1) ауада аммиак болса тұз қышқылымен ылғалданған ыдыстың
тығынының үстінде ақ тұманды бұлт
тәрізді бөлінетін хлорлы
аммоний түзіледі.
2) дистильденген суға матырылған қызғылт лакмус қағазы
аммиак
қатысуымен көгереді; куркумді ылғалды қағаз –
қызғылттанады (қоңыраяды); бромтимолблаумен боялған қағаз –
жасылданады немесе көгереді. Бояудың байқалу дәрежесі қора
ауасының аммиакпен қанығу деңгейіне байланысты.
3) ауадағы аммиактың жоғары концентрациясы (1,5-2 мг/м
3
және
жоғары) иіскеу арқылы анықталады.
2.7.2 Аммиакты сандық анықтау:
Мал қора ауасындағы аммиак
мөлшерін сандық тұрғыда
анықтау үшін колориметрлік немесе титрометрлік әдісті және әмбебап
газ анализаторын (УГ-2) қолданады.
Титрометрлік әдіс – күкірт қышқылының ауадағы аммиакпен
байланыса алу қабілетіне негізделген. Байланыспаған күкірт
қышқылы мөлшерін сілтімен титрлеп анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: