Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi n 245 Заңы



бет1/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Автомобиль жолдары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 245 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат.

"Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 3 тамыз N 165-166




МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттiк басқарудың, оларды мемлекеттiң және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерiнде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн реттейдi.


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген көлем шегiндегi әуе кеңiстiгi;

      2) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      3) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      4) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;

      5) ақылы автомобиль жолдары - өздерiне қатысты ақылы негiзде пайдаланылу туралы шешiм қабылданған және онымен жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары;

      6) ауыр салмақты көлiк құралы - толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;

      7) жол бойындағы белдеулер - көлiк қозғалысының және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi;

      8) жолға бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызу және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;

      9) жол қызметi - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтiп ұстау мен пайдалану жөнiндегi қызмет;

      10) жол қызметiн басқару - жолдардағы жүрiстi ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртiбiн қамтамасыз етуге, нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттiк стандарттар мен озық технологияларды енгiзу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;

      11) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның аумақтық органдары;

      12) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) - қалалар немесе өзге де елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;

      13) iрi көлемдi көлiк құралы - көлемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген көлем мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы.


      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2006.12.29. N 209 , өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2008.07.05.  N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       2-бап. Автомобиль жолдары туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының жол қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Автомобиль жолдарының жiктелiмi

      1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ қалалар мен елдi мекендердiң көшелерi болып бөлiнедi.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерiнiң маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлiнедi:

      1) халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршiлес мемлекеттердiң астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желiсiне кiретiн автомобиль жолдары жатады;

      2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) тармақшасында көрсетiлген жолдарды қоспағанда, республиканың iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтары, сондай-ақ көршiлес мемлекеттер арасында көлiк қатынасын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары және қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады;

      2-1) қала көшелерiне қала көшелерi шегiндегi автомобиль жолдары жатады;

      3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген жолдарды қоспағанда, республиканың әкiмшiлiк орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;

      4) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

      3. Шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өндiрiстiк-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететiн, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кiрме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық iшiндегi жолдары, қызметтiк, патрульдiк және жеке меншiк автомобиль жолдары жатады.

      4. Қалалар мен елді мекендердің көшелеріне, осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi автомобиль жолдары жатады.

      5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi.

      6. Автомобиль жолдарын жiктеудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

      7. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбелерiн, оның iшiнде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiн автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .
      Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, облыстық атқарушы органдар бекiтедi.
      Қала көшелерiнiң тiзбесiн қаланың жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.
      Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн автомобиль жолдары жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органмен келiсе отырып аудандық атқарушы органдар бекiтедi.

      8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк есепке алынуға тиiс. Есеп мәлiметтерi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшiн пайдаланылады.


      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N 209 , 2007.07.21. N 297 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      4-бап. Автомобиль жолдарына меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар.

      1. Автомобиль жолдары мемлекеттiк меншiкте және жеке меншiкте болуы мүмкiн.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары республикадағы негiзгi қатынас жолдары болып табылады, мемлекет меншiгiнде болады және жекешелендiруге жатпайды.

      2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессияға берiлуi мүмкiн.

      3. Шаруашылық автомобиль жолдарына меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар осы жолдар қарамағында болатын заңды тұлғалардың меншiк нысанымен анықталады.

      4. Жеке меншiк автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.

      5. Қалалардың және елдi мекендердiң көшелерi тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншiк болып табылады.

      6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендiру Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдарына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 168 Заңымен.

       5-бап. Ақылы автомобиль жолдары

      1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы автомобиль жолдары (көпiрлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкiн. Ақылы автомобиль жолдарын салу мен пайдалануды бақылауды автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      2. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттардың орындалуы:  көлiктiң жоғары, қауiпсiз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүрудiң сапасын арттыру және бүкiл жол бойында жоғары сервистiк қызмет көрсету ескерiлiп салынады.

      3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен немесе концессиялық шарттар негiзiнде салынуы мүмкiн, бұл орайда автомобиль жолы ақылы жүрудi ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгiленетiн тәртiппен заңды тұлғаларға пайдалануға берiлуi мүмкiн.

      4. Концессионер шетел инвесторларын мүмкiндiгiнше тарта отырып, түрлi меншiк нысанындағы бiрқатар құрылыс, жобалау, қаржы, инвестициялық және басқа компанияларды бiрiктiру мүмкiн. Ақылы автомобиль жолдарының құрылысы үшiн концессионер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерiн пайдаланады.

      5. Жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы заң актiлерiнде көзделмеген және жүктердiң тасымалдануы мен жолаушылардың еркiн жүрiп-тұруын тiкелей немесе жанама түрде шектейтiн салықтар, алымдар және төлемдер белгiлеуiне тыйым салынады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 , 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       5-1-бап. Автомобиль жолын ақылы негiзде пайдалану туралы шешiм қабылдау.

      1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негiзде пайдалану туралы шешiмдер:
     1) I санатты автомобиль жолдары салынған;

2) қазiргi бар автомобиль жолдарының негiзгi параметрлерiн I санатқа дейiн жеткiзу арқылы реконструкцияланған жағдайда қабылдануы мүмкiн.


      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған жолдарды елдi мекендердiң шекарасында салу немесе реконструкциялау, олар көше желiсiнiң үстiнен немесе оны сыртынан айналдыра жүргiзiлгенде ғана мүмкiн болады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негiзде пайдалану туралы шешiм қабылдайды.
      3. Автомобиль жолын ақылы негiзде пайдалану туралы шешiмде:
      1) қазiргi бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкiндiгiмен қоса бастапқы және соңғы пункттер;
      2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тiзбесi;
      3) техникалық сыныптама мен негiзгi параметрлер;

4) ұзындығы;

5) жүргенi үшiн ақының ең жоғары ставкасы;
     6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, iргелес елдi мекендердiң тiзбесi;
     7) ақылы негiзде пайдаланылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      4. Автомобиль жолын ақылы негiзде пайдалану туралы шешiм ол қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарда мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялануға тиiс.
      Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05.   N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын, оның iшiнде


              концессияға берiлген ақылы автомобиль жолдарын
              пайдаланғаны үшiн ақы төлеу бойынша жеңiлдiктер

      1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның iшiнде концессияға берiлген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден:


      1) қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде:
      жедел медициналық жәрдем ұйымдарының
      өртке қарсы қызметтiң
      авариялық-құтқару қызметтерiнiң
      жол-патруль қызметiнiң арнаулы автокөлiк құралдары босатылады;
      2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:
      қала маңындағы бағыттарда және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
      ақылы автомобиль жолына iргелес аудандардың аталған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген автобустары бiр аудан шегiнде жүрiп-тұру үшiн;
      жүк автокөлiк құралдары, өздiгiнен жүретiн доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлiкке арналған айрықтары арасындағы жол кесiндiлерi шегiнде су тосқауылдары мен темiр жолдарды кесiп өту үшiн;
      ақылы автомобиль жолына iргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген жеңiл автомобильдерi бiр аудан шегiнде жүрiп-тұру үшiн босатылады.
      Ескерту. 1-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05.  N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату


               және тоқтата тұру

      1. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату автомобиль жолын ақылы негiзде пайдалану туралы шешiмде көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.


      2. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгiзiлген, сондай-ақ табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды тоқтата тұру белгiлi бiр мерзiмге жүзеге асырылады.
      3. Автомобиль жолының иесi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мән-жайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 1-тарау 5-3-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05.  N 66-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды


             индекстеу. Автомобиль жолдарындағы арақашықтықты есептеу

      1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексi болуға тиiс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елдi мекеннiң, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердiң атауы кiредi.


      Автомобиль жолдарының индексi латын әлiпбиiнiң әрiптерiнен және цифрлар тобынан тұрады.

      2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгiлер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетiлуге тиiс.


      Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi халықаралық келiсiмдермен белгiленедi.
      Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн жол органдарымен келiсе отырып облыстық атқарушы органдар бекiтедi.

      3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елдi мекендер аралығымен есептеледi. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрiн есептеу.


      Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшiн - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң үйiнен;
      басқа елдi мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар үйлерiнен, ал олар болмаған жағдайда елдi мекендердiң шекараларынан бастап жүргiзiледi.
      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:
      елдi мекендердi жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшiн - тиiстi елдi мекендер шекаралары арасындағы қашықтық
      жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшiн - түйiсетiн автомобиль жолдары осьтерiнiң қиылысу аралығы алынады.
      Қалалар мен өзге елдi мекендер көшелерiнiң ұзындығына тиiстi қалалар мен елдi мекендер шекарасы шегiндегi қашықтық алынады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  2-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕРI

      7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшiн жер беру

      1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтiп ұстау үшiн жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгiленген нормалардың негiзiнде жолға бөлiнген белдеу үшiн жер берiледi. Концессияға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетiне арналған жер жол органдарына тұрақты немесе уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнедi.

      2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң мөлшерi жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшiн жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгiленедi, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшiн - жолдардың осiнен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшiн - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшiн - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшiн - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшiн - 12 метрден болып белгiленедi.

      3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi және оны жергiлiктi жерде жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар бөледi.

      4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттiк меншiкке жатады, бөлiнбейдi және жеке меншiкке берiлмеуге тиiс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерiнде, осы жерлердi пайдаланудың белгiленген келiсу тәртiбiн бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгiленген тәртiппен оларды өз еркiмен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебiнен бұзылуға тиiс.

      5. Шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдары үшiн жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.


      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 , 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

       8-бап. Жол бойындағы белдеулер

      1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн және жол жүрiсi қауiпсiздiгi талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеудi және күтiп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектiлерiн орналастыруды жүзеге асыру мүмкiншiлiгiн ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшiн белгiленедi.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшiн жол бойындағы белдеудiң енi жолға бөлiнген белдеудiң шекарасынан есептегенде әрбiр жағынан 50 метрден кем болмауға тиiс.


      Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшiн жолдың әрбiр жағынан жол бойы белдеуiнiң енi жолға бөлiнген белдеудiң шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиiс.

      3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерге жол қызметi объектiлерiнен және жол сервисi объектiлерiнен басқа күрделi құрылыстар салуға тыйым салынады.

      4. Жол сервисi объектiлерiн жол бойындағы белдеулерге немесе объектiлердi олардың шегiнен тыс жерлерде, егер оған кiру үшiн кiрме жолдар қажет болса, орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiмдердi тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жол органдарымен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен қабылдайды.

      5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кiрме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектiлердi жайғастыру, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi шығыстарды осы объектiлердiң иелерi көтередi.


      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

        9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулердi


             пайдалану тәртiбi

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде және пайдалануында болады әрi тек автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге және жол сервисi объектiлерiн орналастыруға арналады.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде тиiстi жол органдарының рұқсатынсыз жұмыстар жүргiзуге немесе қандай да болмасын құрылыс орналастыруға тыйым салынады.

      3. Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеген, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтаған жағдайда, сервис объектiлерi мен жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға шарт негiзiнде уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.


      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 Заңдарымен.

      10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль


             жолдарының бойына сауда, қоғамдық тамақтану
             объектiлерiн және басқа да сервис объектiлерi
             мен жарнаманы орналастыру

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудегi сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да сервис объектiлерi, сондай-ақ олардың жарнамалары жол органдарымен немесе концессионермен келiсiм бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген жерлерге орналастырылуы мүмкiн.


Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
contents -> Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011
contents -> Есептеме №55259-kz
contents -> Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
contents -> Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
contents -> Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
contents -> «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
contents -> «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Авиация персоналына куәлiктер беру»
contents -> «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет