Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Топырақтың құрылымын анықтау



Pdf көрінісі
бет22/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Зоогигиена каз китап

3.1.3 Топырақтың құрылымын анықтау
Құрылымдық деп топырақтың жеке әртүрлі мөлшерлі және
пішінді кесектерге ыдырай алу қабілеті аталады. Құрылым деп өзара
цементтелген механикалық элементтер – құм, шаң, лайдан тұратын
кесектердің өздері (агрегаттар) аталады. Құрылымның аса маңызды
қасиеті оның суға төзімділік дәрежесі, яғни судың шаюшы әрекетіне
қарсы тұра алуы болып табылады.
Суға төзімді агрегаттар нағыз агрегаттар деп аталады және
топырақтың нағыз құрылымын анықтайды, суға төзімсіздер – жалған
және топырақтың жалған құрылымын құрайды.
41


Талдауды жүргізу: Химиялық стаканның жартысына дейін су
құяды да, оған зерттелетін топырақ агрегаттарын (кесектерін) салады.
15 мин. қалдырады. Егер агрегат жеке механикалық элементтерге
ыдыраса, ол жалған құрылымға жатады, егер ыдырамаса – нағыз
құрылым.
Топырақтың механикалық құрамы мен құрылымына
топырақтың су мен ауа өткізгіштігі, бостығы мен тығыздығы,
жылулық және биохимиялық қасиеттері байланысты болады.
3.1.4 Органолептикалық көрсеткіштері
Түсі. Топырақ ондағы органикалық заттар мен қоспалардың
мөлшеріне байланысты күңгірт (қара), ашық-сұр, қоңыр және басқа
реңді болуы мүмкін. Күңгірт түсті топырақта органикалық заттардың,
яғни гумус пен көңмен күшті тыңайтылған топырақтың қарашірігі көп
мөлшерде болады. Мұндай топырақта қара топырақпен
салыстырғанда патогенді микроағзалар жиі кездеседі. Гумусқа,
органикалық заттарға тапшы топырақтар ашық-сұр (күлді топырақ)
немесе ашық-сары (құмды, сазды топырақ) реңді болады. Мұндай
топырақта органикалық заттар ғана тапшы емес, сонымен қатар
биологиялық белсенді минералды қосылыстар– кальций, фосфор,
калий мөлшері де аз болады.
Иісі. Гигиеналық тұрғыда таза, ластанбаған топыраққа тән емес:
нәжіспен, несеппен, тазаланбаған қалдық сулармен, мал
өлекселерімен, химиялық қосылыстармен жаңа ластану кезінде пайда
болатын шіріген, аммиакты, күкіртті сутекті иістері бар.
Иісті орта сынама алынуы кезінде сол орында анықтайды.
Зертханада топырақтың жас сынамасын колбаға салады да, ыстық су
құяды, тығынмен жабады, сілкілеп, содан соң ашады және иісті
анықтайды.
Температурасы. Гигиеналық мақсатта топырақ температурасын
сирек өлшейді, бірақ оның жазғы мал тұратын орынды, лагерьлер мен
ерте көктемде немесе қара күзде жайылымда, сондай ақ загондардағы
түнгі тұрақты таңдап алуда маңызы бар. Бұл мақсатқа арнайы
термометрлер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет