Субсидиялау: (11 кесте)
2020 жылы субсидиялау жұмыстары жүргізіліп, шаруа қожалықтарымыз 588,4 млн.теңге субсидия алды. Биылда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Тауарлы аналық ірі қара малына – 30314 бас, қой малының аналығына – 14530 бас тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жоспары беріліп, әр округке аналық малдарына қарай жоспарлары белгіленіп берілді. Күні бүгінгіге тауарлы ірі қара малының аналығына, Асыл тұқымды ірі қара малының аналығына, бұқа сатып алған үшін, шетелден қашар сатып алған үшін, мал бордақлау алаңына бұқашық тапсырған үшін, қоғамдық табынға бұқа қосқан үшін, тауарлы қой малының аналығына барлығы – 452 млн. 095 мың. теңгеге өтінім тапсырылып субсидияларын алуда. Бірақта шаруашылықтарымыз толық қатыспай отыр. Кестеде округтердің қандай деңгейде қатысып отырғаны көрініп тұр. Тұқымдық түрлендіруге өтінім тапсыруға әліде уақытымыз 20 желтоқсанға дейін бар.
(12 кесте) Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша 21 құдық (скважина) қазылып, 13 насос, электростанция сатып алынып, статистика басқармасына 234 млн. 911 мың. теңге инвестиция көлемі есепке алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |