Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


-кесте – Судың химиялық құрамын зерттеу нәтижелерін



Pdf көрінісі
бет34/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
Зоогигиена каз китап

32-кесте – Судың химиялық құрамын зерттеу нәтижелерін
жазу
Көрсеткіш
Су сынамасы
1
2
3
4
5
Су реакциясы
Аммиак мөлшері, мг\л
Нитриттер мөлшері, мг/л
Нитраттар мөлшері, мг/л
Хлоридтер мөлшері, мг/л
58


Сульфаттар мөлшері, мг/л
Темір тұздарының мөлшері,
мг/л
4.3 Судың тотығуын анықтау
Жұмыстың мақсаты: далалық жағдайда судың тотығуын
анықтау әдістемесін меңгеру. Марганец қышқылды калий ертіндісімен
титрлеу әдісі бойынша судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру.
Судың тотығуы оның органикалық заттармен ластануының
маңызды санитарлық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады. Суда
органикалық заттарды тікелей анықтау қиынға түседі, сондықтан
олардың мөлшерін судың тотығуы бойынша бағалайды. Судың
тотығуы деп судағы органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті
оттегіге мұқтаждықты түсінеді. Судың тотығуы 1 л судағы заттардың
тотығуына шығындалатын оттегі мөлгері көрсеткішімен беріледі.
Неғұрылым органикалық заттар көп болса, соғұрылым оттегі көп
қажет болады, сәйкесінше, титрлеуге KMnO
4
ертіндісі көп қажет.
KMnO
4
ертіндісінің ыдырауының аяғы оның түссізденіп бітуімен
танылады.
Реактивтер: 1) 1 мл қышқыл ортада 0,08 мг оттегіні беретін
0,01 нормальды KMnO
4
ертіндісі; 2) 1 мл тотығу үшін 0,08 мг оттегіні
қажет ететін 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісі;
3) 25%-ті күкірт қышқылының ертіндісі.
4.3.1 KMnO
4.
 титрін анықтау барысы:
KMnO
4
көбінесе химиялық таза препарат болып табылмауына
байланысты, оның титрін қымыздық қышқылы бойынша анықтайды.
Осы мақсатпен, сыйымдылығы 100 мл болатын конус колбаға таза
дистиллденген су құйып, оған пипеткамен 5 мл 25 %-тті күкірт
қышқылының ертіндісін және шыны бұрандалы бюреткадан– 8 мл 0,
01 нормальды KMnO
4
ертіндісін қосады. Колбадағы сұйықты қайнау
мерзімінен бастап тағы да 10 минут қыздырады. Содан кейін колбаға
бюреткадан 10 мл қымыздық қышқылының титрленген ертіндісін
қосады, сонда колбаның қызғылт түске боялған ішіндегісі
түссізденеді. Түссізденген ыстық сұйықтықты KMnO
4
ертіндісімен
әлсіз сұйық рең пайда болғанша титрлейді.
Титрлеуге дейінгі және одан кейінгі шығындалған KMnO
4
ертіндісінің миллилитрмен алынған мөлшері 10 мл 0,01 нормальды
қымыздық қышқылының титріне тең және тотыққанда 0,8 мг оттегін
бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет