Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Суды гельминт жұмыртқаларына зерттеу



Pdf көрінісі
бет42/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Зоогигиена каз китап

4.6.3 Суды гельминт жұмыртқаларына зерттеу 
10 - 15 л мөлшеріндегі зерттелетін суды Гольдман воронкасына
салынған қағаз сүзгілер арқылы зерттелетін судың әрбір 0,5 – 1,0 л
ауыстырып, сүзеді. Фильтрацияны жылдамдату үшін Бунзен
колбасындағы ауаны сирету қол насосымен жүргізіледі.
Қағаз фильтрлерді ондағы тұнбасымен қосып, 3-5 минут бойы
тұз қышқылы ертіндісімен түссіздендіреді, кептіреді де, бөлшектерге
бөліп, микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарайды.
Жұмыртқалардың түр құрамын паразитологиялық атластардағы
сипаттамаларына сәйкес анықтайды.
68


36-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу 
Көрсеткіштер
Су сынамасы 
1
2
3
4
Микроағзалар саны
Коли-титр
Коли-индекс
Гельминттер 
жұмыртқасының болуы
4.7 Қалдық суларды санитарлық бақылау
Жұмыстың мақсаты: Қалдық суларды тазалау сапасымен және
зерттеу әдістерімен танысу.
Мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының
қалдық сулары қоршаған ортаның санитарлық жағдайына, адам мен
жануарға үлкен қауіп төндіреді. Оларда көптеген микроағзалар,
сонымен қатар патогенді микроағзалар жақсы сақталады. Мал
шаруашылығы кешендері гидрошаю, гидробалқыту жүйелерін
қолданғанда, зарарсыздандыруды, малдәрігері мамандары мен
технологтардың зарасыздандыру тиімділігін бақылауын қажет ететін
өте көп мөлшерде қалдық сулар өндіреді. Әсіресе мұндай бақылау
гидрошаюдың рециркуляциялық жүйелерін пайдаланғанда аса
маңызды.
Қалдық сулар келесі көрсеткіштері болса, жеткілікті мөлшерде
тазаланған болып есептеледі: қалқымалы заттары – 14-70 мг/л; құрғақ
қалдығы– 100 – 4700 мг/л; ХПК (бихроматты әдіспен тотығуы) – 20-
150 мг/л; БПК
5
(оттегіні биологиялық қажет етуі) – 10-40 мг/л;
Аммонийлы азот 6-7 мг/л; рН – 6,5-8,5.
Қалдық судың санитарлық жағдайын және оларды тазалаудың
тиімділігін бақылау үшін қалқыған заттарын, құрғақ қалдығын,
тотығуын, БПК
5
(5 тәулік бойы оттегіні биологиялық тұтыну), рН
анықтамаларын қолданады.
Көрсетілген қалдық суларды зерттеу әдістері тазартылмаған
ағын суларды санитарлық бағалау үшін және тазалау тиімділігін
бағалап, зарарсыздандыру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет