азықтандырады. Төсеніш ретінде жас төлдерге және құстарға
Aspergillius fumigatus саңырауқұлақтарымен зақымдалған шөп пен
сабанды қолдануға болмайды.
Улылығы үшінші және төртінші дәрежелі дәнді қандай да
болмасын саңырауқұлақтармен зақымдалуына
байланыссыз азықтық
мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Бұзылуы үшінші дәрежелі
дәнді технкалық мақсаттарға (шрот өндіру үшін) пайдаланады,
бұзылудың төртінші дәрежесінде– жояды (өртейді немесе жерге
көмеді). Споротрихинелла және Фузариумграминепрум секциясы
өкілдерінен басқа Фузариум туысының
улы саңырауқұлақтарымен
зақымдалған әлсіз улы дәнді (қоян терісіндегі қабыну реакциясының
бірінші және екінші дәрежесі) бордақыдағы ірі қара малға сапалы
азықпен концентраттардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде
қосып 10- күндік үзіліспен береді. Мұндай дәнді бірмезгілде қышқыл
азықтармен беруге тыйым салынады. Шошқалар, жылқылар мен
құстарға бірінші және екінші дәрежелі
улылықты дәнді тек қана
залалсыздандырып, кептіргеннен кейін қолдануға болады.
Залалсыздандырылған дәнді асыл тұқымды, жоғары өнімді, буаз
малдар рационына қосуға болмайды, тек бордақыдағы малдарға
береді. Өндірістік типті шаруашылықтықтарда
кез келген дәрежелі
улылықтағы және бұзылған дәнді пайдалануға қатаң тыйым
салынады.
I және II дәрежелі бұзылған дәнді азықтық мақсатқа
малдәрігерлік зертханада оның малдарға қауіпсіздігі жөнінде
қортынды алғаннан кейін ғана тұтынуға болады. I дәрежелі бұзылған
улы емес дәнді құрама жем өндіруге пайдалануға болады. Aspergillius
fumigatus саңырауқұлағымен зақымдалған дәннен құстарға арналған
құрама жем жасауға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: