Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет31/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.2.2 Аммиакты анықтау
Суда альбуминоидты (белокты) аммиак пен минералды текті
аммиак кездеседі. Малдарға органикалық текті аммиак уландырғыш
әсер көрсетеді.
Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мл зерттелетін су құяды да, 6
тамшы (0,3 мл) 50 %-ті сегнет тұзының ертіндісін, 6 тамшы (0,3 мл)
Несслер реактивін қосады. Сынаманы әбден араластырады. Ертіндінің
лайлануы немесе түсінің сарғыштан сары – қоңырға өзгеруі аммиак
барлығын көрсетеді.
Сандық анықтау – дәл сол сынамада 10 минуттан кейін,
колориметрлік кестені қолдана отырып, аммиак мөлшерін сары түстің
қарқындылық дәрежесі бойынша мг 1 л суға есептеп (мг/л)
анықтайды. Сапалы суда аммиактың тек иісі ғана рұқсат етіледі.
4.2.3 Нитриттерді анықтау
Суда азотты қышқылдардың тұздарының (нитриттердің) болуы
оның органикалық ыдыраған қосылыстармен ластануын және суда
органикалық заттарды минералдайтын оттегінің мөлшері
жеткіліксіздігін көрсетеді.
Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мл зерттелетін су құяды да, 2
тамшы күкірт қышқылын (1 : 3 сұйылтуда), үш тамшы 3 % йодты
калий ертіндісін және үш тамшы 1 % крахмал ертіндісін қосады.
Пробирканың ішіндегісін сілкиді.
Азотты қышқыл йодты сутегі қышқылыны бос йод бөліп
ыдыратады. Бөлінген йод крахмалды көк түске бояйды, бұл суда
нитриттер барлығын көрсетеді.
Сандық анықтау – Пробиркаға 10 мл зерттелетін су мен 10
тамшы (0,5 мл) Грисс реактивін құяды, содан кейін сұйықты су
моншасында 5 минут бойы 70-80
0
С дейін қыздырады. Қыздырусыз
бөлме температурасында анықтауды Грисс реактивін қосқаннан кейін
20 минут өткенде жүргізеді. Әртүрлі қарқындылықтағы қызғылт
түстің пайда болуы нитриттер барлығын дәлелдейді.
29-кесте – Судағы нитриттерді анықтау
Бүйірінен қарағандағы
пробиркадағы судың
боялуы 
Жоғарыдан қарағандағы
пробиркадағы судың
боялуы
Нитриттер
мөлшері, мг/л
1
2
3
Жоқ
Жоқ
0,001
Әрең байқалатын қызғылт
Шамадан тыс әлсіз
қызғылт
0,002
55


Өте әлсіз қызғылт
Әлсіз қызғылт
0,004
29 кестенің жалғасы
1
2
3
Әлсіз қызғылт
Ашық қызғылт
0,02
Қызғылт
Қою қызғылт
0,07
Қою қызғылт
Қызыл
0,2
Қызыл
Ашық қызыл
0,4
Сапалы суда МЕМСТ бойынша нитриттердің ізі ғана рұқсат
етіледі (0,001 – 0,002 мг/л).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет