Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi n 245 Заңы



бет3/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#206037
1   2   3   4   5   6

      24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы

      1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз пайдаланады.

      25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың


              жауапкершiлiгi

      1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiн бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

      2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.

      3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органдарымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

      26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем

      Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.

      27-бап. Қоршаған ортаны қорғау

      1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.

      2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөнiндегi шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.

      3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелердi олардың иелерi немесе пайдаланушылары тиiстi түрде күтiп ұстауға тиiс.

      4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       Ескерту. 5-тарау алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетiлдiру туралы заң

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 қыркүйектегi N 845 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 31, 269-құжат


      Автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын салу және күтiп ұстау үшiн берiлген жерлердi жол органдарының ұтымды пайдалануы мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегi, " Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 15 шiлдедегi, " Жер туралы " 2001 жылғы 24 қаңтардағы, " Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      1. Қоса берiлiп отырған:


      Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртiбi;
      Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерлерiн пайдаланудың тәртiбi;
      Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 шiлдедегi N 711 , 2003.01.16. N 30 , 2007.01.30. N 71 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.31. N 1312 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен .

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесiн және оларды қорғау тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 сәуiрдегi N 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 160-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   
1998 жылғы 5 қыркүйектегi     
N 845 қаулысымен        
бекiтiлген           

      Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль


                  жолдарын пайдаланудың
                      ТӘРТIБI

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

                        1. Жалпы ережелер

       1. <*>

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      2. Осы Тәртiп жол қозғалысының қауiпсiздiгiн, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi. Тәртiп барлық министрлiктер мен  ведомстволарға, меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға, сондай-ақ барлық автомобиль жолдары бойынша қозғалысқа қатысушыларға және жолдарды пайдаланатын, автомобиль жолының жолақ бөлiгiнде және бақыланатын аймағында құрылыс салу, жөндеу, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзетiн азаматтарға қолданылады.


      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      3. Тәртiп жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн белгiлейдi.


      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесi және осы тәртiп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиiс.

                  2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың
                          құқықтары мен мiндеттерi

       5. Жол қозғалысына қатысушылардың:


      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Тәртiпке сәйкес жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша еркiн, кедергiсiз жүруге;
      жол органдары мен жол полициясы органдарының лауазымды тұлғаларынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуiнiң себептерi туралы түсiндiрме алуға;
      жүру шарттары, көрсетiлетiн қызметтер туралы, жол органдарының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi құқықтары мен мiндеттерi және жауапкершiлiгi туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
      жол-көлiк оқиғасы жағдайында оқиға болған жерде де, медициналық мекемеге бара жатқан жолда да ақысыз кепiлдiктi медициналық көмек көлемiн, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы кезiнде жол органдарынан, жол полициясы органдарынан және қызметi жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты лауазымды тұлғалардан басқа да қажеттi дәрiгерге дейiнгi көмек алуға;
      жол-көлiк оқиғасының нәтижесiнде көлiк құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен залалдың өтелуiне;
      жол органдары лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқығы бар.

      6. Автомобиль жолдарында жол мен құрылыстарының сақталуын және олармен қауiпсiз жүрудi қамтамасыз ететiн көлiк құралдарының жүруiне рұқсат етiледi.

      7. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың iс-әрекеттерi жол қозғалысының қауiпсiздiгiн төмендетпеуi, қозғалыста үзiлiстердiң пайда болуына ықпал етпеуi, көлiк құралдары жылдамдығының, жол мен жол құрылыстарының сенiмдiлiгiнiң төмендеуiне, олардың бұзылуына әкеп соқтырмауы тиiс.

      8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн ақауларды байқаған көлiк құралдарын жүргiзушiлер мен азаматтар ақауларды өз күштерiмен жою жөнiнде өздерiне байланысты шаралар қолдануы немесе ол туралы жақын жердегi жол органына немесе жол полициясы органына хабарлауы тиiс.

      9. Көлiк құралдарының төсемi жетiлдiрiлген жолға шығар жерде көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншiк нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргiзiп жатқан ұйымдар, көлiк құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етуге және оның жолдың жүру бөлiгiне түсуiне жол бермеуге мiндеттi.

      10. Аумақтары автомобиль жолдарына шекаралас, сондай-ақ аумақтары жол бойындағы жолақтың шегiнен өтетiн жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар:


      жалпы пайдаланылатын жолдарға баратын және оларға кiрме жолдарды, сондай-ақ оларға тиесiлi жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын техникалық жарамды күйде ұстауға;
      жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарының ағашпен көлеңкеленуiне, үй немесе басқа да құрылыспен қалқалануына жол бермеуге;
     көлiк құралдарының жолдарына, жайластырылмаған түсер және шығар жолдардың пайда болуына жол бермеуге;
     жолға iргелес орналасқан қоршаулар мен құрылыстарды дұрыс және эстетикалық күйiнде ұстауға;
     көрудi қиындататын және қозғалыстың қауiпсiздiгiн нашарлататын конструкциялардың, тастардың және басқа да материалдардың жинақталуына жол бермеуге;
     үй жануарлары мен құстардың жолға шығу мүмкiндiгiн болдырмау шараларын қолдануға мiндеттi.
     Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

     11. Жолдарда жұмыс жүргiзуге автомобиль жолдарын басқарушы берген және жол полициясының органдарымен келiсiлген жұмыс жүргiзу құқығына рұқсат (ордерi) болған кезде ғана жол берiледi.


     Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

                3. Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға


                      арналған мiндеттi келiсулер

      12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:


      1) жол органдарымен және Жол полициясы бөлiмшелерiмен:
      iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруiне;
      жарылғыш, радиоактивтi және күштi әсер ететiн улы заттарды тасымалдауға;
      автомобиль жолдарын арналардың, байланыс және электр беру желiлерiнiң, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының, темiр жолдардың және басқа да инженерлiк желiлер мен коммуникациялардың кесiп өтуiне;
      автомобиль жолдарымен бiр деңгейде қиылысатын кезде темiр жолдардың көтерiлуiне және төмендетiлуiне немесе қосымша жол төсеуге;
      темiр жолдарды қиып өтетiн жерлердi жасауға, қайта жаңартуға, жөндеуге және жоюға;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлiгi мен жол бойындағы жолағына дүңгiршектердi, павильондарды немесе басқа да құрылыстарды орналастыруға;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiне жол ақпаратына қатысы жоқ транспаранттарды, маңдайшаларды, жарнамаларды, плакаттарды орнатуға;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлiгi мен жол бойындағы жолағына сыртқы жарық түсiру тiреулерiн орнатуға;
      жолдарда бұқаралық және спорттық шаралар жүргiзуге;
      жалпы пайдаланылатын жолаушы көлiк құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерiн орналастыруға;
      жүктердi тиеу және түсiру үшiн жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға;
      автомобиль жолдарында көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүруiне кедергi жасайтын кез келген жұмыстарды жүргiзуге;
      2) жол органдарымен:
      мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшiн көпiрден жоғары немесе төмен жерде 2,5 километрден кем қашықтықта өзендер мен суағарлардың арнасын тереңдетуге;
      жолмен қосарланған немесе жер кеңiстiгiне қарай жолдан жоғары орналасқан шлюздердi, бөгеттердi және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
      жолдардың жолақ бөлiгi мен жол бойындағы жолағына үйлер, ескерткiштер салуға, дуал тұрғызуға, сәндiк көшет отырғызуға, кенiштер қазуға;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде ағаштарды кесуге және отырғызуға;
      жолдар мен жол құрылыстарының өлшемдерiн алуды және суретке түсiрудi жүргiзуге келiсiм жасайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      13. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерiнiң iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүруi көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн арнайы рұқсат бойынша (шетел мемлекеттерi үшiн кiру және шығу рұқсатынан басқа) ғана жүзеге асырылады. Жолмен жүру осы көлiк құралдарының жүруi арқылы жолдарға және жол құрылыстарына тигiзетiн залал үшiн толық өтем төленген соң жүзеге асырылады. Осы өтем кiруiне, шығуына және транзитпен өтуiне халықаралық рұқсаттар үшiн алынатын төлем есепке алынбастан төленедi. <*>


      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарының салмақтарын және автокөлiк құралдарының бiлiкке түсетiн жүктемелерiн, автокөлiк құралдарының жүрiп өту ережесiн және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 , өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.31. N 1312 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      15. Жол органдарының жұмыс жобасын бұзып жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысын тоқтатуға құқығы бар.

      16. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары жолақ бөлiгiнiң жерлерi жол органдарының пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамыту мен көркейту үшiн ғана арналған.
      Жол органдары пайдаланбаған автомобиль жолдары жолақ бөлiгiнiң жерлерiн олар белгiленген тәртiппен жер учаскесiнiң негiзгi мақсатты арналуын өзгертпестен, жолдың көлiк-пайдалану сапасының, қоршаған ортаны қорғау мен көлiк құралдары қозғалысының қауiпсiздiгi талаптарының төмендеп кетуiне жол берiлмеуi шартымен, сервис пен жарнама объектiлерiн орналастыру үшiн шарт жасасу негiзiнде жеке және заңды тұлғаларға уақытша жердi қысқа мерзiмдi пайдалануға бере алады.
      Салынып және қайта жаңартылып жатқан жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген жерлердiң әртүрлi деңгейде көлiк айырымдары, сондай-ақ жол және автокөлiк қызметтерiнiң үйлерi мен ғимараттары орналасқан енi мен жер аудандары автомобиль жолдарына арнап жер берудiң белгiленген нормалары бойынша белгiленедi.

      17. Жолдардың перспективалық құрылысын салу мен қайта жаңарту үшiн жағдай жасау, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бұзылуын болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келiсусiз жол бойындағы жолақ шегiнде елдi мекендер, үйлер мен ғимараттар, инженерлiк коммуникациялар және басқа объектiлер салуды жобалауға және құрылысын жүргiзуге тыйым салынады:


      жергiлiктi маңызы бар жолдар жолақ бөлiгiнiң екi жағындағы қашықтығы кемiнде 100 м. қашықтықтағы;
      халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар жолақ бөлiгiнiң екi жағындағы кемiнде 200 м. қашықтықтағы.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      18. Жалпы пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдарының бойындағы жолақтарға жол қызметi объектiлерiн және жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, күрделi құрылыстар салуға тыйым салынады.


      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      19. I-III санатты жалпы пайдаланылатын жолдардың бойындағы тұрақты тамақтану және демалыс пункттерiн топырақ төсемiнiң жиегiнен кемiнде 100 метр жерге орналастыруға рұқсат етiледi.


      Автомобильге жанар-жағармай құятын стансалардың ең жақын колонкаларын I санатты жолдың жүрiс бөлiгiнiң жиегiнен кемiнде 25 метр қашықтыққа және басқа санатты жолдардың жүру бөлiгiнiң жиегiнен кемiнде 15 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етiледi.
      Автомобильге жанар-жағармай құятын стансалардың аумағына кiру және шығу, сондай-ақ тамақтану, демалыс пункттерiне және басқаларына кiреберiс көлiк пен жүргiншiлер қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беруi тиiс.

      20. Ескерткiштердi I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемiнiң жиегiнен кемiнде 100 метр қашықтыққа, ал IV-V санатты автомобиль жолдары топырақ төсемiнiң жиегiнен кемiнде 50 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етiледi.

      21. Жаңадан құрылатын бағбандар серiктестiктерiн I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемiнiң жиегiнен кем дегенде 50 м және IV-V санаттағылар үшiн - кемiнде 25 м қашықтыққа орналастыруға рұқсат етiледi.

      22. Автомобиль жолдарының бойына инженерлiк коммуникациялар төсеу елдi мекендерде автомобиль жолдары топырақ төсемiнiң жиегiнен кемiнде 25 метр жерде және олардың шегiнен тыс жерлерде кемiнде 50 метр жерде жүргiзiлуi тиiс.


      Коммуникацияларды төсеу кезiнде жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтiру жұмыстары жұмысты орындаушы ұйымның қаражаты мен материалдарының есебiнен жүргiзiледi. Оларды не жол органдары, не инженерлiк коммуникацияларды төсеу жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырушы ұйым жүзеге асырады.
      Автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезiнде жол бойындағы жолақта орналасқан және орын ауыстыруға жататын коммуникациялар қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстарды орындаушы ұйымның қаражаты есебiнен жайластырылады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      23. Инженерлiк коммуникацияларды тартуға жол органдарынан рұқсат алу үшiн бұл жұмыстарды жүргiзетiн ұйым:


      белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалау құжаттамасын;
      тапсырыс берушiнiң жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ететiндiгi туралы кепiлдемелiк хатын, сондай-ақ жол мен жол құрылыстарын қалпына келтiрудiң жобасын;
      жол белгiлерi мен қоршауларды орналастырудың және жұмыс жүргiзiлетiн орындардың сызбасын;
      жұмыс жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесiн;
      жолдың зақымдалған элементтерiн қалпына келтiретiндiгi туралы мiндеттеменi немесе егер қалпына келтiру жұмыстарын жол органы орындайтын болса, жолдың бұзылған учаскесiн қалпына келтiру кезiнде жүзеге асырылатын жұмыстарды қаржыландыратыны туралы кепiлдемелiк хатты ұсынуға мiндеттi. Инженерлiк коммуникацияларды төсеуге рұқсат ол үшiн қажеттi қаражат жол органының есеп шотына аударылғаннан кейiн ғана берiледi. Ол үшiн жол органының өкiлi мен тапсырыс берушiнiң ұйымы, зақымдалған учаскелердi қалпына келтiрудiң мерзiмiн көрсете отырып, жол төсемiнiң, топырақ төсемiнiң, айналма жол мен жол құрылыстарының iс жүзiндегi жағдайы туралы, алда тұрған жұмыстардың сипаты мен көлемi туралы екi жақты актi ресiмдейдi.
      Жұмыс елдi мекендердiң шекарасында жүргiзiлетiн жағдайларда аудан әкiмiнiң рұқсаты да қажет.

      24. Жалпы пайдаланылатын жолдарда жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргiзу жол полициясы органдарымен келiсiлуi тиiс.

      25. Шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстары жол органы өкiлiнiң және автомобиль жолдарын басқарушы өкiлiнiң қатысуымен, кейiннен осы Тәртiптiң 13-тармағында белгiленген тәртiппен рұқсаттар ресiмделуi арқылы орындалуы тиiс. <*>
      Жол органы өкiлiнiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiндегi нұсқаулары мiндеттi болып табылады.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      26. Жолдардағы орындалған қалпына келтiру жұмыстарын қабылдап алуды мердiгер ұйымның қатысуымен, жол органы жүзеге асырады және екi жақты актiмен ресiмделедi.

           4. Жол органдары мен автомобиль жолдарын
    басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға
              қатысты құқықтары мен мiндеттерi

      Ескерту. 4-бөлiмнiң тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      27. Автомобиль жолдарын, көпiрлердi, жол өтпелерiн, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органдары автомобиль жолдарында көлiк құралдары қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:
      жолдар мен автомобиль жолдарындағы құрылыстардың жай-күйi туралы дұрыс ақпаратты ұйымдастыруға;
      жолдарды қыста ұстаудың жоспарына сәйкес қысқы кезеңде жолдарды және жол құрылыстарын қардан тазартуға және төсемнiң тайғақтығына қарсы шаралар қолдануға;
      қозғалысқа қатысушыларды қауiптi метеорологиялық құбылыстар (тайғақ мұз, тұман, күштi жел, бұрқасын, қар көшкiнi), табиғи (жер сiлкiнуi, сел тасқыны, су басу, көшкiн, дауыл және т.б.), сондай-ақ техногендiк (көлiк авариялары, апат жарылыстар, өрт, улы заттар тараған авариялар және т.б.) сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабардар етуге;
      қауiптi метеорологиялық құбылыстар, табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, автомобиль жолдарының немесе олардағы құрылыстардың көтеру қабiлетi жоғалған кезде, жол-жөндеу жұмыстарын, бұқаралық және спорттық шараларды жүргiзу кезiнде қозғалысты шектеуге немесе тоқтатуға;
      қауiптi метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға;
      жол полициясы органдарымен өзара iс-қимылда оларды жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу мақсатында жол-көлiк оқиғаларының есебiн жүргiзуге, олардың пайда болуына әсер еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға;
      байланыс желiсi мен жол бойындағы автосервис пункттерi жүйесiнiң дамуына ықпал етуге;
      авариялар, автомобиль апаты, табиғи зiлзалалар жағдайларында мүмкiн болатын дәрiгерге дейiнгi медициналық жәрдемдi қамтамасыз етуге және қозғалысқа қатысушыларды құтқару жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      жол полициясы бөлiмшелерiне жол-көлiк оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы оған себепшi болған жол жағдайы бойынша болса, оған қызметтiк тексеру жүргiзуге;
      көлiк ағымы құрамының, жүйелiлiгiнiң және жүк тасу қауырттылығының есебiн жүргiзуге мiндеттi.

      28. Темiржол өткелдерiн, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерiнiң күтiмiн автомобиль жолдарымен бiр деңгейде ұстауды, және өтпелердi күзетудi темiржол дистанциялары немесе тиiстi темiржол иелерi, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының темiржол арқылы өтуiн ұстауды - жол органдары жүзеге асырады.

      29. Төсемi жетiлдiрiлген негiзгi жолдардың жүру бөлiгiнiң ластануын болдырмау үшiн барлық олардан түсу және шығу жолдарының құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы 50 м, және басқа топырақты жерлерде 100 м, ал қиыршық тас төселген жолдарда кемiнде 25 м қатты төсенiш болуы тиiс. Жалпы пайдаланылатын жолдарды кесiп өтетiн және олармен түйiсетiн жолдарда түсу, шығу жолдарында қатты төсенiш төсеудi олар қарауындағы кәсiпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар және олардың қаражаты есебiнен, жол органдарының техникалық бақылауымен жүзеге асырады.

      30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргiзетiн жол органдары жол орналасқан жер учаскелерiн мақсатты арналуына сәйкес одан әрi пайдалануға жарамды күйге келтiруге мiндеттi.

      31. Автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыратын жол органдары қызметкерлерiнiң:
      жол элементтерiн зақымдайтын немесе ластайтын көлiк құралдарын не арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының жүрiс бөлiгiнен шығаруды талап етуге;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет