Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау



Pdf көрінісі
бет20/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Зоогигиена каз китап

3 Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау
Топырақ – бұл өнімділік, яғни өсімдіктерді қоректік заттармен
қамтамасыз ету қасиетіне ие жер қыртысының (литосфераның) беткі
38


қабаты. Топырақ – бұл үнемі физикалық-химиялық үрдістер,
биохимиялық реакциялар, әртүрлі айналымдар жүріп отыратын ең
күрделі табиғи зертханалардың бірі.
Топырақ – әртүрлі өсімдік, жануар, шаруашылықтық –
тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын қабылдаушы және сіңіруші,
көптүрлі микрофлора мен микрофаунаның көзі мен қоры. Ол
малдардың денсаулығы мен өнімділігіне үлкен тікелей және жанама
әсер көрсетеді. Топырақтың гигиеналық мәні зор, және ол оның
механикалық құрамымен, физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерімен анықталады.
Топырақты зоогигиеналық бағалау мақсатымен жер
учаскелеріне физикалық, химиялық, бактериологиялық және
гельминтологиялық зерттеу әдістерінен тұратын зертханалық талдау
үшін топырақ сынамасын ала отырып, санитарлық-топографиялық
зерттеу жүргізеді.
Санитарлық-топографиялық зерттеуге учаскенің жер бедерін, су
қоймаларына қиыстауын және жарыққа қатысты зерттеу жатады.
Бұдан басқа, тексергенде өсімдік жабынын, елді мекендерге қатысты
орналасуын, топырақ типі мен су тәртібін зерттейді, топырақтың
мүмкін болатын ластану көздерін анықтайды (қоқыстар, көң сақтау
орындары және т.с.с.).
3.1 Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық
қасиеттерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: топырақтың механикалық құрамы мен
физикалық қасиеттерін анықтауға арналған әдістермен, құралдармен
және аппаратурамен танысу.
3.1.1 Топырақтың орта сынамасын алу. Сынама белгілі бір
учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында біртекті топырақ
болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше ойық
немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады. 
Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен
алады. Салмағы 2-3 кг болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты
шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың қос
қабатына салады да, мерзімі, үлгіні алған жер мен алу тереңдігі
көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді. Зертханада
топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа
қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0,5-
1,0 кг топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан
39


тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық
қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет