гиповитаминоздарынан және асқазан - ішек ауруларынан сақтандыру
үшін тағайындайды.
Жасанды сүт (ИМ) 1 л жаңа сауылған сүттен, 15 мл дәруменді
балық майынан, 10 г ас тұзынан және 3 жас емдәмдік тауық
жұмыртқасынан тұрады.
Ацидофилды айран (АП) жаңа
туған бұзауларға емдік және
профилактикалық мақсатпен азықтануға дейін бір сағат бұрын
тағайындалады.
Лизоцимді 1 бөлік тауық жұмыртқаларының
ақуызына 5 бөлік 0,5 % ас тұзы ерітіндісін және 1|20 бөлік 10 % лимон
қышқылы ерітіндісін қосып әзірлейді. Араластырудан және сүзуден
кейін ерітіндіні 2–3 күннен артық сақтамайды. Дәрі бактерицидты
және ынталандырушы әсерге ие.
Қылқанды тұнбаны қарағай немесе
шыршаның ұсақ бұтақтарын ұсақтап, ыстық суды (70 – 80
о
С) 1:9
арақатынаста құйып, 5–6 сағат тұндыру арқылы әзірлейді.
Гипоавитаминоздардан сақтандыру және оларды емдеу үшін
тағайындайды.
Емен қабығы қайнатындысын асқазан және ішектің
қабынуы кезінде тағайындайды. 100 г жұқалап ұсақталған қабыққа 3 л
су құйып, қайнауға дейін жеткізеді.
Пішен тұнбасы. Сапалы және
әртүрлі құрамды шөпті 3 – 5 см дейін ұсақтайды да, қайнатылған
ыстық суды (70 – 80
о
С) 1:6. арақатынасында құяды. Бір тәулік бойы
тұндырады. Содан соң тұнбаны сығып, сүзіп тазартады және 70 – 80
о
С температурада су моншасында 30 минут пастерлейді. 1 литріне 5 г
есебінен тұз қосуға болады. Пішен тұнбасының емдік әсері
минералды тұздармен, фитонцидтермен, дәрумендермен, ББЗ
шартталады.
Сүрлем шырыны. Сапалы, жақсы сүрлемді ұсақтайды,
оған қайнатылған (70 – 80
о
С) ыстық су 4-2:1 пропорцияда (200 г
кесіндіге 50-100 г су) құяды. Араластырады, су моншасында 30 минут
тұндырады,
содан соң суытып, 3 қабатты дәке арқылы сығады,
пастерлеп шөлмектерге құйып, сургучпен тығындап тастайды. Оның 1
л сұйығында 20 мг каротин, 20 г шикі протеин, 1 % сүт қышқылы, С
дәрумені, минералды тұздар болады.
Сұлы киселі. Сұлы ұнына
100:250, арақатынасында су, құяды,
араластырады да жарты сағат
тұндырады, дәке арқылы сүзіп, тұз қосады (5 г тұз 1 л) және
қоюлануға дейін араластыра отырып қайнатады. Сұлы киселінің
қаптаушы және жұмсартатын әсері бар, қоректік құндылығы және
сіңімділігі жоғары болады.
Жасанды сүтті жазба бойынша
даярлайды: беті алынған сүт –80 %, өсімдік майы –15 %, өсімдік
майын тазарту қалдықтары –5 %, А дәрумені – 30 мың МЕ, Д
дәрумені–10 мың МЕ, тұзқышқылды биомицин – 50 мг
(дәрумендердің және биомициннің мөлшері 1 кг алмастырғышқа
есептелген).