттармен де шығарыла береді. Сондықтан аталған салаларды АӨК – нің құрамына жеткілікті дәрежеде рентабельді болғанда енгізуге болады. Басқа жағынан алғанда ауыл шаруашылығы кәсіпорыны үшінші сфераның өзіне сай болатынын таңдай алатындығы шектеулі. Бұл сатып алу бағасын негізсіз төмендетуге және келісім – шарттың текстісіне өндіруші – кәсіпорнынан гөрі қызмет көрсететін кәсіпорынға тиімдірек болатын анықтамалар енгізуге алып келеді.
Агроөнеркәсіп кешенінің төртінші сферасына аграрлық колледждер мен университеттердің ғылми – танымдық кешендері, мамандандырылған кеңес беруші, ғылми – зерттеулер мен оқу ақпараттық орталықтар және мониторингтік қызмет, мәдениетті ұйымдастыратын ұйымдар жатады.
Тақырып 4. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі
Аграрлы экономиканың негізгі мақсаттарының бірі өндірістің жеке бір саласының, сондай тұтас саланың экономикалық тиімділігін анықтау болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігін бағалауда «ақырғы өнім» деген ұғымды түсіну керек, ол тұтас алғанда анықтаушы маңызға ие. Оның өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларына қатысты мәні бар, ол ішкі тұтыну жағын шегеріп тастағандағы жалпы кешеннің өндірген өнімдерінің құнын көрсетеді. АӨК – тің өңдеуші салаларындағы ақырғы өнімнің құнын есептеген кезде өңдеуге жіберілетін ауыл шаруашылығы шикізаттарының құны есепке алынбайды, тек қана қайта өндейтін сала шығарған дайын өнімдердің құны ғана есепке алынады.
АӨК – нің өнімдері іс жүзінде технологиялық циклдің кез келген стадиясында өткерілуі мүмкін. Мәселен, егіншілік саласының өнімдері алынған күйінде (астық, жеміс – жидек және т.б.) өткізілуі мүмкін, алғашқы өңдеуден өткізгеннен кейін (мысалы құрама жем) малды бордақылауға, одан кейін ол мал союға және қайта өңдеуге және т.б. жіберіледі. Сөйтіп ақырғы өнімнің құрамына мыналар кіреді:
-
АӨК – нің бірінші сферасындағы салалардың және қосымша
салалардың өнімдері;
-
АӨК – нің үшінші сферасындағы қайта өндейтін салалардың
өнімдері;
-
өндірілген мүліктердің өнімдері немесе АӨК – нің бірінші
сферасындағы кәсіпорындар орындаған жұмыстар немесе көрсеткен қызметтер. Бұл АӨК – нің бірінші сферасында әдетте ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар өндірілетінін көрсетеді, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарына (өткеру құндарын анықтауға) амортизациялық аударулардың көлемі кіреді. Сөйтіп мұндай мүліктерге ішкі тұтынудың сапасы жағынан қарағанда негізгі қорлардың амортизациясын және басқадай айналымнан тыс активтердің амортизациясын кіргізеді;
-
саудалық үстеме баға қою, делдалдарды марапаттау, көлік
ұйымдарының қызметтерінің және басқадай өндіріс пен шаруашылықтардың істеріне қарай жүргізіледі.
Салалардың пропорцияны анықтау және басқарушылық шешімдерді мемлекеттік, сондай – ақ салалық деңгейде шешу үшін «ақырғы өнімнің құрылымы» деген ұғым пайдаланылады. Бұл ұғым ақырғы өнімнің құрылымында әр саланың өнімдерінің үлес салмақтары қандай екенін көрсетеді.
Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық тиімділігі мына қатынас бойынша бағаланады:
-
ақырғы өнімнің құны – ақырғы өнімді өндіруге жұмсалған
шығын (ішкі тұтынуға пайдаланылған өнімге жұмсалған шығынды есептемегенде) яғни, ақырғы өнімнің құны – негізгі өндірістік қорлардың құны.
Экономикалық тиімділігімен қатар агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік тиімділігін де анықтау қажеттілігі туды. АӨК – нің барлық сферасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізінен ауылдық жерлерде графикалық шектері нақты айқындалған аудандарда болғандықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары орналасқан жерлерде жұмыспен қамтылу жағы да артатынын әлеуметтік тиімділікті анықтайтын көрсеткіш деп қарау керек. Қосымша көрсеткіштер ретінде еңбек ресурстары бойынша (жұмысшылар, басқарудағы адамдар және т.б.) және мамандық бойынша жұмыссыздықты азайту жағы да еске алынады. Бұған керекті деректер жергілікті әкімшіліктерден алынады.
Бұдан басқа әлеуметтік тиімділіктің көрсеткіштері болып мыналар да табылады:
-
қызметкерлердің сырқаттануларын азайту – бұл
кәсіпорындардың бухгалтерлік есептерінен немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарынан алынады;
-
өндірісте жарақат алуды және кәсіптік ауруларды азайту – бұл
ақпараттар да содан алынады;
-
автоматтандыру деңгейін көтеру және жұмыстың кейбір
түрлерін кешенді механикаландыру;
-
әйелдер және т.б. шұғылданатын жұмыс орындарында қол
еңбегін қысқарту.
Тиімділік көрсеткіштерінің толық тізбесі әлеуметтік экономика курсында оқытылады.
Бақылау сұрақтары:
-
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына қандай сфералар кіреді?
-
АӨК – нің бірінші сферасына тиянақты сипаттама берініз.
-
АӨК – нің үшінші сферасының негізгі функциялары қандай?
-
Ғылыми зерттеулердің үшінші сферасының функциялары зерттеуде қай әдіс негізгі болып табылады?
Тақырып 5. Салалардың ұғымы және оның ауылшаруашылығындағы орны
Халық шаруашылығының саласы деп сапалық жағынан бірегей болып келетін кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығын атайды, олар қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде, өнімдерді өндіруде, жұмыс атқаруда немесе қызмет көрсетуде, өндірісті дамыту процесінде атқаратын функцияларының бірегейлілігімен сипатталады. Жекеленген кәсіпорындарды немесе ұйымдарды нақты бір салаға жатқызу үшін өнімдердің экономикалық жағынан бағытталуы, шикізаттар мен материалдардың біртектілігі, сол саладағы технологиялық процестердің сипаттарының жалғасушылығы, кадрлар құрамының кәсіптік және маманданушылық жағынан ұқсастығы есепке алынуы қажет.
Халық шаруашылығын салалар бойынша дифференциялау қоғамдық еңбек бөлінісіне қарай негізделген. Саяси экономика курсы бойынша қоғамдық еңбек бөлінісі негізгі үш түрінде көрінеді:
-
жалпы еңбек бөлінісі – еңбек бөлінісін ірі сфераларға –
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы және т.б. жатқызуды айтады;
көрсетілген ірі сфераларының ішінде айрықшаланып көрінеді. Ауыл шаруашылығында еңбек бөлінісін даралау мәселен өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы болып нақтыланған.
-
еңбек бөлінісін бірегейлеу – жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда
еңбекті бөлісу мен ұйымдастырудан көрінеді.
Әрине ауыл шаруашылығын осы көрсетілгендей тұрғыда бөлу жеткіліксіз екендігі түсінікті, өйткені бір саланың ішінде қосымша салалар да болады ғой (мәселен өсімдік шаруашылығы, астық өндірісі, жемшөп өндірісі, көкөніс өндіру және т.б. болып).
Жеке салалар мен қосымша салалар әртүрлі ерекшеліктері бойынша топтастырылады, мәселен:
-
ақырғы өнімді нақты пайдалану принципі бойынша өндіріс
екі қосалқы саладан тұрады - өндіріс құрал жабдықтарын өндіру және тұтыну заттарын өндіру. Бұлайша топтауға шығарылған өнімдердің өнеркәсіп өндірісінің басқа сфераларында немесе саудада немесе тұтынушылар бірден пайдаланатындығы ескеріледі. Осы жағынан алғанда ауыл шаруашылығын тұтыну заттарын өндіретін категорияға жатқызылады (өндірістік құрал жабдықтарды өндіретін АӨК – нің екінші сферасынан өзгешелігімен);
-
барлық өндірісті өндіруші және өңдеуші деп бөлуге болады.
Бұның біріншісіне жататындар табиғи ресурстарды пайдаланудың нәтижесінде – пайдалы қазбаларды өндіру, ағаш дайындау, егіншілік өнімдерін өсірумен жинау. Кәсіпорындардың басқа түрі өндірілген (дайындалған, өсірілген) өнімдерді қоғамдық өндірістің неғұрлым алғашқы стадияларында қайта өңдейді. Осы белгілеріне қарай ауыл шаруашылығын өндіруші (өсімдік шаруашылығы, сондай ақ өңдеуші (мал шаруашылығы) салаларға жатқызуға болады;
-
шығарған өнімдерінің белгілі бір мақсатқа сәйкес келуіне қарай
өндірісті кешенді салаларға бөледі. Бұлайша айқындау салаларды анықтау үшін емес, салааралық кешендерді анықтау үшін керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде АӨК – і осындай кешен болып табылады.
Технологиялық процестер, өндірістік техникалық базалардың ортақтастығы, кадрлар құрамының кәсіптік және мамандықтары , өндіруді және басқаруды ұйымдастырудың жүйелері ескеріледі.
Сандық көрсеткіштері принципі бойынша халық шаруашылығы экономикасында саланың алатын орнын анықтауда мыналар пайдаланылады:
-
мемлекеттің ішкі жалпы өніміндегі саланың ақырғы өнімінің үлес
салмағы;
-
еңбекке қабілетті барлық жұртшылықтың әлгі салада істейтін
қызметкерлер санының үлес салмағы;
-
салаға қосылған (негізгі объектілердің құны, айналымдағы
активтер және т.б.) материалдық - өндірістік ресурстардың үлес салмағы.
Кей жағдайда сандық көрсеткіштер мен қатар логикалық немесе мәнін анықтау әдісі де қолданылады. Мысалы, зерттеулер негізінде қоғамдық өндірістін құрылымындағы саланың рөлі мен орнын елдің экономикалық немесе әскери қауіпсіздігі тұрғысынан, саланың даму деңгейіне, шығарылатын өнімдердің саны мен сапасы жұртшылықтың тұрмысына етер әсеріне қарай анықтайды.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы негізгі салаларының бірі болып табылады. Сала ретінде ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты халықты азық – түлік өнімдерімен және ақырғы пайдаланылатын тауарлармен (мата, жүн, осыдан жасалған бұйымдар) қамтамасыз ету болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда ауыл шаруашылығы жұмысшы күшін (еңбек ресурстарын) толықтыратын, қосымша құн жасайтын сала. Ауыл шаруашылығы еліміздің өмірлік маңызды саласы болып табылады.
Тақырып 6. Қазақстанның ауылшаруашылығы экономикасының ерекшелігі
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы экономикасының саласы ретінде кез келген экономикалық жүйеге және кез келген өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға тән негізгі экономикалық заңдарға бағынады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында экономикалық және шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық өзгешеліктерін, еңбек, өндірістік және жер ресурстарын орналастырудың ерекшеліктерін ескеру керек.
Бұл ерекшеліктер туралы неғұрлым анық түсінікті негізгі макроэкономикалық ұғымдарды және олардың ауыл шаруашылығында көрінуіне қарай отырып алуға болады.
Өндірісті жандандыру (воспроизводства) – бұл жұмысшы күші мен өндіріс жабдықтарын, сондай – ақ табиғи ресурстарды үнемі жаңартып отыру. Онымен бір мезгілде адамдар арасындағы қатынастар да жаңарып отырады, өйткені бұлар өндірістің экономикалық формалары.
Бұлайша айқындау өндірістің кез келген салаға және кез келген қоғамдық – экономикалық кезеңге (формацияға) тән. Ауыл шаруашылығында өндірісті жандандыруды жүзеге асырудың ерекшелігі мынада: басқа салалармен салыстырғанда мұнда табиғи – биологиялық жүйені – жерлерді, өсімдіктерді және малды яғни бәрін де жандандыру керек. Сөйтіп, қоғамдық - өндірістік қатынастардың бұл сферасында неғұрлым маңызды болып техниканың, биологияның, экономиканың және экологияның тұтастығы болып табылады.
Қайта жандандырудың екі түрі бар – жай және кеңейтілген.
Жай қайта жандандыруда өндірілген өнімнің мөлшері мен оның сапасы кейін келетін әр циклда сол өзгермеген күйінде қалады. Бұл өз кезегінде өндіріс факторларын өзгеріссіз қалдырады. Барлық қосымша өнім, егер ол өндірілсе, сол өндірушінің тұтынуы мақсатында жұмсалады. Таза тұрғыда алғанда жай қайта жандандыру, әсіресе ауыл шаруашылығында тек теориялық сипатқа ие. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жердің құнарлылығын арттыруға байланысты және климат жағдайына елеулі тәуелді. Осындай жағдайда алдын ала жасалған болжамдардың әр жолы да өндірістік қайта жандандыру кезеңі (маусымы) аяқталған кездегі нәтижеге сай келуі мүмкін емес. Мұндай қайта жандандыруды, яғни қосымша алынған барлық азық – түлік өздерінің тұтынуларына жұмсалса да жай қайта жандандыруға жатқызуға болмайды. Аграрлық экономика үшін алынған қосымша өнім өз өндірісінің тиімділігіне ғана емес, бірқатар сыртқы факторларға байланысты.
Кеңейтіп қайта жарақтандыруды жүзеге асырудың екі әдісі бар, олар экстенсифті және интенсифті.
Экстенсифті әдіс еңбек құрал жабдықтарын сан жағынан ұлғайту. Ауыл шаруашылығына қатысты бұл – егіс алқаптарын кеңейту; мал санын өсіру; өңдеуші өнеркісіп үшін - өндірістік қуаттарды күшейту; өткеруді жақсарту үшін – сауда алаңдарын кеңейту, жаңа тұтынушылар табу және олармен шаруашылық қатынастарын ұйымдастыру.
Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсифті әдісінің жарқын бір мысалы болып 50 – жылдардың ортасында жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру болып табылады. Салыстырмалы түрде жаңа игерілген алқаптардың түсімділігі төмен болғанымен ССРО сол тұстағы азық – түлік проблемаларын шешу мүмкін болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысқан, соған жақын болған ауылдың әр еңбеккері жыл аяғында бұрын түсіне де кірмеген мөлшерде астық және басқадай өнімдер алды.
Аграрлық секторда (әсіресе егіншілікте) экстенсифті әдістің резервтері елеулі шектеулі. Алайда осы кезде оның резервтері бар. Елде жүргізілген аграрлық реформаның кейбір ағаттықтарының салдарынан жердің көпшілігі (бірінші кезекте колхоздар мен софхоздар таратылған кезде паи ретінде алынған жерлер) пайдаланылмайды немесе мақсатында пайдаланылмайды. Оларды ауыл шаруашылығы айналымына қосу белгілі бір шығын, оның ішінде қаржылай да жұмсауды қажет етеді. Мал шаруашылығында экстенсифті әдісті қолданудың жақсы мүмкіндіктері бар болғанымен мемлекеттің саясаты бір бағытпен жалғаспай, тауар өндірушілер аумалы төкпелі жайыттарға тап болып мал шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру төмен рентабельді немесе мүлде зиянды болды. Бұл мал басының барлық түліктен күрт көбеюіне алып келді. өңдірістік алаңдар да (комплекстер, қора жайлар және т.б.) толықтай немесе ішінара жойылды. Осындай жәйіттер жергілікті жерлердегі қайтаөңдеуші өнеркәсіп орындарында да орын алды.
Интенсифті әдіс үшін ақырғы өнімдердің саны мен сапасын көтеруге көмектесетін өндірістік процестің сапалық сипаттарын арттыру жағы тән. өнімдердің сапасын жақсарту сондай – ақ өндірісті кеңейту де болып табылады, өйткені сандық көлемдері жағынан бірдей болғанымен сапалырақ өнімдердің құндылық бағалары жоғары болады. Бұл әдістің бағдарлану сапасы жайына келсек ол еңбек өнімділігін арттырушы да бола алады. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің деңгейі тек объективті емес, сондай – ақ субъективті факторларға да байланысты. Сондықтан қызметкерлердің мамандықтарын көтеруге, механикаландыру және кешенді механикаландыруға, өсімдік шаруашылығында қолайсыз климат жағдайларында, мал шаруашылығында эпизоотия болғанда жұмсалған шығындар қайтарымын береді. Көп қаражаттық шығындарды талап ететін әлгіндей шараларды жүргізу қажет те екенін ұмытпаған абзал.
Кеңейтілген қайта жандандырудың ауыл шаруашылығында қолданылатын интенсифті әдісінің басқа бағыттарына өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, мал шаруашылығында малдың өнімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі жағдайда бұл мақсаттарға жету оңай емес, өйткені дақылдардың түсімділігін көтеру өндірілген минеральды тыңайтқыштардың мөлшері мен сапасына, ал малдың өнімділігін арттыру жемшөптің мөлшері мен сапасына, малдың қажеттіліктері теңдестірілген (балансиндарылған) азық түрлерімен азықтандырылуына және т.б. байланысты, өкінішке орай соңғы кезде бұларға назар аз аударылуда. Әлгілерден басқа интенсификацияға элитті тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыруды жатқызуға болады. Алайда бұл шаралар түбегейлі зерттеулерді жүргізуді қажет етеді, оған көп қаржы керек. Зерттеулерді жеке шаруашылықтың немесе бір өңірдегі ауылшаруашылығы басқармасының аясында жүргізу нәтиже бермейді. Бұл шаралар мезо және микродеңгейде жүргізіліп ғылыми жағынан қамтамасыз етіліп, ғылми жағынан жетекшілік жасалып отырылуы тиіс.
Жұмыс күшін толықтырудың келесі ерекшелігі әлеуметтік – тұрмыстық сфераны жоғары деңгейде ұстаудың керектілігінен туындайды. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс жағдайы өнеркәсіп өндіріс жағдайынан елеулі өзгеше, ауылдық жерлерде тұрудың жайы көптеген элементтер бойынша қалада тұрудың жайымен салыстыруға келмейді. Осының бәрі қызметкерледі қосымша ынталандыру және әлеуметтік сфераға қосымша шығын жұмсауды қажет етеді.
Бухгалтерлік есеп деңгейіндегі ерекшелік және мүлікті бағалау нәтижесі өндірілген өнімнің бір бөлегі ақша түріне айналмайтынын, сол тауар - өнім түрінде (мысалы тұқымдық материал) қайта жандандыру үшін қалатындығын көрсетеді. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есеп, салық беру және басқаруға қатысты шешімдер қабылдау үшін ондай қорлардың ақшалай бағалануы керек.
Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өндірісі басқа өндірістік салалардан тұтас элементтері бойынша ерекшеленеді. Бұл өзгешеліктерді қайта жарақтандыру процесін ұйымдастырған кезде және түрлерді таңдағанда және капиталды аграрлық секторда пайдаланудың бағыттарын таңдағанда ескеру керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің бұлардан басқа да ерекшеліктері бар, олар жайында алдағы тақырыптарда айтылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |