Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру


-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау



бет4/10
Дата08.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#185362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

 

Коды 11 болатын жолда жеке тұлға үшін жеке тұлғаның тегі, аты және бар болса, әкесінің аты (бұдан әрі - аты-жөні) көрсетіледі, бұл ретте жеке тұлғаның аты және әкесінің аты үшін инициалын көрсетуге жол беріледі.

Коды 12 болатын жолда заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, заңды тұлғаның кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеуіші (бұдан әрі - КҰЖЖ) көрсетіледі.

Коды 13 болатын жолда жеке тұлғада ЖСК болмаған жағдайда жеке тұлғаны салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көрсетіледі.

Коды 16 болатын жолда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) ҚР МЖ 11-2003 сәйкес облыстар кодының бастапқы 2 цифры көрсетіледі.

Коды 21-23 болатын жолдар ақпарат немесе құжаттар берудің мерзімі бұзылған жағдайда толтырылмайды.

Коды 21 болатын жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргізілген күн көрсетіледі.

Коды 22 болатын жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізілген валюталық операциялардың сомасы операция валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

Коды 23 болатын жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргізілген валюталық операциялар бойынша валютаның коды ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.

Коды 31 болатын жолда код форматындағы бұзушылықтың түрі көрсетіледі, коды 32 болатын жолда мәтіндік форматта бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы келтіріледі.

Коды 33 және 34 болатын жолдар валюталық заңнама бұзыла отырып жүргізілген валюталық операциялар бойынша келісімшарт болған кезде толтырылады.

 

Қазақстан Республикасында



валюталық операцияларды

жүзеге асыру қағидаларына

2-қосымша

 

 

Нысан

 

20___ жылғы ____________ айындағы Резидент клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына)

жүргізілген валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы

есеп

 

Уәкілетті банктің атауы _______________________________________________________________________________________________

 

Р/с №

Операцияның коды

Жіберушi/Шетелдік банк

Бенефициар/ Шетелдік банк

Төлем/аударым

Ескерту

Резиденттік белгісi

Экономика секторы

Атауы/аты-жөнi

КҰЖЖ/резиденттің СТН

Резиденттің БСН/ЖСН

Елі

Резиденттік белгісi

Экономика секторы

Атауы/аты-жөнi

КҰЖЖ/ резиденттің СТН

Резиденттің БСН/ЖСН

Елі

Күні

Валюта

Сомасы, төлем валютасының мың бірлігі

ТМК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы/Бас бухгалтер _________________________ ____________ ____________________

 (лауазымы)                       (қолы)                    (аты-жөні)

Орындаушы               ____________ ___________________ телефоны _________________

 (қолы)                (аты-жөні)

20 ____ жылғы «___»_____________

 

Мөр

орны

 

2-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

 

Уәкілетті банктер есепті осы Қағидалардың 9, 58, 63, 66-тармақтарында көрсетілген жағдайларда ұсынады.



Клиенттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде Есептің 2-бағанында операциялардың мынадай кодтары көрсетіледі:

01 - резидент заңды тұлғалардың резидент еместерге 100 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты валюталық шарттар бойынша төлемдері;

02 - резидент еместерден резидент заңды тұлғаларға 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты валюталық шарттар бойынша түсімдер;

03 - резидент заңды тұлғалардың шетел банкіндегі меншікті шотына/шотынан ақша түсімдері және (немесе) аударымдары;

04 - резиденттердің бағалы қағаздарды, 100 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға капиталға қатысу үлестірін (тікелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуға байланысты валюталық шарттар бойынша төлемдері.

05 - резиденттерге бағалы қағаздарды, 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға капиталға қатысу үлестірін (тікелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуға байланысты валюталық шарттар бойынша түсімдер;

06 - ақша төлемі/аударымы сомасы (төлем сомасына негізгі актив кірмейді) 100 мың АҚШ доллары баламасынан асқан кезде туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша резиденттер және резидент еместер арасындағы төлемдер және (немесе) аударымдар;

07 - ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы валюталық шарт бойынша резиденттің резидент емеске сомасы 100 мың АҚШ доллары баламасынан асатын төлемдері;

08 - ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы валюталық шарт бойынша резидент еместен резидентке сомасы 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын түсімдер.

Өзге жағдайларда Есептің 2-бағанында операциялардың мынадай кодтары көрсетіледі:

11 - брокер немесе басқарушы компания болып табылмайтын резиденттің резидент еместен резиденттің 500 жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға акцияларын (қатысу үлестерін, инвестициялық қорлардың пайларын) сатып алуы;

12 - егер резидент активті бастапқы сатып алу туралы тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынбаса, брокер немесе басқарушы компания болып табылмайтын резиденттің резидент емеске резидент еместің 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға акцияларын (қатысу үлестерін, инвестициялық қорлардың пайларын) сатуы;

13 - резидент жеке тұлғалардың резидент еместерге 100 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты төлемдері;

14 - резидент жеке тұлғаларға резидент еместерден 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты ақша түсімдері;

15 - резидент жеке тұлғалардың шетелдік банктегі өз шотына/шотынан ақша түсімдері және (немесе) аударымдары;

16 - төлем/аударым сомасы 100 мың АҚШ доллары баламасынан асқан кезде жұмыстардың, қызмет көрсетулердің экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға байланысты операциялар бойынша резиденттер және резидент еместер арасындағы ақша төлемдері және (немесе) аударымдары;

17 - резидент еместен резидент алған (резидент емеске резидент төлеген), 500 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы дивидендтер.

Есептің 3-18-бағандары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 27 желтоқсанда № 1011 тіркелген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қараша № 388 қаулысында (бұдан әрі - Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесі) көзделген форматтар мен кодтар пайдаланыла отырып ақша аударуға арналған төлем құжаттары негізінде толтырылады. 18-бағанда төлем құжатында ақша жіберуші (алушы) көрсеткен төлем мақсатының коды (бұдан әрі - ТМК) көрсетіледі.



5 және 11-бағандарда жеке тұлғалар үшін аты және бар болса әкесінің аты үшін инициалдарын көрсетуге жол беріледі.

6-бағанда резидент заңды тұлғаның КҰЖЖ коды немесе, егер жеке тұлғада ЖСН болмаса, резидент жеке тұлғаның СТН қойылады.

Есептің 7, 13-бағандары код болған жағдайда толтырылады.

9 - 14-бағандарда резиденттер шетел банкіндегі шотқа ақша аударған кезде (операция коды - 03 және 15) шетел банкі туралы ақпарат толтырылады, өзге жағдайларда бенефициар туралы ақпарат толтырылады. 3 - 8-бағандарда резиденттің шетел банкіндегі шотынан аударған кезде (операция коды - 03 және 15) шетел банкі туралы ақпарат толтырылады, өзге жағдайларда жіберуші туралы ақпарат толтырылады.

Резидент жеке тұлғалардың банк клиенттерінің ақша төлемдері (аударымдары) бойынша 04, 05, 06, 07, 08 кодтары бар операциялар үшін 19-бағанда жеке тұлғаның мекенжайы көрсетіледі.

11 операциялар коды бар төлемдер бойынша 19-бағанда бағалы қағаздары, жарғылық капиталға қатысу үлесі, инвестициялық пай қорының пайлары сатып алынған резидент заңды тұлға туралы ақпарат толтырылады.

Резидент жеке тұлғалардың операция коды 15 болатын ақша төлемдері (аударымдары) бойынша шетелдік банктердегі шоттарға аударған жағдайда, 5 - 7-бағандар, ал резиденттің шетелдік банктегі шотынан аударған жағдайда, 11 - 13-бағандар толтырылмайды.

Ақша қаражатының нақты қозғалысы болмаған кезде тараптардың валюта шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпарат есепте көрсетілмейді.

 

Қазақстан Республикасында



валюталық операцияларды

жүзеге асыру қағидаларына

3-қосымша

 

 

Нысан

 

20__ жылғы ______________ айындағы Жеке тұлғалар жүргізген валюталық операциялар бойынша

ақша төлемдерi/аударымдары туралы

есеп

 

Уәкілетті банктің атауы _______________________________________________________________________________________________

 



Ақша жіберушінің (алушының) аты-жөнi

Ақша жіберушінің (алушының) резиденттік белгісi

СТН

ЖСН

Ақша төлемінің немесе аударымының белгісi

ТМК

Ақша төлемі немесе аударымы жүргізілген күн

Банктің коды немесе банк филиалының коды

Төлем немесе аударым валютасы

Сомасы, төлем немесе аударым валютасының мың бірлігi

Сомасы, мың АҚШ доллары

Ақша алушының (жіберушінің) елi

Ақша алушы (жіберуші) туралы қолда бар ақпарат

резиденттігi

экономика секторы

Жеке тұлғаның аты-жөні не заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы/Бас бухгалтер ________________________ ________________ _________________

 (лауазымы)                          (қолы)                   (аты-жөні)

Орындаушы ________________ ___________________ телефоны ____________________

 (қолы)                   (аты-жөні)

20 ____ жылғы «____»_______________

 

Мөр

орны

 

 

3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау



 

Есепті уәкілетті банк осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайда уәкілетті банктің жеке тұлғалардың төлем карточкаларын пайдаланбай банк шоты бойынша не шоттар ашпай жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымдары бойынша жеке және төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымдары немесе қолма-қол ақша алу бойынша жеке ұсынады.



3, 7, 10, 13, 14 және 15-бағандар Төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісін қолдану қағидаларында көзделген форматтарда және кодтармен толтырылады.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемі және (немесе) аударымы немесе ақша алу үшін 10 және 11-бағандарда ақша төлемі және (немесе) аударымы немесе ақша алу валютасы мен сомасы бойынша деректер көрсетіледі, ал 13 және 14-бағандар толтырылмайды.

5-бағанда ақша алушы (жіберуші) жеке тұлғаның ЖСН көрсетіледі, 4-бағанда ақша алушы (жіберуші) жеке тұлғада ЖСН болмаған жағдайда, оның СТН көрсетіледі. Ақша алушы (жіберуші) жеке тұлғада ЖСН және СТН болмаған жағдайда, тиісті бағандар толтырылмайды.

6-бағанда, егер төлемді немесе аударымды есеп беріп отырған банк жіберген болса «жіберілген» деген жазба, егер төлемді немесе аударымды есеп беріп отырған банк алса «алынған» деген жазба, төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алынған жағдайда «ақша алу» деген жазба жүргізіледі.

7-бағанда ақша аударуға (алуға) арналған тапсырмада көрсеткен ақша төлемі немесе аударымы мақсатының коды қойылады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын банк шоты бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы үшін баған толтырылмайды.

9-бағанда уәкілетті банктен немесе оның филиалының Ұлттық Банк Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет