цементтелген шұңқырға алып, 24
сағат ұстайды, осыдан кейін
жумастан дәл жоғарыдағыдай мөлшерде (күйдіргіш натрий тәрізді)
азыққа қосады. Ертіндіні бірнеше қайтара қолдануға болады.
Азықты аммиакпен өңдеу. Сұйылтылған аммакпен өңдеу
техникасы төмендегідей жүргізіледі:
шөмеле немесе маяны
мелиоративті матадан жасалған жапқышпен немесе полиэтилен
пленкамен жабады. Матаның шеті маядан 1,5-2 см алыс тұруы қажет:
оларды топырақ, құм қабатымен герметикалы болуы үшін бастырады.
Сұйылтылған аммиакпен өңдеуді арнайы қайнатушы автокөліктермен
жүргізеді: В-3502, 3БА-2 немесе АВА-0,5. Сұйылтылған аммиакты 1 т
азыққа 30 кг есептеп қосады. Сұйылтылған аммиакты ық жағынан
металл «инесі» бар диаметрі 30-50 мм, ұзындығы 3,5 м
құбырдан
жасалған иілгіш шланг арқылы енгізеді. «Инені» маяға әрбір 4-5 м
сайын 2-2,5 м тереңдікке, түбінен 1-1,5 м биіктікте салады. Аммиакты
баяу жібереді, 20-тонналық маяны 1-1,5 сағат бойы өңдейді.
Аммиакты жіберу аяқталғаннан кейін пленканың етегін түсіреді де, 10
күнге дейін, суық кезеңде (25
0
С дейінгі t) – 12 күн
герметизациялайды. Осыдан кейін жабынды шешіп, 3-5 күн бойы
азықты реакцияға түспеген
аммиакпен желдеткеннен кейін, азық
азықтандыруға дайын болады.
Азықты аммиак суымен өңдеу. Аммиакпен өңдегендегі тәрізді
техникалық шарттарды қажет етеді. Бұл үшін 20-25 % аммиагы бар
синтетикалық аммиак суын қолданады. 1 т азыққа 25 %-ды
концентрациялы аммиак суының 120 л, 20 %-ды – 150 және 17,5 %-ды
– 170 л енгізу қажет. Маяны жапқышпен герметикалық жауып, аммиак
суын цистернадан шамамен 1 атм жұмыс қысымымен жібереді.
Өңделген азықты жабын астында 10-15 күнге қалдырады. Содан кейін
жапқышты шешіп, маяны аммиак иісі кеткенше желдетіп, ірі қара
малға және 6- айлық жастан асқан жас малдарға береді.
Сөндірілмеген әкпен өңдеу. Сөндірілмеген әкпен Фузариум
туысынан басқа әртүрлі саңырауқұлақтармен зақымдалған улылығы I
және II дәрежелі сабан мен шөпті өңдейді. 100 кг қатаң азыққа
(турама) 3 кг сөндірілмеген әк немесе 50 % судан тұратын 9 кг әк
қамырын немесе 1 кг ас тұзымен араластырылған 4,5 кг әк жұмсайды.
Әкті бөшкелерде аздаған мөлшердегі сумен сұйылтады, содан кейін
араластырғанда оған тағы 250-300 л су құяды да алынған әк сүтін
күбіге немесе тығыз қағылған жәшікке құйып, оған тураманы толық
әрі біркелкі шыланатындай етіп орналастырады. Оны 5-10 минуттан
кейін алып, ағаш қалқаға жаяды. Содан кейін, тураманың келесі үлесін
өңдейді, ертіндіні толық қолданып біткенше осылай жасайды.
Ылғалданған сабанды (шөпті) 24 сағат ұстайды. Осылайша өңделген
тураманы бірден ірі қара малдың жас төліне тәулігіне– 4-6 кг, ересек
қойларға – 1-2 кг береді.
Достарыңызбен бөлісу: