Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi n 245 Заңы



бет4/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#206037
1   2   3   4   5   6
      автомобиль жолдарын пайдалану, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруi тәртiбiнiң бұзылғандығы туралы актi ресiмдеуге, жолдар мен жол құрылыстарына келтiрiлген залалды өтейтiн соманы алуға;
      төтенше жағдайлар кезiнде өздерi қызмет көрсететiн жол учаскесiнiң шегiнде жолай келе жатқан жалпы пайдаланылатын рейстiк (маршруттық) автобуста ақысыз жүруге құқығы бар.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

5. Автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салу



       32. Автомобиль жолдарында:
      көлемдiк өлшемдерi, массасы немесе жүк тиелген немесе жүксiз бiлiктегi салмағы рұқсат етiлетiндерден артық немесе жол белгiлерiнде көрсетiлгендерден асып түсетiн көлiк құралдарының, сондай-ақ қауiптi жүк тасымалдаушы көлiк құралдарының арнайы рұқсатсыз жүруiне;
      жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың, жол полициясы бөлiмшелерiнiң келiсiмiнсiз жөндеу және басқа жұмыстар жүргiзуге; <*>
      жолдарды, жол құрылыстарын, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын, жасыл желектi және басқа да жол жайластыруларын зақымдауға;
      көлiк құралдарының, ауылшаруашылығы және басқа да техниканың белгiленбеген және ол үшiн жабдықталмаған жерлерде жолға кiруiне, шығуына және олар арқылы өтуiне;
      көлiктiң барлық түрiнiң бөлгiш жолаққа шығуына және онда тоқтап тұруына;
      оқыту мақсатымен рұқсат етiлмеген жолда жүруге;
      шынжыр табанды көлiктiң, дөңгелектерiнiң шашағы, бұдыры, шынжыры және тағы басқалары бар машиналар мен механизмдердiң жүруiне;
      жанар-жағармайдың төгiлуi мүмкiн болатын жұмыстарды орындауға, көлiк құралдарын жөндеуге және майлауға, көлiктi тазалауға және жууға (қажет болған жағдайда бұл жұмыстар арнайы жабдықталған орындарда, ал ерекше жағдайларда жол жағасында орындалады; қалған қоқыстарды материалдарды және басқа да заттарды жүргiзушiлер немесе көлiк құралдарының иелерi дереу тазалауы тиiс);
      жолдың жүру бөлiгiн, шетiн, көпiрлердi, құбырларды, арықтарды, кәрiздiк және суағар қондырғыларды және жолдың жолақ бөлiгiн құрылыс материалдарымен, ауылшаруашылығы өнiмдерiмен және басқа да заттармен ластауға және бөгеуге, сондай-ақ, жолды және оның жолақ бөлiгiн ластайтын жүктi тиiстi буып-түюсiз тасымалдауға, жүктi жолдың жүру бөлiгiнде тиеуге және түсiруге;
      малды жол арқылы арнайы бөлiнген жерден тыс, сондай-ақ тәулiктiң қараңғы кезiнде және жеткiлiксiз көрiнетiн жағдайда айдап өтуге, малды төсемi жетiлдiрiлген жолмен айдауға және оларды жолдың жолақ бөлiгiнде жаюға;
      жолдың жолақ бөлiгiнiң шегiнде белгiленбеген жерде лагерь, шатырлы және басқа да демалыс қалашықтарын тұрғызуға, сауда жасауға;
      автомобиль жолдарының, көпiрлердiң жүру бөлiгiнде серуендеуге, 50 метрден жақын қашықтықта шомылуға, кiр жууға, көпiрде, көпiрдiң тiреулерi мен мұз кескiштерi қасында тұрып балық аулауға;
      көпiрдiң астына қайық стансаларын орнатуға, қайық пен салды көпiр тiреулерiне байлауға;
      ағаш көпiрлерде және ағаш төселген көпiрлерде шылым тартуға, жолдың жолақ бөлiгiнде және ағаш көпiрлерге 100 метрден жақын жерде от жағуға;
      жолдың жолақ бөлiгiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтаусыз тез тұтанғыш және жанғыш материалдарды (жалпы зат сақтауға рұқсат болғанның өзiнде) сақтауға;
      жолақ бөлiкте құрғақ шөптi өртеуге;
      сымдардың үзiлуi жағдайында қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн сақтандырғыш қондырғыларсыз автомобиль жолдарының жоғары вольтты электр желiсiмен қиылысуына;
      қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай өнiмдерi құбыры, су құбыры, газ құбыры, канализация және басқалар) топырақ төсемiне, сондай-ақ көпiрдiң және жол өткелiнiң астына салуға;
      автомобиль жолдарын су басуына және жолдың жолақ бөлiгiнiң батпақтануына әкеп соқтыратын сортаң топырақты жерлердi шаюға, жол жырасын арық ретiнде, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға;
      канализациялық, өндiрiстiк, мелиорациялық және ағынды суларды су бұрғыш құрылыстар мен резервтерге жiберуге;
      2,5 км аз қашықтықта өзендерiнiң жайылмалары мен су бұруларда, көпiрлерден жоғары және төмен құм мен қиыршық тас өндiру кенiштерiнiң өндiрiсiне және арналарды тереңдетуге;
      жол жырасының сыртқы жиегiнен, топырақ алынған жердiң шетiнен немесе төсемнiң табанынан 1 метрден жақын жер жыртуға;
      шлюздердi, бөгеттердi және басқа мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды салуға тиым салынады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

          6. Жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату

      33. Қозғалысты шектеу немесе тоқтату жол белгiлерiнiң, таңбалаудың және қозғалысты ұйымдастырудың арнаулы құралдарының көмегiмен ғана енгiзiледi. Ол туралы автомобиль жолдарын пайдаланушыларға дереу хабарланады.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      34. Қозғалысқа қатысушылар үшiн апатты жағдай туғызатын және жолдарды жүрудi шектеудi немесе қысқа уақытқа тоқтатуды талап ететiн қауiптi метеорологиялық құбылыстар олар болған кезде мынадай көрсеткiштермен сипатталады:


      әйнек тәрiздi жұқа қабыршақ түрiндегi жылтыр мұз;
      көру қашықтығы 50 метрге дейiнгi кемiген тұман;
      орташа жылдамдығы 20 м/сек. және үдеп соққанда 25 м/сек. және одан астам бүйiрден соққан күштi жел;
      жылдамдығы секундына 15 метрден кем болмайтын жел соғатын, көп қар үйетiн, көру қашықтығын 50 метрге дейiн төмендететiн жаяу боран (ұйтқыма боран, бұрқасын);
      үдеуi 1,5 мм/сағаттан астам ылғал түсiретiн күштi қар жауу;
      қар көшкiнi, сел және су тасқыны;

      35. Қозғалысты шектеу немесе қысқа уақытқа тоқтату үшiн күштi жел көтерiлетiнi туралы Ескертулердiң, күн сайынғы ауа райы жөнiндегi болжамдардың деректерi, қар көшкiнi немесе оның алдын алу мақсатында үйiндi жiберiлетiнi, жолдың және жол құрылыстарының бұзылуы жөнiндегi Ескерту негiз болады.

      36. Автомобиль жолдары бойынша көлiк құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату табиғи зiлзалалар, қолайсыз жол-климат жағдайлары кезiнде және жолда жүру қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн басқа жағдайларда жүргiзiледi. Қозғалысты шектеу туралы шешiмдi жол органы немесе iшкi iстер органдары қабылдайды, ол туралы жергiлiктi атқарушы органдарға және автомобиль жолдарын пайдаланушыларға хабарланады.
       Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабiлетi төмендеген немесе олардың бүлiнуi қаупi жағдайында жол органдары не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не бiлiктегi салмағын шектеу белгiлерiн орнатады. Жүк көтеру қабiлетiн төмендететiн ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдiң массасын немесе бiлiктегi салмақты шектейтiн белгiлер қойылады. Бұзылу қаупi төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.


      Қозғалысты шектеу немесе тоқтату үшiн жүк көтеру қабiлетiне сынақтар және тиiстi құзыреттi ұйымдардың қорытындылары негiз болады.

      38. Жүк көтеру қабiлетiнiң жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерiнде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлiк құралының иесi бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабiлетiн қалпына келтiруге жұмсалған шығынды толық өтеуi шартымен ғана, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшiн қажеттi тасымалдар жатпайды.


      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргiзiлетiн жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөнiндегi қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда жол жұмыстары автомобиль жолдарын басқарушылардың жол полициясымен келiсiлген рұқсаттарын алғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      41. Автомобиль жолдарында жұмыстар жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiмен келiсiлген қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Жұмыстар жүргiзiлетiн жерлерде жол белгiлерiн, қоршауларды және басқа техникалық құралдарды жұмыс жүргiзу кезiнде жол қозғалысының қауiпсiздiгi үшiн жауаптылықта болатын жұмыстарды жүргiзушi ұйым орнатады.

      43. Жөндеу жұмыстарын жүргiзген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық механизмдердi, материалдарды, уақытша белгiлердi, конустарды кедергiлердi жинап алуға, жолдардың жол жамылғысын және инженерлiк жайластырылуын қалпына келтiруге мiндеттi.

      44. Бұқаралық және спорттық шараларды өткiзу кезiнде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешiмдi жол полициясының бөлiмшелерiмен бiрлесiп жол органдары қабылдайды.

         7. Автомобиль жолдары пайдаланудың тәртiбiн


                  бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      45. Жол органдары, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Тәртiптiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлiгiнiң шегiнде жұмыс жүргiзушi ұйымдар мен азаматтар жол органдарымен және жол полициясы бөлiмшелерiмен келiсiлген жұмыстың ережелерi мен мерзiмдерiн сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргiзу аймағында да, уақытша кiретiн және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауiпсiздiгiн сақтамағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауаптылыққа болады.

      47. Өз бетiмен автомобиль жолдарының жанасу және қиылысу орындарын жасаған, автомобиль жолдарының, құрылыстарының және жайластыру құралдарының бүлiнуiне жол берген, сондай-ақ өз бетiмен жұмыс жасауға, құрылыстар салуға және орнатуға жол берген ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол шаруашылығына келтiрген материалдық залалды өтейдi. Автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiне рұқсатсыз құрылыс салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны жүзеге асырған тұлғаның бұзуына не оның есебiнен бұзуға жатады.
      Осы тармаққа сәйкес жол шаруашылығына келтiрiлген залалы өтеу есебiне алынған қаражат автомобиль жолдарының маңыздылығына байланысты тиiстi бюджетке есептеледi.
      Ескерту. 47- тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      48. Жолдың жолақ бөлiгiн және бақыланатын аймағын өз бетiмен пайдалану, оларды заңсыз пайдаланған кезiндегi жұмсалған шығындары өтелместен тоқтатылады.

      49. Жолдың жолақ бөлiгiндегi ағаштарды және басқа да жасыл желектердi кескенi және зақымдағаны үшiн кiнәлiлер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      50. <*>


      Ескерту. 50-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы     


Үкiметiнiң 1998 жылғы      
5 қыркүйектегi         
N 845 қаулысымен        
бекiтiлген           

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк


    ақылы автомобиль жолдарын құрудың және пайдаланудың

ТӘРТIБI



                        1. Жалпы ережелер

       1. Осы Тәртiп мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарын құрудың: ақылы жаңа автомобиль жолдарын, көпiрлердi және басқа да құрылыстарды (бұдан әрi - автомобиль жолдары) салуды ұйымдастырудың бар автомобиль жолдарын қайта жаңартудың немесе жөндеудiң (бұдан әрi - қайта жаңарту), сондай-ақ оларды басқару мен пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары ақылы автомобиль жолдары болып табылады.

      3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттiң меншiгi болып табылады. Ақылы жолдарды құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне уәкiлеттi автомобиль жолдарын мемлекеттiк басқару органы енгiзедi.

      4. Мемлекет ақылы автомобиль жолын уәкiлеттi органның тұрғысында шарт жасау арқылы автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыруға құқығы бар меншiктiң түрлi нысандарындағы ұйымдарға 30 жылға дейiн мерзiмге ұзақ мерзiмдi пайдалануға беруi мүмкiн. Шарттың нақты мерзiмi жолды құруға жұмсалған барлық қаражаттың қайтарылуы тиiс екендiгi принципi негiзiнде белгiленедi.

             2. Ақылы автомобиль жолдарын құру


                   туралы шешiм қабылдау

       5. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Стратегиялық талдау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен келiсiм бойынша Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал жергiлiктi маңызы барларды - облыстардың әкiмдерi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Ұсыныс жолдардың (учаскелердiң) тiзбесiн, олардың ұзындығын, салудың, қайта жаңартудың мерзiмдерiн және қаржыландыру көздерiн қамтиды.

      6. Мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарын құру шарттары мыналар болып табылады:
      жол қозғалысының қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ететiн шаралар кешенi жүргiзiлетiн бағытта жалпы пайдаланылатын автомобиль жолымен жүрудi қамтамасыз ету;
      ақылы автомобиль жолында көлiк пайдалану жағдайының деңгейi мен жол қозғалысына қатысушыларға көрсетiлетiн қызметтiң сапасын арттыру.

      7. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолын салуды (қайта жаңартуды), пайдалануды неғұрлым тиiмдi жүзеге асыруға және салынған қаржының қайтарылымдығын қамтамасыз етуге қабiлеттi ұйымдарды (жеке тұлғаларды) таңдап алу мақсатында конкурс өткiзiледi.


      Конкурсты өткiзу туралы ереженi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiтедi.

      8. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын жасауға және пайдалануға арналған шарттарды Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, жергiлiктi маңызы барларды - Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсiм бойынша облыс әкiмi жасасады.


     Ақылы автомобиль жолдарының жасалуына және пайдаланылуына бақылау жасауды жасасылған шарттарға сәйкес мемлекеттiк жол органдары жүзеге асырады.

              3. Ақылы автомобиль жолдарын салуды


       (қайта жаңартуды) және пайдалануды қаржыландыру

     9. Ақылы автомобиль жолдарын құруды қаржыландыру мына көздеудiң:


     Жол қорының
     мемлекеттiк инвестициялардың
     мемлекеттiң кепiлдiгiмен сатуға шығарылатын заемдар мен облигациялардың
     жолдар мен көпiрлердi салуға, қайта жаңартуға немесе күрделi жөндеуге мүдделi аудандар беретiн жәрдемақылардың
     мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың қаражатының
     Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым
салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

     10. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалануды қаржыландыру тиiстi Жол қоры мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

            4. Жүргенi үшiн ақы алу және жиналатын
                         қаржыны пайдалану

      11. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақының мөлшерiн (ставкасын) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен келiсiм бойынша, ал жергiлiктi маңызы бар жолдар бойынша - облыс әкiмдерiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      12. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақы осы жолдармен жүрудi жүзеге асыратын көлiк құралының иелерiнен (пайдаланушыларынан) алынады.

      13. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн ақы енгiзудi Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер көлiк құралдарының иелерi (пайдаланушыларымен) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарына кiрген кезде ұлттық валюта - теңгемен жүргiзедi. Көлiк құралдарының жолда жүруi үшiн ақыны қолма-қол ақша аударып есептеу бойынша қабылдауға рұқсат етiледi.

      14. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн төлем ақыны, жүргенi үшiн ақы жинау пункттерiнде, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым алады.
      Көлiк құралдарының жүргенi үшiн ақы жинау пункттерi арнайы құралдармен (шлагбаум, еске сақтау мүмкiндiгi бар кассалық аппарат орнатуға арналған бөлме ақша сақталатын сейф және басқалар) жабдықталады.

      15. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн алынатын ақша, күн сайын есепке алыну үшiн, жолдың маңыздылығына қарай республикалық немесе облыстық Жол қорына өткiзiледi және Қазынашылық органдарының тиiстi банктiк шоттарына жинақталады.

      16. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн ақы алуды қамтамасыз ету, ақылы автомобиль жолына кiреберiсiнде жүру мен ақы төлеу тәртiбi туралы ақпараттық қамтамасыз етудi ұйымдастыру және аталған жолдардың жоғары тұтыну сапасын жасау үшiн жауапкершiлiк осы жолдарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жүктеледi.

      17. Мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүруi үшiн белгiленген ставкаларға сәйкес жиналатын қаражат Жол қорына түседi және одан:


      қарыздар бойынша, заем бойынша проценттердi өтеуге, облигацияларды өтеуге және ақылы автомобиль жолын салуға, қайта жаңартуға жұмсалған қаражатты өтеуге (мемлекетке, жергiлiктi бюджеттерге және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға);
      ақылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге;
      ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын салуға және пайдалануға жасалған шарттар бойынша шығыстарға жұмсалады.

          5. Ақылы автомобиль жолдарын жобалауға, салуға


     (қайта жаңартуға) және пайдалануға қойылатын талаптар

      18. Салынатын және қайта жаңартылатын ақылы автомобиль жолдары қойылатын параметрлерi мен жайластырылуының деңгейi бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтiк құжаттардың талаптарына және халықаралық автомобиль жолдарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс.

      19. Ақылы жолдарда автомобиль көлiгiнiң неғұрлым аз кiдiруiн қамтамасыз ететiн жүру ақысын төлеуге арналған арналы құрылғылар көзделуi тиiс.

      20. Ақылы автомобиль жолдарын салу (қайта жаңарту) кезiнде орындаушы жүргiзiлетiн жұмыс сапасын бақылауға қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тарапынан сапаны инспекциялық бақылау жүзеге асырылады. Оны жүргiзудiң тәртiбi мен инспекторлардың құқықтары шартпен айқындалады.

      21. Пайдалану кезеңiнде және шарттың мерзiмi аяқталғаннан кейiн жолдың көлiк пайдалану көрсеткiштерi осы сыныптағы жолдарға жол саласында қолданылып құжаттарда қойылған талаптарға сәйкес келуi тиiс. Жолдардың көрсеткiштерiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң 1998 жылғы     
5 қыркүйектегi        
845 қаулысымен        
бекiтiлген          

Жалпы пайдаланылатын автомобиль


жолдарының жерлерiн пайдаланудың
ТӘРТIБI

                        1. Жалпы ережелер

       1. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын орналастыруға берiлген жерлер автомобиль жолының жерлерi (көлiк жерлерi) болып танылады. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары және олардың алып жатқан жерлерi мемлекеттiң меншiгi болып табылады.

      2. <*>


      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

      3. Автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнiң жерiне топырақ төсемi, көлiк айырымы, жол өтпелерi, жасанды құрылыстар, жол жанындағы резервтер және өзге де жолға қызмет көрсету құрылыстары, жол қызметiнiң қызметтiк және тұрғын үйлерi, қар тоқтататын және сәндiк көшеттер орын алған жерлер жатады.


      Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына, түрлi деңгейдегi көлiк айырымдарына, сондай-ақ жол және көлiк қызметтерiнiң үйлерi мен ғимараттарына берiлген жердiң енi белгiленген автомобиль жолдарына жер беру нормалары бойынша анықталады.

      4. Автомобиль жолдарының мұқтажы үшiн сондай-ақ жолға тiкелей жанасып жатпайтын, бiрақ олардың қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажет: тұрғын үйлерге, құрылыс және жалтыр мұзға қарсы қолданылатын материалдар сақталатын орындарға, тұрақты және уақытша кенiштерге, асфальтбетон зауыттарына, орман питомнигiне, май құю станцияларына, тамақтану және демалыс пункттерiне және басқа құрылыстарға қажеттi жерлер пайдаланылады.

      5. Автомобиль жолдарының мұқтажына арналған жерлер автомобиль жолдары қарауындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттендiрген органға тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.
      Тұрақты жер пайдалануға автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жолдың қалыпты жұмыс етуiне және пайдаланылуына қажет жол жағдайы мен жайластыру элементтерiне, сәндiк және қар тоқтататын көшеттерге, орман питомниктерiне, желiлiк үйлер мен жол қызметiнiң ғимараттарына, өндiрiстiк базаларға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға сервистiк қызмет көрсету үшiн қажеттi жанар-жағармай құятын станцияларға, тамақтану пункттерiне, демалыс пункттерiн және басқа да ғимараттарға арналған жерлер берiледi.
      Қысқа мерзiмге (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмге (5 жылдан 49 жылға дейiн) уақытша пайдалануға жерлер құрылыс материалдары кенiшiне, резервтерге, құрылыс отрядтарының базаларына, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын қоюға арналған орындарға және тағы басқаларға берiледi. <*>
      Уақытша жер пайдалану мерзiмi уәкiлеттi орган бекiткен техникалық жобамен анықталады.
      Уақытша жер пайдалану мерзiмiн техникалық жобаның негiзiнде жердi беру туралы шешiм қабылдаған орган белгiлейдi және ол осы органның шешiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

       6. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттендiрген қарамағында автомобиль жолдары бар органдар:


      жерлердi оның негiзгi мақсатты арналуына сәйкес - автомобиль жолдарын дамытуға және жайластыруға, ал жердi уақытша пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру шартына немесе жалдау шартына (жердi уақытша ақысыз пайдалануға беру шартына) сәйкес пайдалануға;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) және шараларды орындауға;
      сату немесе басқа бiреуге беру мақсатында жердiң құнарлы қабатын қазып алуға жол бермеуге;
      жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде қазып алынатын топырақтың құнарлы қабатын сақтауға және пайдалануға;
      уақытша пайдаланылған жерлердi қайтарудың мерзiмдерiн сақтауға;
      орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртiбiн сақтауға, тарих, сәулет ескерткiштерiн және жер учаскесiне орналасқан мемлекеттiң қорғауындағы басқа да объектiлердiң қорғалуын қамтамасыз етуге;
      мемлекеттiк органдарға жер туралы заңдарда белгiленген жердi пайдалану туралы мәлiметтердi уақытылы ұсынуға;
      басқа жер иелерi мен жердi пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
      жол құрылыс материалдарын жинап қою мен өнеркәсiптiк қалдықтарды көмудiң ережелерiн сақтауға мiндеттi.

      7. Автомобиль жолдарының мұқтажына жер беру, оларды пайдалану және құрылыс салу "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.


      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.16. N 30 қаулысымен .

           2. Автомобиль жолдарының бойында құрылыстар


                салу және жер учаскелерiн пайдалану

      8. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеуiнiң шегiнде, олардың перспективалық құрылысына, қайта жаңартылуына және жөнделуiне жағдай жасау, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бүлiнуiн болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келiспестен: <*>



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет